«Бақытсыздық» күнінің 70 жылдығы
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i36974-Бақытсыздық_күнінің_70_жылдығы
2018 жылдың мамыр айының 14 – жүздеген мың палестиналықтың туған жерінен шығарылуының 70 жылдығы; мамырдың 15 – "Бақытсыздық» күні, яғни сионистік режимнің құрылуының 70 жылдығы. Палестина халқы осы кезге дейін жыл сайын осы күндері Израильге қарсы шерулер өткізіп, басып алынған жерлердің егемендігін қуаттайды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 15, 2018 16:05 Asia/Almaty
  • «Бақытсыздық» күнінің 70 жылдығы

2018 жылдың мамыр айының 14 – жүздеген мың палестиналықтың туған жерінен шығарылуының 70 жылдығы; мамырдың 15 – "Бақытсыздық» күні, яғни сионистік режимнің құрылуының 70 жылдығы. Палестина халқы осы кезге дейін жыл сайын осы күндері Израильге қарсы шерулер өткізіп, басып алынған жерлердің егемендігін қуаттайды.

"Бақытсыздық» күнінің 70-ші жылдығы маңызды өзгерістермен бетпе-бет келуде. "Оралу құқығы" шерулері, АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Бейт әл-Мұқаддасқа ауыстыру, араб басшыларының Палестина мәселесіне немқұрайдылық танытуының Израильді қолдауға өзгеруі  "Бақытсыздық күнінің" 70 жылдығының осыған дейінгі жылдармен салыстырғандағы ең маңызды айырмашылықтарының қатарына жатады.

Палестиналықтар 1976 жылдан осы уақытқа дейін наурыз айының 30-шы жұлдызын "Жер күні" деп атап өтуде. Палестина халқы Газа секторында биылғы жылдың наурыз айының 30, яғни  "Жер күнінің" жылдығынан бері Газа мен сионистік режимнің шекара аймақтарында "Оралу құқығы" атты шерулер өткізуде. "Оралу құқығы"  шерулері мен наразылықтардың мақсаттары Палестина халқының нышандар мен тарихи көріністерді пайдалану арқылы шекаралардың іші мен сыртын сионистік режимнің қылмыстарынан хабардар етіп, өздерінің негізгі құқықтарын қайтарып, қарсыласу мен табандылықты күшейту үшін  көтеріліс ұйымдастыру болып табылады. "Жер күні" – Израильдің Палестинаның шамамен 20 000 текше километр жерін басып алу қылмыстарын еске салатын күн. Палестина халқы жыл сайын бұл күнді әртүрлі тәсілдермен еске алып, Израильдің қылмыстарын айыптайды. Негізінде палестиналықтардың жерлерін басып алған Израильдің үлкен қылмыстары туралы бұрынғы буынға  еске салып, жаңа буынды хабардар ету, сондай-ақ, оларды өз құқықтарын қайтару үшін дұшпанға қарсы күреске біріктіру үлкен көтерілістің негізгі мақсаттары, негізгі философиясы саналады. "Оралу құқығы және қоршауды бұзу" шерулерінің ұлттық жоғары комитетінің ұйымдастырушыларының бірі әрі Палестинаның Исламдық жиһад қозғалысы басшыларының бірі Дауд Шахаб бұл туралы: ""Оралу құқығы" шеруінің мақсаты босқындарды қайтару, басқыншы сионистік режимнің Газа секторы мен 1948-ші жылы басып алынған жерлерді бөлу үшін шекараларда орнатқан сым темірлерді алып тастап, оларды ашу болып табылады. Босқындардың туған жерлеріне оралу құқығын қолдайтын халықаралық заңдар мен негіздер Палестина халқының қаруы саналады",- деді. Батыс Азяи мәселелерінің сарапшысы Абдолла Моради да "Оралу құқығы" туралы шерулерге қатысты: "Бұл шерулер өздігінен және төменнен жоғары ұйымдастырылды. Шерулерден саяси ағымдар мен топтардың орнына мәдени және азаматтық органдардың рөлі  артығырақ байқалады",- деді.

Палестиналықтардың шерулері зорлық-зомбылықтан тартынып, бейбіт түрде өтіп жатқан жағдайда сионистік режимнің қауіпсіздік күштері оларға қатаң реакция білдіріп, адамгершілікке жатпайтын, зорлық-зомбылық әдістерімен басып-жаншыды. Шәһидтер мен жарақат алғандардың жоғары саны сионистік режимнің басып-жаншуын растайды. Қатарынан жетінші жұма қтіп жатқан мамырдың 11 күнгі "Оралу құқығы" шеруіне дейін Израиль әскерилерінің зорлық-зомбылықтарының салдарынан 55 палестиналық шәһид болып, 9 000-нан астам жараланды. "Анатоли" ақпарат агенттігі "Бақытсыздық күнінің" жылдығы туралы сараптамасын жариялап: "Сионистік режим: ""Оралу құқығы" шеру – соғыс жағдайының бір бөлігі. Адам құқығы заңдарында ол туралы еш нәрсе айтылмаған",- деп жариялады",- деп жазды.

Палестина халқы АҚШ өзінің заңсыз шешімімен бір күн бұрын, яғни мамырдың 14 күні елшілігін Тель-Авивтен Бейт әл-Мұқаддасқа ауыстырып жатқан жағдайда мамырдың 15 – "Бақытсыздық күніне" арналған үлкен шеру өткізуде. АҚШ Президенті Дональд Трамп 2017-ші жылдың желтоқсан айының 6 күні заңсыз шешім қабылдап, Бейт әл-Мұқаддасты сионистік режимнің астанасы ретінде танып, АҚШ елшілігін Бейт әл-Мұқаддасқа ауыстыратынын жариялады. Исламдық елдердің, сондай-ақ әлем елдерінің көбінде Трамптың шешіміне қарсы кең ауқымды шерулердің қарамастан және тек бірнеше санаулы елдің басшыларынан басқа  әлем мемлекеттерінің көбінің басшылары, соның ішінде еуропалық мемлекеттер Дональд Трамптың шешіміне қарсылық білдіргенімен, АҚШ Президенті біржақты әрекеттерін жалғастырып, кеше 2018 жылдың 14 күні елінің елшілігін Тель-Авивтен Бейт әл-Мұқаддасқа ауыстырды. Дональд Трамптың бұл әрекеті АҚШ-тың Палестина жерлерінің басып  мен сионистік режимнің қалашықтар құрылысы сынды қылмыстарын қолдайтынын көрсетеді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 2016-шы жылдың желтоқсан айында басып алынған жерлердегі сионистік режимнің қалашықтар құрылысын айыптайтын №2234 қарарды бекіткен болатын. Бірақ, АҚШ-тың сол кездегі үкіметі бұл қарарға "қалыс" дауыс берсе, Трамп үкіметі сионистік режиммен бірге аталмыш қарарға көзжұмбайлық танытты. Ресейдің Стратегиялық зерттеу институты басшысының кеңесшісі Елена Супонина Трамптың бұл шешімінің қатерлі салдарлары туралы ескертіп: "Трамп өртпен салыстыруға болатын қатерлі ойын ойнап отыр",- деді. АҚШ елшілігінің Бейт әл-Мұқаддасқа ресми ауысуынан кейін палестиналықтардың Бейт әл-Мұқаддасты басқыншы режимнің қолынан қайтып қайтаруға қатысты жігері күшейіп, бұл жайт Израильдің палестиналықтарға қарсы кең ауқымды зорлық-зомбылықтарының жаңа кезеңіне себеп болып, дағдарысты Таяу Шығыс аймағындағы тынышсыздықтардың артуына соқтыруы мүмкін. 

Палестиналықтар "Бақытсыздық» күнінің 70 жылдығына  арналған шерулерін кейбір араб мемлекеттері Палестина-Израиль қайшылықтарына қатысты ұстанымдарын өзгерткен жағдайда өткізуде. Бір кезде Палестинаның армандарын қолдау араб басшыларының заңдылығының негізі болды. Олар тіпті Палестинаны қорғап, Израильмен соғысқан болатын. Алайда осы кезде Мұхаммад бен Салман: "Палестина мәселесі Сауд Арабиясының сыртқы саясатының басты мәселесі емес. Палестиналықтардың өздері Израильмен қайшылықтарының жалғасуына себепкер. Олар Израильмен келіссөздер өткізуден немесе шағым түсіруден бас тартуы керек. Өткен наурыз айында АҚШ-қа сапар шеккен Сауд Арабиясының тақ мұрагері ресми түрде Израильдің егемендікке ие болу құқығы мен бұл режимді қолдауы туралы айтып, аталмыш режимді ресми қабылдады. Бұл ұстанымды әл-Халифе режимі де  қайталады. Бахрейннің Сыртқы істер министрі Халед бен Ахмад әл-Халифе мамыр 10 күні Израиль режимінің Сирияға қарсы зымырандық шабуылын қолдап, бұл шабуылды Израильдің өзін қорғау құқығы деп атап, сионистік режимді ресми қабылдады. Израиль режимінің Байланыс министрі Аюб Кара Бахрейн Сыртқы істер министрінің сөзін Манаманың Тель-Авивты тарихи қолдауы деп атады. Мысырдың ойшылы әрі жазушысы Рофат Сейед Ахмад Ливанның "әл-Майадин" сайтында жарияланған мақаласында: "Араб халықтары мен олардың басшыларына "Қашанға дейін "Бақытсыздық» күні жылдығының рәсімдері өтеді? Палестина жерлері мен Палестинаның сабырлы халқының құқықтарын қайтару үшін шынайы саясат пен ұстанымдар қашан көрсетіледі?" деген сұрақтар қойылу қажет. Алайда бұл сұрақтар Палестина азат етілу үшін неше жыл күтеміз деген мәселені білдірмейді. Бұл сұрақтардың мақсаты араб елдерінің басшылары мен халықтарының Палестина мәселесіне немқұрайдылық танытуы мен әлсіз қатынастарын сынау. "Бақытсыздық» күнінің 70 жылдығында бұл күннің рәсімі қашанға дейін өтеді деген сұрақ қойылады. Босқындардың Палестинаға оралуы мен "Бақытсыздық» күнінің аяқталу рәсімі қашан өтеді?  Бұл сұрақтың жауабы қысқа: "Бұл күн исламдық үмбет Палестина, Құдс және әл-Ақсаға қарай жеткізетін дұрыс жолға түскен кезде келеді. Бұл –1948-ші жылғы "Бақытсыздық» күнін аяқтай  алатын жалғыз жол",- деп жазды.

Негізінде өткен 20 жылда араб елдерінің көбі Палестина мен Израильдің қылмыстары  тақырыбына немқұрайдылық танытты. Бірақ, "Бақытсыздық» күнінің 70-ші жылдығында бұл немқұрайдылық Израиль режимінің қылмыстарын қолдауға айналды. Сауд Арабиясының Королі мен тақ мұрагері Палестинаға қатысты ұстанымдардың өзгеруіне жетекшілік етуде. "Бақытсыздық» күнінің 70-ші жылдығы АҚШ елшілігінің Тель-Авивтен Бейт әл-Мұқаддасқа ауыстырылуы мен кейбір араб басшыларының Палестина мәселесіне қатысты ұстанымдарын өзгертуімен қатар келді. Бұл күн  палестиналықтардың Құдсты басып алушы режимге қарсы кең ауқымды көтерілістерінің басталуы болмақ.