Діни жетекшінің Эксперттер кеңесінің басшысы және мүшелерімен кездесуінде сөйлеген сөзі
(last modified Sun, 01 Apr 2018 18:24:06 GMT )
Сәу 02, 2018 00:24 Asia/Almaty
  • Діни жетекшінің Эксперттер кеңесінің басшысы және мүшелерімен кездесуінде сөйлеген сөзі

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи эсфанд айының 24 күні Эксперттер кеңесінің басшысы және мүшелерімен кездесті.

Аятолла Хаменеи бұл кездесуде Алланың көмегін шындық майданы үшін сенім мен жігер беретін уәде деп атап, Иранның жарқын келешегін қуаттап: «Бұл илаһи уәдеге жету ғұламалардың, жүйе басшылары мен қоғамның рухани тәрбиесіне байланысты үгіт-насихат және оқыту ұйымдарының өз міндеттерін орындауы мен олардың іс жүзінде тақуалыққа табанды болып, сән-салтанаттан тартынып, еңбек етіп, талпыныс жасауына байланысты»,- деді. Білікті шариғат заңгерлерінен құрылған  Эксперттер мәжілісі ИИР Конституциясының 107-ші бабы бойынша діни басшыны, яғни Ислам республикасының діни жетекшісін тағайындау құзыретіне ие. Бұл мәжілістің мүшелері халықтың тікелей дауыс беруімен 8 жылға сайланады. Аталмыш мәжіліс мүшелерінің саны 88 діни заңгерден тұрады. Ислам республикасының іргетасын қалаушы имам Хомейни дүниеден озғаннан кейін Эксперттер мәжілісінің  бір тәулікке жетпейтін  уақыт ішінде аятолла Хаменеиді діни басшы етіп сайлауы ислам жүйесіндегі мәжілістің маңызы мен ерекше орнын көрсетті.

Аятолла Хаменеи Эксперттер кеңесінің басшысы және мүшелерімен кездесті.

Ислам революциясы жетекшісінің Эксперттер мәжілісінің діни жетекшіні тағайындау, бақылау, кейде міндетінен босату сынды өкілеттігін мәжілістің саяси жоғары әрі ерекше орынға ие екендігінің белгісі деп атады.  Ислам революциясының жетекшісі Иранның дұшпандардың саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және қауіпсіздік салаларындағы жан-жақты шабуылымен ауыр күресі мен соғысына сілтеме жасап: "Ислам республикасының болмысы  мен діни үкіметтің демі және ислам жүйесінің армандары мен мақсаттары, атап айтқанда таухид, әлеуметтік әділет, зұлымдықпен күрес, мазлұмдарға қолдау көрсету діннің дұшпандарын соғыс ашып, шабуыл жасауға итермелейді. Құран аяттарында қайталанып айтылғандай,  тарих бойында жалғанның майданы ақиқат майданына әрдайым шабуыл жасап келді", - деді.

 

Хазірет «Анғам» сүресінің 112-113-ші аяттарына сілтеме жасап: «Тауһид, Алланың билігі, әділет, адамды құрметтеу, зұлымдықпен күрес туралы дауыс естілген әр жерде дұшпандылық басын көтереді»,- деді.

Аятолла Хаменеи шындық пен жалғандықтың арасындағы қақтығыста шындықтың жеңіске жететінін қуаттап, бұл жеңістің нақты екенін, бірақ, оның шындықтың жақтастықтарының  табандылығы, сабыры мен талпынысы деген шарттары болатынын еске салды. Аятолла Хаменеи илаһи пайғамбарлардың күрестерінің тарихы, сондай-ақ, олардың кейбіреуінің қаза болғаны мен басқаларының жеңіске жеткендігіне тоқталып: «Шындықтың жақтастары әлсіздік танытқан кездері пайғамбарлар жеңіске жете алмады. Керісінше, шындықтың жақтастары тұрақтылық пен  табандылық білдіріп, күрестен бас тартпай, қырағы болған кезде жеңіске жетті. Бүгін де дәл сол жағдайды көріп отырмыз. Егер дұрыс әрекет етсек, жеңіске жетеміз»,- деп баса айтты.

Аятолла Хаменеи Эксперттер кеңесінің басшысы және мүшелерімен кездесті.

Иран Ислам революциясының жетекшісі  Құран Кәрімнің шындықтың жақтастарының нақты жеңіске жететіндігін көрсететін  аяттарына тоқталып: «Құранның «Тәубе» сүресінің 40-шы аятының үзіндісінде «Расында,  Алла бізбен бірге» деп айтылған. Яғни, адам Алланың онымен бірге, оның қасында, оған қамқоршы екенін сезгені өте маңызды. Өйткені, Алла – құдырет пен ғиззаттың орталығы. Алламен жақтас болғандардың жеңіске жететіндігі күмәнсіз»,- деді. Алла Тағала Құран Кәрімде кейбір тарихи оқиғаларды баяндап, мүміндерге олардың жалғыз еместігін, илаһи құдыреттің олармен бірге екенін хабарлайды.

Ислам революциясы жетекшісінің тоқталған хикаялардың бірі хазірет Мұса мен Перғауынның туралы болды. Жаратушы хазірет Мұса мен оның бауыры Харунға Перғауынға қасына барып, илаһи жолдауды жеткізуді бұйырған кезде олар: «Раббымыз! Оның өктемдік қылуынан немесе шектен шығуынан қорқамыз» деді. Сол кезде Жаратушы: «Қорықпаңдар! Сендермен біргемін. Естимін,  көремін» деді («Таһа» сүресі, 45-46-шы аяттар). Исраил әулеті хазірет Мұсамен бірге Ніл өзеніне жеткен кезде арттарынан Перғауынның әскерін көріп, Перғауынның оларды жеңетіндігінен қорқып: «Екі  топ бір-бірін көрген сәтте хазірет Мұсаға: “Сөз жоқ, қолға түстік” деді.  Хазірет Мұса: “Әсте, шынында Раббым бізбен бірге. Маған жол көрсетеді” деді.  («Шуара» сүресі, 61-62-ші аяттар). Сол кезде мұғжиза орын алып, Ніл өзені ортасынан ашылды. Ислам революциясының жетекшісі Алла Тағаланың мүміндерге көмектесетіндігін өзгермейтін және барлық илаһи әулиелер сенім артқан тарихтың сүннеттерінің бірі деп атады. Хазірет содан соң бұл илаһи көмектің шарттарына тоқталып: «Құранда бұл үшін бірнеше шарт қарастырылып, былай деп айтылды: «Шынында, Алла тақуалармен, сондай-ақ, жақсылық істеушілермен бірге» деп айтылды («Нахл» сүресі, 128-ші аят). «Алла сабыр етушілермен бipгe» («Бақара» сүресі, 153-ші аят). «Әрі расында Алла тақуалармен бірге екенін біліңдер». («Тәубе», 36-шы аят). «Алла мүміндермен бірге». («Әнфал» сүресі, 19-шы аят). «Алла жақсылық істеушілермен бірге». («Әнкабут» сүресі, 69-шы аят).

Аятолла Хаменеи мүмін адамдардың бойында осы ерекшіліктердің қалыптасу қажеттілігіне тоқталып: «Білім беретін органдар, жоғары оқу орындары, Телерадио бірлестігі, діни ғұламалар мен барлық тәрбиешілер бұл ерекшеліктерді өз шәкірттерінің бойында тәрбиелеуге талпынуы керек. Өйткені, бұл сипаттарға ие қоғам Алламен бірге болып, қорқыныш пен уайым-қайғыдан алыстап, жеңіске жетеді»,- деді. Хазірет Ислам республикасы мен жүйенің барлық негіздерінің тұрақтылығын мүмін және жанкешті, сабырлы әрі иманды жастарға борыштар деп атады. Иран Ислам революциясының жетекшісі халық Құран аяттарына сай илаһи көмекке ие болып, билікқұмарлармен бетпе-бет келген кезде батыл алға қадам басуы үшін  жүйе басшылары мен діни ғұламалардың маңызды міндетін адамдарды сөздері мен іс-әрекеттері арқылы тақуалық пен жақсылыққа,  сабыр мен иманға қарай жігерлендіру екенін қуаттады. Аятолла Хаменеи танымал тұлғалар мен діни ғұламалардың амалдарының маңыздылығына тоқталып: «Егер олардың амалдарында күнә жасамау,  байлық пен дәулетті иемденуден аулақ болу және  тақуалық, еңбек, талпыныс пен тұрақтылыққа берік болу сынды сипаттар тұрақты болса, олардың сөздерінің ықпалының, қоғамның иманы мен дамуының артуына себеп болады. Имам Хомейнидің таңғалдыратын табыстарының себептерінің бірі хазіреттің қияметке шынайы иман келтіруі және иманның амалдарында іске асырылуында болды»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің соңғы бөлімінде Иранның жаңа буынының жаңа сипаттарына тоқталып: «Біздің елде жаңа құбылыс байқалады. Ол тек бір белгілі бөлімге, тек ой мен амалдың бір бөліміне, мәдени, үгіт-насихат, өнер, ғылым, пәлсапа бөлімдерінде ғана қатысты  емес. Бізде шынайы мүмін жастар пайда болды. Олар имамды көрмегендерімен, соғыс кезеңін бастан өткізбегенімен имандары, табандылығы және шынайы жігерлерімен осы жолды жалғастыруда. Бұл буын – жақсы әрі үміттендіретін буын. Дұшпан біздің қартайғанымызды көріп, діни жетекші мен революцияға қатысқан басқалар қартайды деп ойлап, өз болжамдарын жасауда. Олар бұл елде Құдайға шүкір, жастардың бүкіл маңызды жұмыстарды атқарып, өздерінің жас жігерімен, қырағы  түрде алға ілгерілеп, нәтижеге жетіп, елдің келешегінің  бүгіннен жақсаратыны туралы білмейді»,- деп баса айтты.

 

 

Тегтер