Facebook-тің əшкере болуы: Батыс əлеуметтік желілерінің амал-əрекетіне шолу
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i36596-facebook_тің_əшкере_болуы_Батыс_əлеуметтік_желілерінің_амал_əрекетіне_шолу
Интернет пен виртуалды кеңістік күн сайын дамып келе жатқандықтан əлеуметтік желілер бүгінде əлемнің түкпір-түкпіріндегі əртүрлі қоғамдарда үдемелі маңыздылыққа ие. Əртүрлі елдердің, əсіресе Батыс қоғамындағы азаматтардың көбі жеке, қоғамдық жəне кеңселік қатынаста əлеуметтік желілерді пайдаланады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 30, 2018 11:44 Asia/Almaty
  • Facebook-тің əшкере болуы: Батыс əлеуметтік желілерінің амал-əрекетіне шолу

Интернет пен виртуалды кеңістік күн сайын дамып келе жатқандықтан əлеуметтік желілер бүгінде əлемнің түкпір-түкпіріндегі əртүрлі қоғамдарда үдемелі маңыздылыққа ие. Əртүрлі елдердің, əсіресе Батыс қоғамындағы азаматтардың көбі жеке, қоғамдық жəне кеңселік қатынаста əлеуметтік желілерді пайдаланады.

Виртуалды кеңістік пен əлеуметтік желілердің мүмкіндіктері мен ережелері оны қаржы, саясат, жарнама жəне қауіпсіздік салаларында теріс мақсаттарда пайдалануға жағдай жасады. Əлеуметтік желілерді теріс пайдаланудағы соңғы маңызды жайттардың бірі ең танымал əрі ең көне əлеуметтік желілердің бірі Facebook-тің ақпараттық əшкерелеушілігіне қатысты болып отыр. 2018 жылдың наурыз айында Facebook-тің ақпараттық əшкерелеушілігіне қатысты хабарлар таратылды. Facebook-тің негізін қалаушы əрі бас директоры Марк Цукерберг басында бұл жайында үнсіздік танытқанымен бірнеше күн өткен соң өз компаниясының қателіктерін мойындап, бөгде компаниялардың Facebook-ті қолданушылардың жеке мағлұматтарына қолжетімділігін ауырлататын өзгерістер жасауға міндеттеме алды.

Цукерберг 2018 жылдың наурыз айының соңындағы мәлімдемесінде осы әлеуметтік желіні қолданушылардың мағлұматтарының теріс пайдаланылғанын емеурінмен қабылдап, бұл салада қателік жасалғанын мойындап, бұл нұқсанды түзетуге уәде беріп, қолданушыларға: "Біз сіздердің мағлұматтарыңызды сақтауға міндеттіміз. Егер бұл істі атқара алмасақ, сіздерге қызмет етуге лайық емеспіз",-деп жазды. Бұл әшкерелеушілік мына жағдайдан кейін орын алды: Global Science Research компаниясы Facebook-тің 50 млн-нан астам қолданушысының профайлына қол жеткізіп, қолданушылардың жеке мағлұматтарын олардың ризалығынсыз алып, Cambridge Analytica компаниясының ықтиярына берген. Есептерге сәйкес, сайлауларға қажет мағлұматтарды сараптаумен айналысатын Cambridge Analytica компаниясы бұл мағлұматтарды Дональд Трамптың сайлауалды науқанында үгіт-насихат жасау үшін пайдаланған. Аталмыш компания Facebook-тің миллиондаған қолданушысының мағлұматтарын алып, бұл адамдардың саяси көзқарастарына сараптама жүргізіп, Дональд Трамптың сайлауалды штабының мүддесіне жарнама жасады. Ал негізі Facebook хабарлама жеткізу қызметін ұсынатын компания ретінде өзінің қолданушыларының жеке мағлұматтарын сақтауға міндетті. Бұл жанжал Facebook-тің мағлұматтардың теріс пайдаланылғанынан хабардар бола тұра, оған реакция білдірмегені мәлім болған кезде басталды.

Қолданушылардың жеке мағлұматтарын сақтауда салғырттық танытқаны үшін осы әлеуметтік желіге сындардың көбейгені соншалықты, WhatsApp хабарлама жіберу қосымшасының негізін қалаушы Брайан Эктон да DeleteFacebook# деген хештег жіберу арқылы Facebook-тің өшірілуін қалайтынын білдірді. WhatsApp қосымшасы 2014 жылы Facebook әлеуметтік желісі тарапынан 19 млрд долларға сатылып алынған. Брайан Эктон Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында: "Енді Facebook-ті жоятын кез келді",-деп жазды. Осы әшкерелеушіліктен кейін Facebook-тің акцияларының құны 9 пайыздан астам төмендеді. Соның нәтижесінде Цукербергтің қаржылай қоры 6 млрд доллардан аса кеміді. CNBC арнасы осы жөнінде Facebook акцияларының түсуінің негізгі себебі Cambridge Analytica компаниясының дауыс берушілердің мағлұматтарын Дональд Трамптың мүддесіне қарастырып, Facebook-тің 50 млн-нан астам қолданушысының мағлұматтарын олардың рұқсатынсыз пайдаланып, соның негізінде дауыс берушілердің саяси ыңғайын сараптау алгоритмін анықтап бергені туралы хабарлардың таралуы болды. Сындардың шарықтау шегі сонымен қатар АҚШ-тың Федералдық сауда комиссиясының осы жайлы іс қарастырып, Facebook-тің өз  қолданушыларының жеке кеңістігін сақтау туралы заңдарды бұзған, бұзбағанын нақты анықтауды мақсат тұтуына себеп болды. Twitter әлеуметтік желісінде DeleteFacebook# хештегімен трендқалыптасқаннан кейін көптеген вебсайттар да Facebook-тегі жеке парақшаларды мүлдем жою туралы мәлімет таратып, жолнұсқаулар берді.

Facebook-тің негізін қалаушы әрі бас директоры Марк Цукерберг әртүрлі түйткілдер мен мәселелерге ұшырап отыр. Ол 2018 жылдың 10 сәуірінде АҚШ Конгресінде 5 сағатқа созылған жиналыста осы әлеуметтік желінің миллиондағанқолданушысының жеке кеңістігін бұзғаны үшін кешірім сұрады. Бұған қарамастан Цукерберг айыпты ретінде Ресейге қарай нұсқап, жауапты тұлғалармен АҚШ-тың соңғы президенттік сайлауына Ресейдің араласқаны туралы іс бойынша әріптестік жасауды жалғастыруға уәде берді. Ол осы жиналыста Facebook-тің басқаларға зиян тигізуінің алдын алу үшін жеткілікті әрекет етпегенін мойындады. Цукерберг: "Бұл мәселе жалған ақпарат таратуға, сайлауға шетелдіктердің араласуына, жиреніштің тууына, кейбір қолданушылардың теріс пайдалануына, жеке кеңістіктің бұзылуына себеп болды. Біздің өз міндетіміз туралы көзқарасымыз аса кең болмаған. Бұл үлкен қателік болды. Бұл менің қателігім, өкініштімін",-деп мойындады. Әлеуметтік желілерді қолданушылардың құпия ақпараттарының басқалардың ықтиярына берілгені бірінші рет емес. Соңғы жылдары әлеуметтік желілерден ақпараттардың хакерлердің қолына түскені, олардың теріс пайдаланылғаны туралы мәліметтер таратылды. Қазіргі таңда Facebook, Twitter мен Инстаграм сияқты әлеуметтік желілердің табыс табу көздерінің бірі  қолданушылардың мағлұматтарын жеке сауда компанияларына сату болып табылады. Бұл мағлұматтар қолданушылардың  қызығушылықтары мен қажеттіліктерін сараптау үшін қолданылып, олар жарнаманың нысанына айналады. Осындай жағдайда Батыс үкіметтері  қауіпсіздік  қажеттіліктері, лаңкестік қоқан-лоққылар мен қылмыстық әрекеттермен күресу сылтауымен талай рет осындай әлеуметтік желілерді қолданушылардың мәліметтерін қарастырып келді. Бұған қарамастан, Facebook-тың Cambridge Analytica компаниясымен жасырын қатынасы анықталған соң, алғаш рет әлеуметтік желілерде қолданушылардың мағлұматтарының  сайлау мен саясат саласында пайдаланылатындығының беті ашылды. Бұл мәселе адамдардың жеке кеңістігін ашық түрде бұзумен қоса, сайлау кезінде қоғамдық пікірді заңсыз қалыптастыруға қатысты жаңа құбылыстан алаңдаушылық тудырды. Facebook 2 млрд 400 млн-нан астам қолданушысымен кез келген елден, тіпті Қытайдан да адам саны көп болып отыр. Еуропа мен Америка елдерінде Facebook-ке кең қолдау көрсетілетіндіктен бұл желі осы елдердің кейбіреулеріндегі саяси үдерістерге, әсіресе сайлауларға әсер етеді. Бұл әлеуметтік желілер басшыларының өз қолданушыларының  құпия мағлұматтарын сақтауға жауапкершілікпен қарайтындығына сенімді болмағандықтан және талай рет үкіметтердің қысымымен осы мәліметтерді беріп отырғандықтан Марк Цукерберг сияқты бір адамның кешірім сұрауы мен оның осы үдерісті өзгертуге уәде беруі алаңдаушылықтарды жоя ала ма екен? Саяси сарапшы Дэвид Ингрэмның айтуынша, америкалықтардың 51 пайызы Facebook компаниясының жеке бас кеңістігі туралы заңдарды ұстанбайтындығына сенімді. Бұл жағдай қолданушылардың осы әлеуметтік желіге деген сеніміне ауыр соққы болды.

Cambridge Analytica компаниясының атауы Facebook-тің ақпараттық рәсуасынан кейін өте көп естіліп жатыр. Cambridge Analytica компаниясы немесе СА – ақпараттарды сараптап, сайлау үдерістеріндегі стратегиялық қатынастармен байланыстыратын британдық консалтингтік компания. Бұл компания 2013 жылы SCL Group тобының құрамында құрылды.Cambridge Analytica компаниясының Лондон, Нью-Йорк пен Вашингтонда кеңселері бар. 2015 жылы америкалық сенатор Тед Круздың АҚШ-тағы президенттік сайлауалды науқанында осы компанияның сараптамалық қызметін пайдаланғаны мәлім болды. 2016 жылы және Круздың науқаны аяқталғаннан кейін Cambridge Analytica компаниясы Дональд Трамптың сайлауалды науқанына қызмет етуді бастап, оның сайлауда жеңіске жетуіне ықпал етті. Бұл компания, сондай-ақ, Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы (brexit) туралы референдумда рөл атқарды. Cambridge Analytica компаниясының операциялары мен олардың рөлі мен әсері осы екі елдің сотында қарастырылып жатыр. 2018 жылдың наурыз айында "Нью-Йорк Times" мен "Observer" бұл компанияның  жеке онлайн ақпараттарды саяси алаңдарда пайдаланғанын жазды. Guardian газетінің хабарлауынша, Facebook 2 жылдан астам уақыт бойы қауіпсіздік саңылауынан хабардар бола тұра, өз қолданушыларының ақпараттарын сақтауға ешқандай шара қолданбаған. Кейбір ақпараттар бұл компанияның  осыдан бұрын басқа бірнеше елге әсер етіп, бірқатар  африкалық елдегі сайлауларға араласқанын көрсетеді. Бұл сараптамалық компания қазіргі таңда Кения мен Нигериядағы сайлауларға араласты деп айыпталып отыр. Кениядағы соңғы сайлауларда "Джубили" партиясынан президент болған Ухуру Кениатаның жеңіске жетуіне көмектесу үшін Cambridge Analytica компаниясының қызметі қолданылған. Guardian газеті жуырда Facebook-тың Cambridge Analytica компаниясымен бірге қолданушылардың ақпараттарын теріс пайдалану арқылы исламқа қарсы фильмдер таратып, Нигерия сайлауында мұсылмандарға қарсы шара қолдануға тырысқанын жазды. Осы газеттің жазуынша, Нигериядағы президенттік сайлауда Cambridge Analyticaкомпаниясы Мохаммаду Бухариге зиян келтіру үшін пайдаланылған. Израильдік хакерлер Бухаридің электронды поштасына қол жеткізіп, оның денсаулығы жайлы көп ақпаратты Cambridge Analytica компаниясына берген. Бір нигериялық миллиардер осы компанияға 2 млн 800 мың доллар төлеу арқылы одан  Бухаридің бәсекелесі әрі сол кездегі президент Джонатан Гудлактың мүддесіне әрекет етуді сұраған.

Facebook-тің ақпараттық рәсуасы әлеуметтік желілердің дұрыс әрекет етпеу жайттарының бірін көрсетеді. Виртуалды кеңістік пен әлеуметтік желілердің әлеуеттері мен мүмкіндіктері қылмыскерлердің, соның ішінде лаңкестік топтардың оларға миллиондаған адамды қамтитын ықпалды құрал ретінде қарауына және оны өздерінің заңсыз әрі адамгершілікке жат мақсаттарына пайдалануына себеп болды. Ұлыбританияның Ұлттық қауіпсіздік министрі Бен Валас Facebook пен Google сияқты әлеуметтік желілерді "рақымсыз табыс табушылар" деп сипаттап, осы әлеуметтік желілер арқылы жағымсыз хабарламалар таралғанымен, олардың экстремизм және терроризммен онлайн түрде күресуге еш көмек тигізбейтінін айтты.

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерді алдау-арбау, интернет арқылы ұрлау, адам ұрлау, заңсыз сату-сатып алу және басқа да жайттар үшін пайдаланатын қылмыскерлермен қоса, енді үкіметтерді алаңдатып отырған маңызды мәселелердің бірі ДАИШ сияқты лаңкестік топтардың әлеуметтік желілерді күн өткен сайын көбірек қолдануы болып отыр. Еурополдың басшысы Роб Уэйнрайттың айтуы бойынша, ДАИШ өз ұстанымдары мен мәселелерін тарату үшін өзінің әлеуметтік ақпараттық құралдарын дамыту үстінде. 2017 жылдың мамыр айында Еуропол ДАИШ лаңкестік тобының Еуропада өзінің әлеуметтік желілерін дамытып жатқанын хабарлап, ДАИШ-ке қатысты 2 мыңнан астам ақпарат құралының анықталғанын айтты. Сонымен қатар Ресей үкіметі Telegram хабарлама тарату желісіне қатаң қатынас көрсетуді күн тәртібіне қойды. Ресейдің Жоғары соты оны қолданушылардың ақпаратын қауіпсіздік органдарына беруге міндеттеді. Ресейдің қауіпсіздік басшылары, әсіресе  осы елдің Федералдық қауіпсіздік ұйымының (ФСБ) сенімінше, лаңкестер осы хабарлама тарату желісін бір-бірімен жасырын байланыс орнату үшін пайдаланып,  2017 жылдың сәуір айында Санкт-Петербургте лаңкестік әрекет жасаған. Осы жағдайларды ескеріп, Батыс елдерінің кейбір хабарлама таратушы қосымшалар мен әлеуметтік желілерге шектеу қойып, оларды тіпті бұғаттап тастауы шын мәнінде осындай бүлдіргі үдерістердің жалғасуының алдын алу үшін және әлеуметтік желілерді заңсыз саяси-экономикалық және лаңкестік мақсаттарда теріс пайдалануға жол бермеу үшін жасалады. Бұған қарамастан осы саладағы маңызды әрі шешуші факторлардың бірі Google, Facebook және Telegram сияқты интернет компанияларының әріптестік жасау деңгейіне  байланысты болып отыр.