Трамп билікті өз мүддесіне пайдалануда
(last modified Tue, 04 Sep 2018 18:04:46 GMT )
Қыр 05, 2018 00:04 Asia/Almaty

АҚШ Президенті Дональд Трамптың өз билігін теріс пайдалануы бүгінде басқа салалар мен онымен байланысты басқа адамдарға да жайылды. Ақ үй 2018-ші жылдың шілде айының соңында қауіпсіздік саласының бұрынғы кейбір басшыларына құпия мәліметтерді пайдалануға шектеу салынатынын мәлімдеді. Бұл мәселе АҚШ-тың ішкі саясатындағы үлкен жанжалға айналды.

 Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс Орталық Барлау Басқармасының (ОББ) бұрынғы басшысы Джон Бреннан, Ұлттық тыңшылық ұйымының директоры Джеймс Клэппер, ҒВІ-дің бұрынғы басшысы Джеймс Коми, ОББ-ның бұрынғы директоры Майкл Хайден, Ұлттық қауіпсіздік істері жөніндегі бұрынғы кеңесші Сьюзан Райс пен ҒВІ-дің бұрынғы орынбасары Эндрю Маккейбтің есімдерін атап: "Бұл адамдар өздерінің саяси, кейбір кездері қауіпсіздік саласындағы рұқсаттарын  пайдаланып, АҚШ Президентін негізсіз айыптады",- деп мәлімдеді. Трамп үкіметі: "Бұл адамдар өздерінің құпия мәліметтерді пайдаланатын рұқсаттары арқылы АҚШ Президентін негізсіз айыптады» деді.Трамптың пікірінше, аталмыш адамдардың құпия мәліметтерге қолжетімділігі негізсіз айыптар мен заңсыз құжаттардың пайда болуына себеп болады. Трамп бұрынғы басшылардың сөздері мен ұстанымдары өз жағдайының әлсіреуіне себеп болады деп алаңдауда. Трамптың Хельсинкиде Ресей Президенті Владимир Путинмен өткізген кездесуі және ресейлік басшы өз елінің АҚШ президенттік сайлауына араласуын  теріске шығарғаннан кейін кейбір басшылар Трампқа шабуыл жасап, оны тіпті, қылмыскер деп айыптады. Осы салада ОББ-ның бұрынғы басшысы Джонн Бреннан ең күшті ұстаным білдіріп: "Хельсинкидегі баспасөз отырысындағы Трамптың әрекеті – қылмыс, сөйлеген сөзі ақымақтың сөзі болуымен бірге ол толығымен Путиннің көңілінен шығуға тырысты". Джон Бреннан – Дональд Трамп үкіметін қатаң сынаушылардың бірі. Ол бұдан бұрын АҚШ Президентін тұрақсыз әрі ахлақсыз деп сипаттаған болатын.

Трамптың сайлау тобы мен айналасындағылары 2016-шы жылғы  АҚШ-тың президенттік сайлауы кезінде ресейлік басшылармен қарым-қатынаста болды деп айыпталуда. Ресей АҚШ-тың президенттік сайлауына араласқанын сан рет теріске шығарды. Трамп өзінің сайлау командасы штабын Ресеймен байланысты деп айыптауды үлкен айла-шарғылардың бірі санайды. Трамп  үкіметі қауіпсіздік саласында қызмет еткен кейбір бұрынғы басшылар құпия мәліметтерді пайдалану мүмкіндіктерін «Трамп Ресеймен қарым-қатынаста болды» және «Мәскеу АҚШ-тың ішкі істеріне араласты» деген негізсіз айыптарды тағу үшін қолдануда деп санайды. Трамп аталмыш адамдардың құпия мәліметтерге қолжетімділігі негізсіз айыптаулар мен заңсыз құжаттардың пайда болуына себеп болып, бұрынғы басшылардың сөздері мен ұстанымдарының оның жағдайының әліреуіне себеп болады деп алаңдауда. Трамптың Путинмен кездесуі туралы сындар артып, Ақ үй Трамптың Хельсинкидегі сөздерін түзетіп, оған қарсы шабуылдарда азайту үшін мәлімдеме жариялауға мәжбүр болды. Ақ үй: "Ресей 2016 жылғы АҚШ-тағы президенттік сайлауға араласты, бірақ Трамптың сайлау штабы Ресеймен ешбір ынтымақтастық жасаған жоқ",- деп мәлімдеді. Трамп АҚШ-тың бұрынғы барлау және қауіпсіздік басшыларының қауіпсіздік саласындағы рұқсаттарының күшін жою мәселесін тез аяқталатын мәселе санағанымен, бұл салада көп реакция байқалды. Трамп тамыздың 15 күні Джон Бреннаның қауіпсіздік  рұқсаттарының күшін жойды. Джон Бреннан  Трамп үкіметінің шешімі америкалықтарды алаңдатады деп санайды. Ол Трамптың бұл шешімін сыншылардың аузын жабу үшін қабылданған әрекет деп сараптады. Бреннан Твиттердегі парақшасында: "Бұл әрекет – Трамптың сөз азаттығын басып-жаншып, сыншыларды жазалау талпыныстарының бірі. Сондықтан америкалықтардың барлығын алаңдатуы керек.  Мен бағынбаймын",- деп жазды. Трамптың Бреннанның ұстанымына білдірген ракциясы қатаң болды. Ол Твиттерінде: "Бреннан – елдің абыройсыздығы. Біз қазіргіден де артық жағдайға лайықпыз",- деп жазды. Бреннан 2013-2017 жылдары АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының (ОББ) басшысы болды. Трамп үкіметі құрылғаннан бері ол қазіргі үкіметтің саясаттарын, әсіресе Ресеймен қарым-қатынас орнатуын сынауда. Бұл мәселе АҚШ-тың қауіпсіздік және барлау басшылары мен Конгресс өкілдерінің рекцияларына тап болды. Мәселен, АҚШ-тың барлау қызметінің бұрынғы 15 басшысы Дональд Трампты  Орталық барлау басқармасының бұрынғы басшысы Джон Бреннанның қауіпсіздік рұқсатының күшін жойғаны үшін айыптады. Олар мәлімдемеде Трамптың шешімін ақылға сай емес әрі бұрын-сонды болмаған шешім деп атап: «Трамптың Берннан және басқа бұрынғы басшыларға қарсы әрекеттері – азаттықты басып-жаншу мақсатындағы талпыныс» деп баса айтты. Келесі реакцияда АҚШ Орталық барлау басқармасының (ОББ) бұрынғы 60 басшысы тамыздың 17 күні мәлімдеме жариялап, Трамптың бұл ұйымның бұрынғы басшысының құпия мәліметтерді пайдалану рұқсатының күшін жоюын айыптады. Бұл мәлімдемеде АҚШ Барлау Басқармасының бұрынғы жоғары лауазымды 15 қайраткерінің хатына сілтеме жасалып: «Біз мәліметтердің таралуына тосқауыл жасалғанымен үкіметтің бұрынғы басшыларының ой-сенімдерін еркін баяндау құқықтарын ұлттық мүдде үшін пайдалану керек деп санаймыз. Сондықтан кез келген мәліметті таратудан бұрын елді әлсіретпеу туралы ойлану қажет» деді.

АҚШ-тың бұрынғы басшыларының көбі реакция білдіріп, мәлімдемелерінде Трамптың Джон Берннанның қауіпсіздік рұқсатының күшін жою талпынысын сынады. Бұл мәлімдемеге АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Пентагонның бұрынғы 175-тен астам басшысы қол қойды. Мәлімдемеге қол қойған танымал адамдардың ішінен Уильям Бернс, Венди Шерман, Тони Блинкен және Николас Бернстің есімдерін көруге болады. Трамптың Финляндиядағы Путинмен кездесуін сынаған Берннан Трамптың сөздерін сатқындық деп атап, қауіпсіздік рұқсаттардың күшінің жойылғанына қатысты шағым түсіретінін жариялады. Қауіпсіздік рұқсаты қайта қарастырылатын Майкл Хайден: «Біз Трамптың тек бұл әрекетіне ғана наразы емеспіз, сонымен қатар оның үкіметінің Бреннанға қарсы барлық әрекеттеріне қарсымыз»,- деді. Джордж Буш пен Обама үкіметтерінде Орталық барлау басқармасының (ОББ) басшысы болған Хайден Трамп үкіметі мен АҚШ-тың қауіпсіздік  қоғамының құлдырау қарсаңындағы қарым-қатынастарының қатерге тірелгені туралы ескерту жасады. Алдағы күндері АҚШ Конгресінде   президенттің елдің жауапты тұлғаларының қауіпсіздік рұқсаттарының күшін жою үдерісінің алдын алу үшін заңды өзгеріс талқыланады. Бұл салада АҚШ Сенатының қауіпсіздік комитетінің  мүшесі Марк Варнер Дональд Трамптың билігін өз мүддесіне пайдалануына тыйым салу үшін Конгреске Конституцияға өзгеріс енгізу жобасының тапсырылғанын хабарлады. Варнер Твиттердегі парақшасында: «Алдағы аптада АҚШ Конгресінде Конституцияға өзгеріс енгізу қарастырылады. Бұл өзгеріс қабылданса, АҚШ Президенті Дональд Трамптың басшылардың елдің құпия мәліметтерін пайдалану рұқсаттарының күшін жоюға тыйым салынады» деп жазды. Ақ  үй АҚШ-тың бұрынғы президенті  Барак Обама үкіметінің басқа басшыларының, атап айтқанда  бұл елдің федералды полиция  басшысы Джеймс Коми мен Ұлттық барлау қызметінің бұрынғы басшысы Джеймс Клеппердің қауіпсіздік рұқсаттарының күшін жоюды қарастыруда. Американың барлау және қауіпсіздік органдарының бұрынғы басшылары жаңа басшылардың олармен ақылдасуына байланысты көбінде қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы құпия мәліметтерді пайдалану рұқсатына ие.  АҚШ тарихында барлау және қауіпсіздік органдарының бұрынғы басшыларының қауіпсіздік рұқсаттарының күшін жоюға қатысты қайшылықтар Трамп пен АҚШ-тың саяси элитасы арасындағы қайшылықтардың одан сайын күшейе түсуіне себеп болады. Бүгін АҚШ-тың бұрынғы және қазіргі саясаткерлері мен басшылары, тіпті заң шығарушылары Трамптың қарсыластарын құрту үшін билігін асыра пайдаланатынын түсінді. Сол себепті АҚШ Конгресі жақын арада бұл үдерістің алдын алу үшін шара қолданады деген болжамдар айтылуда.