Қаз 03, 2018 11:04 Asia/Almaty

Бүгінгі бағдарламамызда ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің ИИР Әскері офицерлерін дайындайтын оқу орындары түлектерінің Ноушаһрде өткен 16-шы оқу бітіру және ант беру рәсімінде сөйлеген сөзін талдаймыз.

Бүкіл Қарулы күштердің Бас қолбасшысы хазірет аятолла Хаменеи х.ш.ж.с.б шаһривар айының он сегізі, қыркүйектің тоғызы, жексенбі күні таңертең Ноушаһр қаласындағы имам Хомейни атындағы әскери-теңіз институтында Иран Армиясы офицерлерін дайындайтын әскери университеттер түлектерінің ант беру рәсіміне қатысты.

Хазірет рәсімде сөйлеген сөзінде үстемшілдердің аймақта тынышсыздық пен тұрақсыздық тудыруға бағытталған арам ниетті саясаттарына тоқталып: "Ислам республикасы мен Иран халқы АҚШ-қа қарсы табандылық таныту арқылы егер халық күш көрсетушілердің қоқан-лоққыларынан қорықпай, өз қабілеттеріне сеніп, иек артатын болса, алпауыт державалардың артқа шегініп, сәтсіздікке ұшырайтынын дәлелдеді",- деп баса айтты.

Ол Иран халқын әлемдегі азаттық пен әділеттің туын желбіретуші деп атап: "Қарулы күштер осындай халық пен елді қорғап, бар жан-тәнімен және терең діни әрі ұлттық ықыласымен мақтан тұтарлық қызметтерін жалғастыра беруі тиіс",- деді. Иран ислам революциясы жетістіктерінің бірі Иран халқының елге қарсы бағытталған алуан түрлі әрекеттер, санкциялар мен қоқан-лоққылар алдында табандылық танытып, қарсыласуы саналады. АҚШ-тың әлемдегі кез келген жүйені биліктен тайдыруға бағытталған ИИР-на қарсы әрбір әрекеті, санкциясы мен қоқан-лоққысы жеткілікті болды. АҚШ-тың әлемдегі белгілі бір үкімет пен халыққа қарсы бір ғана қастандық әрекет арқылы сол елдің жүйесін биліктен құлатқанын көрсететін мысалдар өте көп. Бұл мәселе Иран ислам революциясы жеңіске жеткенге дейін Иран халқына қатысты да рас болды. Ислам революциясының жеңісінен жиырма бес жыл бұрын Иран халқы мұнай өнеркәсібін ұлттандырып, ұлыбританиялықтардың Иран мұнайын тонап, талан-таражға салуын тоқтатты. Ол кезеңде АҚШ үкіметінің отаршылдық және үстемшіл болмысы көпшілікке әшкере болмаған. Иранның премьер-министрі доктор Мұхаммад Мосаддеқ үкіметі америкалықтарға сенім артып, дәл сол сенім салдарынан АҚШ пен Ұлыбритания Иран Әскері мен үкіметіндегі өз адамдары арқылы 1953 жылы Мұхаммад Мосаддеқ үкіметін биліктен тайдырып,  Ираннан қашқан шаһты билік басына қайта отырғызу үшін төңкеріс ұйымдастырып, жүзеге асырды. Иран 25 жылға АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ең маңызды одақтасына айналды. 40 000-нан астам америкалық кеңесші Иранның саяси, экономикалық және әскери салаларын толығымен өз бақылауында ұстап отырды. АҚШ-тың ауқымды қолдауларының арқасында Мұхаммад Реза Пехлеви Иранда үстемшіл үкімет құрып, қарсы шыққан кез келгенді басып-жаныштап отырды.

Аятолла Хаменеидің Ноушаһрде ИИР Армиясы офицерлерін дайындайтын әскери университеттер түлектерінің 16-шы ант беру рәсіміне қатысуы

Ислам революциясының негізін қалаушы имам Хомейни өз қозғалысын бастаған сәттен ислам революциясының жеңіске жетуіне дейін әрдайым АҚШ және сионистік режимді Иран халқының басына түскен барлық бақытсыздықтар мен қасіреттердің себепкері танып, шаһты АҚШ пен Ұлыбританияның "қуыршағы" деп атады. Иранда 2500 жылдан бері билік еткен патшалық үкіметті тақтан құлатып, ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін АҚШ-тың Таяу Шығыстағы саясатына ауыр соққы тиді. АҚШ Таяу Шығыс аймағындағы ең маңызды әскери базасы мен одақтасынан айрылды. Ислам революциясы жеңісінің басынан бастап АҚШ жаңадан құрылған Иран Ислам Республикасы жүйесін биліктен тайдыру мақсатында кез келген қастандық әрекеттен тайынбады. Иранда азамат соғысын тудыру мақсатында революцияға қарсы және сепаратистік топтар мен қозғалыстарға қолдау көрсету, экономикалық санкциялар жариялау, Иранның саяси және әскери салалардағы өз адамдары арқылы төңкеріс ұйымдастыруға талпыныс жасауы, Саддамды Иранға басқыншылық жасауға ынталандырып, оған қолдау көрсетуі және үлкен көлемде қаржылай және адами шығын келтірген сегіз жылдық соғысты таңу АҚШ-тың ИИР жүйесін биліктен тайдыруға бағытталған әрекеттерінің қатарын құрады. АҚШ-тың дәл осындай әрекеттері имам Хомейнидің АҚШ-ты "үлкен шайтан" деген лақап атпен атауына себеп болды. Иран халқы АҚШ-тың барлық әрекеттеріне қарсы табандылық танытып, қарсыласып, аймақ пен әлем халықтары үшін теңдессіз үлгіге айналды. Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи ИИР Армиясы офицерлерін дайындайтын әскери университеттер түлектерінің 16-шы ант беру рәсімінде сөйлеген сөзінде әртүрлі мелмекеттердегі көптеген халықтардың әділетті сүйетінін, бірақ үстемшілдіктен әділет пен азаттық талап ете алмайтындығына тоқталып: "Осындай әлемде Ислам республикасы мен Иран халқы ашық түрде еш жасырмастан үстемшілдік пен зұлымдыққа қарсы табандылық танытып отыр. Осы мәселе әлемдегі қанаушы зұлымдардың Иранның ұлы халқына дұшпандық танытуына себеп болды",- деді.

Ислам революциясының жеңісінен қырық жылдан кейін АҚШ үкіметі әлі де ауыр экономикалық санкциялар жариялап, әскери қоқан-лоққылар жасау арқылы Иран Ислам Республикасы жүйесін құлатуды көздеп отыр. Осында айта кететін маңызды жайт, АҚШ бұл әрекеттерін Иран халқына қолдау көрсету деген атпен жасап жатыр. Әлемде халықтың қолдауынсыз АҚШ-тың барлық қастандықтарынмен қарсыласа алатын үкімет бар ма? ИИР қазіргі таңда аймақта АҚШ-тың күш көрсетуші саясаттарына қарсы алып державаға айналып, аймақтағы әсірешілдік және лаңкестікпен күресіп жатқан шынайы ел саналады. Дәл осы мәселе америкалықтар мен сионистік режимнің алаңдаушылығын тудырып, олардың осылайша ИИР жүйесін билік басынан тайдыруды көздеуіне себеп болды. Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи әлемнің түрлі аймақтарындағы, әсіресе Батыс Азия аймағындағы тынышсыздықтар мен тұрақсыздықтарға сілтеме жасап: "Үстемшілдік пен оған жетекшілік етіп отырған зұлым АҚШ өз мүдделерін азамат соғыстарын тудыру, лаңкестік әрекеттерді арттыру мен қақтығыстардың орын алуында деп санайды. Өкінішке орай, кейбір аймақ елдері оларға көмектесіп отыр",- деді. Ислам революциясының жетекшісі АҚШ пен сионистік режимнің мақсатын аймақта исламдық қуаттың бой көтеруінің алдын алу деп атап: "Олар Исламның тартымды жолдауының әлсіздер мен мақұрымдарды қорғау екенін жақсы біледі. Сондықтан, Исламға негізделген бір күш-қуаттың қалыптасуынан қорқады",- деді.

Иран халқы 40 жыл өтсе де АҚШ-тың қастандықтарына қарсы табандылық танытып келеді. Сондықтан бұл жағдай АҚШ үкіметін алаңдатып отыр. АҚШ-тың әлемдегі, әсіресе Таяу Шығыс аймағындағы гегемониясын сақтап қалуға бағытталған шығыны қатты артты. Сол себепті ол Иран халқына қарсы дұшпандық және өшпенділік саясатын жүзеге асыруды жалғастырып жатыр.

Хазірет аятолла Хаменеи Ислам республикасының үстемшілдерге қарсы айбынды табандылығын әлемдік зұлымдардың аймақта көздеген мақсаттарының басым бөлігінің сәтсіздікке ұшырауына себеп болғанын айтып: "Саяси сарапшылар мен әлем данышпандары Иранның Құдайға сенім артып, ұлттық қуатқа сүйеніп, әлемдік алып державаларды аймақта сәтсіздікке ұшыратқанына таңырқап, бұл шындықты мойындап отыр",- деді. Ислам революциясы Шығыс пен Батыстағы екі ірі алып мемлекетке иек артпастан жеңіске жетті. Бұл ислам революциясының жиырмасыншы ғасырдағы революциялармен салыстырғандағы ең басты айырмашылығы болды. Ислам революциясының жеңіске жетуінен соң Иран өз тәуелсіздігін сақтап, Шығыс пен Батыстың екі алып державасының ешқайсысына да бет бұрмай, АҚШ-тың ИИР-ға қарсы қоқан-лоққылары мен әрекеттерінен қорықпай, Кеңес одағының қолдауына ие болуды да көздемеді. Керісінше, ИИР алғаш рет Батыс пен Шығыстың екі алып державасының басты дұшпанына айналды. Саддам режимі Шығыс блок лагеріне қарағанымен Иран жеріне басқыншылық жасағанда АҚШ пен одақтастарының жан-жақты қолдауына ие болды. Сегіз жылдық таңылған соғыс кезінде Шығыс және Батыс блоктарындағы 58 мемлекет Саддам режиміне эколномикалық, әскери, қаржылай және саяси тұрғыдан көмектесті. Иран қазір АҚШ-тың ашкөздігі мен дұшпандығына қарсы табандылық пен қарсыласу құбылысына айналған. Дәл осы табандылық АҚШ-тың еуропалық одақтастарының ИИР-н теріске шығаруға келмейтін және елемеуге болмайтын шындық екендігіне көздері жетіп, АҚШ-тың талаптары мен санкцияларды қайта күшіне енгізуді қабылдамай, "Ортақ қадам" атты Иранмен арадағы ядролық келісімді сақтап қалуды көздеуіне себеп болды.

Аятолла Хаменеидің ИИР Армиясы офицерлерін дайындайтын әскери университеттер түлектерінің 16-шы ант беру рәсімінде сөз сөйлеуі

Ислам революциясының жетекшісі қоқан-лоққы жасап, күш көрсетуді қанаушы мемлекеттердің басқа халықтарды қорқыту үшін пайдаланатын әдісі деп атап: "Егер халық бұл айла-шарғылардан сескенбей, батылдықпен және өз қабілеттеріне деген сеніммен ақиқат пен әділет жолында әрекет етсе, алып мемлекеттер кері шегініп, сәтсіздікке ұшырайды",- деді. Хазірет ислам республикасын осындай шындықтың айқын мысалы деп атап: "Иранның АҚШ пен сыбайластарының бүлдіргі әрекеттерінің басты нысанасына айналғанына 40 жыл болды. Алайда қазіргі таңда ол жас көшеттен мықты да мәуелі ағашқа айналып, үстемшілдердің көптеген әрекеттеріне қарамастан халықтарды революция жолдауымен тәнті етіп, АҚШ-тың аймақтағы қастандықтарын сәтсіздікке ұшыратты. Хазірет аятолла Хаменеи Сирия, Ирак пен Ливанды АҚШ-тың аймақтағы қастандықтарының сәтсіздікке ұшырауының айқын мысалдары деп атап: "Бұлар Жаратушының құдіреті мен егер Құдайдан жәрдем тілесеңдер, Құдай сендерге жар болады деп айтылған илаһи уәдені растап отыр",- деді.

 

Тегтер