Әзірбайжан Республикасындағы сегізінші президенттік сайлаудың жетістіктері мен кемшіліктері (1)
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i36574-Әзірбайжан_Республикасындағы_сегізінші_президенттік_сайлаудың_жетістіктері_мен_кемшіліктері_(1)
Әзірбайжан Республикасындағы сегізінші президенттік сайлаудың жетістіктері мен кемшіліктеріне арналған топтамамызды назарларыңызға ұсынамыз. Бұл топтамада Әзірбайжан Республикасында өткен сегізінші президенттік сайлаудың әртүрлі тұстары мен жуырда мерзімінен бұрын өткізілген президенттік сайлауға қатысты ішкі және халықаралық қарсылықтарды қарастырамыз.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 29, 2018 14:53 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан Республикасындағы сегізінші президенттік сайлаудың жетістіктері мен кемшіліктері (1)

Әзірбайжан Республикасындағы сегізінші президенттік сайлаудың жетістіктері мен кемшіліктеріне арналған топтамамызды назарларыңызға ұсынамыз. Бұл топтамада Әзірбайжан Республикасында өткен сегізінші президенттік сайлаудың әртүрлі тұстары мен жуырда мерзімінен бұрын өткізілген президенттік сайлауға қатысты ішкі және халықаралық қарсылықтарды қарастырамыз.

Сәуірдің он жетісі күні кешке Фархад Абдуллаевтың төрағалығымен өткен Әзірбайжан Республикасы Конституциялық сотының алқалық жиналысында бұл елдің Орталық сайлау комитетінің соңғы есебі қарастырылып, сайлаудың заңдылығы мен Илхам Әлиевтің халықтың 86,2 пайыз дауысын жинағаны расталды.

Әзірбайжан Республикасының Конституциясына сәйкес Конституциялық сот тарапынан президенттік сайлау нәтижелері расталғаннан кейін үш күннің ішінде жаңадан сайланған президентті ұлықтау рәсімі өткізіледі. Осыған байланысты "Жаңа Әзірбайжан" партиясының атқарушы хатшысы Әли Ахмедов Илхам Әлиевті ұлықтау рәсімінің сәуірдің он сегізі сәрсенбі күні өткізілетінін хабарлады.

Әзірбайжан Республикасындағы мерзімінен бұрын өткізілген президенттік сайлау сәуірдің он бірі күні сегіз үміткер және 900 халықаралық бақылаушының қатысуымен осы елдің жер-жеріндегі 125 сайлау учаскесінде өткізілді. Илхам Әлиев жеті жылдан бері Әзірбайжан Республикасындағы билік тізгінін қолында ұстап келеді.

Әзірбайжан Республикасындағы президенттік сайлаудың сегізінші кезеңі шын мәнінде бұл елдің Конституциясына президенттік мерзімді 5 жылдан 7 жылға арттыру туралы өзгеріс енгізілгеннен кейін өткізілген алғашқы сайлау кезеңі саналады. Әзірбайжандағы президенттік қызметке төрт кезең қатарынан сайланған Илхам Әлиев сайлаудың соңғы нәтижелері мәлім болғаннан соң: "Әзірбайжан Республикасының халқы тұрақтылық, қауіпсіздік пен даму үшін дауыс берді. Біз бұдан да қуатты Әзірбайжан елін құрамыз",- деді.

Илхам Әлиев 2003 жылдан бері Әзірбайжан Республикасының президенті міндетін атқарып келеді.

 

Әзірбайжан Республикасының президенті Илхам Әлиев ағымдағы жылдың басында жариялаған мәлімдемесінде Әзірбайжан Республикасындағы сегізінші президенттік сайлаудың қазанның он жетісі емес, сәуірдің он бірі өткізілетін болғанын мәлімдеді.

Президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу себебін түсіндіруде саяси мәселелер жөніндегі сарапшы, Илхам Әлиевтің кеңесшісі әрі Әзірбайжан Республикасы президенті Аппаратының Саяси-әлеуметтік кеңесінің төрағасы Әли Хасанов Әзірбайжан Республикасында ішкі және халықаралық деңгейдегі кейбір маңызды оқиғалардың бір-бірімен тұспа-тұс келуі президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізуге себеп болғанын айтты.

Әзірбайжандық басшылардың түсініктеме беруіне қарамастан, Баку үкіметінің оппозициялық партиялары бұл себеп пен Баку үкіметінің осыған ұқсас себептерін қабылдауға келмейтін себептер деп атап, бұл әрекетті Әзірбайжан Республикасының президенті Илхам Әлиевтің тарапынан құрылған негізсіз амал деп бағалады. Мысалы, Әзірбайжан Республикасының "Халық майданы" партиясының реформашылар фракциясының жетекшісі және Баку үкіметіне қарсы оппозиционерлердің бірі Әли Керимли мәлімдеме жариялап, Илхам Әлиевтің президенттік сайлауды өткізу мерзімін өзгертуге бағытталған шешімін сынға алып: "Әзірбайжан Үкіметіне қарсы оппозициялық партиялар 2018 жылы көктем мезгілі басталысымен наурыз айында елде өздерінің саяси жиындарын өткізуді бастау туралы шешім қабылдаған болатын. Алайда қазіргі Үкімет бұған кедергі жасау үшін сайлау мерзімін алты айға алға жылжытты",- деді.

Саналған дауыстар саны негізінде Илхам Әлиевтің бәсекелесі Социал-демократия партиясының өкілі Араз Әлизаде 1,39, "Біртұтас халық майданы" партиясының өкілі Гудрат Гасангулиев 3,04, "Ұлттық ояну қозғалысы" партиясының өкілі Фарадж Гулиев 1,18, "Заманауи Мусават" партиясының өкілі Хафиз Гаджиев 1,5, "Халық майданы" партиясының бастамашыл тобының өкілі Рази Нуруллаев 0,75, Демократиялық партия өкілі Сардар Джалалоглу 3,02 және тәуелсіз үміткер ретінде қатысқан Захид Орудж 3,11 пайыз дауыс жинады. Әзірбайжан Республикасындағы президенттік сайлаудың сегізінші кезеңінде Илхам Әлиев бәскелестерінің осындай аз дауыс жинауына қарамастан, былай деп айтқан жөн: Әзірбайжан Республикасындағы президенттік сайлау кеңістігінде Илхам Әлиев пен басқа үміткерлердің арасында айтарлықтай бәсеке туындамады. Әсіресе, бұл кезеңдегі алты үміткер іс жүзінде "Жаңа Әзірбайжан" партиясы жетекшісінің жанында болып, тіпті оппозиционерлік "Заманауи Мусават" партиясының жетекшісі Хафиз Гаджиев сайлау жәшігіне өзінің дауыс беру бюллетенін тастағаннан кейін тілшілерге берген сұхбатта: "Илхам Әлиевке дауыс бердім",- деп мәлімдеді.

Тек Социал-демократиялық партияның басшысы Араз Әлизаде мен Демократиялық партияның жетекшісі Сардар Джалалоглу ғана Илхам Әлиев үшін шынайы бәсекелес саналмайтын "Жаңа Әзірбайжан" партиясы басшысына қарсы тұрды.

Бұл Әзірбайжан Республикасындағы белсенді саясаткерлердің басым бөлігі абақтыда қамалған немесе елден қуылған жағдайда орын алып отыр. Шынтуайтында, Әзірбайжан тарихында халқы келешекте осындай тұлғаларымен мақтан тұта алатын Ислам партиясының абақтыға қамалған жетекшісі Мохсен Самадов, көрнекті діни қайраткері Гаджи Тале Багиров және тағы басқа адамдар өте көп. Бірақ Илхам Әлиев жетекшілік етіп отырған Баку үкіметінің негізі мен саясаты осындай отанын сүйетін адамдарды теріске шығарып, олардың көзін жою негізінде құрылған. Осындай шындықтарға қарамастан, Әзірбайжан Республикасының мұсылман халқы өз еліндегі ерекше оқиғаларға куә болып отыр.

Соның ішінде, 2018 жыл Әзірбайжан Республикасының Үкіметі мен халқы үшін өте маңызды жыл саналады. Илхам Әлиев Үкіметі басшыларының пайымдауынша, ағымдағы жыл Аракс өзенінен солтүстікте орналасқан территорияда Мамед Эмин Расулзаденің осы республиканың негізін құрғанының 100 жылдығына сәйкес келіп отыр.

Расулзаде 1918 жылы Аракстың солтүстігінде тәуелсіз республиканың негізін қалады. Алайда бұл республиканың өмірі большевиктердің Мәскеуде билік басына келуімен ұзаққа созылмады. Қалай болғанда да Баку басшылары үшін биылғы жыл аса маңызды жыл болып есептеледі. Себебі, бұл кез Расулзаде құрған республиканы немесе "Мусават" партиясы өкілдері құрған республиканы мемлекет меншігіне қайтару үшін ең қолайлы кезең саналады. Сол себепті, Әзірбайжан Республикасының президенті Илхам Әлиев ағымдағы жыл үшін көптеген бағдарламаларды әзірлеген секілді көрінеді. Әзірбайжандағы президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізудің шынайы әрі маңызды себебі осы мәселеге қатысты.

Әзірбайжандағы президенттік сайлау үміткерлерінің үгіт-насихаттық жұмастарындағы назар аударарлық жайт ретінде Илхам Әлиевтің осы және бұған дейінгі кезеңдерде өткен теле-радио дебаттарға қатыспай, ол пікірталастарға тек өзінің өкілін жіберуін айтуға болады. Илхам Әлиевтің Әзірбайжан Республикасында айтарлықтай ауқымды науқан жүргізбеуіне қарамастан, оппозицияның көзқарасы бойынша, ол өз күш-қуатын қайта билік басына келу және Аракс өзенінің солтүстігінде орналасқан осы мұсылман елін бақылауға алу мақсатында пайдаланған.

57 жастағы Илхам Әлиев 2003 жылы бұрынғы Кеңес үкіметінің Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің бұрынғы офицері саналған өз әкесі Гейдар Әлиевтің қазасынан кейін билік басына келіп, мұнай мен газ ресурстарына бай осы елдегі билік тізгінін қолына алды. 2003 жылғы сайлау кезінде Әзірбайжан Республикасында саяси текетірес қатты шиеленісіп, қанды қақтығыстарға соқтырды. Илхам Әлиев 2008 жылы оның қарсыластары сайлауға бойкот жариялаған жағдайда 89 пайыз дауыс жинап, сайлауда жеңіске жетті. Ал батыс бақылаушылардың айтуынша, 2008 жылғы сайлау кезінде ауқымды заң бұзушылықтар орын алған. Ол сондай-ақ, өзінің президенттік өкілеттілік мерзімін ұзарту мақсатында 2009 жылы Конституцияға Әзірбайжан Республикасындағы билікті Әлиевтер әулетіне мұрагерлікпен қалдыру жайлы өзгеріс енгізу туралы референдум өткізу арқылы өзіне жол ашты.

Әзірбайжан Республикасындағы президенттік сайлауда сайлауға қатысты адамдардың кейбір заңсыз әрекеттерді жүзеге асырып, Үкіметтің оппозициялық топты шетке ығыстыру үшін билікті асыра пайдаланып жатқаны рас. Бірақ, дәл қазір халықтың оппозиционерлерге дауыс беруге ынтасы жоқ. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары қазіргі саяси оппозициялық топтың басқаруымен өз жерінің 20 пайызы басып алынған Әзірбайжан халқы үшін қауіпсіздік ең маңызды басымдық саналады. Сол себепті халық қауіпсіздікке бағытталған Илхам Әлиев үкіметінің қамқорлығында демократияны өз елінің қауіпсіздігі үшін құрбан етуге дайын.

Илхам Әлиевтің үкіметі мұнайдан түскен табыстардың көмегімен Әзірбайжан Республикасының экономикасын айтарлықтай дамытты. Әлемдік мұнай бағасының 2015 жылы төмендеуіне байланысты Әзірбайжан Респбликасын экономикасының дағдарысқа қарай бет ауғаны рас, алайда бұл елдің экономикасы қайтадан даму бағытына түсті.