Наурыз – әлемдік мереке (наурызнама 3)
(last modified Wed, 06 Apr 2016 13:20:20 GMT )
Сәу 06, 2016 19:20 Asia/Almaty
  • Наурыз – әлемдік мереке (наурызнама 3)

Наурыз – ерте замандардан біздің заманымызға жеткен ең ежелгі мейрамдардың бірі, ізгілік, пәктік, риясыздық пен мейірбандықтың мерекесі. 3000 жылдай тарихқа ие көне мереке – ирандық өркениет пен мәдени аймағында кең тараған дәстүр.

Бұл тарихи тұрғыдан да осы өлкені мекен еткен халықтардың ең көне ортақ мерекесі саналады. Наурыз мерекесінің таралу аумағы Қытайдан Жерорта теңізіне дейінгі аймақтарды қамтиды. Оның тарихының тереңдігі де замана барысында әртүрлі ой-пікірлер мен арман-мақсаттар және көзқарастармен араласып кетуіне себеп болды. Бүгінде наурыздық жөн-жоралғылар географиялық осы аумақтың әр нүктесінде өзіндік ерекшелікке ие болғанымен, өзінің ирандық тамырын сақтап қалды.

Наурыз мейрамының географиялық ауқымы және оның солтүстік жартышарда табиғаттағы көктем маусымымен бір мезгілде келуі және наурыз мейрамының ежелгі тарихы, сондай-ақ бұл мерекенің әлемдіктердің арасында достық пен мейірбандықты қуаттауы БҰҰ мен басқа елдердің наурызға көңіл аударуына себеп болды. Сол себепті хижри шамси жыл санағы бойынша 1388 жылдың меһр айының сегізі күні (милади жыл санағы бойынша 2009 жылдың қыркүйек айының 30-ы) БҰҰ-ның Білім және мәдениет ұйымы UNESCO наурызды адамзаттың мәдени, рухани мұраларының тізіміне енгізді. Соның жалғасында, әсіресе ИИР-ның талпыныстарының арқасында Иран мен наурызды тойлайтын Әзірбайжан республикасы, Ауғанстан, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан, Қазақстан мен Қырғызстан сынды басқа да елдер БҰҰ-ның Бас ассамблеясында 2010 жылдың ақпан айының 23 күні «Бейбітшілік мәдениеті» атты «Әлемдік наурыз күні» резолюциясын бекітті. «Әлемдік наурыз күні» резолюциясы он жеті кіріспе мен жүзеге асырылатын бес баптан тұрады.

Резолюцияның жүзеге асырылатын баптары негізінде ирандық тамырға ие наурыз мерекесі наурыз айының 21 күні «Әлемдік наурыз күні» деп ресми түрде танылды. Сөйтіп, бұл тарихи күн БҰҰ мен әлемдік мемлекеттердің күнтізбесінде тіркелді. Мұнымен қатар наурызды атап өтіп, ұлықтайтын елдердің талпыныстары наурыздық мәдениет пен әдет-ғұрыптарды сақтап, кеңейтуді көздейтін мақсаттар ретінде құпталды. Басқа елдерді наурыз бен наурызды атап өту шарасын ұйымдастырудан хабардар етуге ынталандыру резолюцияның келесі баптарына жатады.

Халықаралық қауымдастықта наурыз мұрасы мен наурыздың тарихы және әдет-ғұрыптары туралы хабардарлықты тарату мақсатындағы зерттеулер де наурызды өткізетін елдердің міндетіне жүктелді. Сонымен қатар мүдделік танытатын елдер, БҰҰ, БҰҰ-ның мамандандырылған ұйымдары, әсіресе ЮНЕСКО, қорлар мен БҰҰ-ның бағдарламалары, халықаралық және аймақтық ұйымдар, мемлекеттік емес ұйымдар наурыздық шараларға қатысуға шақырылды. Ортақ рухани мұраны әлемнің мәдени және саяси үлкен орталықтарының қабылдауы ирандықтардың ұлттық мәдениетінің жоғары әлеуеті мен осы ұлы күннің халықтардың тұрмыс-тіршілік тарихындағы жоғары орнын асқақтата түсті. Осынау көне мереке бүгінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адамның ортақ тіліне айналды.

Наурызды тойлау, шын мәнінде, БҰҰ-ның мақсаттарының бірі, яғни әлемдік бейбітшілікті нығайту ұлттық мәдениеттер мен әлемдік мәдени мұралар мен мәдени алуандықты құрметтеу саналады. Наурыз тек күнтізбедегі күн ғана емес, сондай-ақ, әртүрлі әдет-ғұрыпқа ие наурыз – жыл сайын жер шарының түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адам үшін үміт пен бейбітшілік, бақыт сыйлайтын терең тамырға ие мәдениет. Ұзақ ғасырлардың бойында әртүрлі қауымдар мен өркениеттердің бесігі болған Иранның аумағында пайда болған наурыз мерекесі Азия мен Орталық Азия, Таяу Шығыс пен Кавказ, Балкан мен әлемнің көптеген елдерінде миллиондаған адамның ортақ тіліне айналды. Бүгін 300 миллионнан астам адам әлемде наурызды тойлайды. Наурызды тойлау ғасырлар бойы адамзаттың құндылықтарын бір ұрпақтан келесі ұрпаққа жеткізген адамзат қауымының тамырлары мен тарихын және мықты өркениеттерінің құндылығын ұлықтау деген сөз.

Наурыз рәсімдері халықтардың тілектестігі мен өзара сенімдерге ие болуына септігін тигізеді. Осы тілектестік тілі наурыздың Үнді субконтинентінен Орталық Азияға, Ауғанстаннан Түркияға, Ирак пен Мысырға, сондай-ақ әлемнің басқа да жерлеріне тарауына себеп болды. Сондықтан наурызды халықтар мерекесі деп атауға болады. Наурыздың әлемдік күн деп таңдалуының нәтижесінде жыл сайын әлемдік наурыз күні тойланады. «Әлемдік наурыз күні» – конференцияның атауы. Бұл конференцияға наурызды тойлайтын елдердің басшылары жиналып, осы ежелгі мерекені ұлықтайды. Ұлықтау шарасы наурыз күндері өткізіледі. Иран, Ауғанстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Пәкістан сынды наурыз мерекесін тойлайтын елдер конференцияға қатысып, жыл сайын осы елдердің бірі әлемдік наурыз күнінің мерекесін өз елінде өткізеді. Қуанышқа орай, бүгін наурыз әлемнің барлық жерінде танымалдыққа ие болып жатыр. «Һафт син» дастарханы Вашингтонның Ақ Үйінде, наурыздық рәсімдер мен наурыздық әртүрлі шаралардың әлемнің әртүрлі елдерінде өткізілуі осы ақиқаттың дәлелі болып табылады. Қазір наурыз халықаралық мейрамға айналған кезде барлық елдер мен халықтар, әсіресе Орталық Азия мен Кавказ, Балкан елдері, Үнді субконтиненті мен африкалық елдер үшін наурыздық мәдениет пен әдет-ғұрыптарды сақтап, таратумен бірге осы көне мейрамның құндылықтарын әлемдіктерге таныстыру мақсатында әсерлі де ауқымды шараларды бағдарлау үшін мүмкіндік пайда болды. Наурыздың маңызды ерекшелігі – оның тарихының көнелігінде.

Бір іс әртүрлі ұрпақтарға жалғасын тауып жеткен кезде, егер ол кемшіліктерге ие болып, қиындықтармен кездессе, біртіндеп солғындап, әлсіреп, соңында ұмытылады. Бірақ егер өте ұзақ уақытқа жетіп, бұрынғысынша жалғасып келе жатқан іс болса, барлық ұрпақтың барлық тарихи кезеңдердегі бүкіл айырмашылықтарымен үлкен географиялық аумақ пен өте терең тарихта әртүрлі сенімдерімен наурыз сынды тақырыпты бірге қабылдап, тойлауы адамдар ықыласпен байланыс орнататын төтенше іс дегенді дәлелдейді.

Наурыздық дәстүрлерде адами ахлақият маңызды орынға ие. Бұны әр аймақтың мәдениетімен үйлесімді түрде жүзеге асып, негізделетін наурыздық сый ретінде әлемдік қауымдастыққа таныстыруға болады. Наурыздық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер әдетте оң функциялар мен қолданымдарға ие. Үлкендерге құрмет көрсетіп, достар мен таныстармен көрісу, туыстардың үйлеріне бару, отбасына көңіл бөлу, әділет, мейірімділік пен ізгі ғамалдар жасау, сыйлық беріп, пәктік пен тазалық сыйлау тарихтың өтуімен өзінің тартымдылығы және балғындығын сақтап қалған наурыздық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің бір бөлігі. Наурыздың ең үлкен қасиеті – сол мерекеде бүкіл жердегі тіршіліктің қайтадан жанданып, басталуында. Бұл әлемде жаңа жылдың басталуына орай көктемнің алғашқы күніне сәйкес өткізілетін, наурыз мерекесін басқа мерекелерден ерекшелендіретін сипаты.

Табиғатпен үйлесімді өмірдің мәдениетін таратып, ілгерілету – адамзат қоғамының баршасы үшін жағымды болып табылатын наурыздың келесі бір қыры.

Бұл байланыс жылдың басынан басталып, демалыс күндерінің бойында жалғасып, табиғат аясына шығумен аяқталады.

Табиғатпен байланыс аясында адамдардың арасында да байланыс орнайды. Барша адам бір-бірімен байланыста болуға шақырылып, бір-бірімен көрісуге барады. Бұл көбірек келісім мен байланысқа себеп болады.

Иранда наурыз мерекесінде, тіпті дүниеден өткен адамдар да ұмыт қалмайды. Жаңа жылдың бірінші аптасындағы бейсенбі, жұма күндері өмірден озған адамдардың қабірлерінің басына барып, оларға құрмет көрсету керек. Сондай-ақ қоғамның әлсіз, мақұрым топтары сынды барлық топтарға көңіл аударған жөн. Жаңа жылдың басталуымен оларға көмек көрсету арқылы кедейлерді де естен шығармаған лазым. Олардың жаңа жылы да мерекемен басталуы керек. Шын мәнінде, наурыз мерекесі қоғамдық қарым-қатынастардың бір түрі, қоғамдық байланыстардың қайтадан жандануы, барлық әлеуметтік құндылықтардың жиынтығына бағытталудың бір түрі.

Осы адами және халықтық аспектілер табиғаттың жаңаруының басталу аспектісімен тоғысқанда әлемдіктердің барлығы қабылдайтын төтенше құндылық пайда болып, наурыз мейрамы табиғат және жердің қайта жанданатын күні ретінде бүкіл әлемде тойланатын болады. Наурыздың серпінділігі мен мәңгіліктігіне себеп болған фактор – ол наурыз мерекесінің басқа рәсімдер және сенімдер мен мәдениеттермен үйлесімділігі, сабақтастығы. Наурыздың үлкен ерекшелігі – оның шекаралардан асып, әлемнің қай жерінде болмасын қабылдауға лайықтығы. Бұл жаһанданудың алғашқы көрінісі. Наурыз құтты болсын!