Отыз күн – отыз хикая 10
Қиямет күні адамның амалдарының таразысында жақсылық жасаудан артық нәрсе болмайды.
Қала тұрғындарынң арасында толқыныс байқалды. Хабар бірте-бірте Мединенің бүкіл халқына жетті. Исламның ұлық пайғамбары сахабаларының бірі әрі Ос тайпасының басшысы Саад бен Мааз дүниеден озды. Ос пен Хазрадж – Мединенің маңызды екі тайпасы болған. Саад бен Мааз Мединеде мұсылман болған кезде бүкіл әулеті одан үлгі алып, мұсылман болды. Олар әйелдері мен ерлері бірауыздан Исламға бет бұрған бірінші әулет еді. Саад Бадр мен Ухуд соғыстарында Алла елшісімен бірге мүшіріктерге қарсы соғысып, хазіреттің жақындарының әрі кеңесшілерінің бірі болды. Хандақ соғысында Саад бен Мааздың аяғы жараланып, халық оның жағдайының жақсы емес екенін білді. Сөйтіп, бірақ уақыттан кейін жарақатының ауыр болуы мен көп қан кетуі салдарынан Саад дүниеден озды.
Алла елшісіне Саад бен Мааздың қайтыс болғаны туралы хабарланды. Исламның ұлық пайғамбары орнынан тұрып, жолға шықты. Хазіреттің бұйрығы әрі бақылауымен Саадқа ғұсыл құйылып, кебін кигізілді. Саадтың жерлеу рәсімінде пайғамбар жалаң аяқ әрі үстіне абасын кимей шығып, табыттың кейде оң, кейде сол жағын көтерді. Сөйтіп жиналған адамдар қабірге жақындады. Хазіреттің өзі қабірге түсіп, Саадтың мәйітін қабірдің ішіне орналастырды. Содан соң хазірет қабірге топырақ салып, қабірдің үстін жауып, жерін тегістеп, халыққа: «Оның денеснің тез шіріп кететінін білемін, бірақ Алла істеген жұмысын мықты орындайтын адамды жақсы көреді»,- деді. Саадтың анасы ұлының қабіріне жақындап: «Саад, жаннат сен үшін жайлы болсын!»- деді. Алла елшісі: «Сабыр сақтаңыз, Саадтың анасы, Алла тарапынан былай сөйлемеңіз. Саад қазір қабір азабын көріп жатыр»,- деді. Халық қабірден оралды.
Исламның ұлық пайғамбарының қасында болған халық: «Уа, Алла елшісі! Саад үшін жасаған істі осы уақытқа дейін ешкім үшін жасамадыңыз. Сіз Саадты жерлеу рәсіміне жалаң аяқ және абасыз шықтыңыз»,- дегенде хазірет: «Періштелер де жалаң аяқ және абасыз болды. Мен олардан үлгі алдым»,- деп жауап берді. Адамдар: «Табытты кейде оң жағынан, кейде сол жағынан ұстадыңыз»,- дегенде Алла елшісі: «Менің қолым Жебірейілдің қолында болды, сондықтан ол қай жақты ұстаса, мен де сол жақты ұстадым»,- деді. Халық: «Уа, Алланың елшісі! Саадтың жаназа намазын оқып, қабірге өз қолыңызбен жатқызып, қабірдің бетін жауып, оның қабір азабын көріп жатқаны туралы айттыңыз»,- дегенде пайғамбар: «Иә, өйткені, Саадтың отбасында мінезі жаман болған»,- деп жауап берді.
Алла елшісі: «Қиямет күні адамның амалдарының таразысында жақсылық жасаудан артық нәрсе болмайды» және «Алланың алдында ең жақсы адамдар деп ахлағы жақсылар саналады»,- деген болатын.