Йеменге қарсы Сауд режимі соғысының үшінші жылдығы
10 күнде аяқталады деп күткен Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысының басталғанынан бері 3 жыл өтті. Бұл соғыста тіпті соғыс ережелері де сақталмады. Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі әрі тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман Йемендегі соғыс пен адамзатқа қарсы қылмыстардың көрмесін ұйымдастырды.
Йемен соғысының үшінші жылдығында Адам құқығы инспекторларының атқарушы директоры Кант Рус әлемдіктерге Сауд Арабиясы саясатының шынайы бейнесін көрсетті. Әрине Батыс мемлекеттері, әсіресе АҚШ Сауд Арабиясына қатысты өзі пайда көретін саясат жүргізіп отырған жағдайда еш уақытта Йеменнің шындығын көрсетпейді. Кант Рус Йеменнің шындығы туралы: "Сауд Арабиясының тақ мұрагері қалыпты Исламды ұстануға уәде бергенімен, Йемен халқының үстіне жауып жатқан бомбалар мен елдегі аштық, сондай-ақ, осы кезге дейін толық ашылып көрсетілмеген зорлық-зомбылықтар оның үкіметінің шынайы үлгісін көрсетуде",- деді. Бұл қысқа сөйлем – Йемен соғысының шындығы. 21 ғасырда адам құқығы туралы уәж айтатын мыңдаған адамдардың алдында зорлық-зомбылық орын алуда, бірақ оған жауап беретін ешкім жоқ. Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шабуылдарының жалғасуы мен қоршауға алынуына байланысты бұл елде тырысқақ және іш сүзегі сынды жұқпалы ауруға шалдыққандардың саны артуда. Йеменді қоршауға алу мен шабуыл жасау 50-ден астам емдеу орталықтарының, су мен кәріз жүйелері жұмыстарының тоқтауларына себеп болды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, бұл елде бір миллионнан астам адам тырысқақ ауруына шалдыққан, шамамен 70 адам іш сүзегі ауруынан өліп, 500-ге жуық адам осы ауруға шалдығуда.
Йемен соғысы бұл кедей араб елінің тұрмысына қатты әсер етуде. Бұл соғыс тек соғыс майдандарын ғана емес, бүкіл қарапайым халықты шырмағаны сондай, соғыс майданы мен қарапайым өмірдің айырмашылығы байқалмайды. Йемен халқының үстіне кез келген сәтте көшелерде, үйлер мен қоғамдық орталарда бомба түсуде. Йеменде тыйым салынған қаруларға жататын бомбалар қолданылуда. Бұл бомбаларды Сауд режимінің ықтиярына адам құқығы туралы уәж айтатын үкіметтер жеткізіп отыр. Батыстың қару-жарақ шығаратын зауыттарының Йемен соғысынан көріп отырған пайдасы адам құқығы туралы уәж айтатын үкіметтердің пайдакүнемдігін әшкерелеуде. Батыс үкіметтерінің Сауд Арабиясына қатысты саясаттары қару сатумен бағаланған жағдайда адам құқығы далада қалып, Йемен халқы апатынан гөрі қару-жарақ шығаратын зауыттардың пайдасы маңызды болады. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі тәуелсіз мемлекеттерге қысым көрсететін құрал ретінде әрекет етуде. Қауіпсіздік кеңесі Йемен туралы өткізген соңғы отырысында Сауд режимінің соғысқұмарлығын талқылаудың орнына әрқашан Йеменнің жазықсыз халқының бұдан артық қырылуының алдын алу үшін елдің мәселесін саяси жолмен шешуді қуаттаған Иранды нысанаға алды. Йеменнің жан-жағынан қоршауға алынуына қарамастан және Сауд режиміне әртүрлі қарулардың жіберілуіне назар аудармай, Иранды «Ансаролла» қозғалысына қару жіберді деп айыптау саяси масқарашылық болып табылады. Дәл осы саяси ұстаным Йемендегі соғыстың жалғасуына соқтырып отыр. «Ансаролла» қозғалысының аға мүшесі Хизам әл-Асад "әл-Әлам" арнасына берген сұхбатында: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Йемен дағдарысына қатысты ұстанымы үмітсіздік тудырды. Санкцияларды жалғастыруы – олардың ұстанымының салдары. Санкцияларды жалғастыру саудиялық коалицияның шабуылдарын арттырумен тұспа-тұс келді. Аталмыш коалиция күн сайын Йеменге қарсы шабуыл жасап, бұл елдің халқына қарсы жантүршіктірерлік қылмыстарды іске асыруда",- деді. Сонымен қатар ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф кейбір еуропалық үкіметтердің БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде Йемен мәселесіне қатысты АҚШ-қа қосылуына реакция білдіріп: "Еуропалықтармен Йемен туралы келіссөздер жүргізу мәселені саяси жолмен шешуді көздейді. Егер Еуропа бұл келіссөздерді АҚШ-тың қалауына жауап беру мақсатын көздесе, бұл шындыққа сай келмейтін, саяси- үгіттік қозғалыс болады",- деді.
Сауд режимнің Йемендегі соғысқұмарлығының әртүрлі мақсаты бар. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Йеменнің халықтық «Ансаролла» қозғалысын сәтсіздікке ұшыратуы болды. Бұл қозғалыс өткен үш жылда саудиялық коалиция үшін шынайы қиындық тудырды. Йеменнің саяси өзгерістерінің ішіндегі хусилердің ойындары Сауд Арабиясы күш-қуатының алдын алуға себеп болуда. Йеменнің «Ансаролла» қозғалысы өткен үш жылда елдің армиясымен ынтымақтастық жасап, саудиялық коалицияның алдын алатын шынайы күш болды. Бұл күш-қуат Йемен шекараларымен шектелмей, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігіндегі әртүрлі мақсаттарды нысанаға алды. Йеменнің Ансаралла қозғалысы өз мәлімдемесінде үш жылдық соғыста саудиялық коалицияның қарамағындағы 214 әскеридің өлгенін, 2018 жылдың тек ақпан айында ғана 200-ден астам зымыранның жауға қарай атылғанын хабарлады. Йеменнің «Ансаролла» қозғалысы: "Йеменнің халықтық күштері ақпан айындағы шапқыншыларға қарсы әрекеттерінде 20-дан астам бронетранспортерді, бес танк пен 125 әскери жабдықтарын жарып жібергенін, сондай-ақ ақпан айында Сауд коалициясының тыңшы ұшағын құлатқанын жариялады. Енді бірнеше баллистикалық зымыранмен Біріккен Араб Әмірлігі жалдамалыларының штабын нысанаға алды. Жалпы алғанда, 10 баллистикалық зымыран мен 204 баллистикалық емес зымыран пайдаланылды. Йеменнің Саяси жоғары кеңесінің басшысы Салех әл-Самад халықтық күштерінің 2017 жылы Риядтың халықаралық әуежайын нысанаға алғанына тоқталып: "Йемендік күштер саудиялық басқыншыларды әлі де таңырқатады",- деп қуаттады. Йеменнің «Ансаролла» қозғалысы соғыс майданында табандылық білдіруімен бірге бұл елдің дағдарысын саяси жол, яғни келіссөздер арқылы шешуге дайындығын жариялап, жобаларын да ұсынды. Осы салада Йеменнің «Ансаролла» қозғалысы БҰҰ-на хат жолдап, елдің дағдарысын тоқтатуға қатысты жаңа жоба ұсынғаны туралы хабарлады. «Ансаролла» қозғалысының дағдарысты аяқтау жобасы татуласу комитетін құру, елдің барлық партиялары мен саяси күштерінің қатысуымен ел Президенті пен Парламент төрағасын сайлау үшін дауыс беруге қатысуды қарастырады, сондай-ақ, Йеменді қайта құру үшін бөгделердің шабуыл жасамауына қатысты халықаралық кепілдіктің берілуін қалайды. Сонымен бірге қоғамдық амнистия жариялап, барлық босатылғандарға азаттық беріп, мәселені шешу үшін референдум өткізуді көздейді. Йеменнің «Ансаролла» қозғалысының ұсынған жобасын Сауд режимінің Йеменге қарсы шабуылдары мен бұл елдің қоршауын тоқтатқан жағдайда іске асыруға болады. Йемен дағдарысын келіссөздер арқылы шешу әлемдік қоғам Сауд режимінің соғысын тоқтатуға шара қолданбаса, нәтижеге жетпейді. Кері жағдайда Йеменнің қазіргі апаты одан сайын күшейе түседі. Йеменнің революция жоғары комитетінің басшысы Мұхаммад Әли әл-Хуси: "Сауд Арабиясы коалициясының шабуылдары мен әуе, құрлық және теңіз қоршауларын тоқтатпай, Йемен дағдарысын шешу мүмкін емес. Йемен апатының жалғасуына БҰҰ мен оның Қауіпсіздік кеңесі жауапты»,- деді.