Отыз күн – отыз хикая 8
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i37256-Отыз_күн_отыз_хикая_8
Бұл дүниеде адамды көбірек қорлайтындар қиямет күні Алла Тағаладан көбірек азап көреді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 25, 2018 16:12 Asia/Almaty

Бұл дүниеде адамды көбірек қорлайтындар қиямет күні Алла Тағаладан көбірек азап көреді.

Алла елшісінің ансарларының бірінің бағы  болыпты.  Оның үйі де бағына жақын жерде орналасқан еді. Самарат бен Джондаб деген ер адамның сол баққа еккен бір құрма ағашы болады. Самарат кейде баққа келіп, құрма ағашын қарап, оны күтіп, құрмасын жинайтын. Самарат ағашын көргісі келген кезде үйдің ішіндегілерге хабарламастан, күтпеген кезде келетін. Үй иесі одан хабарлап келуді сұрады. Бірақ Самарат тыңдамай, өзі қалаған кезде келіп, ешкімге хабарламайтын. Ансарлық Алла елшісінің қасына келіп, Самарат бен Джондабтың үстінен шағым айтып: «Бұл адам күтпеген уақытта үйіме кіріп келіп, отбасымының тыныштығын алады. Сіз оған үйге кірме деп айтыңызшы»,- дейді. Алла елшісі Самаратты шақыртып, оған: «Ансарлық сенің үстіңнен шағым түсіріп, сенің тосыннан  оның үйіне кіріп, отбасының мазасын алатынын айтты. Сен үйге рұқсатсыз кірме»,- дейді. Самарат келіспейді, пайғамбарды тыңдамайды. Пайғамбар оған: «Ондай болса, ағашты сат»,- дейді. Самарат тағы келіспейді. Алла елшісі ағаштың бағасын көтереді. Бірақ Самарат тағы келіспейді.  Алла елшісі Самаратқа: «Егер ағашты сатсаң, жаннатта сен үшін ағаш болады»,- дейді. Самарат қабылдамай: «Ағашты да сатпаймын, баққа кіру үшін оның иесінен де рұқсат алмаймын»,- деп жауап береді. Алла елшісі Самараттың әрекетін көріп: «Сен басқаға зиян келтіретін адамсың. Ислам дінінде басқаға зиян келтіруге болмайды»,- деп ескертеді. Содан соң Алла елшісі ансарлыққа бұрылып: «Бар, құрма ағашын қазып алып, Самараттың алдына әкеліп бер»,- дейді. Ансарлық қуанып, хазіреттің айтқанын орындайды. Исламның ұлық пайғамбары Самаратқа: «Ал енді ағашыңды қайда еккің келсе, сол жерге ек»,- дейді.

Алла елшісі: «Бұл дүниеде адамды көбірек қорлайтындар қиямет күні Алла Тағаладан көбірек азап көреді»,- деді. Жебірейіл Алла елшісінің қасына келегенде хазірет оған: «Уа, Жебірейіл, маған ақыл-кеңес бер»,- деп өтінеді. Жебірейіл Исламның ұлық пайғамбарына: «Мүміннің беделі – оның түнгі намазы, оның ғиззаты – халықты қорлаудан тартынуы»,- деді.