Наурыз – жаңа күн: наурыздың философиясы мен хикметтері (Наурызнама 2)
(last modified Tue, 05 Apr 2016 01:59:17 GMT )
Сәу 05, 2016 07:59 Asia/Almaty
  • Наурыз – жаңа күн: наурыздың философиясы мен хикметтері (Наурызнама 2)

Бүгін – көктемнің алғашқы күні, жаңа жылдың басы, ирандық наурыз. Көктем мен наурыз мерекесі құтты болсын!

Наурыз – парсы тіліндегі «ноу»-«жаңа» және «руз»-«күн» деген екі сөздің қосындысы. Бұл атау екі мағынада қолданылады: бұқара халықтың наурызы – көктемдегі күн мен түн теңесіп, жаңа жыл басталатын күн. Ал бай-манаптың наурызы фарвардин айының алтысы «хордад күні» деп аталған. Ежелгі ирандықтар наурызды «нава серда», Орта Азиядағы иран халықтары да Соғди және хорезмшаһилер кезінде наурызды «ноусард», «ноусарджи», яғни «жаңа жыл» деген мағынада атаған.

Наурыздың пайда болған нақты уақыты белгілі емес. Иранның кейбір көне мәтіндерінде, соның ішінде Фирдоусидің Шаһнамесі мен Табари тарихында Джамшид, кейбір мәтіндерде Киюмарс патшалар наурыздың негізін қалаушылар деп аталған. Шаһнамеде наурыздың пайда болуы былайша рауаят етілген:

Джамшид Әзірбайжаннан өтіп бара жатқан кезде өзіне сол жерге тақ қоюға бұйырған. Сөйтіп Джамшид басына алтын тәжін киіп, таққа отырған. Күн нұрының оның басындағы тәжімен шағылысуынан әлем нұрланып, халық шаттыққа бөленіп, сол күнді «жаңа күн» деп атаған.

Кейбір тарихи рауаяттар наурыздың басталуын вавилондықтармен байланыстырады. Сол рауаяттардың негізі бойынша, наурыздың Иранда таралуы милади жыл санағынан бұрынғы 538 жылдан, яғни Хақаменеши патшасы Куруштың заманынан басталады.

Наурыз мейрамының құрметтелуі мен салтанатты түрде аталып, тойлануының тамыры тарихтың тереңіне бойлаған. Наурыз мейрамын ирандықтардың ең көне мерекесі деп атаған жөн.

Наурыз – Фирдоусидің Шаһнамесі сынды әрбір ирандықтың жеке бас куәлігі мен ұлттық құжаты және болмысы.

Бұл қадым дәстүрдің хикметі мен философиясы орасан зор. Осы бағдарламаның жалғасында солардың кейбіреуіне тоқталамыз.

Наурыз мейрамы көктемгі күн мен түннің теңелуінен басталады. Астрология ғылымында көктемгі күн мен түннің теңелуі немесе жердің солтүстік жарты шарындағы көктемгі теңелу деп, күннің экватордан аспанның солтүстік жағына өтетін сәті айтылады. Бұл сәт тоқты шоқжұлдызының бірінші мезетіне дөп келеді. Жылдың ауысу сәті хижри шамси күнтізбесі бойынша фарвардин айының біріне, милади күнтізбесі бойынша наурыз айының 21 немесе 22-не сәйкес келеді. Әлемдегі ең көне мереке наурыз ирандықтардың әлемнің тамырының соғысын қаншалықты бағамды және дұрыс түсініп, сол арқылы жылды анықтап, бір жыл толған кезде оны тойлағандарын көрсетеді. Иран мәдениетін зерттеуші доктор Ферейдун Джунайдидің наурыз туралы пікірі мынадай: "Наурыз – ирандықтардың математика және астрономия ғылымдары негізінде мыңдаған жылдар бұрын көктемнің басталатын күнін таныған үлкен мереке. Олар сол күні әлемдіктердің табиғат аясына, яғни көкке шығатын күн екендігін түсінген. Бұл ирандықтардың астрономия ғылымындағы әлеуеттері мен білімдерінің жоғарылығын көрсетеді".

Наурыз дәстүрінде ирандық хикметтің көрініс табуымен қатар наурыз мерекесінің Иран үстірті мен соның айналасындағы мәдениеттерге, Қытайдың солтүстік-батыс және батыс шекараларына, Орта Азиядан Кіші Азияға, Орта Шығыстан Месопотамияның арғы жағына дейінгі кең ауқымды жерлерге таралуы ортақ маусымға ие, өмір сүру тәсілдері мен күнкөрістері мәдениеттерінің бір бөлігі болған ежелгі қауымдар арасындағы мәдени байланыс жасаудағы факторлар саналды.

Мейрамдарды классификациялауда бес топты назарға алу керек: ежелгі, әпсаналық, маусымдық мерекелер мен мейрамдар; діни және мазхабтық мейрамдар; ұлттық, патриоттық және үкіметтік мерекелер; отбасылық мерекелер; аймақтық мейрамдар.

Наурыз мейрамы уақыттың өтуі және әртүрлі мәдениеттер мен әлеуметтік топтармен араласқанда да осы классификацияның барлығына сәйкес келеді.

Наурыз әпсаналық ежелгі дәстүр негізінде қалыптасқан. Бұл дәстүр көне әпсаналар мен ертедегі ирандықтардың табиғат заңдары және маусымдардың өзгеруіне сәйкес негізделіп, мазхабтық сенімдермен араласып, ұлттық және патриоттық мерекеге айналған. Бұл дәстүр қоғамның ең кіші органы – отбасының қатынастарына да әсер етті.

Ауылшаруашылығының маусымдардың ауысатын табиғи заңдарға тәуелділігі маусымның ауысатын уақыты мен жай-жапсарын түсінуді Иран үстіртінің тұрғындары үшін өте маңызды қажеттілікке айналдырған. Иран үстіртінде ежелгі күнтізбелер дайындаумен бірге табиғатқа құрмет көрсету мақсатындағы да мерекелер пайда болды. Осылайша көктем мен ауылшаруашылық жұмыстарының басталуындағы наурыз мейрамы осы мейрамның көбісі ауылшаруашылығымен айналысқан бұқара халықтың арасында орнығуы үшін келесі бір хикмет бола алды.

Олар наурыз мейрамын өткізу арқылы шын мәнінде табиғаттың оянуы мен жұмыс пен талпыныстардың басталғанын тойлап, қыстың суығымен қоштасты.

Ирандық қоғамтанушы ғалым, доктор Саид Мойидфардың пікірі бойынша, Иранның жер-жеріндегі наурыздың жолдауы өзгеріс жолдауы болып табылады. Бәлкім, осы іс кейбір ойшылдар мен данышпандардың ирандықтар барлық халықтардан гөрі өзгеріс қалыптастыруды қалайды деп санауларына себеп болған шығар.

Бірақ наурыз мерекесі діни тұлғалар арқылы басқарылды. Оның негізгі орталығы көне ғибадатханалар болды.

Тарихтан маусымдардың өзгерісіне байланысты мерекелерде діни салт-дәстүрлер мен жоралғылардың да орындалғанын, халықтың сол шараларға қатысқанын оқимыз. Діни аспектілерге де ие болған сол шараларда музыка негізгі рөлді атқарды. Фирдоуси Шаһнаме еңбегіндегі Джамшид тарауында жаңа күн мен наурызды шаттық жорығымен сипаттаған:

Джамшидке гауһар шашты;

Жұрт сол күнді «жаңа күн» деп атады.

Жаңа жылдың басында хормоз фарвардинде,

Тән қиындықтан, жүрек кектен арылды.

Наурыз күні әлемді жарқыратушы шаһ,

Жеңісті күні сол таққа отырды.

Жалпы алғанда ирандық мәдениет өлшемдерімен мағыналас ресми мерекелерді ирандық сарай маңындағы адамдар нығайтты. Салтанат құрып, биліктің тұтқасын ұстап отырған ақсүйектер мен шаһзадалардың туыстары болған бірінші деңгейлі музыканттар мен әншілер сарайдағы ең жоғарғы тапқа жатты.

Наурыз мерекесінің музыкасы да осы ежелгі мереке күндері наурыздық шаттықты баяндап, оның рәсімдерін еске салуды мақсат еткен әндер мен әуендердің кең ауқымды қырларын қамтиды. Бұл кең спектр тек наурыздық дәстүрлерде ғана, тек сол уақытта ғана орындалып немесе бір мәдениет пен бір қоғамның халықтық музыкасының бір бөлігіне ғана қатысты болады.

Осылайша наурыз мерекесі мен дәстүрлерінің келесі хикметі ретінде онда өнерпаздардың көрінуін, осы жердегі ежелгі тарих барысындағы ирандық музыка мен драма сынды өнерлерді тірі сақтау үшін қалыптасқан ыңғайлы жағдайды атауға болады.

Жалпы алғанда Иранның ежелгі дәстүрлері исламнан кейін де исламдық сенімдермен араласып, өзінің әлеуметтік өмірін жалғастырып, бүгінгі күнге жетті. Шәксіз, наурыз осы дәстүрлердің бірі болды. Аббаси патшалары кезеңінде олардың билігінің кең ауқымды аумағында Аббаси үкіметі билеушілерінің өздері наурыздық дәстүрлерді таратушылар болды. Шындық Иран тарихы дәуірлеріндегі орталық үкіметтің жүйелерінде наурыз дәстүрлерінің мәдени біркелкіліктің құралы саналып, сол кең аумақта орталық үкіметке айналасындағы мәдениеттің өздеріне тәуелділігіне кепілдік бергендігінде. Сол себепті наурыз дәстүрлері исламдық кезеңде ертедегі Иранның мәдени аумағынан асып, мұсылман үкіметтерінде ұлттық, мазһаби және ресми мерекеге айналды. Оның мысалын мұсылмандардың тарихи жазбаларында наурыз бен оның артықшылықтары туралы көптеген исламдық рауаяттардың, наурыз кезінде шырқалатын әндер мен мазһабтық дұғалардың аталғанын айтқан жөн. Сол себепті Иран халықтарының арасында осы уақытқа дейін жылдың ауысқан сәтінде оқылатын дұға наурыздық діни өлеңдердің қатарынан орын алады.

Наурыз – адамзат өркениетінің тарихы бойындағы мейрам. Наурызды рауаят ететін тарих емес, керісінше тарихты өзінің етегінде тәрбиелеген – наурыз. Көктемнің келуі мен көне мереке – наурыз құтты болсын!