Нау 11, 2018 02:10 Asia/Almaty
  • Рохинджа мұсылмандары – адам құқығы туралы уәж айтушылардың үнсіздігінің құрбаны

Рохинджа деп аталатын Мьянма мұсылмандары бірнеше онжылдық бойы кемсітушілік пен нәсілшілдіктен азап-қорлық көріп келеді. Мьянма үкіметі мен экстремист буддистер бұл елдің мұсылмандарын ресми қабылдамай, оларға кемсітушілік және нәсілшіл әрекет көрсетуде.

Расында, Мьянманың экстремистік буддаларының бұл елдің жәбір көрген рохинджа мұсылмандарына қарсы зорлық-зомбылықтары таусылмайды деген ой туады. Әлемдегі адам құқығы туралы уәж айтатындардың үнсіздігі мен шара қолданбауының аясында күн сайын жүздеген мың рохинджа мұсылмандарының нашар жағдайы туралы жарияланып жатқан хабарлар алаңдаушылық тудырады. Адам құқығының инспекторлары жерсеріктерінен алынған суреттер мен бейне материалдар жариялап: «Мьянма үкіметі қаңтар айынан осы уақытқа  дейін рохинджа мұсылмандарының 55 ауылын бульдозермен жермен-жексен етті. Бұл суреттер 2017 жылдың желтоқсан айының 2 күні өртенген ауылдарды көрсетті. 2018 жылдың ақпан айының 1 күні дәл осы аймақта спутниктен түсірілген суреттер бұл аймақта үй, тал және егістік жерлердің қалмағанын көрсетті» деді. Мьянманың Ракхайын провинциясын аралаған дипломаттардың бірі: «Тұрғындары тастап кеткен қираған аймақты көрдім. Ауылдары өртеніп,  кейбір аймақтар бульдозермен жермен-жексен етілген. Егістік жерлер мен өнімдер жойылған. Бірнеше ауылда тұрып жатқан халықтың қатты қорыққанын, барлық жерден полиция қызметкерлерін, сарбаздар мен тексеріс пунктерін көруге болады»,- деді.

Адам құқығы инспекторлары өздерінің жуырдағы мәлімдемесінде Мьянманың мұсылмандар өмір сүретін аймақтарының жағдайы туралы: «2017 жылдың соңында Мьянма үкіметі кемінде 55 ауылды қиратып, барлық ғимараттарды ауыр техникамен құртты. 2017 жылдың тамыз айының 25 күні өрт салдарынан 362 ауыл толығымен немесе жартылай жойылды. Жерсеріктерінен жасалған суреттер бұрын халық өмір сүрген кемінде екі ауылдың және жартылай өртенген келесі 10 ауылдың толығымен қиратылғанын көрсетті.

 

Мьянма үкіметі екі дәлелмен бұл елдің мұсылмандарының өмір сүретін мекендері мен егістік жерлерін жоюда. Мьянма үкіметі мен экстремистік буддистердің рохинджа мұсылмандарының ұрпағы мен олардың барлық мұраларын құрту аталмыш дәлелдердің бірі болып табылады. Екінші дәлелі – рохинджа босқындарын үйлеріне қайтудан үміттерін үзіп, олардың алдарынан қайтатын барлық жолдарды жабу. Мьянма мұсылмандарына геноцидтің басталуынан бері шамамен рохинджалық 700 000 мұсылман Бангладешке қашты. Шабуылдар, жаппай қырып-жою мен мұсылмандар ауылдарын өртеу туралы мыңдаған мәлімдеме жарияланды. Рохинджаның мазлұм мұсылмандарының жағдайына қатысты алаңдатарлық хабарлар Адам құқығы инспекторларының есептерімен шектелмейді. БҰҰ-ның ЮНЕСЕФ қоры  Мьянманың босқын мұсылман балаларының нашар жағдайы туралы жан түршіктірерлік мәлімет жариялады. ЮНЕСЕФ өзінің жуырдағы есебінде Бангладештің оңтүстігіндегі лагерлердің жағдайына  денсаулық пен гигиена, білім беру мен балаларға қажет басқа да мүмкіндіктерге тоқталды. Аталмыш ұйымның есебінде Бангладештегі ыстық дауылдар кезеңінің жақындауымен  судың ластануына байланысты аурулардың таралу қатері артатынын айтылды. Мұндай жағдайда балалар басқа таптарға қарағанда жұқпалы аурулармен көбірек кезігеді. Бангладеште ыстық дауылдар екі кезеңде, нақтырақ айтқанда наурыз айынан шілдеге дейін, сондай-ақ қыркүйектен желтоқсанға дейін соғады. Өткен жылы бұл дауылдардың салдарынан босқындардың уақытша панажайларының шамамен төрттің бірі қирады. ЮНЕСЕФ мәлімдемесінде: «Рохинджа босқындары өз қалалары мен үйлерінен қуылды. Олар өздерінің басты құқықтарынан мақұрым қалып, өлім мен денсаулықтарынан айрылу қатеріне тірелуде»,- деп баса айтты.

Рохинджа деп аталатын Мьянма мұсылмандары бірнеше онжылдық бойы кемсітушілік пен нәсілшілдіктен азап-қорлық көріп келеді. Мьянма үкіметі мен экстремист буддистер бұл елдің мұсылмандарын ресми қабылдамай,  оларға кемсітушілік және нәсілшіл әрекет көрсетуде. Мьянманың мұсылмандары азаматтық барлық құқықтардан кенде. Мьямадағы билік басындағы партияның басшысы  Аун Сан Су Чжи жылдар бойы бұл елдегі әскери үкіметпен күрескені үшін батыстықтардың қолдауымен бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ие болды. Өкінішке орай, бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ие адам рохинджа мұсылмандарына жүргізіліп отырған геноцидке көзжұмбайлық көрсетіп отыр. Мьянманың экстремист буддистерінің мұсылмандарға қарсы қылмыстарын Аун Сан Су Чжидің әскери үкіметке қарсы күрес жолындағы қиындықтармен салыстыруға болмайды. Аун Сан Су Чжи қиындықтары үшін Нобель сыйлығына ие болды. Дәл қазір Мьянманың мыңдаған мұсылман әйелдері азаттықтары мен абыройлы өмір сүру үшін Аун Сан Су Чжидың көрген ауыртпалықтардан бірнеше есе артық қорлық көруде. Бірақ қарым-қатынасы дамыған Батыстың ешбір адамы қорлықтан шаршап-шалдыққан Мьянма  мұсылмандарының, тіпті, балаларының  суреттерін көргісі келмейді. Сондай-ақ, бұл апатқа наразылық та білдірмейді. Олар үшін Мьянма мұсылмандары адам емес сияқты.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсон – Мьянмаға сапар шегіп, Аун Сан Су Чжимен кездескен Батыстың соңғы саясаткерлерінің бірі. Ол рохинджа мұсылмандарының апатын көріп, Аун Сан Су Чжимен кездескеннен кейін мұсылмандар өмір сүретін Ракхайн облысынан геноцид көргенін айтып, Аун Сан Су Чжидың бұл ел мұсылмандарының дағдарысынан туындаған үрейді түсінетіндігіне күмән білдіріп: «Осыған дейін біреудің өзіндей жаратылысқа қарсы мұндай қылмыс жасағанын көрген, көрмегенін білмеймін. Бірақ, мен өз өмірімде еш уақытта мұндайды көрмедім»,- деді.

Борис Джонсон рохинджа мұсылмандарының жағдайын жақыннан көрді!

Батыс үкіметтерінің Мьянмаға сапары мен бұл ел мұсылмандарының жағдайына өкініш білдіруі көбінесе саяси және жарнамалы мақсатта жасалады. Өйткені, бұл сапарлардан кейін Мьянма үкіметіне саяси қысым көрсету және рохинджа мұсылмандарына қарсы геноцидті тоқтату үшін ешбір шара қолданылмайды. Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсон Британияның қауымдар палатасының халықаралық даму комитетін Мьянма мұсылмандарына немқұрайдылық танытумен сынап, сол елге аттанды. Борис Джонсон Мьянма мұсылмандарының жан түршіктірерлік жағдайы туралы айтқанымен, Британия үкіметі Мьянма үкіметін сынап, оған қарсы саяси қысым көрсету және рохинджа мұсылмандарына қарсы олардың нәсілін жою саясатын тоқтатуға шара қолданбады. Негізінде Британия үкіметі Еуропа мен БҰҰ деңгейінде Мьянма үкіметіне қысым көрсететін құралдарға ие. Негізінде, Мьянма Британия мен басқа Батыс үкіметтерінің басты мәселесі емес. Сондықтан, олар Мьянманың зорлық-зомбылық көрген мұсылмандарының дерті мен қиындықтарын азайтуға талпыныс жасамайды.

 

Тегтер