Ашура оқиғасына қатысты сұрақтар (3)
(last modified Sat, 15 Sep 2018 07:44:34 GMT )
Қыр 15, 2018 13:44 Asia/Almaty

Ашура оқиғасына қатысты «Неліктен имам Хасан Мұджтаба (ғ.) Муавиемен бітім жасады, ал имам Хосейн (ғ.) Язидпен ымыраға келмей, көтеріліске шықты?» деген сұрақ қойылады. Шиіт ғалымдары мен тарихтанушылардың пікіріне сәйкес, имам Хасан (ғ.) мен имам Хосейннің (ғ.) екеуі де бір мақсатты көздегенімен, екі кезеңдегі мұсылман қоғамының жағдайы бірдей болмаған. Сондықтан исламның болмысын сақтау әртүрлі жағдайда әрқилы шара қолдануды талап етеді.

Ашура оқиғасына қатысты «Неліктен имам Хасан Мұджтаба (ғ.) Муавиемен бітім жасады, ал имам Хосейн (ғ.) Язидпен ымыраға келмей, көтеріліске шықты?» деген сұрақ қойылады. Шиіт ғалымдары мен тарихтанушылардың пікіріне сәйкес, имам Хасан (ғ.) мен имам Хосейннің (ғ.) екеуі де бір мақсатты көздегенімен, екі кезеңдегі мұсылман қоғамының жағдайы бірдей болмаған. Сондықтан исламның болмысын сақтау әртүрлі жағдайда әрқилы шара қолдануды талап етеді.

Осы маңызды әрі өміршең жайтты назарға алып, тарихшылардың пайымдауынша, егер имам Хасан (ғ.) имам Хосейннің (ғ.) жағдайына ұқсас жағдайда болғанда, көтеріліс жасайтын еді. Дәл солай имам Хосейн (ғ.) де Муавие үкіметінің жағдайына түскенде бітімге берік болып, ағасының жолын ұстар еді.

Имам Хосейн (ғ.) көтерілісінің туындауына үш негізгі фактор әсер етті: үшеуі де имам Хасан (ғ.) бейбітшілікті сақтап тұрған кезде қалыптасты. Бірінші фактор сол замандағы залым әрі озбыр үкіметтің имам Хосейннен (ғ.) адалдықты жариялауды талап етуі болды. Язид өз адамдарына: "Имам Хосейнді (ғ.) билігіме адалдық білдіруі үшін ұстаңдар. Ешқандай аяушылық пен кешірім болмасын"-деп бұйрық берген. Язидке адалдық жариялау оның халифатын, пайғамбардың орынбасары екенін қабылдаумен бірдей болды. Имам Хосейннің (ғ.) жауабының теріс болатыны анық еді. Алайда Муавие ешқашан имам Хасаннан (ғ.) адалдықты талап етпеді. Бітімнің шарттарының бірі Муавиенің адалдыққа ант беруді талап етпеуі болды. Тарихшылардың ешқайсысы имам Хасанның (ғ.), «аһл-е бейт» мүшелерінің немесе шиіттердің біреуінің  Муавиеге адалдық жариялағаны жайлы уәж айтқан емес. Сондықтан имам Хосейнді (ғ.) қарсыласуға итермелеген факторлардың бірі болған адалдық жариялау мәселесі имам Хасанның (ғ.) кезінде болмаған.

Имам Хосейннің (ғ.) көтерілісіне себеп болған екінші фактор Куфаның 18 мың тұрғынының имамды қолдауға әзір екендіктерін жариялауы болды. Куфа халқы Муавиенің 20 жылдық билігінен кейін оның әділетсіздігі мен зұлымдығынан жапа шегіп, оның дінге қайшы әрекеттерін көрген болатын. Озбырлығы және жемқорлығымен танылған Язидтің Муавиеніңорынбасары болатыны анықталған кезде олар имам Хосейнге (ғ.) хат жазып, оны қолдауға дайын екендіктерін жариялап, Аба Абдулланы Куфаға шақырған. Язид бұл жайлы білгенде Куваның билеушісін ауыстырып, Абидулла бен Зиядты Куфаға жіберді. Ол қоқан-лоққы және пара беру арқылы куфалықтардың шешімін өзгертуі тиіс болған. Ақырында Язид пен ибн Зиядтың сұрқия саясаты куфалықтарды имам Хосейнге (ғ.) қиянат жасауға итермеледі. Имам Хосейн (ғ.) куфалықтардың оны қорғауда табандық пен жеткілікті қырағылыққа ие емес екенін білгенімен, бірақ олардың хат жазып, қолдауға әзірліктерін жариялап, имамды шақыруы имам Хосейнге  (ғ.) үлкен міндет артты. Егер имам осы шақыруға жауап бермегенде тарихта "дайын жағдайды халифатты түзету үшін пайдаланбады" деп айыпталар еді.

Имам Хасанның (ғ.) заманында Куфада жағдай керісінше болған. Ол заманда Куфа тәртібі жоқ қажыған қала еді. Оның халқы қатты идеологиялық қайшылықтарға душар болған. Бір жағынан қырағылық пен сараптаудан кенде болған хаваредждер, екінші жағынан Муавиемен соғысудан шаршаған жауынгерлер болды. Мүміндердің әмірі өз халифатының соңғы күндері сол кездегі Куфа халқының қолдауға дайын еместігіне шағым айтып: "Құдай, мені бұл халықтың арасынан әкет. Бұларға лайық билеуші тағайында. Сонда бұлар менің қадірімді білетін болады",-деген. Сол кездегі Куфаның жағдайы нашар болғаны соншалықты, әрі Хаваредж бен Муавиенің қолшоқпарлары көп болғандықтан қала көшелері имам Хасанның (ғ.) жаны үшін қауіпті болды. Тіпті, имам киімінің астынан темір сауыт киіп жүрген.

Язидтің адалдықты талап етуі мен Куфа халқының қолдауға дайындығы болмағанның өзінде имам Хосейннің (ғ.) көтеріліске шығуына себеп болған үшінші фактор жақсылыққа шақырып, жамандықтан жирендіру болды. Муавие басында имам Хасанға (ғ.) қол қойылған ақ қағаз жіберіп: "Хасан бен Әли (ғ.) қандай шарт қойса, қабылдаймын, исламға сәйкес әрекет етемін",-деген. Имам Хасан (ғ.) оның уәдеге берік болмайтынын білген, бірақ мұсылман қоғамы да бұдан хабардар болуы тиіс еді. Муавие өзін сырттай діндар көрсетіп жүргенімен, уақыт өте келе оның дінге қарсы болмысы мен билікқұмарлығы айқындалды. Ол 20 жылдық билігі кезінде бейбіт келісімге берік болмай, ислам негізінде әрекет еткен жоқ: исламның үкімдерін өзгертті, мұсылмандардың мал-мүлкін ысырап етіп, құрметті адамдардың қанын төкті. Бейбіт келісімнің баптарына қайшы осындай әрекеттермен қоймай, Муавие құмар ойындар мен шарапқа әуес ұлы Язидті тақ мұрагері деп тағайындап, халықтан оны пайғамбардың орынбасары деп танып, адалдық жариялауды талап етті. Язидтің бұзықтығы мен озбырлығы барша мұсылманға аян еді. Имам Хосейн (ғ.) осындай жағдайда жақсылыққа шақырып, жамандықтан жирендіруді өзіне міндет санады. Өйткені, Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.): "Әр адам Алланың арам деп бергенін халал санап, Алламен келісімін бұзып, Алла елшісінің сүннетіне қарсылық білдіріп, Алланың пенделері арасында зұлымдық жасаған озбыр сұлтанды көріп, сөзі және ісімен оған қарсылық білдірмесе, ол сол залым сұлтанның орнына тозаққа тасталуға лайық",-деген болатын. Сондықтан Хосейн бен Әли (ғ.) «Аһл-е бейт» пен серіктерінің қолдауына сүйеніп, 72 адамдық әскермен көтеріліске шықты.  

Тегтер