«Арбағин» рәсімінің жолаушысы 1
(last modified Sat, 27 Oct 2018 10:35:30 GMT )
Қаз 27, 2018 16:35 Asia/Almaty
  • «Арбағин» рәсімінің жолаушысы 1

Достарымыз бен үлкендерімізден "Арбағин зияратының" жаяу жүру рәсімі туралы көп естіп, бұл рәсімге қатысуды армандадық. Биыл Алланның рақымымен мен де бұл рәсімге шақырылдым. Биыл – мен де «Арбағин» рәсімінің жолаушысымын.

Қасиетті мекендерді зиярат ету – бірінші илаһи пайғамбар хазірет Адамның (ғ.с.) кезінен келе жатқан ғибадаттың бір түрі. Рауаяттар бойынша хазірет Адам (ғ.с.) Алланың үйіне 70 рет зиярат жасаған. Егер ғибадат жасау қиындықтармен кезіксе, көптеген сыйы және сауабымен қатар, барлық қиындық оңай көрінетін ләззатқа ие. Өйткені, Исламның ұлық пайғамбары әулетін Алла үшін жақсы көру адамға бұл жолды өтуге көмектесіп, рухани ләззат сыйлайды. Зияраттардың ішінде хазірет Аба Абдолла әл-Хусейн (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесін зиярат ету зияраттың өте жоғарғысы саналады. Өйткені, пәк имамдардың өздері: "Біз – құтқаратын кемелерміз, бірақ Хусейннің (ғ.с.) кемесіі басқалардың кемесінен жылдамырақ қозғалады",- деген. Алла елшісі хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) әулетінің кесенелерін зиярат ету бұл әулетке деген шексіз махаббаты білдіреді. Сондай-ақ, бұл әулетке бағынып, олармен арадағы мықты келісімді жаңғыртуға жағдай тудырады. Имам Хусейнге (ғ.с.) қатысты «Арбағин» зияраты – сондай пәк мұрсаттардың бірі.

Достарымыз бен үлкендерімізден "Арбағин зияратының" жаяу жүру рәсімі  туралы көп естіп, бұл рәсімге қатысуды армандадық. Биыл Алланның рақымымен мен де бұл рәсімге шақырылдым.

Биыл – мен де «Арбағин» рәсімінің жолаушысымын.,,

«Арбағин» күні имам Хусейнге (ғ.с.) зиярат ету үшін Ирак жеріндегі Кербалаға аттану керек. Ирак – адамзат өркениеті қалыпасқан ең көне жерлердің бірі. Бұл жердің тарихы хазірет Исаның дүниеге келуінен мыңдаған жылдар бұрын басталған. Ирак – Таяу Шығыс және Батыс Азияның оңтүстігінде орналасқан мемлекет. Астанасы – Бағдад қаласы. Бұл мемлекет оңтүстігінде Сауд Арабиясы  және Кувейтпен, батыста Иордания және Сириямен, шығыста Иранмен, солтүстігінде Түркиямен шекаралас. Тарихшылардың зерттеулеріне сәйкес, бұл мемлекет географиялық орнына, яғни суға жақын болуына байланысты "Ирак" деп аталған.

«Арбағин»  күндері Иракқа Иран шекаралары арқылы өту әртүрлі, соның ішінде Меһран, Шаламче және Чазабе деген үш шекара өткелі дайындалады.  Шекаралық  Меһран  қаласы Илам облысының батыс бөлігінің қиырында орналасқан. Илам қаласына дейінгі  қашықтығы 85 километр. Иракқа осы шекара арқылы кіретін зияратшылар Зарбатие аймағы мен Бадре шағын қаласынан өткен соң Кут, Намание, Шомоли, Дивание және Шамие қалаларынан өтіп, Наджафқа кіреді. Зарбатие шекаралық бекеті мен Наджафтың кіреберісіндегі бақылау бекетінің арасы – 302 километр.

Мен «Арбағин» рәсіміне қатысу үшін Меһран шекарасын таңдадым. Жеңіл заттарымды иығыма асып, жолға шықтым. Меһраннан Кербаланың хош иісі сезілді. Шекарадағы мыңдаған зияратшының жүзінен тек махаббат пен имамға (ғ.с.) жетуге деген жақсы көңіл-күйді ғана байқауға болады. Бұл жердегі әр адамның ықыласын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әртүрлі топтардың ерекше көңіл-күйі мен кеуделерін ұрып, рәсімге қатысты арнайы өлең айтуы Меһранның кеңістігін Кербала кеңістігіне теңестіреді. Расында, бұл адамдар неліктен өз өмірлерін қатерге тіреп, қасиетті мекендерге қарай жолға шықты?

Сол кезде ақынның мына өлеңі есіме түсті:

Әлемді есінен тандырған Хусейн кім?

Баршаның жаны оның көбелегіне айналған бұл қандай жарық?

Ол бүкіл әлемге ержүректілігімен танымал болып,  

Хақты айтты. Оның беделі хақтығында.

Имам Хусейн (ғ.с.) – Алла елшісінің екінші немересі; шындықтың жалғандыққа қарсы күресінің туын көтеруші. Ол өзінің өмірін, мал-мүлкі мен отбасын құрбан етіп, Ислам дінін жаңғыртып, адамзатты айқын әрі сенімді жолға қарай нұсқады. Бүгін миллиондаған адам имам Хусейн (ғ.с.) жолына түсіп, хазіреттің жанкештілігі мен сөзінің кемелдігін түсінуге талпыныс жасап жатыр. Имам  Садық (ғ.с.) имам Хусейннің (ғ.с.) қабірін зиярат етушілердің Кербала сапарына шығуың ең көркем себептері туралы: "Уа, халықтың жүректерін бізге қарай бұрған Алла! Мені мен бауырларым және Аба Абдолланың (ғ.с.) қабірінің зияратшыларының күнәларын кешіре гөр. Олар бізге, Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетіне жақсылық жасау үшін  имам Хусейннің (ғ.с.) жолында қаржы жұмсап, хазіреттің қабірін зиярат етуге аттанды. Олар бізге жақындағандары үшін сенен сый алып, зияраттарының арқасында ерекше қуанышқа бөленуге үміттенеді",- деген болатын.

Иракқа ерекше көңіл-күймен аяқ бастым. Шекарадан өткен соң ауа-райы өзгергендей болды. Айналамыз – кең дала, ерекше көңіл-күйге ие ғашық зияратшылар, зияратшыларды тасымалдайтын көліктер. Зияратшылардың көбі Наджафқа бармақ. Мен де алдымен Каземайнге баруға шешім қабылдадым.

 

Тегтер