Шіл 14, 2018 14:07 Asia/Almaty

Дональд Трамптың 2017 жылы қаңтардың жиырмасы күні АҚШ президенттігі қызметіне келуімен Барак Обама билік еткен кезеңде ол серіктестерімен бірге Иранның ядролық мәселесі секілді халықаралық мәселелерге шамадан тыс араласқандықтан солғын тартқан біржақты саясат қайта жанданды деп айтуға болады.

Обама өзінің еуропалық одақтастарымен бірге Иранға қарсы "дәрменсіз етуші санкциялар" деп аталатын біржақты санкцияларын жариялаған болатын. Бұған қайшы, Трамп "Алдымен АҚШ" деген ұраны аясында басқа мемлекеттерге назар аудармастан, АҚШ-тың мүдделері мен мақсаттарына басымдық беріп, Вашингтонның біржақтылық сипаттағы өзімшіл саясаттары бұл ел билігінің артып, оның өз бәсекелестерінен басым түсуіне жеткізеді деп ойлайды. Еуропалық комиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкер АҚШ саясаттары жайлы айтқан жуырдағы сөздерінде: "Трамптың "Алдымен АҚШ" деген идеясы АҚШ-тың жалғыз қалуына соқтырады",- деді. Сонымен қатар, Трамп саясаттарын қадағалауда қалыптан тыс әдістер қолданады. Франциялық зерттеуші Мари Сессиль Навестің айтуынша, көп полюсті әлемді жоюды көздейтін Трамптың саясаттары зорлық-зомбылық, жалған қоқан-лоққы мен қастандыққа негізделген. Бұл оған тән. Трамптың АҚШ-тың ажиодан түскен табысты иемденуі мен оның мүдделеріне қатысты қолданған әдісі халықаралық қауымдастықтың, тіпті еуропалық серіктестерінің шешіміне қарсы ұстаным қабылдауына себеп болды. АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы мүшесі Роберт Мэлли: "Дональд Трамптың біржақтылығы бұл елді оқшауландырып, бұл мәселе оның "Ортақ қадамнан" шығуымен және АҚШ-тың ең жақын одақтастарына сауда тарифтерін бекітуі арқылы бұрынғыдан бетер айқындала түсті",- деді. БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриштің пайымдауынша, бүгінгі таңда көпжақтылық кез келген уақыттан бетер қажет болып отыр.

Трамп біржақтылық саясаты және толығымен өктемшіл бағдарын жүзеге асыру арқылы Вашингтонның еуропалық серіктестеріне өзінің әртүрлі тәсілдері мен қалауларын таңуды көздеуде. Трамп еуропалықтарды НАТО ұйымына жеткілікті үлес қоспады деген сылтаумен жазғырып, Париж климаттық келісімінен шығуы арқылы Еуропа елдері басшыларының ашуына себеп болып, олардың өткір сынына ұшырады. 2018 жылы мамырдың сегізі күні Трамп жариялаған АҚШ-тың "Ортақ қадам" келісімінен шығуы Еуропа одағы мен еуропалық үштіктің қалауына толығымен қайшы әрекет болды. Осы салада еуропалықтар "Ортақ қадамды" сақтап қалу мақсатында талпыныс жасау қажеттігін қуаттады. Трамп АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" шығатынын мәлімдеп, ауыр тарихи жауапкершіліктен қашып, АҚШ-тың әлемде оң бағыттағы ықпалды державаның рөлін атқара алмайтынын дәлеледі. Францияның Экономика министрі Брюно Ле Мер АҚШ-тың "Ортақ қадам" келісімінен шыққанына өкініш білдіріп: "Вашингтонның әлемнің «экономикалық жандармы» болуды қалауы мүлдем қабылданбайды",- деп баса айтты. Еуропалықтардың көзқарасы бойынша, "Ортақ қадам" келісіміне қол қойған тараптардың қарсылығын тудырған Трамптың бұл әрекеті үлкен қателік саналады. Себебі, ол саяси, әскери және экономикалық тұрғыдағы халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіреді.

Алайда Трамптың қарсылықтары тек еуропалық серіктестерімен шектеліп қана қоймай, АҚШ-тың популист президентінің сауда-саттық саласындағы ашкөздік сипаттағы талап-тілектері мен оның ауыр тарифтерді бекітуді ашық түрде қолдауы G7 тобы басшыларының жуырдағы отырысына қатты әсер етті. Бұл отырыс бір жағынан Трамп пен еуропалық басшылар мен Канада премьер-министрі арасындағы бұрын-соңды болмаған дау-жанжалдарға куә болды. Сондықтан, қазір кейбір сарапшылар G7 атауының орнына "6+1" тобы деген атауды пайдаланып жүр. Бұл осы топ мүшелері арасында үлкен қашықтық пен олар үшін беймәлім болашақтың пайда болғанын көрсетіп отыр. Еуропаның ең маңызды мемлекеттерінің, әрі Батыс блогының маңызды мүшелерінің бірі саналатын Германия канцлері Ангела Меркель Трамптың саясаттарын сынға алып, оған саясаттарының АҚШ билігінің артуына емес, оның жалғыз қалуына соқтыратыны жайлы талай рет ескерту жасаған болатын. Германия канцлері сондай-ақ, Трампты оқшаулану саясаты үшін айыптап: "Трамптың АҚШ-ты ең басты басымдық беруге негізделген пікірі АҚШ-тың халықаралық сахнадағы маңыздылығы мен ықпалды билігі бәсеңдейтін қауіп-қатер тудырады. Өздерін ғана ойлап, әлемнің басқа аймақтарына мән бермейтін америкалықтар алып державаға болуға лайық емес",- деді.

Трамптың АҚШ-тың ажиодан түскен табысты иемденуі мен оның мүдделеріне қатысты әдісі халықаралық қауымдастықтың, тіпті оның еуропалық серіктестерінің шешіміне қарсы ұстанымдар қабылдауына себеп болады. Халықаралық мәселелер жөніндегі сарапшы Рухолла Суридің айтуынша, әлемдік мүдделердің АҚШ тарапынан еленбеуі көп полюсті жүйенің қалыптасуы үшін бұрынғыдан бетер қажет жағдай әзірлейді. Меркель мен Трамптың көзқарастарындағы қайшылықтар Париж климаттық келісіміне қатысты қайшылықтардан бастап, Дүниежүзілік Сауда Ұйымы, НАТО мен "Ортақ қадамның" келешегіне қатысты түрлі әдістерге дейінгі сан алуан мәселелерді қамтиды. Францияның Социалистік партиясы да 2018 жылы мамыр айының соңында АҚШ-тың "Ортақ қадам" келісімінен шыққанына қатысты реакциясында Трамптың бұл әрекетінің Вашингтонның "ризалық алу" дипломатиясының енді Еуропа үшін әсер етпейтінін көрсеткенін мәлімдеді. Бұл партия өз мәлімдемесінде Вашингтонның "Ортақ қадам" мен Париж климаттық келісімдері мен сауда-экономикалық келісімдерден шығуын осы дипломатияның сәтсіздікке ұшырағанының белгісі деп атады. Трамптың, жалпы алғанда АҚШ-тың Еуропамен қатынас жасау тәсілі олардың еуропалық серіктестерінің пікірлеріне аз болса да мән бермейтінін, тіпті назар аудармайтынын және Атлант мұхитының арғы жағындағылардың мүдделеріне қарамастан, тек АҚШ-тың мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асыруда шешім қабылдайтынын көрсетті.

Трамптың осындай әдісі мен қатынастына тек АҚШ-тың еуропалық серіктестері ғана шағымданып жатқан жоқ. АҚШ-тың екі негізгі бәсекелесі, яғни, саяси-әскери саладағы бәсекелесі Ресей мен сауда-экономикалық саладағы бақталасы ҚХР да Трамптың түрлі мәселелердегі, әсіресе халықаралық мәселелердегі қатынасын өткір сынға алды. Өзін әлемдегі ең үздік әрі жалғыз алып держава санап, осы пікір негізінде әлемдік мәселелерді шешуге қатысты қиялдайтын АҚШ-тың біржақтылығы Мәскеудің соңғы жылдары Вашингтонға қарсы айтып келе жатқан маңызды сындарының бірі саналады. Ресей Батыс елдерінің, әсіресе АҚШ-тың әртүрлі халықаралық мәселелердегі біржақты әрекеттеріне қатысты бірнеше рет қарсылық білдірген болатын. Мәскеудің көзқарасы бойынша, АҚШ-тың бұл тәсілі Қауіпсіздік кеңесі міндеттерінде тәртіпсіздіктің туындап, халықаралық сахнада бейберекеттіктің кең таралуына себеп болады. Ресей президенті Владимир Путин Ресей үшін АҚШ жетекшілігіндегі әлемдегі бірполюсті жүйенің қабылдауға келмейтінін, бұл елдің мұндай жүйені ешқашан қабылдамайтынын баса айтқан болатын. Мәскеу біраз уақыттан бері әлемде көп полюсті жүйе құруды өзінің негізгі мақсаты ретінде бекіткен.

Еуропаның осы мәселеге қатысты Ресей және ҚХР-мен ортақ ұстанымға ие  жайттарының біріне "Ортақ қадам" бағдарламасы жатады. Ресей президенті Владимир Путиннің Сыртқы істер жөніндегі кеңесшісі Юрий Ушаков былай деді: "Ресей, Франция мен Германия басшыларының АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" шығуына қатысты ортақ сыншыл көзқарасы бұл елдерді бір-біріне жақындатады". Мәскеудің "Ортақ қадамның" Ресей мен Еуропа елдерін бір-біріне жақындастыруда атқарған рөліне қатысты мәлімдеген көзқарасы қос тараптың "Ортақ қадамды" сақтап қалу қажеттігі жайлы ортақ тәсілі мен АҚШ-тың дүниежүзілік сахнадағы үстемшіл әрі жалғыз өзі билік ету әдісін теріске шығаруға негізделген.

Ресей мен Қытай біраз уақыттан бері әлемде көп полюсті жүйе құруды өздерінің сыртқы саясаты саласындағы ең басты мақсаты ретінде бекітті. Осы арада Ресей халықаралық салада, әсіресе Қытай секілді жаңадан пайда болған экономикалық державалармен өзара әрекеттестіктер деңгейін көтеріп, кеңейтуді көздеп отыр. Мәскеудің көзқарасы бойынша, Ресей мен ҚХР-ның жан-жақты өзара әрекеттестігі жиырма бірінші ғасырдағы халықтар арасындағы қарым-қатынастар үшін үлгі бола алады. Сергей Лавровтың айтуынша, Мәскеу мен Бейжің әрі екіжақты қатынастар тұрғысынан, әрі Еуразия Экономикалық Ынтымақтастық Одағы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, «Брюссель төрттігі» мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы секілді түрлі формалардағы көпжақты қатынастар тұрғысынан бір-бірімен әріптестік жасайды. Сонымен қатар, Ресей экономикалық және саяси салалардағы әлемдік өзгерістерге байланысты бүгінде өзінің өмір сүру пәлсапасының жойылғанына байланысты өз ықпалынан айрылған бұрынғы топтардың орнын жаңа халықаралық топтар басуы тиіс деп есептейді. Ресейдің көпжақтылық пен экономикалық алып державаның жаңа орталықтарын құру мен әлемдегі саяси ықпалдың артуына негізделген жаңа әлемдік жүйеге қатысты әдісінің АҚШ-тың көңілінен шықпайтыны, оның мүдделеріне қайшы келетіні анық. Сол себепті, америкалықтар өз талпыныстарын оның толық жүзеге асырылуына кедергі жасауға бағыттаған. Трамп халықаралық қауымдастықтың әдістері мен шараларына қарсы. Соның ішінде Париж климаттық келісімі, "Ортақ қадам" келісімі мен Трамптың кедендік тарифтер бекітуіне қарсылық осындай жайттардың қатарын құрайды.

Трампқа қарсы сап түзеу біртіндеп қалыптасып келеді. Сондай-ақ, Конгрестің жоғары лауазымды басшылары арасындағы осы саладағы ішкі қайшылықтары да артып жатыр. Осы қысымдар мен қайшылықтардың жиынтығы күннен-күнге АҚШ пен Трамптың халықаралық сахнада оқшауланып, жалғыз қалуына соқтырады. Бағдарламамыздың келесі бөлімінде осы құбылыстың жайттары мен көріністеріне толығырақ тоқталамыз.

 

Тегтер