Умм ул-Банин – Кербала шәһидтерінің анасы
(last modified Fri, 02 Mar 2018 14:37:05 GMT )
Нау 02, 2018 20:37 Asia/Almaty
  • Умм ул-Банин – Кербала шәһидтерінің анасы

Заман ағысы еш уақытта уайым-қайғыға толы күндерді еске алумен тоқтап қалмайды. Шексіз аспанның астында ұмытылған есімдер көп. Бірақ, кейбір адамдардың есімдері барлық қайғы-қасіреттерге қарамастан ұмытылмайды. Сондай есімдердің біріне хазірет Әли (ғ.с.)-ның әйелі әрі хазірет Аббастың анасы умм ул-Баниннің есімі жатады.

Джамади ас-сани айының 13-ші жұлдызы адал әйел мен мейірімді ананың дүниеден озған күнінің қайғысын еске салады. Ол өзінің мінез-құлқы, адамгершілігі, иманы, сабыры, қырағылығы және даналығымен мұсылман әйелдің үлгісі болды.

Бұл ардақты әйелдің есімі – Фатима, күниесі – Умм ул-Банин, яғни «ұлдардың анасы». Оның әкесі Хизам, анасы Самане есімді адамдар болды. Оның отбасы батылдығы, қайырымы, ахлағы, өнері мен қоғамдық танымалдығы және ұлылығы тұрғыларынан құрайыштардан кейін арабтың әртүрлі тайпаларының көшбасшысы болды. 13 ғасырдың діни заңгері, әдебиетшісі, тәпсіршісі ғұлама Сейед Мохсен Амин: "Хазірет Умм ул- Банин жақсы ақын болды. Ол дарынды әрі батыл отбасынан шықты»,- деп айтқан болатын. Әйгілі араб шежірешісі Ақил ибн Абиталеп умм ул- Банинның жанұясы туралы имам Әли (ғ.с.)-ға: "Арабтардың арасында оның әкесінен батыл адам табылмайды",- деген.

Хазірет Фатима-Захра (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін хазірет Әли бен Абиталеп (ғ.с.) құрайыштардың танымал шежірешісі саналған ағасы Ақилден батыл отбасынан шыққан әйел таңдауды сұрады. Ақил батылдығымен танымал Килаб әулетінен шыққан Фатима Килабиемен таныстырды. Хазірет Әли (ғ.с.) бұл ұсынысты қабылдап, Ақилды Умм  ул-Банинның әкесіне жіберді. Өте қонақжай кісі болған Хизам оны жақсы күтті. Арабтардың салты бойынша олар үш күнге дейін қонақты күтіп, үшінші күні ғана оның келген себебін сұрайтын. Мединенің сыртында өмір сүрген Умм ул-Банинның жанұясы да бұл салтты орындап, төртінші күні әдеп пен құрмет білдіріп, қонақтан бұйымтайы туралы сұрағанда Ақил: "Әли бен Абиталеп үшін қызыңыз Фатимаға құда түсіп келдім",- деп жауап береді. Еш уақытта мұндай ұсыныс туралы ойламаған Хизам таңғалып: "Бәрекелді, қандай атақты әулет! Бірақ, Ақил, Әли бен Абиталепке жар болуға бедуин әйел лайық емес",- дейді. Ақил бұл сөзді естіген соң: "Әли (ғ.с.) сіздің айтып отырғаныңыздан хабардар, бірақ қызыңызға үйленгісі келеді",- деді. Қыздың анасы Самане бент Сохейл мен қызының өзімен сөйлесіп, пікірлерін сұрау үшін Ақилден қалай уақыт  сұрайтынын білмеген Умм ул-Баниннің әкесі Ақилға: "Аналар қыздарының көңіл-күйінен көбірек хабардар. Олардың мүдделерін жақсырақ біледі",- деді. Умм ул-Банинның әкесі әйеліне барып, хазірет Әли (ғ.с.)-ның ұсынысы туралы айтып: "Қызымызды Әли бен Абиталептің жары болуға лайық деп санайсың ба? Оның үйі – уаһи мен набоват, ғылым, хикмет пен әдептің орталығы. Егер қызыңды сол үйге лайық санасаң, ұсынысты қабылдайық",- деді. Жүрегі Исламның ұлық пайғамбарының әулетіне ғашық  Самане бент Сохейл ешбір кідірмей: "Уа, Хизам! Аллламен ант етемін, мен оны жақсы тәрбиеледім. Алладан оны бақытты етіп, Әли бен Абиталепке адал қызмет етуге көмектесуді сұраймын. Әлимен тұрмыс құруға рұқсат ет",- дейді.

Фатима Келабие хазірет Әли (ғ.с.)-ның үйіне келген күні Хасан (ғ.с.) мен Хусейн (ғ.с.) екеуі де науқастанып, төсекте жатыр еді. Ол үйге кіре салысымен екі баланың қасына барып, оларға мейірімді аналары сияқты қарап, күте бастайды. Ол бірінші күннен имам Әлиден (ғ.с.) балалар   «Фатима» деген есімді естіп, аналарын естеріне ала бермеуі үшін өзін Фатима есімінің орнына «Умм ул-Банин» деген деп лақап атпен атауды ұсынады. Умм ул-Банин хазірет Фатима-Заһраның перзенттеріне аналарының жылуын толтыруға талпынды. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның балалары мейірімді әйелдің арқасында аналарыңың жоқтығын азырақ сезді. Умм ул-Банин әрқашан Алла елшісінің ардақты қызының перзенттерін өз балаларынан артық  санап, олардан өз махаббатын аямады. Ол бұл махаббатты Алланың кітабында баршаға оларға махаббат білдіруге бұйырған уәжіп істердің бірі санады. («Шура» сүресі, 23-ші аят).


 

Қамари күнтізбесі  бойынша 10-шы ғасырдың әйгілі шиіт діни заңгері Зейнуддин Амоли бұл бану туралы: «Умм ул-Банин жоғары сипаттарға ие банулардың бірі болды. Ол набоват әулетіне ерекше ғашық болып, өзін соларға қызмет етуге арнады. Набоват әулеті ол үшін жоғары беделге ие болды. Бұл бану аталмыш әулетке ерекше құрмет білдірді»,- деген болатын. Умм ул- Баниннің Алла елшісінің перзенттеріне деген махаббаты жауапсыз қалмады. Пайғамбар әулеті бұл әйелді құрметтеп, оған көп алғыс айтты.

Умм ул-Банин мен хазірет Әли (ғ.с.)-ның «Хашим әулетінің айы» деп танымал болған хазірет Абу әл Фазл Аббас, Абдолла, Джафар және Осман деген төрт ұлы болды. Олардың төртеуі де Кербала жерінде имам Хусейн (ғ.с.)-ның қасында шәһид болды. Хазірет Әли (ғ.с.) мен Умм ул-Баниннің ұрпағы хазірет Аббастың перзенті Абдолла тарапынан жалғасты. Төрт ұлы Кербалада шәһид болған соң, бұл сабырлы ана «шәһидтердің анасы» аталып, жұбайының шәһид болуын мақтан тұтуына перзенттерін мақтан тұтуы қосылды.

Умм ул-Банин халықты Кербала оқиғасы мен имам Хусейн (ғ.с.)-ның керуенінің қайтқанын хабардар ету үшін Мединеге келген имам Саджад (ғ.с.)-ның елшісі Баширді көрген кезде:

  • Әй, Башир! Хусейннен қандай хабар бар?- деп сұрайды.

Башир:

  • Алла саған сабыр берсін. Аббасың қаза болды,- дегенде «Маған Хусейн туралы айт» дейді.

Башир оған басқа перзенттерінің қаза болғаны туралы хабарлайды.

Бірақ Умм ул-Банин қайта-қайта имам Хусейн туралы хабарды сұрап, теңдессіз сабыры және қырағылығымен былай деді:

  • Әй, Башир! Менің имамым Абдолла әл Хусейн туралы айт. Менің перзенттерім мен аспанның астындағылар – Хусейн үшін құрбан болғандар.

Сол кезде Башир имам Хусейн (ғ.с.)-ның шәһид болғаны туралы хабарды айтқанда Умм ул-Банин ауыр күрсініп:

  • Әй, Башир! Жүрегімнің тамырын үздің,- дейді.

Содан соң оның жылап, жоқтау айтқан дауысы естіледі. 

Әйгілі ғұлама Мамақанидің айтуынша,  Умм ул-Баниннің Исламның ұлық пайғамбарының немересі, өз заманының имамына деген махаббатының күшті әрі өз заманының имамын жақсы танып, иманының  өте мықты болғаны сондай, өзінің төрт перзентінің имамды қорғау жолында шәһид болғанын оңай қабылдады.

Умм ул-Баниннің келесі ерекшелігіне шешендігі жатады. Оның бұл ерекшелігін әдемі әрі мәңгілік өлеңдерінен байқауға болады. Килаб әулетінен арабтар әрқашан олардың өлеңдеріне сілтеме жасайтын бірнеше әйгілі ақын шықты. Олар сөз өнерінің шеберлері саналады. Умм ул-Банин солардың арасында өмір сүріп, олардың өлеңдері  және көркем сөздерімен таныс болды. Оның «адамгершіліктің әкесі» деп танымал болған ұлы шәһид болғаннан кейін шығарған мәңгілік өлеңдерінің бірі әдебиетшілердің мадағына ие болды. Ол бұл өлеңінде: «Мені батыл ұлдарымды еске салатын «Умм ул-Банин» деген атыммен атамаңдар. Қазір менің перзенттерім жоқ.  Төрт ұлым бар еді, барлығы шәһид болды»,- деді.

Тарихшылар: «Умм ул-Банин перзенттерінің, әсіресе имам Хусейн (ғ.с.)-ның шәһид болуына қатты қайғырып жылағаны сондай, тіпті Пайғамбар әулеті дұшпандарының бірі Марван бен Хакам да оның жылғанын естіп, жылады»,- деп жазды. Ол жоқтаулары арқылы имам Хусейн (ғ.с.) мен серіктерінің мазлұм болғанын келешек ұрпаққа жеткізді. Кербала оқиғасында анасының қасында болған хазірет Аббастың ұлы Абдолла Ашура оқиғасын баяндайтын тірі құжат ретінде Бақи қабіріне барып, жоқтау айтатын. Умм ул- Банин өз өлеңдерімен Кербаладағы ерлікті баяндап, аза рәсімдері арқылы халықты Умайе әулетінің қылмыстарымен таныстырды.

Умм ул-Банин қабірі

Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ның қасында Кербала оқиғасында төрт ұлынан айырылған сабырлы әрі қырағы бұл бану махаббатқа толы жүрегімен қамари күнтізбесінің 64 жылының джамади ас-сани айының 13 жұлдызында дүниеден озды. Ол Бақи қабірінде жерленді. Жоғары рухы оның есімін мәңгілік етті.