Иран Ислам революциясының жылдығы 4
ИИР тәуелсіз және әділет талап ететін жүйе ретінде өз Конституциясында әлемдегі мақұрым және мазлұм халықтарға қолдау көрсетіп, қорғауды өз міндеті ретінде көрсетіп, тарихи міндетін қатаң орындау үшін ерік-жігерге ие.
Исламның көзқарасы бойынша барлық адамдардың, әсіресе мазлұмдар мен мақұрым және мұқтаждардың құқықтарын қорғау барлық мұсылмандардың міндеті. Исламдық Иранның Палестинаның зорлық-зомбылық көрген халқын қолдауы елдің іргетасын қалаушының әлемдік Құдс күнің белгілеуімен оның әлемдік қозғалысқа айналуы Ислам революциясы аясындағы бұрын-сонды болмаған рухани, адами және исламдық қолдаудың көрінісі болды. Имам Хомейни исламдық жерлер мен мұсылмандардың бірлігін қорғау туралы: "Біз ислам мен ислам мемлекеттері мен олардың тәуелсіздігін қолдауға дайынбыз. Мұсылмандардың, ислам мемлекеттері мен мұсылмандардың барлық қадір-қасиеттерін қорғауы – қажет іс. Сондықтан, біз өзімізді илаһи мақсаттар мен мұсылмандарды қорғауға дайындауымыз керек. Исламдық Палестинаның шынайы перзенттері мен Ливан, яғни Хизболла мен басып алынған жерлердің және Ливанның революцияшыл мұсылмандары өз жандары мен қандарын аямай күресуде. Барлық материалдық және рухани күш-қуатымызбен Израиль мен басқыншыларға қарсы тұрып, қарсыластар шебінің қаскүнемдерімен күресіп, бітімге келуді қалайтындарды анықтап, халыққа таныстыруға асығайық",- деген болатын. Танымал философ, ойшыл, ұстаз Моттахари ислам әлемінің Палестина халқының құқықтарын қорғау міндеті туралы: "Егер бір топ бізбен соғыспаса, бірақ кейбір адамдарға қарсы зорлық-зомбылық жасаса, біздің сол адамдарды құтқаратын күшіміз бола тұрып, оларды құтқармасақ, зұлымдық жасаған залымға көмектескен боламыз",- деп айтқан.
"... Исламдық аспектісінен басқа Палестинаның қандай тарихы бар? Палестина мәселесі исламдық үкіметтерінің біріне байланысты емес, палестиналықтарды үйлерінен зорлықпен шығарып жіберген халыққа қатысты".
"Қазір сіздер аттарын естіп отырған еврейлер "бұл жерлер – біздің жерлер" деп уәж айтуда. Олардың мақсаты осы ғана ма? Мединеге жақын жердегі Хейбар туралы уәжді естімедіңдер ме? Рузвельт Сауд Арабиясының сол кездегі патшасына «Сендер келіңдер де, бұл қаланы оларға сатыңдар» демеді ме? Олар Ирак пен сіздердің қасиетті жерлеріңіз туралы уәж айтпайды ма?"
Мазлұмдардың құқықтарын қорғау ИИР-ның Конституциясында қуатталған. Иранның Конституциясы өзінің сыртқы саясатында әлемнің мазлұмдары мен мұқтаждарын, әсіресе мұсылмандарды қолдауды 152-ші бабында қарастырған. Иран Конституциясының 154-ші бабы бойынша, басқа халықтардың ішкі істеріне араласпау және әлемнің жер-жеріндегі әлсіздердің құқықтарын қолдау жазылған. Осы негіздер бойынша, мазлұмдарды қолдау – діни міндет. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Жоғары сот басшыларымен кездесуінде Иранда лаңкестіктен құрбан болған мыңдаған адамдар мен әлемнің түкпір-түкіпіріндегі мазлұм мұсылмандардың құқықтарын қорғауға кеңес берді.
Мазлұмдарды қорғау қазіргі таңда революция жеңісінің берекесімен Мьянмадан Ауғанстан мен Бахрейнге, Сауд Арабиясынан Африка мен Еуропа және Америкаға жететін әлемдік деңгейдегі шынайы қозғалысқа айналды. Бұл қозғалыс халықтардың, ислам үмбетінің исламдық ұранмен исламдық мақсаттарды көздеген қозғалысы болды. Бұл қозғалыс халықтардың сергектігін, қырағылығы мен табандылығын көрсетті.