Ашура оқиғасына қатысты сұрақтар (5)
Имам Хосейн (ғ.) мен оның қадірменді жанұясының Кербалада көрген тауқыметін баяндағанда кейде «Имам Хосейн (ғ.) Кербалада өзінің шәһид болатыны және Ашура күнгі басқа оқиғалардан хабардар болды ма? Егер білсе, неліктен өзін құтқарудың жолын ойламады?» деген сауал туындайды. Бүгінгі бағдарламада осы сұрақ төңірегінде сөз қозғаймыз.
Мұхаммед бен Ханифа имам Хосейннің (ғ.) Мәдинеден кетуге дайындалып жатқанын білгенде оған барып, «Мүміндердің әмірі» (ғ.) мен имам Хасан Мұджтабаның (ғ.) кезінде куфалықтардың уағда бұзғандығына тоқталып, Аба Абдулладан (ғ.) Иракқа бармауды сұраған. Имам: "Атам пайғамбарды түсімде көрдім. Ол маған "Иракқа қарай қозғал! Алла Тағала сенің өлігіңді көргісі келеді" деді",-деген.
Имам Хосейн (ғ.) мен оның қадірменді жанұясының Кербалада көрген тауқыметін баяндағанда кейде «Имам Хосейн (ғ.) Кербалада өзінің шәһид болатыны және Ашура күнгі басқа оқиғалардан хабардар болды ма? Егер білсе, неліктен өзін құтқарудың жолын ойламады?» деген сауал туындайды.
Құран Кәрімде "Өздеріңді өз қолдарыңмен өлтірмеңдер" деп айтылған жоқ па? Бүгінгі бағдарламада осы сұраққа жауап іздеуге тырысамыз.
"Ғайып" бір нәрсенің түсіну мен сезінуден жасырын болуы деген мағынаны білдіреді. Бір нәрсе немесе тақырып бір адам үшін ғайып, екінші адам үшін анық бола алады. Бұл әлгі адамның жеке болмыс-бітімінің шегі мен білімінің шекарасына байланысты. Құран Кәрімдегі ғайып ілімі туралы аяттар екі топқа бөлінеді. Кейбір аяттар бұл ілімді Құдайға тән деп сипаттаған. Мысалы, "Көместің кілттері Оның жанында. Оны Ол, өзі ғана біледі" ("Әнғам" сүресі, 59-аят). Аяттардың екінші тобы ғайып іліміне Алланың рұқсатымен илаһи әулиелер ие деп растайды. Мысалы, "Жын" сүресінің 26-аятында: "Көместі білуші Алла оның сырын ешкімге ашпайды",-деп жазылған. Сондықтан ғайып ілімі Құдайға тиесілі болғанымен ол өзінің әулиелеріне мұндай қасиет береді. Илаһи әулиелерге дарыған ғайып ілімі – Құдай тарапынан берілген сый. Имам Садық (ғ.) былай деген: "Алла Тағала өзінен басқа ешкім білмейтін ілімге және періштелер мен пайғамбарларын хабардар еткен ғылымға ие. Яғни, біз Құдай өз періштелерін хабардар еткен нәрседен хабардармыз".
Кербала оқиғасы туралы шиіттер мен сүнниттердің беделді дереккөздерінде көптеген хадистер келтірілген. Бұрынғы замандардағы пайғамбарлар, хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.), «Мүміндердің әмірі» – Әли (ғ.) мен хазірет Захра (ғ.) имам Хосейннің (ғ.) шәһид болатынын білген. Тіпті, имам Хосейннің (ғ.) өзінің шәһид болатынын талай рет айтқан. Умм Салмадан жеткен бір хадисте былай делінген: "Жебірейіл имам Хосейннің (ғ.) шәһид болатыны туралы хабар жеткізіп, Кербала жерінің бір уыс топырағын пайғамбарға берген. Сонда пайғамбар егіліп жылаған. Әлгі бір уыс топырақ Умм Салманың қолында болған. Ашура күні сол топырақ қанның түсіне енген". Бұл хадис шиіттер мен сүнниттердің дереккөздерінде келтірілген. Сонымен қатар ибн Аббас айтқандай, Сеффеин соғысы кезінде «Мүміндердің әмірі» Кербала жеріне жеткенде қатты жылағаны соншалықты, сақалы жасқа шыланған екен. Сол кезде хазірет Әли (ғ.) өз ұлының қаскүнемдердің қолынан қалай шәһид болатынын сипаттаған. Шәһидтердің әмірінің өзі: "Құдайдың атымен ант етейін! Умайе әулеті мені өлтіруге бел байлайды. Омар Саад олардың әскерінің қолбасшысы болады",-деген.
Сондықтан «Шәһидтердің әмірі» Ашура оқиғасынан хабардар болып, қиыншылықтардың барлығын біле тұра бұл жолға қалай қадам басты деген сұраққа ұлылар жауап береді. Бірінші жауап мынадай: имам Хосейн (ғ.) ғайып ілімін білген. Сонымен қатар, ол – халықтың жетекшісі. Сондықтан басқа жұртқа үлгі боларлықтай өмір сүруі керек. Бұл хазірет пен басқа имамдар қиыншылықтар мен кедергілерді шешу үшін халықтың ықтиярында жоқ нәрседен көмек алатын болса, өз ізбасарларын бауырластық, талпыныс, Құдай жолында джиһадқа шақыратындай үлгі бола алмас еді. Сондықтан бейкүнә жетекшілер әрдайым табиғи құралдарды пайдаланған, жеңіске жету үшін әдеттен тыс күштерден көмек алмаған. Тек кейбір жағдайларда ғана дінді сақтап, адамдарға жетекшілік ету соған байланысты болған кезде ғана пайдаланған.
Құран тәпсіршісі әрі ұлы шиіт ойшылы ғұлама Джавади Амоли илаһи әулиелердің ғайып ілімі туралы: "Бейкүнә жан Алланың рұқсатымен ғайыптан хабардар болғанымен бұл ілім ешқандай міндеттеме тудырмайды. Егер ілімге әдеттегі тәсілмен қол жеткізіліп, шариғат шарттарына сәйкес келсе, міндеттеме тудырады. Сондықтан бейкүнә имамдар да іс жүзінде сыртқы ілімді қолдануы тиіс, сонда илаһи міндетті орындаған болады. Ұлық пайғамбар ғайып ілімінен хабардар болса да, қоғамдық істерде сыртқы ілім негізінде әрекет еткен. Сол себепті хазірет Әли (ғ.) қай түні соққыға жығылатынын біле тұра мешітке барған. Имам Хасан Мұджтаба (ғ.) көзеде не барын білсе де, суды ішкен. Имам Хосейн (ғ.) Ашура күні не боларын білсе де, Кербалаға барған. Құдайдың хикметі бойынша, бейкүнәлардың пешенелеріне де басқа адамдар сияқты сынақтан өтіп, соғыс алаңдарында шөл, аштық пен шаршауды сезініп, жараланып, шәһид болу жазылған. Егер олар ғайып ілімін пайдаланса, ешқашан жеңілмеген болар еді. Әрине, кейде діннің абыройын сақтау үшін ғайып ілімін пайдаланған, бірақ күнделікті өмірде қарапайым ғылымдарды пайдалану негізге алынған",-деген.
Құранда адамның өзін өлтіруге болмайтыны айтылған. Бірақ, шәһид болу мен өлтірілудің арасында айырмашылық бар. Өлтіру – еш нәтижесіз әрі мақсатсыз жою және өз қанын бекер төгу. Бірақ, Құдай жолында шәһид болудың нәтижесі көп болады. Құранның көптеген аяттарында Құдай жолында жантәсілім ету басты орынға қойылған. Мысалы, "Бақара" сүресінің 207-аятында: "Адамдардан Алланың ризалығын іздеп жанын сататындар да бар. Алла (Т.) құлдарына тым жұмсақ",-делінген. Иә, имам Хосейн (ғ.) Алла Тағала қалаған ислам дінін сақтауды өзі мен жанұясын бәледен сақтаудан артық көрген және өзінің ақтық демі шығар алдында: "Иә, Алла! Мен сенің ризалығыңа разымын, сенің әміріңе бас иемін. Пешенеме жазғаныңа сабырлық танытамын. Уа, Құдай сенен басқа табынарым жоқ! Уа, панасыздарға пана болушы!",-деген.