Қыр 23, 2018 18:41 Asia/Almaty
  •  Ашура – қазіргі заманғы исламдық қозғалыстарды шабыттандырушы 2

Исламдық қозғалыстар осыдан шамамен 1400 жыл бұрын Кербала даласында орын алған қантөгіске борыштар. Исламның ұлық пайғамбарының "Хусейннің шәһид болуы мүміндердің жүрегінде еш уақытта өшпейтін жалынды көтереді" деген сөздері имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісінің мәңгі әсер ететінін көрсетеді.

Ашура қозғалысы ерекшеліктеріне ие болуымен бірге азаттық талап етуді мақсат еткен революциялар мен қозғалыстарға әсерін тигізді. Палестина мен Ливан халықтарының исламдық қарсыласуы – имам Хосейн (ғ.с.) көтерілісінен әсер алған  қозғалыстардың үлгісі.

Йемен бұл күндері Сауд Арабиясы әскерінің шабуылдарымен бетпе-бет келіп отыр. 2015-ші жылдың наурыз айынан басталған рақымсыз шабуылдар бұл ел халқының әл-Саудты қолдайтын диктатуралық үкіметін құлатып, азаматтық азаттықтарға ие болып, өз тағдырларын шешуді өз қолдарына алған кезеңмен тұспа-тұс келді. Сауд Арабиясы Біріккен Араб Әмірлігінің жалдамалылары және тәкфиршіл лаңкестермен бірге Батыс үкіметтері мен сионистік режимнің қолдауына ие Йемен халқына қарсы коалиция құрды. Бірақ, Ансаролла қозғалысы басқарған Йемен халқы мен әскері имам Хусейн (ғ.с.)-ның көтерілісін үлгі тұтып, арсыз дұшпанға қарсы соғыстарын жалғастырды. Йемен Ансаролла қозғалысының бас хатшысы Сейед Абдолмалек Бадраддин бүгінде елінің Кербалаға айналғанына тоқталып: «Йемен халқы имам Хусейн (ғ.с.)-ды үлгі, басшы және дұрыс жолға нұсқаушы санап, ислам үмбетінің бір бөлігі ретінде имамға сүйеніп, хазіреттің жолында қадам басып, имам Хусейннің (ғ.с.) наным-сенімдерін құрметтейді»,- деді. Йемен халқы саудиялық әскерилердің әуеден бомбалауы салдарынан өліп жатыр. Онымен қатар дұшпанның теңіз қоршауы салдарынан көптеген йемендік балалар аштық пен аурулардың құрбаны болуда. Бұл апатты жағдай имам Хусейн (ғ.с.) мен серіктерінің Кербаладағы жағдайын еске салады.   

Йеменде балалар қырылуда

Йемендік жауынгерлердің қарсыласуы мен жеңістері олардың имам Хусейн бен Әлиді (ғ.с.) үлгі етіп, күрестерінде Алла мен Оның көмегіне иман келтіріп, саудиялық әскерилер мен олардың көптеген демеушілеріне қарсы табандылық білдіріп жатқанын көрсетуде. Олар барлық қысымдар мен қырып-жоюшылықтарға  қарамастан бітімге келмеді. Сондай-ақ, имам Хусейн (ғ.с.) сияқты ғиззаттары мен беделін, дінін қорғауда. Йемен халқы азаттықты қалап, өз тағдырын өзі шешу құқығына ие болғысы келеді. Олар шындық пен азаттық талап етуді Ашура қозғалысынан үйренді. Олар имам Хусейн (ғ.с.) мен серіктері сияқты бақайшақтарына дейін қарулы дұшпанның алдында қару тапшылығы және адамдарының саны аз болғанымен, имандары, қарсыласуы мен бірліктерінің жеңіске жеткізетіндігін біледі. Өйткені «Бақаре» сүресінің 249-шы аятында: «...Алланың қолдауымен қанша аз топ көп топты  жеңген.  Алла сабырлылармен бірге»,- деп айтылған.

Йемендік жаунгерлер

Сауд Арабиясы шекарасының басқа жағында Бахрейн халқы Сауд әулетінің толық қолдауына ие Халифе әулеті режимі арқылы басылып-жаншылуда. Бахрейн халқы 2011-ші жылдан бастап Халифе режимінің зұлымдығы мен кемсітушілігіне қарсы көтеріліп, елінің азаттығы, демократиясы және тәуелсіздігін талап етуде. Бахрейн шиіттері имам Хусейн (ғ.с.) мен хазіреттің мақсаттарына ғашық болғандықтан жеті жылдық көтерілістері барысындағы ұрандары мен іс-әрекеттері олардың имамның жолын жалғастырып келе жатқанын көрсетеді. Ашура көтерілісінің бахрейндіктерге әсер еткені сондай, Халифе әулеті режимі олардың имам Хусейн (ғ.с.) мен серіктерін аза тұтуға көп қиындық тудыруда. Бірақ, Бахрейн шиіттері имам Хусейнді (ғ.с.) үлгі тұтып, үкіметтің басып-жаншу әрекеттерінен қорықпай, қозғалыстарын жалғастыруда. Олар имам сияқты Аллаға сүйеніп, батыс-араб ақпарат құралдарының цензураларына қарамастан өздерінің заңды құқықтарын талап етуде. Бахрейн шиіттері мен көтеріліс басшыларын қырып-жою мен қамау, аятолла шейх Иса Қасеммен қарым-қатынас орнатуына тыйым салу оларды «Қорлықты қабылдамаймыз!» деген ұрандарынан бас тартқыза алмады.

Бахрейн халқының шеруі

Батыс Азия аймағында орналасқан Сирия  жылдар бойы Батыс және араб жалдамалыларымен қақтығысуда. Тәкфиршіл уаһабшыл наным-сенімдерге ие жалдамалылар Сирия халқын аяусыздықпен жаппай қырып, Исламның ұлық пайғамбары әулетіне сан рет кек көрсетіп, имам Хусейн (ғ.с.)-ның қарындасы хазірет Зейнабтың қасиетті кесенесіне шабуыл жасады. Сирияға қарсы коалициямен күреске елдің әскері мен ерікті халықтық күштері шықты. Ирандық кеңесшілер мен Ливан Хизболласы, Ауғанстан мен Пәкістан жауынгерлерінің Сирияға аттануы имам Хусейннің (ғ.с.) мақсаттарына сүйеніп, рақымсыз және қылмыскер дұшпанмен күресетін майдан құрып, батыл соғысуға себеп болды. Батыс және араб үкіметтерінің көбі лаңкестерге қаржылай, саяси және үгіт-насихаттық тұрғылардан қолдау көрсеткенімен, исламдық қарсыласу майданының жауынгерлері Аллаға сүйеніп, олармен соғысты.   Уаһабшы лаңкестердің зорлық-зомбылықтары мен жауыздығы Кербаладағы қылмыстарды еске салады. Бірақ, зұлымдықтар Сириядағы қарсыласу майданының жауынгерлеріне әсер еткен жоқ. Олар  негізінде АҚШ, Англия, Франция және Сауд Арабиясының бүлікшіл үкіметтерімен соғысып жатқанын, оларға қарсы табандылықтың мұсылмандардың ғиззатына себеп болатынын жақсы біледі.  

АҚШ Сирияға бомбаларын жаудыруда

Иракты халқының көбі құрбан болған дағдарыстар елі деп атауға болады. Елдің көптеген адамын өлтіріп, азап-қорлық  көрсетіп, қамаған Саддамның диктатуралық, қандықол режимі 2003-ші жылы құлатылып, оның орнын үстемшіл, соғысқұмар АҚШ үкіметі басты. АҚШ Ирак жерінен кетуге мәжбүр болған кезде Ирактың БААС режимінің қалған мүшелері мен ДАИШ лаңкестері бұл елдегі орындарын нығайтты. 2015-ші жылдың маусым айында ДАИШ лаңкестік тобы Ирактың үлкен бөлімін өз бақылауына алып, халықтың көбін жауыздықпен өлтірді. Саддам, АҚШ және ДАИШ билігі кезінде Ирактың революцияшыл күштері Ашура оқиғасын үлгі етіп, олармен күресті. ДАИШ-пен күресте имам Хусейнді (ғ.с.) үлгі тұтатын Хашд әш-Шааби, Бадр ұйымы, «Асаеб аһле хақ», «Наджабо» қозғалысы секілді басқа да күрескер топтар майданға шықты. Ашура оқиғасы оларға күш-қуат беріп, олар діні мен елін қорғаған кезде имам Хусейн (ғ.с.) серіктерінің жанкештілігін ұмытпады. Хусейндік рух ДАИШ лаңкестерін жеңіп,   ғиззаты мен азаттықтарын қорғауға көмектесті.

 

Ирак халық күштері

 

Имам Хусейннің (ғ.с.) ең мазлұм жақтастары Нигерияда өмір сүреді деп айтуға болады. Бұл елдің мұсылмандары Исламның ұлық пайғамбары мектебінің жақтасы болып, пайғамбардың немересі хазірет Аба Абдолла әл-Хосейннің (ғ.с.) ғашықтары болғаны үшін басып-жаншылып, олардың басшылары шейх Ибрахим Закзаки қиын жағдайда абақтыда жатыр. Нигерия шиіттерінің жиындары елдің қауіпсіздік күштерінің шабуылымен бетпе-бет келуде. Мәселен, 2015-ші жылдың желтоқсан айындағы имам Хусейн (ғ.с.) Арбағині шеруінде әл-Саудтың арандатушылық әрекеттері салдарынан жүздеген адам шәһид болып, жарақат алды. Нигерия шиіттері имам Хусейн (ғ.с.) мен хазірет серіктерінің мазлұмдығыг еске алып, Аллаға иман келтіріп, қарсыласуды өздерінің ауыр жағдайына қарсы тұру жолы ретінде таңдады. Олар өздерінің рухтарын  күшейтіп, ғиззаттарын қорғап, хазіреттің қозғалысын ұмытпау үшін аза рәсімдері арқылы шындықты талап ету және азаттық сабағын үйретті.    

 

Нигериядағы имам Хусейн (ғ.с.)-ның шәһид болуы күнінің жылдығына қатысты аза рәсімдер

Ашура көтерілісінің исламдық қозғалыстарға әсер ететіндігін теріске шығаруға болмайтындықтан мұсылмандардың дұшпандары әр түрлі тәсілдермен бұл жалынды өшуге талпынуда. Дұшпандар халықты бұл қозғалыстан алыстата алмағандықтан Ашура оқиғасын өзгертіп, оның шындықты талап ету мен зұлымдыққа қарсы күресу, ғиззат іздеу мен қырағылық сынды негізгі мақсаттарын маңызды емес деп көрсетуге күш салуда.

Қалай болғанда да тарих бойында алдап-арбаушылық имам Хусейннің (ғ.с.) илаһи көтерілісінің әсерін азайта алмайды. Қазіргі кездегі исламдық қозғалыстар шамамен 1400 жыл бұрын Кербалада ағылған пәк қанға борыштар. Исламның ұлық пайғамбары имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісінің әсері туралы: «Хусейннің шәһидтігі мүміндердің жүректерінде еш уақытта өшпейтін, суымайтын жалынды тұтандырады»,- деген болатын.

 

Тегтер