АҚШ-тың 28 мурдадтан осы уақытқа дейінгі араласушылықтарына шолу 1
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i36442-АҚШ_тың_28_мурдадтан_осы_уақытқа_дейінгі_араласушылықтарына_шолу_1
Иран мен АҚШ тарихы әрқашан АҚШ-тың араласушылықтары мен Иранға қарсы дұшпандығымен бетпе-бет келді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 24, 2018 15:10 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың 28 мурдадтан осы уақытқа дейінгі араласушылықтарына шолу 1

Иран мен АҚШ тарихы әрқашан АҚШ-тың араласушылықтары мен Иранға қарсы дұшпандығымен бетпе-бет келді.

АҚШ-тың Иранға деген көзқарасы Ислам революциясының жеңісіне дейін де, одан кейін де билеп-төстеушілік пен үстемдік ету болды. Ислам революциясына дейін және Пехлеви режимінің билігі кезінде АҚШ Ирандағы араласушылықтарын арттырып, ел халқына саясаттарын қабылдатуды көздеді. Бұл үдеріс шах режимінің Америка мен Израильге тәуелді болуына себеп болып, Иран шахы аймақтағы АҚШ-тың билеп-төстеушілік мүдделерін қорғайтын тіректердің біріне айналды. Мұндай жағдайда Иран халқы қатты басылып-жаншылып, Иранның ұлттық байлығы мен географиялық жағдайы АҚШ-тың мақсаттарына қызмет етіп, Шығыс пен Батыс блоктары бәсекесінің ортасына түсті. Бұл тәуелділіктің артқаны сондай,  Америка мен Британия сияқты араласушы үкіметтер өз мүдделерін сақтап қалу үшін тіпті төңкеріс арқылы Иранның заңды үкіметін құлатуға кірісті.

Хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1332-ші жылдың мурдад айының 28 күнгі, яғни, милади жыл санағы бойынша 1953-ші жылдың тамыз айындағы төңкеріс Иранның заңды үкіметінің премьер-министрі Мұсаддеқты билік басынан алып тастаумен аяқталды. Мұсаддеқ үкіметі мұнайды ұлттандыру мәселесін көтерді. Бұл жоба араласушы бөгде үкіметтердің Ирандағы көптеген мүдделерін дағдарысқа тіреді. Төңкеріс туралы АҚШ пен Британияның барлау ұйымдары кейін жариялаған құжаттар бұл екі мемлекеттің Иранда үстемдік ету мақсатындағы алдын ала жоспарлаған жобаларымен төңкеріске тікелей қатысты болғанын көрсетті.

2000-шы жылдың маусым айында АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасы мен Мемлекеттік департаменті жариялаған құжаттағы америкалықтардың мойындауы бойынша, Британияның қауіпсіздік органдарының мүшелері Мұсаддеқ үкіметін құлатып, оның орнына толығымен тәуелді үкіметті билік басына әкелуді Американың Орталық Барлау Басқармасына ұсынып, 1952-ші жылдың наурыз айында америкалықтардың келісіміне ие болды. " Christian Science Monitor" газеті 28-ші мурдад төңкерісі мен Мұсаддеқ үкіметі құлауының себептері туралы: "Әрине, егер Мұсаддеқ үкіметі құламағанда, бір-екі айдың ішінде Британия үкіметі құлап, келесі үкімет Иранның мұнай мәселесін шешіп, Британияны душар болған дағдарысынан шығару үшін Мұсаддеқ үкіметіне жұмсағырақ қарауға мәжбүр болатын еді",- деп жазды. Америкалық тарихшы Дэвид Питер АҚШ-тың Иранның ішкі істеріне араласуы, әсіресе 28-ші мурдад күнгі төңкерісі туралы: "Ирандағы Американың араласушылықтарының құны біз үшін қымбат аяқталды. Америкалық мұнай компанияларына қолдау көрсету қажеттілігі АҚШ-ты Ирандағы оқиғаларға араластырған қақтығыстарға шырмады. Оның салдары басқа елдердің істеріне араласпау принципін бұзу болды",-  деп жазды. Кермит Рузвельт бұл туралы: "Иранның төңкерісі Трумен үкіметі соңғы айлары Американың Орталық Барлау Басқармасымен жобалаған шетелдік үкіметке қарсы бірінші  жасырын әрекет болды",- деп айтқан болатын.

Негізінде АҚШ бұрыннан Иранға араласуды өз құқығы санағандықтан Иран халқының тәуелсіздігін қабылдай алмайды. Иранның Ислам революциясы жеңіске жетіп, АҚШ-тың Иранда қолы кесілгеннен бері Америка Ислам республикасы жүйесін дағдарысқа тіреу мақсатында Иран халқына қарсы қастықтарының келесі кезеңін бастады. АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама 2009-шы жылы Каир Университетінде, сондай-ақ 2013-ші жылы БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде бұл мәселені мойындады. Обама 2006-шы жылы сенаторлық кезінде жазған өзінің кітабінда Ирандағы төңкеріске тоқталып, бұл әрекетті Америка үкіметінің басқа елдердің істеріне шектен тыс араласуының белгісі және мықты үкіметке қолдау көрсету арқылы мемлекеттерді біріктіру деп атады.

Американың 28-ші мурдадтан осы кезге дейінгі  Иранға қарсы саясаттарын үш кезеңге бөлуге болады. Араласушылықтардың бірінші кезеңі Иранда Американың ойындағы үкіметті билік басына әкелуді көздеді. 28-ші мурдад төңкерісі негізңнде Американың ұзақ мерзімді бағдарламасы бойынша шах режимін бекітіп, Иранды өзінің билеп-төстеушілік мақсаттарына жету үшін пайдалануды қарастырды. Бұл саясаттардың  жалғасында АҚШ-тың Ирандағы араласушылығының екінші кезеңі аймақтық мақсаттарға шоғырланды. Бұл мақсаттар әсіресе "қырғи қабақ" соғысынан кейін ерекше маңызға ие болды. АҚШ бұл кезеңде Парсы шығанағы аймағына тіркелей араласуға бел буып, Иран мен аймақтың басқа мемлекеттерін пайдаланып, өзінің әскери базаларын орнатуға кірісті. Американың араласушылықтарының бұл кезеңі ислам революциясы жеңіске жетіп, шах режимі құлап, Вашингтонның қолы кесілгенше жалғасты. Сөйтіп, АҚШ-тың Иранға қарсы араласу әрекеттері мен дұшпандығының үшінші кезеңі басталды.  Ирандағы Ислам революциясының жеңісімен аймақ пен әлем деңгейінде Ираннан үркіту жобасы іске асырылып, бұл кезең әртүрлі жолдар арқылы осы уақытқа дейін жалғасуда. 

Ислам революциясының жеңісінен кейін Иран халқының дұшпандары Иранның Ислам революциясын қатерлі деп көрсетуге тырысты. Олардың уәждерінің мақсаты Ислам республикасы жүйесін бұрыс және деемократиялық емес деп көрсету болды. Бірақ Ислам республикасы жүйесі дипломатиялық салада дұшпанның қоқан-лоққыларын алға ілгерілеу үшін мұрсатқа айналдырды. Бұл табыс ИИР-ның дұшпанның шиеленісті жобаларының алдындағы саяси мүмкіндігін көрсетеді. Қорыта айтқанда, Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі АҚШ-тың доктринасы ИИР құлатуды көздеді. Америка Ислам ревоюциясын сәтсіздікке ұшырату үшін көптеген әрекеттерді іске асырды. Бұл дұшпандық Табастағы әскери араласу, төңкеріс, Саддамды Иранға қарсы шабуылға итермелеумен байланысты.