Ливанның 19-шы Парламенттік сайлауы
Ливанның парламенттік сайлауы бірнеше тұрғыдан маңызды: оның маңыздылығы Ливанның саяси жүйесіне, кабинетінің құрамына байланысты.
Бейруттың Наджмие алаңында орналасқан Ливан Парламентінің 128 орны бар. Ливан Парламентінің соңғы сайлауы 2009 жылдың маусым айында өтіп, қазіргі Мәжілістің заңды кезеңі 2013 жылдың мамыр айында аяқталды. Бірақ бұл кезең үш рет созылды. Сөйтіп, қазіргі парламенттік кезең бірінші рет 2013 жылдың маусым айында 17 айға, екінші рет 2014 жылдың қараша айында 31 айға, үшінші рет 2017 жылдың маусым айында 11 айға созылды. 2018 жылдың мамыр айында өтетін сайлау Ливан Парламентінің 19-шы сайлауы болады.
Ливанның парламенттік сайлауы бірнеше тұрғыдан маңызды: біріншіден, оның маңыздылығы Ливанның саяси жүйесіне байланысты. Ливанның саяси жүйесі парламенттік болғандықтан бұл орган елде маңызды рөл атқарады. Елдің үштік билігінің басшылары, яғни Президент, Премьер-министр мен Парламент Төрағасы депутаттар арқылы сайланады. Ливанда Президент христиандардың, Парламент басшысы шиіттердің, Премьер-министрі сүнниттердің арасынан сайланады. Сол себепті кабинеттің құрамы өте маңызды. Мәселен, бұл елдің Президент сайлауының 2014 жылдың мамыр айынан 2016 жылдың қазан айына дейін 30 айға созылуының ең маңызды себептерінің бірі Парламент отырыстарына дауыс беру үшін қажет өкілдерінің үштен екі бөлігінің жиналмауы болды. Ливан Премьер-министрінің сайлауы елдің Президенті мен Парламент Төрағасының сайлауынан маңызды, өйткені Премьер-министр Үкіметті басқарады және Ливан кабинетін құруға міндетті. Алдағы мамыр айында өтетін сайлау Саад Харири мен әл-Мұстақбал үшін өте маңызды. Өйткені, Харири Ливанның Премьер-министрі болып қайтадан сайлануы үшін бұл елдің сүнниттеріне қатысты басқа үміткерлерге қарағанда Парламенттің көбірек орнына ие болуы керек. Келесі мәселе, ол Парламент құрамының Ливан кабинетінің құрылуы үшін де маңыздылығында. Өйткені, кабинет мүшелері Парламенттің сенім дауысына ие болуы қажет. Ешбір топ пен ешбір коалиция Ливанның қазіргі Парламентінде көпшілік дауысқа ие болмағандықтан, бұл елдің бұрынғы Премьер-министрі Таммам Салам 2013 жылдың сәуір айынан 2014 жылдың ақпан айына дейін министрлер кабинетін құра алмады. 10 айға созылған тығырықтан кейін оның кабинеті 2014 жылдың ақпан айында құрылды. 2018 жылдың мамыр айында өтетін Ливанның парламенттік сайлауы ерекше маңызды. Бұл маңыздылық бұл елдегі сайлау заңының өзгеруіне қатысты. Бұдан бұрын Ливандағы парламенттік сайлау 1960 жылдары бекітілген көпшілік дауысқа сүйенетін заң бойынша өтті. Әр аймақтың көпшілік дауысқа ие болған тізімнің барлық мүшелері парламентке жол тауып, басқа партиялар кірмейтін. Ливан Парламенті 2017 жылдың маусым айының 16 күні елдің жаңа сайлау заңын бекітті. Бұл жаңа заң "салыстырмалы" негізге сүйеніп, көпшілік дауысқа сүйенген сайлау жүйесі туралы саяси қайшылықтарды доғарды. "Салыстырмалы" негізге сүйенген заң бойынша, әр топ, әр партия әрбір сайлау учаскесінде өз дауысының санына лайық Парламентке өкіл сайлайды. Осыған орай Ливан Парламентінің құрамы өзгереді. Өйткені, ұсақ партиялар да Парламентте дауысқа ие бола алады. Qatar Tribune газеті 2018 жылдың наурыз айының 8 күні: "Жаңа заңда сайлау учаскелерінің саны 15-ке төмендетілді. Бұл мәселе әсіресе «әл-Мұстақбал» ағымы орындарының санына маңызды әсер ете алады",- деп жазды. Аталмыш заң Ливанды 5 аймақ пен 15 сайлау учаскесіне бөлді: 23 дауысқа ие 3 сайлау учаскесі бар Шығыс Ливан сайлау аймағына, 33 дауысқа ие 3 учаскесі бар Оңтүстік аймаққа, 19 дауысқа ие 2 сайлау учаскесімен Бейруттің оңтүстігі аймағына, 28 дауысқа ие 3 учаскесімен Ливанның солтүстік аймағы мен 25 дауысқа ие 4 сайлау учаскесі бар Ливанның Джабал аймағына бөлінді. Бұл учаскелердің әрқайсында сүнниттер, шиіттер мен христиандар орындарына сай бәсекеге түседі. Мәселен, "Акар" учаскесі 7 орынға ие. Олардың үшеуіне сүннитер, алавиттер, марониттер мен ортодокс христиандары бір-бір орынға ие болады. Екінші учаскесі – Траблус. Траблус – Ливанның үлкен әрі халқының саны көп екінші қаласы. Халқының 83 пайызын сүнниттер құрайды. Бұл учаскеде бәсеке 11 орынға ие болу үшін өтіп, 8 орын сүнниттерге, бір-бір орыннан алавиттерге, марониттер мен ортодокс христиандарына беріледі. Ливанның солтүстігіндегі үшінші сайлау учаскесіне Батрун, Бишари, Згарта және әл-Куре қалалары кіреді. Бұл қалалардың дауыс берушілерінің 89 пайызын христиандар құрайды. Бұл 10 орынға ие учаскеде христиан партиялар арасында тығыз бәсекелестік орын алады. Бұл учаскеде мұсылмандар ешбір орынға ие болмайды. 7 орын марониттерге, 3 орын шығыс ортодокс христиандарына беріледі.
Ливан Парламентінің 128 орыны тең түрде мұсылмандар мен христиандар арасында бөлінеді. Мұсылмандардың 64 орнының 27-сі сүнниттерге, 27-сі шиіттерге, 8 орны друздерге, 2 орын алавиттерге бөлінді. Христиандардың 64 орнының 34-і марониттерге, 14 ортодокс христиандарына, 8 орын католиктерге, 6 орын армяндарға, сондай-ақ, бір-бір орыннан басқа христиандарға беріледі. Ливанның сүнниттері, шиіттері мен христиандары арасындағы ең маңызды саяси партиялар Наджиб Мейқани басқаратын «Тайар әл-Эзм» партиясы мен «әл-Мұстақбал» партиясы сүниттердің ең маңызды партиялары саналады. Алайда бұл сайлауға бұл екі партиядан басқа Ашраф Рифи мен Фейсал Карами қатысып, аталмыш партиялармен бәсекеге түспек. Болжамдар бойынша «әл-Мұстақбал» партиясының бұл сайлаудан кейін келешек Парламенттегі орнының саны азаяды. «Хизболла» мен «Амоль» қозғалысы шиіттердің ең маңызды партиялары. Олар Ливанның оңтүстігі мен шығысында шоғырланған. Бұл екі партия бір-бірімен коалиция құрды. Болжамдар бойынша шиіттерге берілген 27 орынның 26-ына осы екі партия ие болады. Қазіргі Парламенттегі маңызды орынға ие ең маңызды христиан партиялары, 20 орынға ие әрі Хизболланың одақтасы Мишель Аун басқарған «Азат ұлттық ағым», Сауд Арабиясының қолдауына әрі қазіргі парламенттің 8 орнына ие Самир Джаджа басқарған «Ливандық күштер» партиясы, 5 орынға ие Сами Джамль басқарған «Ливанның Кетаеб» партиясы және 4 орынға ие Солейман Фаранджие басқарған «әл-Морде» партиясы алдағы сайлауда бәсекеге түспек. Ливанның сайлау заңының өзгеруіне байланысты келешек Парламентте «Азат ұлттық ағымының» орын саны азаюы мүмкін.
Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі мен АҚШ Ливанның мамырда өтетін сайлауы үшін көп қаржы жұмсады. Олар Ливан билігінің қазіргі құрамын бұзуды көздеуде. Таяу Шығыс мәселелері бойынша сарапшыХасан Шокерипур: "Сауд Арабиясы «Ливандық күштер» партиясы орындарының санын арттырып, Мишель Аунның орнына Самир Джаджаның Премьер-министр болып сайлануы үшін әрекет жасауда. Рияд Ливан Парламентіне шиіттердің арасынан "Амоль" қозғалысы мен "Хизболланың" тізіміне кірмейтіндерді енгізбек. Сөйтіп, қарсыласу ағымының Ливанның билігіне тигізетін әсерін төмендетпек",- дейді. Бұл әрекеттерге қарамастан қарсыласу ағымының өткен 7 жылдағы Ливанның қауіпсіздігін сақтау рөліне назар аударып келешек Парламентте жақсы жағдайға ие болады немесе кемінде қазіргі Парламенттегі жағдайын келешек Парламентте сақтап қала алады деп айтуға болады.