Отыз күн – отыз хикая 4
Ғұзайырдың оқиғасы мен оның өлгендердің қалай қайта тірілетіні туралы сұрақтары
Ер адам атқа мініп, суы мен тамағын алып, сапарға шықты. Ол бұрын жүріп көрмеген жолға түскендіктен ол жерлер бейтаныс болды. Ол жолын жалғастырып, ауылдың қирауларының қасынан өтеді. Қираулар бұл жерде біраз уақыт бұрын адамдардың өмір сүргенін білдірді. Енді бұл жерде үйлердің қирауларынан басқа еш нәрсе қалмады. Қираулардың арасынан шіріген мәйіттер мен сүйектер көрінді. Ер адам таңғалып, айналасына қарап: "Бұл жердің тұрғындары өліп, олардың сүйектері шіріп, анықтауға келмейтін күйде жерде қалған. Уа, Алла! Құдыретің мен тек шындықты айтатындығыңды білемін. Берген уәделеріңнің шындық екенін де білемін. Қиямет келіп, өлгендердің барлығының тірілетіні туралы білемін. Алайда уа, Алла, шіріген сүйектер мен денелер қалайша қайтадан өзінің бұрынғы қалпына оралады?"- деп ойға түсті. Бірақ, ол Алла Тағаланың өзінің жанын алып, жүз жылдан кейін оған қайтадан жаңа дем беретіндігінен хабарсыз еді.
Ер адам Алланың қалауымен тіріліп, Алла Тағала оған: "Бұл далада қанша уақыт өткіздің?"- деп сұрайды. Бұл жерде шамалы ғана уақыт өткізді деп ойлаған ер адам: "Бір күн немесе бір күнге жетпейтін уақыт",- деп жылдам жауап береді. "Сен бұл жерде жүз жыл өткіздің. Енді ас-суыңды байқа, олар өзгермей, сау қалды. Дүниеден озғаныңа жүз жыл болғанына сенімің артуың үшін сол кезде мінген атыңа қара",- деген дауысты естіді. Ер адам атына қарап: "Уа, Алла, оның денесі бұзылып, сүйектері шіріп кетті",- дейді. Сол кезде Жаратушы: "Мүшелерің жинақтап, атты қалай тірілтетінімді қара",- деді. Ер адам бұл амалды көріп: "Уа, Алла! Өзіңнің құдыретті екеніңді көзіммен көріп, тынышталдым",- дейді. Ер адам үйіне қарай бет алады. Жолында көшелердің, бау-бақтар мен үйлердің өзгергенін көріп, үйіне жетеді. Ол үйінен кеткен кезде 50 жаста болған. Әйелі жүкті еді, бірақ қайтып оралған кезде 50 жаста қалып, ұлы 100 жасқа толады. Ешкім оның оралғанына сенбейді.
Бұл ер адам өлгеннен кейінгі тірілуді өз көзімен көрген хазірет Мұсадан кейінгі илаһи пайғамбарлардың бірі Ғұзайыр еді. Үйде Ғұзайырды танитын қарт әйел болды. Ол: "Ғұзайыр адал, дұғалары орындалатын адам болған. Егер сен Ғұзайыр болсаң, Алладан маған жастық шағымды қайтар деп сұра",- дейді. Ғұзайыр дұға жасап, Алладан сұрайды. Алланың қалауымен қарт әйел қайтадан жасарады. Халық "Ғұзайыр Тауратты жатқа білетін" деп естеріне алғанда Ғұзайыр оларға Тауратты жатқа оқып берді. Сөйтіп, олар оралаған адамның шынында Ғұзайыр екеніне сенді.
Ғұзайыр дастаны "Бақаре" сүресінің 259-шы аятында айтылған. "Немесе сондай қабырғалары төбесіне құлаған бір кенттен өткенді көрмедің бе? (Бұл хазірет Ғұзайыр) Ол: «Алла бұны өлгеннен кейін қайтып тірілтеді?»,- деді. Алла оны жүз жыл өлтіріп, соңсоң тірілтіп: «Қанша жаттың?»,- деді. Ол: «Бір күн немесе күннің бір бөлімі жаттым» деді. (Алла): «Олай емес, жүз жыл өліп жаттың, енді тамағыңа, сусыныңа бір қара! Өзгермеген. Ал енді есегіңе қара! Сені адамдарға үлгі үшін өстідік. Ал енді сүйектерге қара! Оны қайтып құрастырып, сонан соң оған ет кидіреміз» деді. Хазірет Ғұзайыр шіріген сүйектердің құралып, ет бітіп, жанданып түрегелгенін көрді. Бұл жағдайлар оған ашық білінгенде: «Сөзсіз, Алланың әр нәрсеге күші жетеді» деді".