АҚШ көздеген Жаңа Таяу Шығыс (2)
(last modified Sat, 14 Apr 2018 12:48:05 GMT )
Сәу 14, 2018 18:48 Asia/Almaty
  • АҚШ көздеген Жаңа Таяу Шығыс (2)

Таяу Шығыс – әралуан тайпалар, діндер мен этностардың болмыстарынан құралған географиялық аймақ. Бұл аймақтан илаһи діндер бастау алған. Бұл ерекшелік геосаяси маңыздылығы, мұнай мен газдың ірі қорларына ие болуымен аймаққа ерекшелік сыйлайды.

20 ғасырдың басынан бастап, әсіресе Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардан соң Таяу Шығыстың геосаясаты Ұлыбританияның, содан кейін АҚШ-тың сыртқы саясатында әрдайым айрықша маңызға ие болып келеді. Тіпті, Батыс алпауыттарының аймақта үкімет-ұлт жасау үдерісі мен ұлттық шекаралар белгілеуі аймақ билеушілерін сақтап қалу үшін қауіпсіздік саласында кепілдік жасады.   

Таяу Шығыс деп аталатын аймақтың қалыптасуы Ұлыбритания мен Францияның отаршыл талпыныстарының нәтижесіболып табылады. 1914 жылғы  Сайкс-Пико келісімі бойынша, отаршылдардың жоспарлаған жобаларына сәйкес жаңагеография қалыптасты. Жаңа елдер қалыптастыру және Таяу Шығыстағы шекараларды белгілеу критерийі отаршылдардың мүддесі аясында жасалды. Басқа сөзбен айтқанда, таңылған бөлінушіліктер Таяу Шығыстың 20 ғасырдағы дағдарыстарына негіз болды.

Арабтар мен сионистік режим қайшылығы, Ирак пен Кувейт соғысы, Сауд Арабиясы, Катар мен БАӘ арасындағы шекаралық қайшылықтар, Сауд Арабиясы мен Бахрейндегі діни қайшылықтар мен басқа да дағдарыстар – осының барлығы Таяу Шығыс аймағындағы отаршыл геосаясаттың жаңғырықтары болып табылады. 1948 жылы Палестинаны бөліп, жалған Израиль режимін құру отаршылдардың Таяу Шығыстың ішкі ісіне араласушылығының шарықтау шегі болды. Бұл осы аймақта текетірес пен дағдарыстың отын мәңгілікке тұтатып кетті.

"Қырғи қабақ" соғысы дәуірінде екі полюсті жүйенің талабы осыған негізделген еді. Ислам елдерінен құралған Жарты ай Кеңес одағының оңтүстік шекараларын алып жатуы тиіс болды. Сондықтан сол кезеңде АҚШ түбегейлі түрде консервативті ұстаным танытып, Сайкс-Пико негізінде белгіленген үкіметтер мен жерлерді қолдап, Таяу Шығысты бөлшектеу мақсаттарын көздеп келді.

Әскери құзырмен өзінің мақсаттары мен мүдделеріне қол жеткізе алмаған АҚШ қазір Таяу Шығысты "21 ғасырдың ауру адамы" деп атап отыр. Бұл оны қайта бөлу үшін жаңа кіріспе болып табылады.

Осы стратегия негізінде "қырғи қабақтан" кейінгі кезеңде, әсіресе 11 қыркүйек оқиғасынан кейін Батыс пен АҚШ-тың Таяу Шығысқа қатысты аумақтық саясаты өзгеріске ұшырады. Таяу Шығыста қолдан белгіленген шекараларда тайпалық араздықтар, азамат соғыстары, ішкі тартыстар мен  бөлшектену үдерістері басталды. Бұл жолы аймақтағы үкіметтерді әлсіретіп, шекараларды өзгерту АҚШ-тың сыртқы саясаты мақсаттарының аясына енді.

АҚШ-тың «Үлкен Таяу Шығыс» стратегиясы 2003 жылдың басында лаңкестікпен күресу және Саддамның жаппай қыратын қаруларын жою сияқты сылтаулармен Иракқа қарсы соғыста тұтанып басталды. Осы стратегия аясында демократия, азаттық, даму мен реформалар сияқты ұрандар көтерілді. 

Сайкс-Пико келісімі мен жүйесінен туындаған болмыстық және шекаралық қайшылықтар да жылдар бұрын трансаймақтық араласушылықтарға қолайлы жағдай жасды.  АҚШ 2003 жылы наурызда Иракты басып алғаннан кейін Таяу Шығысты қайта бөлуді мақсат тұтқан жаңа Сайкс-Пиконы қалыптастыру нышандары  байқалды.  «Үлкен Таяу Шығыс» жобасы шын мәнінде, америкалық сипаттағы Таяу Шығысты қайта бөлудің символы болды.

Осы негізде Батыс елдерінің ресми сыртқы саясаты мен ақпарат құралдары үдемелі түрде аймақтағы тынышсыздықтардың тамырын сүннит-шиіт қайшылығында жатыр деп таныстыруға күш салды. 

АҚШ-тың елдер ішіндегі дау-жанжалдарды қолдауы да таңдамалы негізде орын алды. Сол себепті, АҚШ ешқашан Сауд Арабиясының бүлінейін деп тұрған ішкі жағдайында бұл елге демократия орнату үшін қысым жасаған жоқ. Әлемдегі лаңкестік қатері ошағының Сауд Арабиясы екендігі баршаға аян болатын.

АҚШ-тың Сыртқы саясат кеңесінің мүшесі Ричард Хас осы жөнінде: «Жаңа Сайкс-Пико орындалған жағдайда АҚШ-ты Ирактан басталып, қазір Сирияға дейін созылған батпақтан құтқарады. Ескі Таяу Шығыс ыдырап бара жатыр деп кесімді түрде айта аламыз»,-деді. 

Сондықтан АҚШ ислам елдерінің әрбір ішкі қайшылығын өзінің қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттарын орындау үшін пайдаланды. Ислам елдеріндегі өзгерістерді қарастыру батыстықтардың мемлекеттерді жалпы әлсіретіп, бөлшектеу жобасын орындауды көздеп отырғанын көрсетеді.  Бір қызығы, балканизация үдерісінде Ирак бірінші мақсат болмаған.

2011 жылғы Суданды бөлу үдерісі АҚШ-тың бірнеше жылдық қысымының салдарынан орын алды. Оңтүстік Суданның алғашқы шарасы сионистік режимді ресми түрде тануы болды. Ливия мен Йемен де  АҚШ пен Израильдің аймақты бөлшектеу доминосының келесі сатысында тұрды.

Батыстың жарнамалық және ақпараттық құралдары Йемен, Сирия, Пәкістан, Ливия, Ирак, Түркия және Таяу Шығыстың басқа ислам елдерінен бөліну туралы ойлардың  айтылып жатқаны туралы ақпаратты әлем елдерінің құлағына еселенген түрде әсірелеп  жеткізіп, сионист Бернард Льюис жасаған жобаларды орындауды көздеп отырды.

Льюис – Принстон университетінің зейнетке шыққан ұстазы. Ол Таяу Шығыс пен ислам әлемі туралы 20 мыңға жуық мақала мен кітап жазған.

Бернард Льюистің зерттеулері Шамат деп аталатын аймақтың тарихынан басталды. Израиль пайда болғаннан кейін ол өзінің зерттеуін Осман империясы кезіндегі араб жерлерінің саяси‑экономикалық және әлеуметтік тарихына шоғырландырды.

Бернард Льюис бірінші рет 1979 жылы Аустрияда Билдерберг конференциясы мүшелерінің отырысында өзінің жобасы жайлы сөз сөйледі.  Ол Таяу Шығыс елдерін, соның ішінде Иранды басқаруға болатындай шағын елдерге бөлшектеу туралы жобасын Билдербергке қатысқан саяси‑экономикалық басшыларға ұсынды.  Бұл жобада Таяу Шығыс елдері тіл, этнос пен аймақ тұрғысынан бөлшектенеді.  Осы жоба бойынша Ұлыбритания қауымдық азшылықтардың бүліктерін, соның ішінде Ливандағы друздарды,  Ирандағы бәлучтерді, түріктер мен күрдтерді, Сириядағы алавилерді, Эфиопиядағы христиандарды, Судандағы діни ағымдарды, әртүрлі араб елдеріндегі араб тайпалары мен Түркиядағы күрдтерді қолдауы тиіс еді. Бұл жобаның мақсаты Таяу Шығысты бөлшектеп, бір-бірімен бәсекелесетін ұсақ елдердің мозайкасына айналдыру болды. Сол себепті қазіргі республикалар мен патшалықтардың күш-қуатын әлсірету көзделді.

Иран бұл жобада айрықша стратегиялық маңызға ие.  Иранның географиялық шекараларындағы қандай да бір өзгеріс оған көршілес елдерді, әсіресе Иракты, Түркия мен Пәкістанды

оңай тұрақсыздандырып, Бернард Льюистің ислам әлемін балканизациялауға бағытталған жобасын ілгерілетуге үлкен септігін тигізе алады. Осы тұрғыдан  АҚШ пен Израильдің тыңшылық ұйымдары Льюистің жобасын Иранда ілгерілету үшін ауыр әрі өте шығынды операцияларды атқаруда.

АҚШ-тың аймақта әскер орналастыруын, Ауғанстан мен Иракты жаулап алуын, Таяу Шығыстағы ислам елдерінде әртүрлі базалар құруын  АҚШ-тың аталмыш жобаны орындауының бір бөлігі деп түсінуге болады.

2003 жылдан бастап АҚШ пен Ұлыбританияның Иракқа шабуыл жасауымен бір мезгілде Таяу Шығысты бөлшектеу туралы талай рет айтылған болатын.  АҚШ, Ұлыбритания мен Еуропаның әртүрлі газеттері мен журналдары арагідік аймақтың жаңа картасы мен жаңа елдердің шекараларын Сайкс-Пикодағыдай белгілеп, құжаттар мен болжамдар жариялап отырды.

Бұл құжаттар америкалықтардың аймақта тынышсыздық, соғыс пен бейберекеттіктің артуы мен діни сипаттағы гибридтік және тайпааралық соғыстардың болуының негізгі себепкері екенін көрсетеді.

«Veterans Today» газетінің бас редакторы әрі АҚШ-тың сыртқы саясат сарапшысы Джимм В. Дин Таяу Шығыста лаңкестік топтардың болуын алдымен АҚШ-ты ілгерілету мақсатындағы осы аймақтағы үкіметтерді өзгертудің құралы деп атады. Бұл құрал АҚШ-қа арзан әскери және қаржылай гегемонияны беру арқылы осы елдің мүддесін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.

Нью-Йорктегі қос сауда мұнарасына шабуылға реакция ретінде Ауғанстанға, содан соң Иракқа шабуыл жасау әрекеті көп адамдар үшін қайталамалы болар. Алайда мына шындық айқын: АҚШ өзінің тактикалық қатынасына сәйкес ірі әрі тұрақтыстратегияны көздеп, түпкі мақсаттарын бекіту үшін Таяу Шығыс аймағында бір тұрақты деңгейге жетуді мақсат тұтады. Енді барлық елдерді бір-бірімен қырқыстырып қойып, лай судан балық аулайтындай АҚШ-тың Таяу Шығыстан көздейтін мақсатының не екенін байқау керек.