Хазірет Әлиакбар – ең ізгі жас
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i36536-Хазірет_Әлиакбар_ең_ізгі_жас
Бүгін шағбан айының 11-ші жұлдызы – хазірет Әлиакбардың туған күнінің жылдығы. Бұл күн Иран күнтізбесінде Жастар күні деп аталған.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 27, 2018 23:57 Asia/Almaty
  • Хазірет Әлиакбар – ең ізгі жас

Бүгін шағбан айының 11-ші жұлдызы – хазірет Әлиакбардың туған күнінің жылдығы. Бұл күн Иран күнтізбесінде Жастар күні деп аталған.

Адамның жастық шағы – көктем маусымы сияқты адам өмірінің ең жақсы кезеңі. Бұл кезеңнің қадірін ешбір адам бағалай алмайды.

Жастық шақ - өмірдің көктемі

Бүгін – Алла елшісінің ұрпағынан шыққан ең жақсы және ең ізгі жастардың бірі хазірет Әлиакбардың туған күнінің жылдығы. Ол Исламның ұлық пайғамбарының адами және рухани қадір-қасиеттеріне ие болған немересі имам Хусейн (ғ.с.)-ның перзенті. Ол өзінің көркем ахлағымен өте әдепті әрі Аллаға шынайы иман келтірген жас болды. Имам Хусейн (ғ.с.) Кербалада шәһид болған бұл жас туралы: "Әлиакбар дене бітім, ахлағы және сөзі тұрғысынан Алла елшісіне ұқсас болғандықтан біз пайғамбарды сағынып, көргіміз келген кезде оған қарайтынбыз",- деген болатын. Хазірет Әлиакбардың туған күніне орай бұл күн Иранда  "Жастар күні" деп аталды. Жастар күні құтты болсын!

Рауаят бойынша хазірет Әлиакбар қамари жыл санағы бойынша 43-ші жылдың шағбан айының 11-ші жұлдызында Мединеде дүниеге келді. Оның әкесі имам Хусейн (ғ.с.), анасы Ләйлә ханым болды. Хазірет Әлиакбар ең жақсы адамдардан тәрбие алып, барша оның тек жақсылығын ғана еске алатын. Оның болмысында жас кезінен айбын мен жомарттық жарқырады. Ол батыл, мүмін, тақуа, мейірімді әрі көркем мінезді жас жігіт болды. Имам Хусейн (ғ.с.) мұндай перзенті үшін Аллаға шүкіршілік білдірді. Хазірет Әлиакбар барлық қиын сәттерде әкесі имам Хусейн (ғ.с.)-ның қасында болды. Шейх Аббас Құми өз кітаптарының бірінде хазірет Әлиакбар туралы: «Ол әдемі, мейірімді, ержүрек және түрі мен мінезі тұрғысынан Исламның ұлық пайғамбарына басқалардан көбірек ұқсайтын, батылдығы мен жауынгерлігі атасы хазірет Әлиге (ғ.с.) тартқан жас еді»,- деп жазған.

Тарихта хазірет Әлиакбардың өмірі туралы мәлімет аз кездеседі. Оның үйленгені, әйелі кім болғаны, перзенттері болғаны немесе болмағаны туралы жазылған мәлімет жоқ. Алайда имам Садық (ғ.с.)-ның зиарятнамасының бір бөлігінен ол туралы жазғанын оқып, Әлиакбар үйленген және оның бір немесе бірнеше перзенті болды деген нәтижеге жетуге болады. Бұл зияратнамада: «Сәлем саған және сенің отбасыңа, сенің әкелерің мен перзенттеріңе»,- деп айтылған. Осыған қарағанда хазірет Әлиакбардың отбасы мен перзенттері болған.

Жастар күні

Хазірет Әлиакбардың шындық пен әділет талап етуі мен зұлымдыққа деген қарсылығы жоғары деңгейде болды. Ашура күні, Алланың дұшпандары бастаған әділетсіз соғыста хазірет Әлиакбар жоғары құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қорғау үшін басынан бастап майданға шығуға сұранды. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның серіктері: «Біз тірі болғанша Хашим әулеті мен Алла елшісі жақындарының ешбіреуі майданға шықпайды»,- деп, бұл мәселені қабылдамаған. Бірақ имам Хусейн (ғ.с.)-ның адал серіктері Кербала даласында шәһид болған соң Алла елшісінің отбасынан майданға шыққан бірінші адам хазірет Әлиакбар болды. Ол ерлікпен қақтығысып, шәһид болды. Хазірет Әлиакбардің қабірі Кербалада имам Хусейн (ғ.с.)-ның қабірінің қасында орналасқан.

Хазірет Әлиакбар

Өзін пәк ұстап, харам ләззаттардан алыс болған жастың алдынан Жаратушының рақымы мен махаббатының есіктері ашылады. Мұндай жас өзінің таза жүрегімен дұрыс жолды бұрыс жолдан айыра алады, Харамнан алыстағаны үшін Алла Тағала оған қырағылық сыйлайды. Таза ниет пен пәктіктің үлгісі болған хазірет Әлиакбар Алланың мейіріміне бөленіп, тура жолда қадам басып, өмірінің соңына дейін рухани құндылықтар мен адамгершілікті қорғады. Бүгінгі жастар пәк әрі таза ниетпен өмір сүре ала ма? Илаһи ризалыққа ие болуды өздерінің өмірлік бағдарламаларының басты мәселесі ете ала ма?

Бүгінгі күні әлеуметтік желілердің таралуымен жастар ғаламтор дүниесінің қоршауына түсті деп айтуға болады. Әрбір жас әлеуметтік желілелерге кіріп, көптеген мәселелер туралы пікір алмасады, сондай-ақ, дұрыс және бұрыс хабарлар мен мәліметтер тасқынымен бетпе-бет келеді. Уақыттың көбін әлеуметтік желілерде өткізетін жастар маңызды мәселелердің көбінен хабарсыз қалады. Әлеуметтік желілерді көп уақыт пайдаланатындардың саны аз емес. Олар өздері мен айналасындағылармен және олармен қарым-қатынас орнатудан, сондай-ақ қабілет, дарындарын жетілдіруден кенде қалады. Жастық шақ – өз мүмкіндіктері туралы біліп, тәжірибеге ие болатын кезең. Ашылмаған бүршіктерді бұзып, гүлдердің ашылуына зиян келтіретін көктемнің қары сынды мақсатсыздық жастарды бұзып, оларды жарқыраған келешектен айырады.

Жастық шақтың еркше әрі айқын қасиеттері бар, адамның жасы ұлғайған сайын олардың реңкі төмендей береді. Адамгершілік, шындықты талап ету, өзін өзгерту күш-қуат, ғибадатқа ғашық болу, Аллаға бағыну, тәубе ету жастық шақтың маңызды ерекшеліктеріне жатады. Биік шыңдарға көтеріліп, бақыттарына жеткен жомарт адамдар өмірлерінің жастық шағында маңызды қадамдар жасағандар саналады. Ахлақ пен Аллаға құлшылық етудің үлгілері болған әйгілі ғұламалар мен үлкен ғылыми жаңалықтар ашқан ғалымдардың барлығы жастық шақтарынан дамуға көмектесетін бағдарламалар жоспарлап, шынайы жігерлерімен қадам басқандар. Өзгеру, шындықты қабылдау мен өзін өзгерту басқа кезеңдерге қарағанда жастық шақта оңайырақ. Алла елшісі: «Сендерге жастармен жақсы қарым-қатынас орнатуға кеңес беремін. Өйткені, олар ең жұмсақ жүректерге ие. Расында Алла маған хабар жіберіп, ескерту жасайды. Жастар мені қолдап, қарттар маған қарсы шықты. Өйткені олар өмір сүргендіктен жүректері қатайған»,- деген. Жастардың ахлағы бұзылмаған, олардың болмыстарында жаман әдеттер тамырланбаған, олар шынайы жігерлерімен өздерін өзгерте алады. Қартайған кезде адамның ахлағы бұзылып, болмысында жаман қылықтар қалыптасатындықтан оны өзгерту қиын болады.

Хазірет Әли (ғ.с.)-ның көзқарасы бойынша, жас адам өткен және келешек мұхиттың ортасында тұрған мұрсат деп аталатын аралда орналасады. Сондықтан жастық шақтың қадірін білген дұрыс. Өйткені, өткен өміріміз қайтып оралмайды, келешек те қолымызда емес, біздің оған жетуімізге ешқандай кепілдік жоқ. Осыған орай ықтиярымыздағы жастық кезеңді ең жақсы түрде пайдаланып, нәпсімізді өзгертуге талпыныс жасауымыз керек. Имам Әли (ғ.с.)-ның пікірінше, жастық шақ – үлкен нығмет, оның қадірін одан айырылған кезде түсінеміз.

 

Имам Хомейни: «Жастар жастық шақтары мен ластанбаған илаһи болмыстарын өздерін тазартып, жаман ахлақ пен залым сипаттардың тамырларын жүректерінен жою үшін пайдалануы керек. Өйткені, жаман сипаттардың біреуінің өзі адамның бақытты болуына қатер төндіреді»,- деген болатын.

Әлем мұсылмандарын, әсіресе мұсылман жастарын хазірет Әлиакбардың туған күнінің жылдығымен құттықтаймыз!