Қиындықтың ең күшті жауы не? Ислам пайғамбары мен оның әулетінен сабыр туралы хадистер
https://itolqyn.com/news/religion-i81554-Қиындықтың_ең_күшті_жауы_не_Ислам_пайғамбары_мен_оның_әулетінен_сабыр_туралы_хадистер
ParsТoday - Діни-философиялық ілімдерде ерекше орын алатын адам бойындағы ең маңызды қасиеттердің бірі - сабырлық.
(last modified 2025-10-06T12:07:02+00:00 )
Қаз 06, 2025 16:48 Asia/Almaty
  • Қиындықтың ең күшті жауы не? Ислам пайғамбары мен оның әулетінен сабыр туралы хадистер

ParsТoday - Діни-философиялық ілімдерде ерекше орын алатын адам бойындағы ең маңызды қасиеттердің бірі - сабырлық.

Күнделікті өмірде барлық адамдар өз мақсаттарына жетуге кедергі болатын қиындықтар мен мәселелерге кезігеді, бірақ Ислам ілімі тұрғысынан сабырлық қиындықтармен күресудің ең негізгі құралдарының бірі болып саналады. ParsТoday бұл мақаласында Ислам пайғамбары мен оның әулетінің сабыр туралы айтқан сөздерін ұсынады:

 

Иман

Ислам пайғамбары (с.ғ.с.):

إِنَّ الإِیمَانَ نِصْفَانِ، نِصْفٌ فِی الصَّبْرِ وَ نِصْفٌ فِی الشُّکْرِ

«Иман екі бөліктен тұрады: оның жартысы сабыр, жартысы шүкір». [Нахдж әл-Фасаха/1070]

 

Сабыр орны

Имам Әли (ғ.с.):

الصَّبْرُ فِی الْأُمُورِ بِمَنْزِلَةِ الرَّأْسِ مِنَ الْجَسَدِ فَإِذَا فَارَقَ الرَّأْسُ الْجَسَدَ فَسَدَ الْجَسَدُ فَإِذَا فَارَقَ الصَّبْرُ الْأُمُورَ فَسَدَتِ الْأُمُورُ

«Істегі сабыр денедегі бас сияқты, бас денеден бөлінгенде тән бұзылатыны сияқты, сабыр істерден ажыраса, істер де бұзылады». [Бихар әл-Анвар, 71/73]

 

Қиындықтардың жауы

Имам Әли (ғ.с.):

أَقْوَى عَدُوِّ الشَّدَائِدِ الصَّبْرُ

«Қиындықтардың ең күшті жауы – оларға сабырлық пен шыдамдылық таныту». [Ғарр әл-Хакам, 2/2908]

 

Жеңіс

Имам Әли (ғ.с.):

الصَّبْرُ کَفِیلٌ بِالظَّفَرِ

«Сабырлық – жеңістің кепілі». [Ғарр әл-Хакам, 1/760]

 

Пайғамбарлардың сипаттары

Имам Әли (ғ.с.):

إِنَّ الصَّبْرَ وَحُسْنَ الْخُلُقِ وَالْبِرَّ وَالْحِلْمَ مِنْ أَخْلاقِ الْأَنْبِیَاءِ

«Сабырлылық, көркем мінез-құлық – пайғамбарлардың әдептерінен». [Бихар әл-Анвар, 71/92]

 

Хақ жолында сабыр

Имам Саджад (ғ.с.):

یَا بُنَیَّ اصْبِرْ عَلَى الْحَقِّ وَ إِنْ کَانَ مُرًّا

«Ащы болса да хақ жолында шыдамдылық пен сабырлық таныт». [Бихар әл-Анвар, 71/77]