Батыс Азияның алдындағы қауіпсіздік саласындағы дағдарыстар 2
(last modified Sun, 11 Feb 2018 05:02:01 GMT )
Ақп 11, 2018 11:02 Asia/Almaty

Батыс Азия аймағының заманауи тарихы көптеген шарықтаулар мен құлдырауларға толы болды. 20 ғасырдан осы уақытқа дейін әрқашан бұл аймақ алпауыт елдердің отаршылық бәсекелестігі мен олардың ықпал ететін аймағына айналды.

Көптеген жылдар бойы АҚШ Батыс Азиядағы өз гегемониясын сақтап қалу үшін әртүрлі құралдарды, соның ішінде әскери күшті, экономикалық келісімдер мен дипломатиялық қарым-қатынастарды бұзуды пайдаланды. Алайда Американың Батыс Азиядағы билеп-төстеушілігін сақтап қалу үшін пайдаланған құралдардың ең маңыздысы тұрақты дағдарыстар тудыруы болды. Бұл стратегия АҚШ-тың әртүрлі президенттерінің кезеңінде қолданылды. Қазіргі Дональд Трамптың президенттік билігі кезінде де осы елдің Таяу Шығыс аймағында жаңа дағдарыстар тудырып, бұрынғыларын ушықтыруға жасап жатқан талпыныстарына куә болудамыз. АҚШ-тың Таяу Шығыс аймағында тұрақты дағдарыс тудыруының ең маңызды мақсаттарының бірін ислам елдерінің қарым-қатынастарын әлсіретіп, бұл елдерді АҚШ-тың аймақтағы орналасуына тәуелді ету деп айтуға болады. Иранның Қорғаныс министрі Хатами Теһрандағы қауіпсіздік конференциясында трансаймақтық араласушылықтардың аймақ елдерін тәуелді етіп, олардың табиғи ресурстарын талан-таражға салу мақсаттарына тоқталып: «Басында Кеңес Одағына қарсы тұрып, АҚШ-тың стратегиялық жобасымен  құрылған лаңкестік топтар бүгін жаңа әл-Қаида, Джебхат ан-Носрат және ДАИШ сынды лаңкестік топтарға айналды»,- деді. Қазіргі кезде Трамп бір жақтан Ирак, Сирия мен Сауд Арабиясындағы дағдарыстарды  жаңдандыруды, басқа жақтан  аймақ елдері мен ИИР-ның арасында бәсеке тудырып, аймақ мемлекеттерін өзара бәсекеге итермелеуді көздеуде. Мұндай жағдайда аймақтың кейбір мемлекеттері АҚШ-қа қатты тәуелді болып, Вашингтон бұл жағдайды аймақта орналасып, гегемониясын сақтап қалуға пайдалануда. АҚШ-тың Батыс Азиядағы рөлі әрқашан дағдарыс тудырып, аймақтағы тынышсыздықтарды жалғастыруға талпыну болды. АҚШ-тың келесі мақсаттарының бірі «шок» доктринасы ретінде Батыс Азиядағы дағдарыстарды кеңейту мен сақтап қалу саналады. Бұл доктрина бойынша, АҚШ басқарған капиталистік жүйе әртүрлі кезеңдерде дағдарыс тудырып, көптеген зардаптарға себеп болған үлкен соғыстарды бастады. Соғыс жалыны басыла салысымен америкалық сауда және экономикалық компаниялар зардап шеккен елдердің инфрақұрылымдарын қайтадан құру үшін әрекет етіп, құрылыс жобаларынан экономикалық пайда көрді. Таяу Шығыс аймағындағы дағдарыс пен соғыстың жалғасуы – бұл аймаққа әртүрлі сылтаулармен кіріп, сатылған мұнайдың кірістерін өздеріне алып жүрген америкалық экономикалық компаниялардың күре тамыры. Иран Сыртқы істер министрлігінің Араб және Африка істері жөніндегі орынбасары Хосейн Амир Абдоллахиан өткен жылы Швейцарияның Монтрё қаласында өткен халықаралық әлемдік саясат конференциясында жасаған баяндамасында: «Таяу Шығыстың қазіргі жағдайы бұрынғы саяси-қауіпсіздік жүйесінен өтіп, жаңа жүйеге қарай ілгерілеуін көрсетеді. Ұзаққа созылған бұрынғы қиындықтардың көбі өзгермеді. Олардың ең маңыздысы трансаймақтық алпауыт елдердің сан рет Таяу Шығыс істеріне араласуы саналады. Бұл көбінесе Батыс Азия жағдайының шиеленісуіне себеп болған әскери араласушылықтар болды»,- деді.

Палестинаның басып алынуының жалғасуы – аймақ пен әлемдегі ең маңызды мәселе. АҚШ-тың Құдсты заңсыз сионистік режимнің астанасы ретінде ресми жариялауы бұл қастықтарды одан сайын әшкерелей түсті. Бұл үдерісте табиғи ресурстары тұрғысынан кедей, бірақ Баб әл-Мандеб бұғазы мен Қызыл теңіздің қасында орналасуына байланысты стратегиялық маңызды жағдайға ие Йемен мемлекеті  Сауд Арабиясы мен одақтастарының шабуылдарымен кезігуде. Сауд Арабиясы 2016 жылдың қаңтар айынан бері мыңдаған адамды өлтірді. Бұл оқиғалар мен қайшылықтар Батыс Азия аймағының қазіргі өтпелі кезеңде тәуелсіз, қауіпсіз және іскер жүйені қажет ететінін көрсетеді. Ислам әлемінің келешегін зерттеу ұйымының атқарушы директорының пікірінше, Батыс Азия аймағының қауіпсіздігі аймақ үкіметтерінің жігері және талпынысы арқылы қамтамасыз етіледі. Трансаймақтық елдердің араласуы дағдарысты арттырады. Ислам әлемінің келешегін зерттеу ұйымының атқарушы директоры Сейед Хамзе Сафави   2017 жылдың қаңтар айында өткен «Бағдат келіссөздері: ДАИШ-тан кейінгі жағдай» тақырыбына арналған екікүндік конференцияда 1916 жылғы Сайкс-Пико келісімі мен Батыстың бұл аймақтағы 100 жылдық қастандықтарына тоқталып: «Батыста Батыс Азия аймағы халықтарына өздерімен терезелері тең адамдар ретінде қарамайды. Бұл аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Батыстың басты мәселелерінің қатарына кірмейді. Иранның көзқарасы бойынша көрші елдердің қауіпсіздігі ИИР-ның қауіпсіздіген бөлек емес. ИИР Йемен, Сирия мен Ирактың, сондай-ақ Сауд Арабиясының қауіпсіздігін маңызды санайды. Бірақ, Сауд Арабиясы Сирия мен Ирак пен Йеменде басқалардың қауіпсіздігін қатерге тіреу арқылы өз қауіпсіздігін де қамтамасыз ете алмайды. ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Теһранда өткен екінші қауіпсіздік конференциясында АҚШ-тың аймақтағы араласушылықтары мен саясаттарын жағдайды одан сайын шиеленістірген ең маңызды дағдарыстар деп атап: «АҚШ Сирияда заңсыз әскери орналасуын жалғастырып, өзінің дағдарыс тудыратын саясаттарын тоқатпады. Сирия мен Ирактағы бөлінуді көздейтін ұлтаралық және тайпалық әрекеттер аймақ пен әлем үшін қатер тудырады»,- деп қуаттады. Мұнай соғысынан кейін әлемнің келешектегі соғыстары су ресурстарына қатысты болады деген ой қалыптасты. Өткен 50 жылда мемлекеттер арасында су көздеріне қатысты 37 қақтығыс орын алды. Олардың жетеуінен басқасы Батыс Азияда болды.

Болжамдар бойынша, 2045 жылға дейін Таяу Шығыста ауыз суының қажеттілігі 60 пайызға артады. Алайда зерттеулер бойынша, 2050 жылға дейін бұл аймақтағы ауыз суының мөлшері қазіргі мөлшерден 10 пайызға да төмендемейді. Бұл дағдарыстардың әр қайсысы жылдар бойы аймаққа әсер ете алады. Саяси көрнекті тұлғалардың пікірінше, қауіпсіздікті қорғау саласында шешім қабылдауға қатысып, жергілікті әрі ортақ диалог жүргізу қауіпсіздік саласындағы қоқан-лоққыларға қарсы тұру үшін қажет үлгілерге жетудің ең маңызды факторы болып табылады. Дағдарыстарды басқару күмәнсіз, аймақ мемлекеттерінің ынтымақтастықтарын қажет етіп, трансаймақтық үкіметердің араласуы дағдарыстардың күшеюі мен жалғасуына себеп болады. Батыс Азия аймағындағы қауіпсіздік тек аймақ үкіметтерінің талпыныстары және жігері арқылы қамтамасыз етіледі. Араласушылық пен  трансаймақтық елдерге тәуелді болу дағдарыстарды арттырады. Теһрандағы қауіпсіздік конференцияссы дағдарыстардың келешегіне назар аудартып, ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтардың маңыздылығын қуаттады.