"Қасиетті қорғаныс" – революциялық құндылықтар мен жанпидалықтың артуы
(last modified Sun, 30 Sep 2018 05:58:57 GMT )
Қыр 30, 2018 11:58 Asia/Almaty

Ирактың Иранға қарсы таңған соғысы ащы оқиға болды. Алайда, ащы оқиғалар мен ауыр күндерге қарамастан бұл соғыс есте қаларлық ерліктер мен мақтаныштарға толы болды. Ирактың БААС режимі әлемдік алып державалардың қолдауымен 1980 жылдың 21 қыркүйегінде (х.қ.ж.с.б 1359 жылы 31 шахриварда) Иранның шекаралық аймақтарына қарсы ауқымды түрде басқыншылық әрекеттерін бастады.

Таңылған соғыстың да басқа соғыстар секілді елдің инфрақұрылымдарын қиратып, бұзу мен көптеген адамдардың өлімі секілді салдары болды. Бірақ, "Қасиетті қорғаныс" кезеңі көптеген теоретиктер мен сарапшылардың көзқарасы бойынша, адами және мәңгілік рухани құндылықтар, ішкі көтерілістер пен ынтымақтастықты нығайту мен жанпидалық ұғымдарының өсіп-өркендейтін алаңына айналды. Бұл жетістіктер сегіз жылдық "Қасиетті қорғаныс" кезеңінде гүлденіп, дұшпанға қарсы соғыста ауыр әрі дағдарысты жағдайды мәңгілік сақталатын құндылықтардың пайда болуы мен Иранды қорғау мүмкіндігіне айналдырған бағалы элементтердің қатарына жатады.

Бұл құндылықтар бүгінде ислам революциясы тарихында лайықты орын алып, ислам революциясының серпінділігі, тұрақтылығы мен мәңгілігін көрсетеді.

Революция жетекшісінің пайымдауынша, Саддамның БААС режиміне көрсетілген әлемдік қолдауларымен салыстырғанда ИИР тек иманды халқы мен имам Хомейни секілді мықты жетекшісіне сенім артты. Соның нәтижесінде әлемдегі қитұрқы талпыныстар тасқа тиген жебе секілді нәтижесіз болып, Иран халқы сегіз жылдық "Қасиетті қорғаныс" кезінде барлық әлемдік алпауыттардан басым түсіп, жеңіске жетті.

Иран халқы қуатының қайнар көзі негізінде иман мен 39 жыл өтсе де әлі қуатын сақтап, ислам революциясының мәдениетіне айналған ислам революциясының шындығына сену болып табылады. Майкл Фишер "Иран: діни мәселеден революцияға дейін" атты кітабының бір бөлімінде: "Халықтың бойындағы өзгеріс революция жасалып, оның жеңіске жетуіне себеп болған діни-революциялық мәдениетке қарыздар",- деп жазды.

Соғыстардың көптеген салдары болады, тіпті бір мемлекеттің жойылып немесе кем дегенде ұзақ жылдарға дейін экономикалық, әлеуметтік және саяси салдарымен күресуіне соқтыруы мүмкін.

Иран мен Ирак соғысы жайлы көптеген зерттеулер жүргізген еврей зерттеушісі, сарапшы Эфрайм Карштың пікірі бойынша, революцияның жаңа армандары мен Иранның сол кездегі ислам әлеміндегі жағдайға қарсылығы мен Иран жүйесі құрылымының бұзылуы соғыстың негізгі факторларының қатарын құраған. Ирак режимінің Иранды бөлшектеуге деген талпынысы мен қызығушылығы да соғыстың факторы саналады.

Мұндай жағдайда елдегі ифрақұрылымдардың қиратылып, бұзылуы, адамдардың өлтірілуі, әлеуметтік реакциялар мен саяси-қауіпсіздік саласындағы өзгерістер соғыстардың салдарларының қатарына жатады. Алайда соғыстардың ең маңызды әсерлеріне әлеуметтік тұрғыдан көмектесу мақсатында көтеріліс жасап, қауіп төніп, дұшпан шабуыл жасаған кезде ынтымақтастық сезімін нығайтып, жанпидалық ету жатады. Бұл ерекшеліктер ауыр әрі дағдарысты жағдайда пайда болып, мәңгілік сақталатын құнды әрі бағалы элементтер саналады. "Қасиетті қорғаныс" кезеңі осы құндылықтардың теңдессіз үлгісін көрсетті.

Халықтың ерлігі, жауынгерлер мен таңылған соғыс ардагерлерінің ислам революциясын қорғау үшін сіңірген еңбегі күмәнсіз Иранның аймақта қуатты ел ретінде көрінуіндегі маңызды фактор саналады. Сондықтан тынышсыз аймақтағы Иранның қауіпсіздігі мен тыныштығын бүгінде ислам республикасы мақтаныштарының бірі деп сенімді түрде айтуға болады.

Таңылған соғыстың маңызды әсерлерінің бірі революциялық құндылықтарды мәңгілік қозғалысқа айналдыру екені шәксіз. Бұл ірі қозғалыс революция құндылықтарын әлемдік құндылықтарға айналдырып, әлемнің әлсіз халықтарына үстемшіл жүйеге қарсы тұруы үшін үміт сыйлады. Ислам революциясы бұрынғы имам көрсетіп кеткен бағытта барлық қысымдар мен іріткі әрекеттерге қарамастан ешбір жағдайда құндылықтары мен армандарынан алыстамады. Сол себепті ислам революциясы әлемдегі саяси-әлеуметтік саладағы ақиқат талап етуші қозғалыстың символына айналды. Қазіргі кезде Иран алпауыт мемлекеттерден еш қорықпастан, аймақта қауіпсіздік орнатуға көмектесетін істерді атқаруға талыпыныс жасап жатыр. Иран аймақта соғыс тудыруды көздейтін мемлекеттердің алдамшы ойындарына ешқашан қатыспаған, олардың жалған коалицияларына кірген емес.

Үстемшілдіктің ислам революциясымен дұшпандығы ешқашан аяқталмайды. АҚШ өткен 40 жылдың ішінде таңылған соғыс кезінде санкциялар жариялап, қастандық жасап, түрлі сылтау іздеу әрекеттері арқылы Саддамға қолдау көрсетуімен қоса Иранға қарсы коалиция құру арқылы ислам революциясы құндылықтарының жалғасуына кедергі жасауға талпыныс жасады. Алайда "Қасиетті қорғаныс" кезіндегі сәтті тәжірибе бұл қастандықтардың нәтиже бермейтінін көрсетті.

Сол себепті революция жетекшісі "Қасиетті қорғанысты" Иранның батыл халқының дұшпанға берген үлкен сабағы деп атап, Отанды қорғаудағы барша халықтың атсалысуы арқылы олардың үлкен сынақтан мақтанышпен өткенін қуаттады. Хазірет Иран халқының сегіз жылдық "Қасиетті қорғаныс" кезіндегі ынтасына тоқталып, бұл ынтаны Исламның арқасындағы рухани өркендеу мен материалдық әл-ауқатпен байланыстырды. Революция жетекшісі сондай-ақ: "Қасиетті қорғаныста" Иран халқының діни және ұлттық үлкен джиһады жүзеге асырылып, сол джиһадтың нәтижесінде ұлттың өз-өзіне деген сенімі күшейіп, дарынды жастар өркендеп, әлеуеттер танылып, ғылыми ілгерілеушіліктің негіздері қаланды",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Әскер мен Тәртіп сақтау күштерінің жоғары шенді қолбасшыларымен кездесуінде "Қасиетті қорғаныс" кезеңін Иран халқы абыройының өзегі деп атап: "Таңылған соғыс кезінде материалдық және рухани шығындардың жоғары болғанына қарамастан, Иран халқының сегіз жылдық "Қасиетті қорғаныс" кезінде қол жеткізген жетістіктері шығындармен салыстырғанда өте жоғары әрі ұлы саналады. Сегіз жылдық "Қасиетті қорғаныс" тәжірибесі барлық қыспақтар мен қысымдар, қаржының болмауы, көптеген қиындықтарға қарамастан әлемдік алпауыт елдердің  зорлықшыл әрекеттеріне қарсы табандылық танытуға болатынын көрсетті. Иран халқының сегіз жылдық "Қасиетті қорғаныс" кезінде көрсеткен табандылығы мұсылман және мұсылман емес елдердегі көптеген ықпалды тұлғалар мен ойшылдардың бойында құр қолмен өз отанын қорғауға болады деген берік сенім қалыптастырды",- деді.