Макрон билік басына келгеннен кейінгі Францияның жағдайын сараптау
(last modified Sat, 12 May 2018 10:34:32 GMT )
Maм 12, 2018 16:34 Asia/Almaty
  • Макрон билік басына келгеннен кейінгі Францияның жағдайын сараптау

2018-ші жылдың мамыр айының 5 күні Эммануэль Макронның Франция Президенті ретінде билік басына келгеніне бір жыл болды.

Макронның бұл лауазымға Францияның бесінші президенті ретінде сайлануы бірнеше кезеңдік шиеленісті үдерістің нәтижесі және бұрын-соңды болмаған оқиға болды. Негізінде, Макрон бірінші рет тәуелсіз саясаткер ретінде Францияның билік басындағы екі партиясынан, яғни солшыл социалистік және оңшыл республикашыл партиялардан бөлек франциялықтардың 66 пайыз дауысына ие болып, Елисей сарайына жол тапты.

2017 жылдың сәуір айында президенттік сайлаудың бірінші кезеңінде жаңадан құрылған "Алға, Республика!" партиясының лидері міндетіне ие Эммануэль Макрон  мен оңшыл экстремистік "Ұлттық фронт" партиясының үміткері Марин Ле Пен  сайлаудың екінші кезеңіне шықты. Бірақ бұрын-соңды орын алмаған сайлау бәсекелестігінен кейін 2017 жылдың мамыр айындағы президенттік сайлаудың екінші кезеңінде   Эммануэль Макрон Марин Ле Пеннен басым түсіп,  елінің жаңа президенті болып сайланды. Макрон 66,1 пайыз дауысымен  33,9 пайыз дауыс жинаған Марин Ле Пенді жеңіп, Елисей сарайына қадам басты. Мұндай нәтижемен 39 жастағы Макрон Франция тарихындағы ең жас президент саналады. Макронның жеңісі Франциядағы өткен бірнеше он жылдықтағы саяси үдерісіне қайшы болғанымен оңшыл және солшыл ағымдардың, яғни, Францияның негізгі партияларының Макронды қолдауына назар аударып, оның президенттік сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жететіні болжанған жайт еді. Макронның жеңісін Францияның еуропашылдары мен қазіргі саясатының қолдаушыларының жеңісі деп айтуға болады. Бірақ президенттік сайлаудың нәтижесі бойынша Марин Ле Пеннің  көптеген дауысқа ие болуы франциялықтардың көбінің оңшыл эксремистер мен солшыл радикал күштерге қолдау көрсетуінің артқанын көрсетеді. Саяси эксперт Мишель Абдунажмнің пікірінше, Эммануэль Макронның қолына екіполюстік, бірнеше бөлікке бөлінген қоғам тиді. 2017 жылдағы Францияның келесі маңызды сайлауы Макронның "Алға, Республика!" партиясы көзге түсерліктей жеңіске жеткен парламенттік сайлау болды. Бұл партия 350 орынға ие болып, Францияның заң шығаратын 577 орынға ие  органының көпшілік орнын өзіне қатысты етті. Бұл парламенттік жеңіспен Францияның жаңа президенті қолдайтын экономикалық реформаларды іске асыруға жол ашылды. Макронның қарсыластары мен бәскелестеріне қарсы үкімет пен Парламенттің біртұтас болуы Франция үшін зиян болды. Сөйтіп, Макрон президенттік міндетін бастаған кезде халық пен парламенттік қолдауды иеленді. Макронның бұдан бұрын Францияның Экономика министрі мен оның банк саласының маманы болуына орай ол еркін нарықты экономиканы қолдаушылардың бірі болды. Оның негізгі бағдарламаларының біріне Еурокомиссияның бұл елдің бюджетін ішкі өнімді 3 пайызға төмендету талабына жету жатты. Макрон бұрын социалист саналды. Ол Францияның социалист үкіметінде 2014-2016 жылдары Экономика министрі  болды. Ол "Макрон заңы" деп аталып кеткен экономикалық реформалар заңын ұсынып, либералдық экономика мен азат нарықты қолдайтынын білдірді. Макрон қоғамдық тұрғыдан да осы кездегі Францияның ең маңызды мәселесі жұмыссыздықпен күресуін қолдады. Макронның  болжамдары бойынша, реформалар елдің экономикалық жағдайын жақсартып, Францияның Еуроодақтағы орынын нығайтады. Ол Франция үкіметінен елдің экономикасындағы үлесінің елдің ішкі өнімінен 55 пайыз болғанын қалады. Ол 5 жылдың ішінде үкіметті заманауиландыру, әсіресе жұмыссыз жастардың білімін арттыру үшін 50 миллиард еуро бөліп, кәсіби салықты төмендететінін жариялады. Макронның билігінен бір жыл өткен  кезде оның көбінде уәделеріне қайшы әрекет еткені байқалады. Сондай-ақ, мигрант мәселесі де Макронның негізгі дағдарыстарының бірі саналады. Ол бұл салада Германия және Еуроодақпен бірге екенін және осы Одақтың саясаттарын ұстанатынын қуаттады. Алайда  қауіпсіздік тұрғыдан Францияның  ең үлкен мәселесі болып лаңкестік қоқан-лоққылардың жалғасуы саналады. Лаңкестік қоқан-лоққылардың жалғасуы лаңкестікпен күрестің Франция үкіметінің басты мәселесіне айналуына себеп болды. Шекараларды бақылауға алуды күшейту қажеттігі бойынша Марин Ле Пенге керісінше «Шенген» келісімін сақтап, ашық шекара саясатын жалғастыруды дұрыс санайды. 

Эммануэль Макронның келесі маңызды мәселесіне Еуроодақтың маңызды елі саналатын Францияның сыртқы саясатына қатысты мәселелер жатады.  Макронның саяси бағдары мен ұстанымдары Францияның саяси, экономикалық және әскери салаларына әсер еткені сияқты Францияның Германиямен бірге Еуроодақтың екі ықпалды мемлекеті әрі моторы болуына байланысты Еуроодақтың сыртқы саладағы өзгерістеріне де өз әсерін тигізді. Макрон өзін жаһандану саясатына табанды санап, сауда қарым-қатынастарды шектеуді қуаттайтын АҚШ Президенті Дональд Трамптың ұстанымдарына қарсылық білдіруде. Макрон пен Трамптың қайшылықтарының тізімі Климаттың өзгеруіне қатысты келісімді, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын Трамптың қалауы бойынша өзгертуді және Ресейге қарсы санцияларға қатысты ұзақ тізімді құрайды. Макрон экономикалық тұрғыдан еркін нарық экономикасына ие елдермен қарым-қатынастарды кеңейтуді қуаттап, жаһандануды қолдайды. Ол біріншіден, Еуроодаққа мүше мемлекеттермен, екіншіден Батыс блогы мен  экономикалары жаңадан дамып келе жатқан елдермен, үшіншіден әлемнің басқа аймақтарымен, яғни Азия, Латын Америкасы және Африка құрылықтары елдерімен қарым-қатынас орнатуды қолдайды. Қалай болғанда да Макрон Еуроодақты және онымен интеграцияны қолдап, бұл Одаққа мүше мемлекеттердің бірлігі мен олардың саясаттарын үйлестіру қажеттігін қуаттайды. Құдыретті билік, еуроны ортақ валюта ретінде пайдалану, еркін қарым-қатынас, еуропалық елдер арасындағы тауар айналымы Макронның Еуроодақты сақтап қалу үшін баяндайтын мәселелерінің қатарына жатады. Макрон өткен бір жылда өзінің уәждері бойынша, Францияның экономикалық және қоғамдық жағдайын жақсартатын жобалар мен заңдар ұсынып, соларды іске асыруға талпынды. Алайда Франция қоғамының Макронның әрекеттеріне білдірген реакциялары оның мүддесіне болмай, наразылықтар арта түсті. Макронның «Алға, Республика!» партиясы 2018-ші жылдың ақпан айының 4 күні өткен орта кезеңдік парламенттік сайлауда ойындағы дауысты жинай алмай, 2017-ші жылдың маусым айындағы жеңісінен кейін бірінші рет сәтсіздікпен бетпе-бет келді. Макрон мен оның «Алға, Республика!»  партиясы сәтсіздікке қарамастан Францияның 577 орындық Парламентінің 309 орнына ие болып отыр. Бірақ орта кезеңдік сайлаудың нәтижесін Макронға жасалған ескерту деп бағалауға болады. Макронның экономикалық, қоғамдық және қауіпсіздік салаларындағы әрекеттерін франциялықтар қабылдамады. Францияның республикашыл партиясының басшысы Лорент Ваукуиздің пікірінше, орта кезеңдік сайлаудың нәтижесі Макрон үкіметіне берілген соққы болды. Ол: «Бұл соққы өз азаматтарына, соның ішінде орта таптың салығын арттыру сынды әрекеттеріне қатысты үкіметті жазалау  болып табылады» деді. Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, қоғамдық қайшылықтар мен лаңкестік қоқан-лоққылардан туындаған тынышсыздықтар мен бұл елдің қалаларындағы қылмыстардың артуымен кезіккен Франция халқы сол мәселелерді шешу үшін Макрон әсерлі шаралар қолданады деп үміттенген болатын. Макрон азат нарық пен қорғаныс саласының бюджетін төмендетуді қорғады. Макронның өткен бір жылдағы президенттік билігіндегі әрекеттерінің нәтижеге жеткені байқалмады. Әсіресе, Макронның экономикалық дамуды көздеп, ұсынған еңбек саласындағы реформасы кең ауқымды қарсылықтармен кезікті. Франция халқының пікірінше, жұмыссыздық құбылысы шығындарды төмендетіп, қоғамдық органдарға жұмысқа алатын адамдар санын азайтқан үнемділік саясаттарын іске асыруға байланысты ұзаққа созылды. Ресми статистика бойынша, франциялықтардың 10 пайызы – жұмыссыз. Сондықтан Макронның экономикалық, қоғамдық реформалары жағдайды одан сайын нашарлатады деген халықтың алаңдаушылығын байқауға болады. Францияның саяси сарапшысы Бениамин Пире франциялықтардың келешектеріне алаңдаушылықтары туралы: «Франция халқы 2017 жылдың мамыр айының 7 күні Эммануэль Макронды елдің президенті етіп сайлады. Бірнеше аптадан кейін маусымның 18 күні президенттің партиясы Парламенттік сайлауда көпшілік дауысқа ие болды. Бірақ сайлаулардан кейін дауыс берушілердің келешекке деген үміттері күннен күнге азайды»,- деді.

Макрон мен оның жүргізіп отырған саясатына деген қарсылықтың ең маңызды көрінісі мамыр айының бірінші күнгі әлемдік Жұмысшылар күніне арналған Парижде өткен шеру болды. Бұл шеру полициялар мен шерушілер арасындағы қақтығыстармен аяқталды. Қақтығыспен аяқталған Жұмысшылар күнгі шеру – франциялық жұмысшылардың талап-тілектері мен Франция үкіметінің экономикалық саясаты арасындағы жарықтың артуының белгісі. Эммануэль Макрон өз ойындағы мақсаттарына жету үшін және елдің экономикасын алға ілгерлетіп, жұмыссыздық сынды үлкен мәселені шешу үшін реформалардың жобаларын ұсынды. Жұмысшылар мен қызметкерлердің одақтары бұл жобаларды өздеріне зиян келтіретін жобалар деп санайды. Сөйтіп, Макронның сайлау науқаны кезінде экономика мен заң салаларында үлкен өзгерістер өткізу туралы  берген уәделері бүгінде жұмысшылар одағы мен топтарының қарсылығымен бетпе-бет келді. Бұл қарсылықтар өткен айларда темір жол, әуе қатынасы және энергетика салаларындағы жұмысшылардың наразылық шерулері мен ереуілдері түрінде өтті. Олар үкіметтің Макронды өз реформаларын қайта қарастыруға мәжбүрлеуіне үміттенеді. Сарапшылар егер Францияның қоғамдық өмірі екі аптадан артық уақыт бойы дағдарысқа тірелсе, франциялықтар тыныш қарап отырмайды, бұл мәселе үкіметке деген қысымды арттырады деп санайды. Макронның экономикалық және қоғамдық реформалары Еуропаның бұл үлкен мемлекетінің жұмыс орындары мен экономикасы жағдайының одан сайын нашарлауына себеп болады. Қайткен күнде де қазіргі наразылықтар мен ереулдердің артуы Макронның рейтингінің төмендеп, үкіметке қарсы наразылықтардың артуына соқтырады.

 

 

Тегтер