Абуталиб – Алла елшісінің қорғаны
(last modified Fri, 13 Apr 2018 10:51:12 GMT )
Сәу 13, 2018 16:51 Asia/Almaty
  • Абуталиб – Алла елшісінің қорғаны

Хазірет Абуталиб – Исламның бастапқы кезіндегі маңызды тұлғалардың бірі. Оның есімі Имран, бірақ ең үлкен ұлының есімі Талиб болғандықтан ол «Абуталиб» (Талибтың әкесі) деп аталып кеткен.

Хазірет Абуталиб өлімнің жақындағанын сезіп, өз тайпасының барлық ақсақалдарын шақырып, оларға: "Сіздер – Алланың таңдаулылары, Оның жаратылыстарысыздар. Сіздерге Мұхаммадқа жақсылық жасауды насихаттаймын. Өйткені, ол құрайыштардың ішіндегі ең адал, арабтардың арасындағы тек шындықты айтатын адам. Оның бойында барлық ерекшеліктер жинақталған. Сондықтан оны сіздерге тапсырамын. Ол біз үшін жүрегіміз қабылдамаған, тіліміз жамандық айтуға бармайтын нәрсені әкелді. Уа, құрайыштар! Ол сіздердің әкелеріңіздің перзенті. Оған көмекші, оның жақтастарының қолдаушысы болыңыздар. Алламен ант етемін, оның жолымен жүрмегендер, дұрыс жолға нұсқалмайды, керісінше, оның нұсқауларын қабылдағандар бақытты болады",- деді.  

Хазірет Абуталиб – Исламның бастапқы кезіндегі маңызды тұлғалардың бірі. Оның есімі Имран, бірақ ең үлкен ұлының есімі Талиб болғандықтан ол «Абуталиб» (Талибтың әкесі) деп аталып кеткен. Ол Исламның ұлық пайғамбарының дүниеге келуінен 35 жыл бұрын Меккеде Құдайға иман келтірген Хашимның отбасында дүниеге келді. Абуталиб пен пайғамбардың әкесі Абдолла Амру бен Аед Мағзумидің қызы Фатимадан туды. Оның әкесі арабтардың барлық тайпаларына ұлылығымен танымал Исламның ұлық пайғамбарының атасы Абдулмуталиб болды. Абдулмуталибтің есімі хазірет Ибрахимнің таухидтік дінінің насихатшысы ретінде де еске алынады.

Абуталиб Құдайға иман келтірген отбасының ортасында рухани және рухани кемелдікке ие әкесі Абдулмуталибтің қолында тәрбиеленді. Ол әкесі сияқты Меккенің күпірлік білдіріп, пұтқа табынатын халқының әсеріне түспеуімен қатар надандық тәсілдерге қарсы тұрып, өзін бұзақылық пен ластықтан таза ұстады. Исламның ұлық пайғамбары бұл тұлғаның қасиетті мәйітінің қасында тұрғанда: "Мені бала кезімде тәрбиеледің, жетім қалғанда қамқоршым болып, есейгенде көмектестің. Сондықтан Алла Тағала саған сыйын береді..",- деген болатын. Абуталиб Мекке мен оның айналасының мырзасы, Алланың үйіне зияратқа келгендерге су беруші, Зәмзәм бұлағын күтуші болғандықтан барша оны құрметтейтін. Ол ең жақсы ахлақтық ерекшеліктерге ие болды. Оның жүзінен талғампаздық пен даналардың қадір-қасиеті байқалды. Арабтардың танымал даналарының бірі Актам бен Сейфиден: "Хикмет пен басқаруды кімнен үйрендің?"- деп сұрағанда: "Ілім мен әдеттің халифасы, араб пен араб еместердің мырзасы, Абуталиб бен Абдулмуталибтен!"- деп жауап берген.

 

Сүннит ғұламалары, соның ішінде Джалаладдин Суити "Хасаес әл-Кубра" кітабында исламның аталмыш әйгілі тұлғасы туралы оқиғаны баяндайды: "Меккеге құрғақшылық келген кезде құрайыштар топ-топ болып, дауыстап жаңбырдың жаууын сұрады. Олардың біреуі Лот пен Изи пұттарынан, келесі біреулері Менат пұтынан көмек сұрады. Сол кезде келісті бір қарт адам: "Арамызда хазірет Ибрахим мен хазірет Исмаилдің перзенттері бар жағдайда біз шындық жолынан ауытқыдық",- деді. "Абиталеб туралы айтып тұрсың ба?"- деген сұрақ естілді. Қария: "Иә",- деп жауап берді. Барша Абиталебтің үйіне қарай бет алып, оның үйінің есігін қақты. Үйден аштық салдарынан жүзі сарғайған қарт шықанда  барша оның айналасына жиналып: "Уа, Абиталеб! Дала құрғап, халық құрғақшылыққа душар болды. Жылдамдат, біз үшін жаңбыр сұра",- деді. Абиталеб: "Күн батып, жел тынышталған кезде шығамын",- деп келісті. Күн батқан немесе батуға жақындаған кезде Абуталеб үйінен шықты. Оның қасында қараңғыдан кейін көтерілген күн сияқты жарқыраған бір жігіт пен тағы басқа жастар болды. Абуталеб арқасын Қағбаға тіреп, жастарды қасына алып, қолын көтеріп, дұға тіледі. Тіпті бір бұлт көрінбеген ашық аспанда кенеттен жан-жақтан бұлттар жиналып, нөсер жаңбыр жауып, дала суға толды. Сол кезде Абиталеб келесі өлеңді оқыды: «Оның  нұрлы жүзінің берекесінің арқасында халық бұлттардан жаңбыр жіберуді сұрайды. Ол жетімдер мен жесір әйелдердің қуанышының себебі. Хашим әулетінің бейшаралары оны пана тұтып, оның қасында нығметке бөленді. Бұл жас адам хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.) болды».

Алла елшісінің шақыруы белгілі болған кезде құрайыш тайпасының басшылары Хашим әулетінің басшысы болған Абуталибтің қасына келіп: «Ағаңның баласы біздің «құдайларымызды» балағаттап, біздің дінді жамандайды, біздің ғибадаттарымыз бен наным-сенімдерімізге күліп, әкелерімізді адасқандар деп санайды. Оған бізге тиіспеуді бұйыр немесе оны қолымызға тапсыр»,- деді. Абуталиб оларға жұмсақ сөйлеп, қайтарды. Расында Исламның әсері құрайыш тайпасының басшыларын алаңдатқан болатын. Олар Абуталибтің қасына оралып: «Сен біздің арамыздағы қарт әрі беделі жоғары адамсың. Біз сенен ағаңның баласын бізден алыстатуды сұрадық, бірақ сен айтқанымызды жасамадың. Біз енді Мұхаммадтың ата-бабаларымыздың тәсілдерін айыптауы мен бізді надан санауыны, сондай-ақ біздің «құдайларымызды» жамандауына төзе алмаймыз. Оның бізбен ісі болмасын. Әйтпесе екі топтың бірі жойылғанша, сенімен ле онымен күресеміз»,- деді. Абиталеб олардың жолдауын Мұхаммадқа (с.ғ.с.)-ға жеткізуге уәде берді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Көке, Алламен ант етемін, егер менің оң қолыма күнді, сол қолыма айды орналастырса да, дінді насихаттаудан бас тартпаймын»,- деді. Алла елшісінің көз жасқа толып, Абуталибтің қасынан кетеді. Ол бірнеше қадам жасаған кезде Абуталиб оны қайта шақырып, өлең түрінде: «Ағамның перзенті! Құрайыштар еш уақытта сені тыныш қалдырмайды. Мен өлгенімше, сені қолдаймын. Еш нәрседен қорықпай міндеттіңді әшкере ет. Хабарды жеткізіп, көздерді ашып, мені өз дініңе шақырдың. Мен сенің шындықты айтатыныңды білемін. «Мұхаммадтың» дінінің әлемнің ең жақсы діні екені – анық»,- деп, Меккенің мүшіріктеріне барып, оларға: «Алламен ант етемін, ол еш уақытта өтірік айтпады. Сондықтан ол кейін қайтпайды. Кетіңдер, дұрыс жолға нұсқалған кезде оралыңдар»,- деді. Хазірет Абиталеб Исламның ұлық пайғамбарына 42 жыл қызмет етті. Егер Абитолебтің қолдауы болмай, хазірет жалғыз қалғанда оның пайғамбарлық міндетін қабылдамайтын еді немесе Ислам діні біраз уақытқа дейін тоқырауға ұшырап, таралмайтын еді. Сүнниттердің әйгілі ғалымы Ибн Аби әл-Хадид исламды қорғауда теңдессіз еңбек сіңірген Абиталеб пен перзенті Әли бен Абиталебтің жанкештілігі туралы өлең жазды. Оның мазмұны мынадай болды: «Егер Абиталеб пен перзенті Әли болмағанда, діннің тірегі көтерлмейтін еді. Абиталеб Меккеде Алланың дінін қолдап, қорғады; Әли Мединеде дінді таратты. Абиталеб істі бастағанымен, дүниеден озды. Бұл істі Әли аяқтады».

Хазірет Абиталеб көптеген қиындықтарға қарамастан, Алла елшісін қолдаудан бас тартпай, мүшіріктердің көптеген қысымдарына табандылық білдірді. Ол беғсаттың 10-шы жылының режеп айының 26 күні жүрегіндегі Аллаға толы иманы мен хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ға деген махаббатымен дүниеден озды. Пайғамбар (с.ғ.с.) Абиталеб дүниеден озған күні қатты қайғыға салынып, көз жасын тоқтата алмай, Әли бен Абиталебті ғұсыл құйындырып, Алладан рақым сұрады. Абиталебті жерлейтін мекенге келген кезде: «Сіз үшін жын мен адам таңғалатындай кешірім сұраймын»,- деді. Хазірет Абиталеб Меккеде әкесі Абдолмуталибтің қабірінің қасындағы Маалот қабірінде жерленді.

 

Хазірет Абитолебтің өлімімен мұсылмандар мен пайғамбар (с.ғ.с.) қолдаушыларынан айырылып, дұшпандардың арсыздығы арта түсті. Ибн Асир Джазри «Әл-Камел әт-тарих» кітабында: «Абиталеб пен Хадиджадан айырылу Алла елшісі үшін ауыр болды. Хазірет «Абиталебтің көзі тірісінде құрайыштар маған ешқандай жамандық жасай алмады» деген болатын. Абитолеб дүниеден озған соң құрайыштар Алла елшісін азаптауды бастады. Барлық тарихшылар Абиталеб тірі болған кезде Исламның ұлық пайғамбарына Меккеден қоныс аудару қажет болмағаны туралы бірдей пікірге ие. Келини де «Кафи» кітабында: «Абиталеб қайтыс болғаннан кейін Алла Тағала пайғамбарға халқы залым қаладан кету туралы уаһи түсіріп: «Абиталебтен кейін Меккеде сенің қолдаушың жоқ»,- деді. Сөйтіп, хазірет хиджрат етті.