Қаз 18, 2018 01:18 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы: Қасиетті қорғаныс жылдарын еске алу

Ислам революциясының жетекшісі: "Қасиетті қорғаныс рауаяттарында бұл қорғаныстың рухы мен ұлылығын көрсету қажет. Қасиетті қорғаныс – біртұтас рух, біртұтас тіл, біртұтас жолдау. Оның рухы – иман, жанкештілік, Алла жолындағы күрес, сәтсіздікті қабылдамайтын халықтың жолдауы".

Иранның революцияшыл халқы мен елдің ержүрек жауынгерлерінің Ирактың соғысқұмар диктаторы Саддам Хусейннің әскери шабуылына қарсы сегізжылдық қасиетті қорғанысы ащы және тұщы оқиғаларға толы болды. Қарсыласу күштері мен әскерилердің жеңістері мен жанкештілігі, сондай-ақ, Иран халқының оларға үнемі қолдау көрсетуі – соғыс туралы ұмытылмайтын естеліктердің бір бөлімі; басқыншылық, қылмыстар мен кейбір кездердегі Иранның сәтсіздіктері – бұл ауыр кезеңдегі ащы оқиғалардың келесі бір бөлігі. Бүгінде қасиетті қорғаныс жылдарының ардагерлерінің әрқайсы  соғыс туралы көптеген оқиғаларды еске алады. Соғыс жауынгерлері жылдар бойы Иран Ислам революциясы жетекшісмен кездесуде сол оқиғаларды баяндап келеді. Биыл да олар Саддамға қарсы сегізжылдық соғыс кезіндегі күрестің  қызық әрі таңғалдырарлық оқиғаларын діни жетекшіге баяндап, хазіреттің ақыл-кеңесін тыңдады.

Қасиетті қорғаныс жауынгерлері ислам революциясы жетекшісімен кездесті

Аятолла Хаменеи кездесудегі сөзінің басында ИИР-на қарсы елдердің елдің билік жүйесін құлатып, Ислам революциясының жетістіктерін жою жобаларына тоқталып: "Ислам революциясы жеңісінің бірінші күнінен бастап, әлемнің барлық дүниеқорлары, сионистер мен басқа да ашкөздер  бірігіп, рухани құндылықтар туралы хабар әкелген  жүйенің жас көшетін тамырымен құртқысы келді",- деді. Аятолла Хаменеи Саддамның Иранға қарсы шабуылын Иран Ислам революциясының рухани және илаһи болмысына қарсы билеп-төстеушілер мен дүниеқұмарлардың түрткілерімен жасалды деп сараптап: "Соғыстың алғашқы күндері олар мұны оңай іс деп ойлады. Олар сол үміттерімен Саддамды Иранға қарсы соғысқа итермеледі. Бірақ, қатаң жауап алып, артқа шегінді. Қазіргі кезде олар талпыныстарын жалғастыруда. Біз олардың жобаларын өзіміздің жігеріміз, өзімізге деген сеніміміз бен Аллаға деген иманымызбен залалсыздандыра аламыз. Құдайдың көмегімен талпынысымызды іске асырамыз. Бұл саладағы жолдардың бірі қасиетті қорғаныс мәселесін жаңдандыру болып  табылады",- деді.

Қасиетті қорғаныс кезіндегі Иранды қорғаған жауынгерлер

Ислам революциясының жетекшісі қасиетті қорғаныс соғысының ардагерлерімен кездесуінде қасиетті қорғаныстың нәтижесі ретінде дүниенің шынайы жүзінің билеп-төстеуші мен билеп-төстеушілікті қабылдаушының, сондай-ақ зұлымдық пен  әділетсіздіктің таралуы мен руханияттан кенделігін көрсеткенін айтты. Хазірет билеп-төстеуші жүйенің рақымсыздығы мен қатыгездігін Иранның өзін қорғайтын қаруы мен әскери жабдық тұрғысынан тапшылыққа тірелгенін көре тұра әртүрлі үкіметтердің Иранға әскери жабдық сатпауы деп атады. Саддам режимі заманауи қару-жарақ, қаржылай және саяси үгіт-насихаттық қолдауларға ие болды. Ислам революциясының жетекшісі  бұл туралы: "Біз экономикалық, саяси және үгіт-насихаттық қоршауда болдық.  Яғни, біздің дауысымызды ешкім естімеді. Әлемнің бұқаралық ақпарат құралдары сионистердің қолында болды",- деді.

Сардаштағы химиялық қарудың құрбандары

Аятолла Хаменеи Батыс үкіметтерінің Саддамға тіпті химиялық қару бергені туралы мәселеге тоқталып: "Бүгін еуропалықтар мен америкалықтар  химиялық қару туралы қандай жанжал көтеруде. Алайда,олардың өздері сол кезеңде Саддам режиміне химиялық қару пайдалануға рұқсат етті. Соғыс майданында ғана емес, Сардашт қаласы мен оның айналасы осы уақытқа дейін химиялық қару салдарының зардабын тартып отыр. Сол кездегі дүниенің жағдайы әлемнің қалай бөлінгені, алпауыт елдердің әлемдегі теңгерімін көрсетті. Сегізжылдық соғыс  жауынгерлердің жанкештілігін дәлелдеді",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи: "Германия мен Франция халықтары сегіз жылдық соғыс кезінде үкіметтерінің  Иран халқына қарсы не істегені туралы  неге білмейді? Бұл – біздің бұрыс әрекетіміздің салдары. Әлем билікқұмар жүйенің нақты бейнесін көрмейді. Неге? Бұл – біздің шала жұмысымыздың салдары. Біз бұл салада талпыныс жасауымыз керек. Біз әдебиетіміз, кинематографиямыз, театрларымыз бен теледидарымыз, газеттеріміз бен әлеуметтік желілерімізде қасиетті қорғанысқа қатысты көп жұмыс істеуіміз керек",- деп қуаттады. Ислам революциясының жетекшісі  қасиетті қорғаныс жылдарының ардагерлерін қаһармандар  және илаһи қор деп атап, олардың батырлықтарын дүниеге тарату қажеттігін қуаттап: "Қасиетті қорғаныс рауаяттарында бұл қорғаныстың рухы мен ұлылығын көрсету қажет. Қасиетті қорғаныс – біртұтас рух, біртұтас тіл, біртұтас жолдау. Оның рухы – иман, жанкештілік, Алла жолындағы күрес, сәтсіздікті қабылдамайтын халықтың жолдауы",- деді.    

Қасиетті қорғаныс жауынгерлері Ислам революциясы жееткшісімен жамағат намаз оқыды

Аятолла Хаменеи қасиетті қорғаныс жауынгерлерінің естеліктерін жинап, тіркеген адамға алғысын айтып, сан мен сапаның дамуын қуаттап: «Қазір соғыс пен қасиетті қорғаныс әдебиеті мен өнер салаларындағы жұмыстар жүз есе артуы керек. Егер сіздер бүгін соғыс естеліктерін жинап, тіркеумен айналыспасаңыздар, бұл қатер тудырады.  Соғыс туралы сіздер баяндаңыздар. Егер өздеріңіз жазбасыңыздар, дұшпан өзінің қалауы бойынша жазады»,- деп ескертті.

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында соғыс туралы жазбалардың оқырмандарының санын арттыру саласында: «Жазбаларды аудару қозғалысын ұйымдастыру қажет. Құдайға шүкір, жақсы жазба еңбектері аз емес. Уақытым бар кезде оларды оқығым келеді, оқимын. Көптеген жақсы кітаптар бар, сондықтан аударылуы қажет. Мен қасиетті қорғаныстың әдемі көрініс екендігін сан рет айттым, бірақ оны алыстан көрдік. Адам бұл көріністі жақыннан көрген сайын көбірек таңғала түседі. Жүздеген миллион адамға түсінуге рұқсат етіңіздер. Аймақта қандай оқиғаның орын алғанын, біздің не айтатынымызды, Иран халқының кім екенін білсін. Мұның барлығы Иран халқын таныстырады»,- деді.

Сирияда "Шам уақыты бойынша" фильм көрсетілді

Аятолла Хаменеи қасиетті қорғаныс ардагерлерінің алдында бұл теңсіз емес соғыс пен соғыстағы ержүрек жауынгерлер туралы фильмдер шығару қажеттігін қуаттап, бұл істі өте әсерлі деп атады. Хазірет қасиетті қорғаныс туралы фильмдердің маңыздылығы туралы айтқан кезде Батыс фильмдері фестивалінің жұмысына тоқталып: «Бұл фестивальдер қасиетті қорғаныс туралы бір фильмді көрсетпейді. Неліктен? Олардың қорқатындығы анық. Олар бұл фильмдер әлем халықтарын шындықтан хабардар етіп, әлемнің қоғамдық пікіріне әсер етеді деп алаңдйды. Бұл фильмдер – әсерлі қару. Бұл біздің қолымыздағы үлкен мүмкіндік. Осы мүмкіндікті неге пайдаланбаймыз?»- деген мәселені көтерді. Сондай-ақ, аятолла Хаменеи Ибрахим Хатамикианың Иранның Сириядағы ДАИШ лаңкестік тобына қарсы күресі туралы  ирандық «Шам уақыты бойынша» деген фильміне сілтеме жасап: «Хатамикиа мырзаның бұл фильмі Сирияның жер-жерінде көрсетіліп, халықтың қолдауына ие болды. Бұл фильм неліктен Еуропада, азиялық елдерде көрсетілмейді? Неліктен Индонезия, Малайзия, Пәкістан мен  Үндістан халықтары үшін аймақта қандай оқиғаның орын алып, біздің кімнің жақтасы болғанымыз туралы неге білмеске? Бұл соңғы кезде орын алған оқиға. Қасиетті қорғаныстың маңыздылығы мен тереңдігі бұл оқиғалардан артығырақ»,- деді. Кездесудің соңында аятолла Хаменеи жиналған ардагер жауынгерлердің өтініші бойынша, Ирак армиясының Иранға шабуыл жасаған кезеңдегі алғашқы күндері мен өзінің соғыс майданындағы оқиғалардың бірін баяндады.

 

 

Тегтер