Отыз күн – отыз хикая 7
Тәубе – күнәға өкіну, яғни күнә жасаған кезде Алладан кешірім сұрап, одан кейін еш уақытта оны қайталамау.
Көше тар еді. Оның бойында тек бірнеше үй ғана орналасқан болатын. Көшенің соңында ағаштарының бұтақтары қабырғадан сыртқа шығып өсіп тұрған бақ болды. Көшені тек азғана түсетін нұр ғана жарықтандыратын. Сондықтан көшеден өтіп бара жатқан адамның жүзі дұрыс көрінбейтін. Көшенің жағдайы Фазил бен Айаз үшін жақсы мұрсат болды. Ол керуеншілерді қорқытатын қарақшы еді. Ол керуеншілердің жолын жауып, олардың мүліктерін талан-таражға салатын. Фазил бен Айаз бірнеше күннен бері көшені кезіп, көшенің соңындағы үйдің тұрғындарын бақылауға алған болатын. Ол үй тұрғындарының бірнеше күннен бері үйде жоқ екенін білетін. Ол түн ауып, көшенің бос қалғанын күтті. Көшенің тыныштығында тек бақтың ішіндегі шырылдауық шегірткелердің үндері ғана естілді. Фазил көшеге аяқ басып, түннің қараңғылығын пайдаланып, үйдің биік дуалының үстіне көтеріліп, арғы жағынан төменге түсіп, үйге кірмек болды. Оның құлағына әдемі дауыс естілді. Бұл дауыс оның дуалдың үстінде қалуына себеп болды. Ол дауысқа құлақ қойды: бұл көрші үйде ғибадат жасап, түннің тыныштығында Құран оқып отырған сопының дауысы еді. Оның Құранды әдемі оқығаны сондай, тыңдаған әрбір адамды қызықтырды. Фазил тұрған жерінен қозғалмай, әдемі әуенді тыңдап тұрды. Сопы адам келесі аятқа жетті: «Иман келтіргендердің жүректері Алланың зікіріне (Құранға) жұмсап әрі түскен ақиқатқа жібімей ме? Ал енді бұрын өздеріне Кітап беріліп, сосын ұзын мерзім өткендіктен жүректері қатайғандар сияқты болмаңдар. Олардың көбі бұзақылар». («Хадид» сүресі, 16-шы аят). Сопының бұл аятты мәнерлеп, шын ниетпен оқығаны сондай, дуалдың үстінде отырған Фазил Алланың күнәһәр Фазил деген пендесін шақырып «Уа, Фазил! Сен қашанға дейін ұрлап, елдің мал-мүлкін талан-таражға саласың? Қашанға дейін немқұрайдылық танытып, хабарсыз қаласың? Ққашанға дейін харамды жеп, өтірік айтасың?» деп айтқанын елестетті. Фазил өз-өзіне «Мүмін жүректердің Алла мен оның жібергенінің алдында өзгеретін уақыты келмеді ме?» - деп қайталап: «Уа, Алла! Дәл қазір уақыты келді»,- деді. Фазил шынайы, яғни күнәны қайталамайтындай тәубеге келді. Оның тәубесі Фазилды танымал сопыға айналдырды. Ол оны барлық халық қабылдайтын сопыға айналды. Рауаяттар бойынша, Фазил хиджри қамари жыл санағы бойынша 101 немесе 105 жылы Самарқандтың Абивард елді мекенінде дүниеге келіп, 187 жылы Меккеде дүниеден озды.
Исламның ұлық пайғамбары: «Тәубе күнәға өкіну, яғни күнә жасаған кезде, Алладан кешіруді сұрау және одан кейін еш уақытта оны қайталамау»,- деген болатын.