Наурыздағы бейбітшілік пен татулық (наурызнама 5)
(last modified Wed, 06 Apr 2016 13:33:24 GMT )
Сәу 06, 2016 19:33 Asia/Almaty
  • Наурыздағы бейбітшілік пен татулық (наурызнама 5)

Бұл бағдарламада наурыздың бейбітшілік қалыптастырудағы рөлімен танысамыз.

Ирандық мәдениеттегі наурыз көктемнің келуімен бір мезгілде тойланады. Наурыз атты бұл маусымның бірінші күні табиғаттың қайта түлеген күні, мүбарак мереке.

Наурыз ежелден табиғат пен жаратылыстың мерекесі, нұр мен жарықтың зұлматты жеңген, шаттық пен қуаныштың әлемде таралған мерекесі болды.

Наурыз шын мәнінде көктемді адам өмірінің бір жылғы шыңы деп санаған кезеңнен басталған. Наурыз әртүрлі дәстүрлер түрінде осы аумақтың мәдениетінің алуан көріністерін паш етуімен қатар біртұтас жолдауға да ие. Наурыз мерекесі ирандық мәдениеттегі өмір, табиғат және әлем деген түсініктерді қуаттайды. Жалпы алғанда мейрамдар бейбіт, тыныш, молшылық пен шаттық күндері тойланады. Мейрамдарда тыныштық, жақсы өмірге деген үміт және мақсаттарға қол жеткізу сынды қасиеттер тоғысқан.

Көне мейрам наурыз әу бастан ирандықтар үшін бейбітшілік пен тазалық, балғындық, шаттық пен тыныштықтың жолдауы болды. Наурыз сырттай жаңару деген мағынаға ие. Бірақ бұл жаңару жан мен рухтың, адамның ойының жаңаруы деген мағынаны білдіреді.

Наурыз дәстүрі мазхабтық негіздермен жақындыққа ие болған кезде рухани мағынаға ие болатын әлеуетке ие. Наурыз бізге ештеңенің де бірқалыптылықтан артық еместігін, әсірешілдік пен шектен шығушылықтың әлемнің қай негізінде болмасын құрдымға тартатынын үйретеді. Ирандық мәдениеттегі алуандыққа байланысты наурыз бірлік сыйлаушы фактор және ирандықтардың тарихи мәдени біртұтас тамырға ие екендігінің белгісі. Шынтуайтында, наурыздың жолдауы – достық пен бейбітшілік.

Наурыз меркесі ерте замандардан Таяу Шығыс, Орталық Азия, Кавказ, Үнді мұхиты жағалауы, Балкан сынды әлемнің көптеген елдерінде ресми түрде аталып келеді. Наурыздың географиялық кеңдігі және оның табиғаттың көктемімен қатар келуі және бұл мерекенің достық пен мейірбандықты қуаттауы БҰҰ мен басқа елдердің көне мейрам наурызға көңіл аударып, аталмыш мерекенің солар тарапынан ресми түрде танылуына себеп болды. ЮНЕСКО ұйымы наурызды әлемде бейбітшіліктің мәдени мұрасы ретінде тіркеді. БҰҰ да наурыз мейрамын Иранның атына тіркеді. Жаһандық наурыз мейрамы бүгінде 12 елде бір мезгілде ұлттық мереке ретінде өткізіледі. Бұл іс наурыздың интеграция мен бейбітшілік және достық үшін жоғары мүмкіндікке ие екендігін, бәрінен бұрын оның мәдени, әлеуметтік, және қауіпсіздік функцияларына көңіл аудару қажеттігін көрсетеді.

Наурыз – мәңгілік жасампаз мейрам. Оның табиғат жүйесімен қисынды байланысы, адами ахлақты сақтау, ата-ана мен үлкендерді құрметтеу, әлеуметтік-эмоционалды байланыстарды нығайтып, құрметтеу, отбасы ошағын қастерлеу және адамдарға көбірек қызмет ету үшін қуаныш пен серпінділік рухын сыйлауына байланысты адамдардың арасында бейбітшілік пен достық қалыптастыруда әрдайым өте жоғары мүмкіндіктерге ие болды. Наурыз бізді жаман ойлау мен дұшпандықтан тыйып, пәктікке бет бұрып, барлық ізгіліктер мен сұлулықтарды қабылдауға шақырады. Бұл құндылықтар бейбітшілікті сақтап, халықтардың достығы мен мәдениеттердің нығаюында ерекше маңызға ие.

Наурыз күндері адамдардың бір-бірімен көрісуі кең тараған. Отбасының үлкендеріне барып, оларға құрмет білдіру – наурызды басқа мейрамдардан ерекшелендіретін артықшылығы.

Осынау мерекенің қуанышты күндері адамдар бұрынғы өкпе мен кекті ұмытып, бір-бірінің қасында шаттық пен қуаныш сәттерін бастан өткеру үшін мейірім және ықыласпен бір-бірін көруге барады. Тағы біреулер сапарға шығып, табиғат аясында серуендеп, көктемнің тыныштық пен жағымды кеңістігінен ләззат алады. Көңіл аударарлық жайт, жасалған зерттеулерге сәйкес, наурыз күндері қылмыстардың саны айтарлықтай төмендейді. Оның орнына жанашырлық, махаббат пен адамдардың бір-бірінің қасында бейбіт өмір сүру сезімдері табиғаттың жылылығы мен әсемдігінің арқасында көрініс табады.

Иран – әртүрлі халықтар мен мәдениеттер, тайпалар мен ұлыстардан құрылған, бірнеше мәдениетке ие әлемдегі ең көне елдердің бірі.

Осы әртүрлі мәдениеттер мен халықтар, соның ішінде күрдтер мен балучтар, түріктер, Хузестан меен Бушердің көшпенділері мыңдаған жылдар бойы бір-бірінің қасында бейбітшілікте, тыныштықта өмір сүріп, наурызды ықыласпен қастерлеп, Иранды мақтанышпен қорғады. Наурыз мейрамында кек пен қарғыс және дұшпандыққа орын жоқ. Барша халық бұлардан бойларын аулақ салулары керек. Иранда қай ұлт пен ұлыс болмасын, барлығы бірігіп, наурызды тойлайды. Бұл мәдени ортақтастық олардың көңіл-күй және адами байланыстарын тереңдете түседі. Наурызды Иран мен Иран мәдениетінің кез келген жеріндегі бір реңк пен түрге, бірдей иіс пен әтірге ие кемпірқосаққа теңеуге болады. Бұл алуандық мәдени Иран аумағының түрлі түсті болуына қарамастан, халыққа барлығының бір-бірімен байланыстыратын біртұтас тамырға ие екендіктерін үйретті. Сенім негіздеріндегі, сәйкесінше дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардағы сол негіздерден пайда болатын ортақтастықтар адамдардың арасында ең мықты байланыстарды қалыптастырады. Бұл ортақтастықтар неғұрлым көнерек және тамырын тереңге жайып, әсіресе тарихи жалғастыққа ие болса, адами топтар арасындағы бірлік пен ынтымақтастық та соғұрлым әсерлірек болады.

Сондықтан наурыз бірлік сыйлаушы және арнайы бір топқа тәуелділіктен ада болуы сынды ерекшеліктерімен әртүрлі мәдениеттерге ие елдерді жақындастырып, байланыстыратын маңызды фактордың тірі де серпінді рөлін атқара алады. Бұл наурыздың мәңгіліктілігі мен кең таралуының құпиясы ретінде аталады.

Сол себепті бүгінгі әлемнің ынтымақтастық жасап, бейбітшілікке қол жеткізу және ең жоғары рухани құндылықтарына көңіл аударуға шөліркеуіне байланысты наурыз бұрынғыдан көбірек достық пен махаббат, қарым-қатынас, пікірлестік және серіктестіктің жолдауын жеткізуші болып, әлемде адамгершіліктің жарқыраған болмысына қолжеткізе алады.

ИИР наурыз мейрамының бесігі ретінде осы ежелгі мерекенің көршілес елдерде сақталуына және аймақта бірлік пен бейбітшілік орнатуға ерекше көңіл аударады. Наурыз Иранның басшылығымен 12 елдің атына тіркелді. Иран осы мерекеге қатысты бірқатар міндетке ие. Олардың қатарына бейбітшілік пен достық орнату және қоғамдық қатынастарды жеңілдету міндеттері жатады.

Ұлттық наурыз мерекесінің саясатын белгілеуші кеңестің төрағасы Самиаллаһ Хосейни Макарем былай дейді: «Осы міндеттерге байланысты наурыз мейрамы биыл бұрынғы жылдардан өзгеше өткізіледі. Біз ұлттық наурыз мейрамы арқылы бейбітшіліктің диалогын ирандық диалог ретінде көрсеткіміз келеді».

«Наурыз – бейбітшіліктің мұрасы» атты ұлттық конференцияның Мәдени мұра, қолөнер және саяхат ұйымы мен Мәдени және туристік мұралар зерттеу орталығымен, сонымен қатар Антропология зерттеу орталығының серіктестігімен Теһран мен Иранның кейбір облыстарында өтіп жатқанына төрт жыл болды. Аталмыш конференция биыл да наурыз айының 7-8 күндері Теһранда өтті.

Антропология зерттеу институтының төрағасы әрі «Наурыз – бейбітшіліктің мұрасы» атты республикалық ғылыми конференция комитетінің басшысы Алиреза Хасанзаде конференцияда сөйлеген сөзінде: «Наурызбен байланысты көтерілген талаптар мен қажеттіліктер наурыздың бейбітшілікпен байланысына қатысты назарымызды аударды. Сондықтан бұл конференцияның атауын «Наурыз – бейбітшіліктің мұрасы» деп атауға шешім қабылдадық» деді.

ДАИШ пен Талибан сияқты әсірешіл лаңкестік топтардың Таяу Шығыс аймағында аймақтың қауіпсіздігі мен тыныштығын бұзып отырған соңғы жылдары, егер мейірім мен жанашырлық негізінде дұрыс сұхбат қалыптасса, көптеген қатігездіктерге тосқауыл қойып, Таяу Шығыста орын алып жатқан соғыстардың жалғасуына бөгет жасауға болады. Наурыздың ортақ дәстүрлері бірлік қалыптастырады. Оларды аймақта бейбітшілік орнату үшін жасалатын әрекеттердің факторы санауға болады. Сол себепті наурыз елдердің ынтымақтастығы мен бірлігі үшін негіз бола алады. Мәдени мұра зерттеу орталығы басқармасының аға кеңесшісі сейед Ахмад Мохит Табатабаи да «Наурыз – ұлттық мұра» атты конференцияда сөйлеген сөзінде былай деді: «Бейбітшілік деген адамдардың арасында соғыстың болмауы деген мағынаны ғана білдірмейді. Сонымен қатар ой мен пікірдің бір түрінен бастау алады. Төзімділік танытып, сыйлау идеясы дегендегі бейбітшілік адамдар арасындағы бірге қатар өмір сүрудің нәтижесі бола алады.

Наурыз – мәдени мұраның негізі әрі ирандық болмыстың ең жақсы белгісі. Оның ерекшелігі – төзімділік. Бұл дастархан барша үшін жайылады. Барша өздерінің ескерткіштерін әртүрлі түсінікпен осы дастарханға тасымалдайды. Наурыз бейбітшілік пен бірге өмір сүру үшін өте жоғары мүмкіндіккке ие. Иран осы барлық мәдени мүмкіндікті іске асыруға толығымен әзір».