Фарвардиннің жиырма тоғызы – Иран Армиясының күні
Фарвардиннің жиырма тоғызы – ИИР-да Армия күні. Бұл күн Ислам революциясының жеңісінен кейінгі үлкен оқиғалардың бірін еске салады.
Фарвардиннің жиырма тоғызын «Иран Армиясы күні» деп атау имам Хомейнидің ұсыныстарының бірі болды. Аталмыш күннің тағайындалуы Ислам республикасының армиясы ішкі және сыртқы әртүрлі қастықтармен бетпе-бет келген жағдайда орын алды. Ислам революциясы жеңіске жеткен соң дұшпандар революцияға қарсы көтерілген жағдайда армияның құлдырауы туралы қатерлі уәждер айтып, армия тарихының ең маңызды күндеріне аяқ басқан кезде имам Хомейни армияның ең үлкен қолдаушысы ретінде революция дұшпандарының сұм жобаларын залалсыздандырып, өз мәлімдемесінде армияны қорғап қалу қажеттігін қатаң түрде қуаттап, армияның бірлігі мен біртұтастығын жариялап, тарихи және маңызды бұйрық беріп, фарвардиннің жиырма тоғызын «Иран Армиясы күні» деп атады.
ИИР Армиясы таңылған соғыс кезінде күш-қуатымен дұшпанға қарсы тұрып, Иранды жойғысы келген шапқыншыларға қатаң жауап қайтарды. ИИР-ның Қорғаныс министрі Амир Хатами ИИР Армиясы қолбасшыларының басқосуында сөйлеген сөзінде: «Қазіргі таңда Армия жақсы жағдай мен халықтың құрметіне ие. Ел басшылары мен Иранның бүкіл қарулы күштерінің Бас қолбасшысы саналатын Ислам революциясы жетекшісінің армия туралы сөздері армияның ғиззаты мен құдыретін көрсетеді. Армия да қадір-қасиетін ұмытпай, әрқашан илаһи армияға сай болу үшін талпыныс жасап келеді. Бүкіл қарулы күштердің Бас қолбасшысы басшылығының қырағылығы және исламдық жүйенің мықты қарулы күштерінің арқасында ел мен халықтың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, ИИР Армиясы бұл құдыретті тереңдету мен сақтау саласында өте маңызды рөл атқарып келеді»,- деді. Армия қасиетті қорғаныс кезіндегі тәжірибелеріне сүйеніп, қорғаныс деңгейіндегі жоғары мүмкіндіктерге ие болып, исламдық Иранды қорғауға, тіпті Иран шекараларының сыртындағы дұшпанды жоюға дайын. ИИР Армиясының стратегиялық құдыреті таңылған соғыстан кейінгі жылдары жергілікті мүкіндіктер мен дарындарды пайдаланып, ілгеріледі. Бұл салада құрлық, теңіз және әуе-ғарыш салаларында әлемдік жаңа стандарттарға сай даму орын алды. Иран қазіргі кезде дамыған технологияларға қол жеткізіп, баллистикалық заманауи зымырандармен өзін қамтамасыз етіп, осы технологияға ие санаулы мемлекеттердің қатарына қосылды. Иранның армиясы мен басқа қарулы күштері діни жетекшінің дана және қырағы басқаруы мен елдің қорғаныс өнеркәсібінің арқасында дұшпанның әскери әрекеттері мен шабуылдарын залалсыздандыратын күшке ие болды. ИИР Конституциясы бойынша тәуелсіздік, территориялық тұтастық пен елдің мүдделерін қорғауға дайын болу – армияның міндеті.
Иранның қарулы күштері елдің тыныштығын қамтамасыз етуімен бірге аймақ елдерінің тыныштығының да факторы болып отыр. ИИР армиясы мен қарулы күштері – аймақтағы мықты әрі бейбітшілікті қалайтын қарулы күштердің үлгісі. ИИР әрқашан Иран қарулы күштерінің қорғаныс негіздерін нығайтудағы мақсатының тек елді қорғау және еш уақытта өз күшін басқа елдерге қарсы қолданбау екендігін жариялаған болатын. Исламдық Иран әрқашан аймақ пен әлем халықтарының қауіпсіздігі мен тыныштығын көргісі келеді. Керісінше, үстемшіл жүйе аймақты соғыс пен тынышсыздықтарға тіреп, қару сатудан көп табысқа ие болуды көздеді. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи имам Әли (ғ.с.) атындағы әскери жоғары оқу орны түлектерінің рәсімінде «Үстемшілердің бізге қарсы шығуына біздің күш-қуатымыздың аймаққа таралуы себеп болып отыр. Елдің қорғаныс мүмкіндігінің келіссөздерге салатын немесе олар туралы саудаласатын мәселе емес екендіг сан рет жарияладық, тағы да жариялаймыз. «Неліктен пәлен қорғаныс құралына иесіңдер? Неліктен оны шығарасыңдар? Неліктен зерттеу жүргізесіңдер?» деген сұрақтар қояды. Ұлттық күш-құдыретті арттыратын немесе оны қамтамасыз ететін, қолдайтын нәрселерге қатысты дұшпанмен келіссөз жүргізбейміз, ешбір мәміле жасамаймыз. Біз елдің күш-құдыретін ілгерілетеміз. Бұл – сіздердің міндеттеріңіз»,- деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясы басшыларының мүшесі Сейед Бақер Хосейни Иранның әскери-қорғаныс күшінің артуын аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығының мүддесі үшін пайдалы деп бағалап: «Ислам республикасының өткен бірнеше жылда аймақтағы дағдарыстарды бақылауға қатысуы Иран қарулы күштерінің дайындығы мен рөлінің маңыздығын көрсетеді»,- деді. Иран саяси және стратегиялық мәселелер бойынша сарапшылар әлемнің ең маңызды географиялық ортасы санайтын географиялық кеңістікте орналасқан. Яғни, Иранның орналасқан жері идеологиялық, тарихи, мәдени, өркениет және экономикалық тұрғыдан жоғары маңызға ие. Осыған орай бұл аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау ерекше маңызды. Сондықтан Иранның қарулы күштері өздерінің негіздері мен міндеттері бойынша, аймақта мықты орналасып, дұшпандар мен аймақтың қауіпсіздігін бұзғысы келетіндердің әрекеттері мен шабуылдарына қарсы табандылық танытуда. Иран қарулы күштерінің ұстанымы Иранның аймақтағы саяси-қоғамдық және әскери тұрғылардан ең құдыретті және ең әсерлі күшке айналуына себеп болды. Дұшпандар өз зерттеулерінің нәтижелері бойынша, Иранға қарсы қоқан-лоққы жасайтын күшінің жоқ екенін түсінді. Сондықтан олардың мақсаты исламдық Иранның аймақтағы ықпалы мен қорғаныс құдыретін шектеу болып табылады.
АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасының бұрынғы басшысы әрі Ақ үйдің қазіргі Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның сөзінен Иранның аймақ деңгейінде кең ауқымды ықпалға ие ел, әрі оған қарсы шығу мүмкін емес деген пікірді байқауға болады. Иранның елдің армиясы мен Ислам революциясы Сақшылар корпусы кіретін қарулы күштерінің дұшпандарға қарсыласу күшінің артқанын теріске шығаруға болмайды. Иран халқы мен қарулы күштерінің бірігуінен туындаған күш-құдырет аймақтағы АҚШ-тың саясаттары мен жобаларын сәтсіздікке ұшыратты. Иран Президенті Хасан Рухани қуаттағандай, «ИИР қарулы күштері мен армиясы – аймақтағы құдыретті армияның үлгісі. Сондықтан басқалар бұл армиядан аймақта бүлік тудырмауды және Йемен сынды мемлекеттегі жазықсыз балалар мен қарт адамдарға шабуыл жасамауды үйренуі керек. ИИР армиясы ислам революциясы жеңіске жеткен күннен осы уақытқа дейін әрқашан барлық маңызды оқиғаларда халықпен бірге болып, Ислам мен Иранның құндылықтары жолында жанкештілік танытып келеді. Келешекте де осылай болады.