Аспандық жолдаулар (11)
Бағдарламаның жалғасында мүміннің келесі бір қасиетін талдаймыз.
Ардақты ағайын, Рамазан – жүректі тазартып, өзіңді қалыптастырып, ұстамды болатын ай. Егер Құдай Рамазанда мұндай рөл болғанын қаламаса, имам Әлидің (ғ.) айтуынша, ораза ұстау бізге қарын ашу мен шөлдеуден басқа ештеңе бермес еді. Демек, ораза ұстап, ғибадат етумен бірге рухымыз бен жанымызды тазартып, Құдайдың қолдауымен жоғары рухани дәрежелерге жетуге талпыныс жасайық. Егер естеріңізде болса, өткен бағдарламада "құлшылық принципі" жайлы сөз қозғап, құлшылық философиясының Құдайдың біздің Раббымыз екенін түсіну екенін айтты. Бізді ең кемел күйде жаратып, біздің кемелденіп, дамуымызға жағдай жасағаны үшін Алла Тағалаға құлшылық етуіміз керек.
Құдайға құлшылық ету басқа құлшылықтардан мүлдем бөлек. Тарихта болған үстемшілдікке ұмтылған құлшылық құлдық, тұтқындау, дарындарды басып-жаншу, адами капиталдар мен табиғи байлықтарды тонаудан басқа нәтиже бермеді. Ал Құдайға құлшылық ету адамға шынайы мағынадағы азаттық беріп, қадір-қасиетін арттырады, тыныштық сыйлайды, керемет қасиеттер береді. Өмірінің әрбір сәтінде бар болмыс-бітімімен бір Құдайға сыйынған имам Әли (ғ.) Ислам пайғамбары миссиясының басталу философиясы жайлы былай дйді: "Жоғары мәртебелі Құдай пайғамбарға ресалат беріп, пенделерді алпауыттарға табынып, құлшылық етуден босатып, бір Аллаға ғибадат етіп, құлшылық етуге шақыруды, күпір билеушілердің уағдаларынан босатып, илаһи келісімге берік болуға шақыруды, алтын мен күшке бағынудан арылтып, Құдайға бас июге шақыруды, алпауыт басшылардың жетекшілігі мен достығынан алшақ болып, илаһи жетекшілікке бет бұруға шақыруды тапсырды"(әл-Хайят, 2-том, 29-бет. Вафиден үзінді, 3-том).
Бұл стратегиялық саясат – барлық пайғамбарларға жүктелген міндет. Құран бұл жайында былай дейді: "Расында әр үмметке; “Аллаға құлшылық қылыңдар, бұзықтардан аулақ болыңдар” дейтін елші жібердік" (Нахл сүресі, 36-аят). Тарих бойында адамдардың бір тобы пайғамбарлардың жолдауына құлақ асып, бостандық сыйлайтын құлшылықты қабылдау арқылы күпір әрі пұтқа табынушы билеушілермен күресіп, олардың қорлығына шыдамаған. Өкінішке орай, халықтың ауқымды бөлігін құрайтын басқа бір топ өздерінің өткінші мүдделерін ойлап, пайғамбарлардың шақыруына құлақ аспай, илаһи және жоғары адами құндылықтарды құрбандыққа шалу арқылы шайтан сипатты билеушілердің қол астында қорлыққа толы ғұмыр кешті. Құран аяттың жалғасында осы тақырып туралы былай дейді:"Олардың кейбіреулерін Алла оңғарып, кейбіреулеріне адасу тиісті болды" (Нахл сүресі, 36-аят). Құран мұндай топтың ақырының ащы боларын айтып, күмәндарды жойып, илаһи дәстүрдің кесімді әрі өзгермейтінін көрсету үшін: "Ал енді жер жүзінде кезіңдер де жасынға шығарушылардың не болғанын көріңдер"(Нахл сүресі, 36-аят). ",-дейді.
Ислам әлемінің ғиззат-құрмет, бірлік пен салтанатқа жетуінің жалғыз жолы – ақиқаттың жалғанды жеңетінін хабарлаған құдіреті күшті Құдайға құлшылық ету жолында қадам басуы. Біз іс жүзінде әлемді жаратқан Құдайға құлшылық ету принципіне беріктігімізді көрсеткен кезде ғана құлшылық пен ғибадат ету деген өміршең кеңістікке еніп, оның берекелерін қолдана аламыз. Біз, мұсылмандар күн сайын өзіміздің намазымызда: "Тек Саған ғана табынып, құлшылық етемін",-дейміз. Бұл – біздің күн сайынғы ұранымыз. Іс жүзінде де солай ма? Құдірет, байлық, нәпсі мен шайтандық құмарлықтардың тартымдылықтары тұзағынан құтылудың ауыр іс екені айқын. Алланың қолдауы мен көмегінсіз тура жолда Құдайға қалтқысыз құлшылық ету мүмкін емес. Сол себепті өзіміздің күнделікті намазымызда «Сенен ғана көмек сұраймын» деп қайталаймыз.