АҚШ-тың 28 мурдадтан осы уақытқа дейінгі араласуларына шолу 2
Табас даласындағы құмды дауыл салдарынан тікұшақтардың бір-біріне соғысып, жарылуы АҚШ-тың әрекеттерін жалғастыруына кедергі болды.
Американың араласушылықтары мен дұшпандық әрекеттері Табастағы әскери араласу, "Ниқаб" төңкерісін іске асыру, Саддам режимінің Иранға қарсы соғысына қатысу, Иранның жүйесін құлатып, басшыларына қастандық жасау үшін лаңкестік топтарды қолдау, әртүрлі саяси-экономикалық санкциялар салы, Иранның мүлкі мен активтерін бұғаттау сияқты жобалар арқылы іске асырылмақ болды. Дұшпандық әрекеттердің тізімінде Ислам революциясының жеңіске жетуінен кейінгі алғашқы жылдары орын алған Табас оқиғасы Американың Иранға қарсы әскери араласуының бастамасы болды. Бірақ олардың әрекеттері бастала салысымен сәтсіздікке ұшырады.
Табас оқиғасы негізінде АҚШ елшілігінің қызметкерлері мен дипломаттары түрінде тыңшылық жасап, Иранның жаңадан құрылған Ислам республикасы жүйесін құлату жобасын іске асырмақ болып, қолға түскен америкалық тыңшыларды босату мақсатын көздеген Американың Иранға қарсы әскери шабуылының бір бөлігі болды. Теһрандағы АҚШ елшілігінің тыңшылық әрекеттері имам Хомейнидің жолын ұстанған студенттердің 1979-шы жылы 4-ші қараша күнгі революцияшыл әрекеті мен жүздеген құжаттың табылуының арқасында әшкереленді. АҚШ бұл үлкен әшкерені жасыру үшін Иранды АҚШ елшігін кепілдікке алумен айыптап, әскери әрекетті іске асырып, "тыңшылық ұясының" қоршауға алынуын тоқтауды ойлады. Бұл жобаны іске асыру үшін 1980-ші жылдың сәуір айының 25 күні түнделетіп Американың бірнеше әскери ұшағы Иранның әуе шекараларынан өтіп, Иранның шығысында орналасқан Табас даласындағы қараусыз қалған әуежайлардың біріне қонды. Құмды дауыл салдарынан тікұшақтардың бір-біріне соғысып, жарылуы олардың әрекеттерін жалғастыруына кедергі болды. Бұл шабуыл әшкереленіп, Американың қалған ұшақтары мен тікұшақтары қашқан соң АҚШ-тың сол кездегі Президенті Джимми Картер бұл әрекеттің сәтсіздікке ұшырағанын жариялады. Табастағы әскери шабуыл жобасы іске асырылмаған соң Ақ үй басшылары келесі екі сұм жобаны жобалады. Бірінші жоба Нуже әуе базасында әскери төңкерісті іске асыру жобасы болды. "Ниқаб" төңкерісі АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасы, Ирактың БААС режимі, Парсы шығанағы жағалауындағы мемлекеттер мен Ислам революциясына қарсы әскерилер тобының ортақ жобасы еді. Бірақ бұл жоба іске асырылмай жатып белгілі болып, оған қатыспақ болғандар қамауға алынып, Американың қастандықтары тағы әшкереленді. Алайда екінші жоба Иранға қарсы кең ауқымды әскери шабуылға қатысты болды. Бұл жобаны төңкеріс сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Ирактың БААС режимі іске асырды. АҚШ таңылған соғыс кезінде Иракқа саяси және қару-жарақ тұрғыларынан қолдау көрсетті.
ИИР революциясы жеңіске жеткеннен бері бұл дұшпандықтарды бірінен соң бірін артта қалдырып келеді. Иран халқы еш уақытта Америкаға қастықтары арқылы өз мақсаттарына жетуге рұқсат бермеді. Иранның көзқарасы бойынша, АҚШ-тың Иранға қарсы заңсыз әрі дұшпандық әрекеттері Ислам революциясы жетекшісінің баяндамасындағы шындықтардың белгісі. Ислам революциясының жетекшісі әртүрлі жағдайлардағы АҚШ-тың мақсаттары мен дұшпандығы туралы сөйлеген сөзінің бірінде: "АҚШ өзінің талап-тілектерін Иран халқына мойындату үшін мұрсат іздеуде. АҚШ-тың қазіргі болмысы Рейган кезіндегі болмысы, олардың демократтары мен республикашыларының ешқандай айырмашылығы жоқ",- деген болатын. АҚШ басшылары, республикашылары да демократтары да Иранда Ислам революциясы жеңіске жетіп, Ислам республикасы жүйесі АҚШ-тың Ирандағы қолын қысқартқаннан бері оған сан рет қоқан-лоққы жасады. Иран халқының АҚШ-қа сенімсіздікпен қарауы – расында АҚШ-тың Иранға қарсы жарты ғасырдан астам дұшпандығы мен халықаралық уәделер мен келісімдерді бұзуының нәтижесі. Америка БҰҰ Жарлығының 2-ші бабының 4-ші бөлімін бұзып отыр. Аталмыш құжат бойынша БҰҰ-ның барлық мүшелері басқа елдің территориялық тұтастығы мен саяси тәуелсіздігіне қоқан-лоққы немесе зорлық-зомбылық көрсетуден тартынуы қажет. Аталмыш баптың 7-ші бөлімінде бұл құжаттың ешбір баптарының БҰҰ-на әр елдің ішкі ісі саналатын мәселеге араласуға рұқсат бермейтіні және барлық мүшелерінің бұл негізді сақтау қажеттілігі қуатталды.
АҚШ 1988-ші жылдың шілде айындағы келесі әрекетінде Парсы шығанағындағы Vincennes кемесінен зымыран атып, Иранның жолаушы тасымалдайтын ұшағын құлатты. Бұл апатта ұшақтың ішіндегі барлық жолаушы қаза болды. АҚШ-тың біржақты санкциялары да халықаралық заңдар және адамзат құқығы тұрғысынан адам құқықтарын бұзу, яғни елдердің экономикалық жұмыстарын, дамуын, өз тағдырларын белгілеуі мен жеке бас құқықтарын бұзу саналады. "Дуран" ғаламтор базасындағы Адам Гарридің мақаласында: "АҚШ-тың санкциялары – географиялық және геополитикалық тұрғыдағы зорлық-зомбылық. Санкция – қылмыстық әрекет, сондықтан халықаралық қоғам оған тыйым салуы керек",- деп жазды. Бұл әрекетер халықаралық қоғамның көзқарасы бойынша төзуге болмайтын әрекеттер. АҚШ әрқашан өзі қалаған нәрсені басқаларға таңа алмайды. Ислам революциясының жетекшісі өз сөзінде сан рет АҚШ-тың Иранға дұшпандық білдіруінің негізгі себебі Иранның Американың аймақтағы, атап айтқанда Сирия, Ливан мен Ирактағы жобаларын залалсыздандырып, АҚШ пен Израильдің іріткі салу және аймақ елдерін бөлшектеу сценарийлерін сәтсіздікке ұшырату екенін қуаттады. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи дарынды жастармен кездесуінде: "Ол кезде ядролық энергия, зымыран, аймаққа ықпал ету сынды мәселелер болмаған, бірақ америкалықтар революцияның жеңіске жетуімен оларға тәуелді әрі көптеген пайда әкелген Ираннан айырылды",- деді. Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың арсыз режимін имам Хомейнидің "үлкен шайтан" деп атауын дұрыс деп бағалап: "АҚШ жүйесі – тәуелсіз халықтардың дұшпаны, аймақ пен әлемдік соғыстардың факторы, сондай-ақ, халықтардың байлығын тонайтын халықаралық сионизмнің қызметшісі",- деп баса айтты. Аятолла Хаменеи Иранның АҚШ-тан толығымен тәуелсіз болуын қуаттап: "Дұшпан ИИР-ғы өзгерістер мен белсенділіктерді зерттеп, Иранның артта қалған тәуелі мемлекеттен әсерлі, саяси, қорғанысы мен ғылыми әлеуеті күнделікті артып келе жатқан елге айналғанын көріп, ызаланып, алаңдауда» деп баса айтты. Бірақ АҚШ басшылары бұл жолы да Иран туралы қателескендерін мойындауға мәжбүр. Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, өз мақсаттарына жету үшін Иранды сылтаурату олардың ой-өрістерінің артта қалғанының нәтижесі.