Мигранттар дағдарысындағы Еуропаның жаңа жолы
(last modified Tue, 24 Jul 2018 10:39:56 GMT )
Шіл 24, 2018 16:39 Asia/Almaty

2011-ші жылдағы Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы кейбір елдердегі халықтық қозғалыстардан кейінгі өзгерістер мен батыстықтар мен олардың араб одақтастарының жағдайды өз мақсаттарына жету үшін теріс пайдалануы бұл аймақтың кейбір Сирия мен Ирак сияқты елдердегі адами дағдарысқа себеп болды.

Батыстықтар Сирияда ДАИШ лаңкестік тобын құрып, оны кеңейтіп,  Сирияның заңды үкіметін құлату мақсатына жетпек болды. Бұл мәселе Сириядағы азамат соғысына бұл елдің миллиондаған азаматтының Түркия, Иордания және Ливан сияқты елдерді паналауына соқтырды. Германиялық маман Питер Нойман ДАИШ-тың құрылуы мен таралу тәсіліне тоқталып: «Сирияда орын алған оқиғаның салдарлары ұзақ жылдар бойы бізбен бірге болады»,- деді. ДАИШ лаңкестік тобының 2014-ші жылғы Ирактағы әрекеттері мен бұл елдің үлкен аймағын өз бақылауына алуы басып алынған аймақтардың мыңдаған халқының қоныс аударуына себеп болды. Бұл мәселе бірте-бірте мигранттар дағдарысының артуына жеткізді. Бұл екі елдің  миллиондаған халқы, сонымен бірге ауғандар мен кейбір африкалық елдердің халықтары соғыс пен қырғыннан, экономикалық және әлеуметтік нашар жағдайдан қашып, Түркия мен Жерорта теңізі арқылы Еуропаға қарай ағылды. Өткен бірнеше жылда миллиондаған мигрант заңсыз жолдар арқылы  Еуропаға аттанды. Экономикалық-саяси дағдарыстармен бірге мигранттар дағдарысының кеңеюі Еуроодақты шынайы дағдарыстарға душар етіп, еуропалық мемлекеттердің басшылары арасында қайшылықтар пайда болды. Батыстың немқұрайдылығы  мигранттардың жағдайын күннен күнге нашарлатып, бүгінде соғыс пен кедейшіліктен қашқан мигранттар еуропалық мемлекеттерде өте нашар жағдайда күн көруде. Мигранттардың дағдарысын саяси тұрғыдан пайдаланушылық пен экстремистік топтардың билікке ие болу үшін популистік ұрандар айтуы еуропалық қоғамдағы қоғамдық ой-пікірдің алаңдауы мен  мигранттарға қарсы ұстанымдардың кеңеюіне себеп болды. Германиялық жазушы Ягода Маринич   Германия қоғамының шетелдіктерге алаңдаушылық білдіруінің себебін ақпарат құралдарындағы сол адамдар туралы ұсынатын мәліметтері деп санайды. Мигранттар дағдарысының тамыры  Батыстың лаңкестік пен кедейшілікке қарсы күресте екжүзді саясат жүргізуінде. Өткен 10 жылда Еуропа мигранттар мәселесін шешу үшін дұрыс шара қолданбады. Сонымен қатар заңсыз мигранттар дағдарысының жалғасуы мен Еуроодақ елдерінің наразылық ұстанымдары бұл мәселені Еуроодақ үшін үлкен дағдарысқа айналдырды. Еуропаға бет алған мигранттардың саны, оларды қабылдау шарттары, келесі кезеңде оларды орналастыру мәселесі шешілмейтін мәселеге айналды. Саяси мәселелердің маманы Мартин Плоимнің айтуынша, мигранттардың дағдарысы олардың Еуропа жеріне кіруінен бұрын еуропалықтардың басқаруы мен саясаттарымен байланысты.  Бұл мәселе маусым айының  соңында Брюссельде өткен Еуропа басшыларының саммитінде мигранттар мәселесі мен оны шешу жолдары тақырыбында талқыға салынды. Бұл екі фактор еуропалық ірі мемлекеттерді мигранттар дағдарысын өздерінің жұмыс кестелеріне басты мәселе ретінде енгізуіне себеп болды. Италияда оңшыл коалициялық үкіметтің билік басына келуіне олардың заңсыз мигранттармен күресуді өздерінің басты мәселесі деп жариялауы  себеп болды. Германияда да Канцлер Ангела Меркель мен елдің Ішкі істер министрі Хорст Зеехофердің арасында босқындар мен заңсыз мигранттармен қатынас орнату тәсіліне байланысты пікір қайшылығы пайда болды.

Еуроодаққа мүше мемлекеттердің басшылары  жуырдағы саммиттерінде 10 сағатқа созылған келіссөздерден кейін мигранттарға қатысты саясаттар туралы келісімге келді. Еуроодақ Кеңесіеің Төрағасы Дональд Туск маусымның 29 күні: «Еуроодақтың 28 мемлекетінің басшылары саммитте мигранттарға қатысты саясаттары бойынша келісімге келді. Біз келісімге келдік, бірақ оны іс жүзінде іске асыра бастаған кезде келісімге келудің бұл істің ең оңай бөлімы екендігі анықталады. Қазір нәтиже туралы айтуға әлі ерте»,- деді. Келісім бойынша, мигранттарға Еуропаның сыртынан орын беретін жерлер болжанды.  Сондай-ақ, Еуроодақ елдеріндегі мигранттарды бақылауға алатын орталықтар құрылатын болды. Еуроодақтың шекарасын күшейтіп, Ливияның жағалау күштеріне көмектесу бұл келісімнің келесі бөлімдеріне жатады. Еуропаға енген мигранттардың алдында ортақ жауапкершілікті сақтау, Еуропаның Африканы қолдау қорына 500 миллион еуро бөлу мен мигранттарға өз еркімен пана беретін орталықтар құру аталмыш келісімнің маңызды мәселелері саналады. Сонымен бірге бұл келісім бойынша, Италияға енген адамдар Еуропаға енген саналып, Жерортаға енген барлық кемелер мигранттық заңдарды сақтап, Ливияның жағалау күштерімен араласпауы керек. Осыған орай Еуропаға қоныс аударғысы келген әрбір заңсыз мигрант басында іс-қағаздары қаралғанша, Еуроодақ шекарасының сыртында орналасқан мелекеттердің бірінде  орналасуы керек. Бұл келісім теріс реакцияларға ие болды. Шекарасыз дәрігерлер ұйымы Еуроодақ басшыларының мигранттар туралы келісімін айыптап: «Еуропалық мемлекеттер заңсыз мигранттардың Еуропаға енуі мен оларға көмектесіп, оларды құтқарудың алдын алатын келісімге келді»,- деп мәлімдеді. Еуроодақ Парламентінің басшысы Антонио Таянидің пікірінше, Жерорта теңізіндегі өткелдерді жабу – мигранттар дағдарысын шешу жолындағы маңызды жұмыстардың бірі. Оның айтуынша, Жерорта теңізі жолын жабу кемінде 6 миллиард еуроны қажет етеді. Еуроодақ Марокко, Тунис және Алжирмен орынды стратегия құрып, Жерорта теңізіне кіру үшін тиісті басқару жұмыстарын ұйымдастыруы  керек. Солтүстік Африканың бес елі, атап айтқанда Мысыр, Тунис, Ливия, Алжир және Марокко еуропалық басшылардың африкалық мигранттарға орынды елдерінің сыртынан беру ұсынысына қарсылық білдірді. Африкалық мемлекеттер Еуроодақтың бұл келісімін халықаралық заңдар мен елдердің тәуелсіздігінің  негізіне қайшы санайды. Италияның Жерорта жағалауындағы мигранттардың қайықтарын қабылдауға келіспеуі – Макрон мен Меркельдің Брюссель саммитінде мигранттар мәселесін шеше алмағанының белгісі. Бұл мәселе мигранттарға қысымды арттырды. Мигранттар дағдарысы мен олармен қарым-қатынас орнату тәсілі кейбір еуропалық мемлекеттердегі, әсіресе Германиядағы қайшылықтарға себеп болды. Негізінде Германия үкіметінің ішіндегі мигранттық саясатқа қатысты қайшылықтар қиындықтар тудырып, елдің Ішкі істер министрі Хорст Зеехофер Берлинның мигранттық саясатына байланысты Ангела Меркельмен қайшылықтарына байланысты отставкаға кетуімен қорқытты. Германия үкіметінде отставкаға кету мәселесі Ангела Меркель мен Хорст Зеехофердің келіссөздерінен кейін жарияланып, Зеехофердің өзі Меркельмен орын алған келіссөздерден кейін отставкаға кету шешімін өзгерткенін жариялады. Германияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Зигмар Габриель: «Меркель мен Зеехофердің мигранттар мәселесіне қатысты қайшылықтары Германия үшін қоқан-лоққы болып табылады»,- деді. Зеехофердің пікірінше, Еуроодақ басшыларының жуырдағы саммитіндегі мигранттар туралы келісім мәселені шешуге ешбір әсерін тигізбейді. Франция Президенті Эмануель Макрон  бұл елдің Венгриядағы елшісі Эрик Фурниенің Венгрия Премьер-министрі Виктор Урбанның мигранттарға қатысты қатаң саясатын қолдауы ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін оны отставкаға жіберді. Виктор Урбан Венгрияны мигранттарға қарсы тұрудың үлгісі деп атап, бұл елдің Премьер-министріне қарсы айыптауларды  ойлап шығарылған әрекет деп бағалады. Макрон сан рет Урбан мен Шығыс Еуропаның басқа да кейбір басшыларының мигранттарды қабылдамау ұстанымдарын сынап, оларды еуропалық құндылықтарға немқұрайдылық танытушылар деп айыптаған болатын. Африка мен Таяу Шығыстан ағылған заңсыз мигранттар дағдарысымен бетпе-бет келіп отырған еуропалық мемлекеттер  бұл мәселеге қатысты бір-біріне қайшы  ұстаным білдіруде. Бұл мәселе – Батыстың адам құқығына қатысты екіжүзділігінң келесі бір көрінісі. Олар өз мүдделерін қоғау үшін әшкере түрде адам құқықтарын бұзуға дейін барады.  Бұл мемлекеттер мигранттарды  27 еуропалық елдің арасында бөліп, Африкада, әсіресе Ливияда  адам контрабандасының алдын алып, заңсыз мигранттарды қолдап, олардың қиындықтарына көмектесе алатындықтары туралы уәж айтты.  Бұл жаңа саясат өзінің салдарларын көрсетті. Соңғы уақытта мигранттардың Жерорта теңізіне кіруіне салған тыйымдардың күшеюіне байланысты Ливия арқылы қайықпен  Италия жағалауына жетпек болған 120 заңсыз мигрант теңізде батып кетті. Басқа жақтан Еуроодақтың Шығыс және Батыс полюстеріне бөлінуіне  куә болудамыз. Шығыс Еуропаның мемлекеттері заңсыз мигранттар мен босқындарды қабылдауға қарсы. Бірақ, Батыс Еуропаның ірі мемлекеттері оларды кепілдікпен қабылдауға дайын. Бұл мәселе Еуроодақтың ішкі қайшылықтарына себеп болды.