АҚШ-тың жаңа шабуылы – аймақта тұрақсыздық орнату үшін жасалған талпыныс
АҚШ Президенті Дональд Трамп жергілікті уақыт бойынша жұмадан сенбіге қараған түні ақпарат құралдары иелерінің алдында Сирияға шабуыл жасау туралы бұйрық берді. Трамп бұл әрекеттің Британия және Франциямен үндестікте жүзеге асырылғанын айтты.
АҚШ, Британия және Франция өткен күндері Сирия үкіметін Шығыс Ғутедегі Дума аймағына химиялық шабуыл жасаумен айыптап, Сирияға жасайтын ықтималды шабуылды қалай ақтауды ойластырды. Дума аймағында орналасқан лаңкестер Дамаскті осы аймаққа химиялық шабуыл жасаумен айыптады. Сирия үкіметі олардың айыптауын қабылдамады. Шабуыл Сирияның Дума қаласындағы химиялық оқиғаны сылтауратып, орын алды. Негізінде Сирия үкіметі 2014-ші жылғы келісім бойынша БҰҰ мен Химиялық қару-жараққа тыйым салатын ұйым өкілдерінің бақылауымен өзінің бүкіл химиялық қаруын елінен шығарған болатын. АҚШ пен одақтастарының Шығыс Ғутенің Дума аймағындағы химиялық шабуылды зерттеуге келген халықаралық бейтарап зерттеу жұмыстырынан бұрын іске асырған асығыс әрекеті олардың соғысқұмар мақсаттарын әшкереледі. Бұл әрекет Думадағы химиялық шабуыл туралы уәждердің мақсаты Сириядағы лаңкестердің әрекеттерін бүркеп, бұл елдегі шетелдік әскерилердің әрекеттерін ақтау болды. Келесі мәселе БҰҰ-ның рұқсатынсыз және БҰҰ-ның Жарғысы мен халықаралық құқықтарға қайшы АҚШ-тың Сирияға қарсы әскери шабуыл жасауы болды. Бұл салада БҰҰ-ның репортері АҚШ-тың Сирияға әскери араласуға ешбір құқығы жоқ екенін қуаттап, Батыстың шабуылын халықаралық заңдарды бұзу деп атады. БҰҰ-ның репортерлерінің бірі Андерс Зумах Швейцария ақпарат құралдарына берген сұхбатында «Сириядағы химиялық шабуылға жауап ретінде әскери шабуыл жасау құқықтық тұрғыдан заңды ма?» деген сұраққа: «Жоқ, мұндай әрекет заңсыз. АҚШ-тың жеке қорғаныс және алдын алу деп әрекет ететін құқығы жоқ. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің рұқсатынсыз жасаған шабуылы халықаралық заңдарды әшкере түрде бұзу болды»,- деп жауап берді.
Сарапшылардың көбі Сирия үкіметін химиялық қару қолданды деп айыптауды Сирия армиясының лаңкестерді жеңуіне қатысты қоғамдық ой-пікірді адастырып, шындықтарды бұрмалау мақсатын көздейді деп санайды. АҚШ пен оның одақтастары лаңкестердің Сирияда толық сәтсіздікке ұшырауына алаңдауда. Сондықтан олар мүдделеріне сай жаңа оқиғалар арқылы Сириядағы теңгерімді өзгертпек. Америкалықтар өткен жылдың фарвардин айында да Жерорта теңізіндегі кемелері арқылы Сирия жеріндегі әш-Шайрат әуе базасын ондаған зымыранмен атқылаған болатын. Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман Батыс басшыларымен, әсіресе Трампен көпетеген кеңесу өткізді. Бұл кездесулерден кейін саудиялықтар мен Ақ үй басшыларының Риядтың АҚШ-тың Сириядағы жаңа соғысқұмарлығын қолдау туралы келісімдеріне қатысты күмән туды.
Сириядағы дағдарастардың басынан Трамп өзінің Твиттердегі парақшасында Кабинет мүшелерін міндеттерінен босату, ішкі сыншыларына шабуыл жасау, Еуропа мен Қытайға қарсы сауда соғысы, Солтүстік Кореямен келіссөз жүргізу тәжірибелерін Сирияға қарсы қолданып, бұл елге шабуыл жасау арқылы құдыретін көрсетіп, Сирия армиясы мен одақтастарының жеңісінің алдын алып, Рияд пен Тель-Авивтегі серіктерінің көңілінен шыққысы келді. Мұндай жағдайда осыдан бірнеше күн бұрын Сириядағы әскерилерін шығару туралы айтқан АҚШ-тың саясатын түбегейлі өзгертіп, Сирияға қарсы әскери әрекет жасайтындай Сирияда қандай өзгеріс орын алды деген сұрақ туындайды. Италиялық сарапшының пікірінше, Трамп Сирияға не істерін білмей, сарсылып отыр. Италиялық сарапшы Себастьяно Капуто «Спутник» агенттігіне берген сұхбатында қару шығаратын лоббидің АҚШ Президенті Дональд Трампқа Сириядағы соғысты жалғастыру үшін қысым көрсетуіне тоқталып: «Трамп Сирияға қатысты мәселе бойынша не істерін білмей отыр. Оның әскери әрекетін осы тұрғыдан бағалауға болады»,- деді.
Шындық Сириядағы бірнеше жылдық дағдарыс бұл ел мен Ирактағы лаңкестердің сәтсіздікке ұшырауымен аймақ пен әлемде жаңа теңгерімнің орнатылғанын көрсетеді. Соңғы өзгерістерден бұрын АҚШ-ты алаңдатқан бірнеше оқиға орын алды. Соның ішінде Сирияның әртүрлі аймақтарындағы, нақты айтқанда Шығыс Ғутедегі лаңкестердің сәтсіздіктерге ұшырауына, Сочиде Сирияның әртүрлі топтарының келіссөздерінің өтуіне, Иран, Ресей және Түркия президенттерінің Анкарадағы кездесуіне тоқталуға болады. Бұл майдандық өзгерістер АҚШ пен одақтастарының аймақтағы, әсіресе Сириядағы рөлінің төмендегенін көрсетеді. Бұл жағдай АҚШ-тың ойындағыдай емес. Мұндай жағдайда АҚШ үгіт-насихаты және әскери әрекеттерімен аймақтағы теңгерімді өз мүддесіне өзгерткісі келеді. АҚШ-тың Сирияға қарсы шабуылдарының мақсаттары Сирия дағдарысын күшейтіп, бұл елдің келешегінен пайда табу, сондай-ақ Сирия мен Ирактағы АҚШ пен Батыс қолдайтын лаңкестерге көмектесіп, Дамаскке бұл елдегі Вашингтон мен Риядтың рөлін қабылдатуға қысым жасап, Сириядағы Ресей мен Иранның рөлін төмендету болып табылады. Алайда осыған дейінгі тәжірибелер АҚШ-тың араласуымен дағдарыстардың одан сайын шиелінісіп, одан сайын қатерлі болып, АҚШ пен одақтастарының өздері себеп болған батпаққа бататынын көрсетті. АҚШ басқарған «Лаңкестікке қарсы» деген коалицияның әрекеттері Сирия халқының қырып-жойылуы мен елдің қирауынан, сондай-ақ лаңкестердің қылмыстарының жалғасуынан басқа нәтиже әкелмеген жағдайда Трамп соғыс дабылын ұрып отыр. Қалай болғанда да АҚШ-тың Сирияға қарсы қазіргі шабуылы көптеген жанжалдарға қарамастан Трамптың Сирия дағдарысында абайлап, Сирияның қарсыласу қозғалысы мен одақтастарының қатаң жауабына алаңдап отырғанын көрсетеді. Соғысты әлемге жаю саласындағы Трамптың саясаты мен АҚШ-тың әлемнің әртүрлі елдері арасындағы саяси-дипломатиялық қайшылықтары халықаралық деңгейде әскери кеңістіктің орнауына себеп болып, әлемдік қоғам АҚШ-қа жиіркеніш білдіруде. Қоғамдық пікір мен Сирия халқының наразылықтары және АҚШ-тың шабуылдарын айыптаулар АҚШ пен одақтастарының Сирияға қарсы жаң әскери әрекеттерінің басынан сәтсіздікке ұшырағанын көрсетті.