Отыз күн – отыз хикая 13
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i37984-Отыз_күн_отыз_хикая_13
Алла елшісі: «Өзі тойып ұйықтап, көршісінің аш қалғанын білген адам маған (пайғамбарға) иман келтірмеген саналады».
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 24, 2018 17:17 Asia/Almaty

Алла елшісі: «Өзі тойып ұйықтап, көршісінің аш қалғанын білген адам маған (пайғамбарға) иман келтірмеген саналады».

Шиіттердің әйгілі ғұламасы әрі «Мофтах ул-Керамат» кітабының авторы Сейед Джавад Омули Ливанның Джабал Омул ауылдарының бірінде дүниеге келген. Ол бір күні кеште тамақ ішіп отырған кезде біреудің есік қағып тұрғанын естиді. Есікті қағып тұрған ұстазының көмекшісі Сейд Мәһди Бихар әл-Улюм екен. Сейед Джавад Омули ұстазының қандай жолдау жібергенін білейін деп, есікке келгенде әлгі адам: «Ұстаз сізді шақырып жатыр. Ұстаздың кешкі асы алдында дайын тұр, бірақ сіз келмей, тамағын бастамайды»,- дейді. Сейед Джавад Омули Сейед Бихар әл-Улюмның үйіне асығады. Ұстаз Сейед Джавадты көргенде ашумен: «Сейед Джавад Алладан қорықпайсың ба, Алладан ұялмайсыі ба?»- дейді. Сейед Джавад Омули таңғалып: «Не болды? Мен не істедім? Бұған дейін мұндай айыптау естімеген едім»,- деп ойлап: «Ұстаз, менің қандай қате жасағанымды айтыңызшы»,- деді. Сейед Бихар әл-Улюм: «Көршілерің шейх Мұхаммад Нәджм Омул мен жанұясы жеті күн бойы бидай мен күрішсіз отыр.  Жақын дүкеннен қарызға құрма сатып алып, күндерін көруде. Бүгін де құрма  сатып алайын деген кезде дүкеннің иесі алған құрмаларының қарызы көбейгенін айтқан. Көршің бұл сөзді естіп, қайтадан құрма сұрауға ұялып, үйіне құр қол оралған. Енді өзі мен отбасы кешкі тамақсыз қалды»,- дейді. Сейед Джавад Омули алаңдап: «Алламен ант етемін, менің бұл жағдайдан хабарым болған жоқ. Егер білгенімде көмектесер едім»,- дейді. Сейед Меһди Бихар әл-Улюм: «Менің барлық сөзім мен айыптауым көршіңнің жағдайынан хабарсыз болуына байланысты. Көршің жеті күннен бері қиындықта өмір сүріп жатыр. Сен оны байқамадың ба? Егер хабардар бола тұрып, көмектеспеген болсаң, мұсылман емессің»,- дейді. Сейед Джавад Омули ұялғанынан басын төмен түсіріп: «Сіз айтыңыз, не орындаймын»- дейді. Сейед Бихар әл-Улюм: «Қызметшің алдымдағы тамақ салынған табақты алып, екеуің көршіңнің үйіне барыңдар. Сен есігін қағып, бүгін кешкі тамақты бірге ішуді сұра. Мына ақшаны алып, көршіңнің кілемі немесе төсенішінің астына қойып, одан хабарсыз қалғаның үшін кешірім сұра. Сен қайтып келгенше мен ас ішпей, күтіп отырамын,»,- дейді. Үйдің қызметшісі түрлі тамақ қойылған үлкен табақты көтеріп, Сейед Джавадпен көршінің үйіне барып, одан тамақ ішуді сұрайды. Көрші тамақтан ауыз тиеді. Тамақ дәмді болғанымен көрші тамақтың Сейед Джавадтың үйінен емес екенін сезеді. Өйткені, тамақ арабтардың тәсілімен пісірілмеген еді. Көрші адам Сейед Ддавадқа: «Тамақ сіздің үйде пісірілмеген. Тамақтың қайдан келгенін айтпасаңыз, оны жемеймін»,- дейді. Сейед Джавад көршісін тамақ жеуге көндіре алмай, оқиғаны айтуға мәжбүр болады. Көрші оқиғаны естіген соң, жейді. Бірақ қатты таңғалып, Сейед Джавадқа: «Мен қиындықтарым мен сырымды ешкімге айтқан жоқпын, тіпті ең жақын көршімнен де жасырдым. Сейед Бихар әл-Улюмнің қайдан хабардар болғанын түсінбедім»,- дейді.

         *************************

Исламның ұлық пайғамбары: «Өзі тойып ұйықтап, көршісінің аш қалғанын білген адам маған (пайғамбарға) иман келтірмеген саналады»,- деген.