Қаз 20, 2018 20:58 Asia/Almaty
  • Теһрандағы мұхаррам айына арналған фотосурет көрмесі  (2)

Ирандық фотографтардың Ашура тақырыбындағы суреттері

2018 жылдың қазан айының 10-21 күндері Теһрандағы "Ақлақ" мәдениет үйінің "Калак-е хиял" галереясында діни тақырыптағы "Ашураның тынысы" атты топтық фотосурет көрмесінің бірінші кезеңі өтті.

Көрме «Ашура» мәдениетін халық арасына таратып, Иранның әртүрлі қалалары мен ауылдарында мұхаррам салтының әртүрлі рәсімдерін халыққа таныстыру мақсатын көздеді. Көрменің іріктеу кезеңіне 270 фотограф қатысты. Олардың арасынан 45 өнерпаздың туындылары таңдалып, 60 фотосурет жұрт назарына ұсынылды. Көрмені ұйымдастырған – Джавад Елминиа.   

Тегтер