"Арбағин" рәсімінің жолаушысы 3
Самерра – Ирактың қасиетті төрт қаласының бірі. Бұл қала Бағдадтың солтүстігінен 124 километр жерде Тигр өзенінің шығысында орналасқан.
Хиджри қамаридің 221-ші жылы Харун әр-Рашидтің перзенті Мұхаммад Моттасам халифатының астанасын Бағдадтан Самерраға ауыстырды. Хиджри қамаридің 256-шы жылы, яғни, Бағдад қайтадан астана болғанға дейін бұл қалада Аббаси әулетінің сегіз халифасы билік жүргізді. Самерра отыз жыл астана болып, жақсы дамып, қалада көптеген сарайлар мен серуен мекендері мен мешіттер салынды. Самерра бүгінде имам Хади (ғ.с.) мен имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) қасиетті кесенелерінің орналасуына байланысты әлем шиіттерін қызықтырып отыр. Қазір қаланың ортасында зират орналасқан мекен екі имамның тұрағы болған. Олар шәһид болған соң сол жерде жерленген.

Сапарға шығардан бұрын Самерраға барамын деп ойламаған едім. Қаланың әскери және қауіпсіздік жағдайы туралы естігендерім мені бұл қалаға бармауға шешім қабылдатты. Бірақ, шыдай алмай, Наджафтан бұрын Самерраға бару шешім қабылдадым. Бұл қала айлар бойы тәкфиршіл лаңкестердің қоршауында болып, күмбезі мен кесенесі сан рет бомбалар мен зымырандардың нысанасына алынды. Сапарымның екінші күні имам Хади (ғ.с.) мен имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) кесенелерін зиярат ету үшін Самерра қаласына аттандым. Бұл қала Бағдадтан 124 км қашықтықта орналасқан. Түске қарай жасқа толы көзіме екі имамның қасиетті кесенесінің күмбезі көрінді. Қайғылы жүрегіммен кесенеге жақын жерде көліктен түсіп, "Алладан басқа Құдай жоқ, Сұбхан Алла және Алхамду Лиллаһ" деген зікірлерді қайталап, кесенеге қарай жаяу аттандым. Кейбір үлкендер оныншы және он бірінші имамдардың кесенелерінің адамның көңілін көтеретінін, сондықтан зияратшы көңілінің жақсарғанын сезінетінін, өйткені, бұл жердің имамдардың өмір сүрген мекендері болғанын айтатын. Мен де бойымнан ерекше көңіл-күйді сезіндім.
Қалаға кірген сәттен бастап одан шығып, қаламен қоштасу туралы ойладым. Бұл ой өте ауыр болды. Өйткені, күтумен өткізген сонша уақыттан кейін имамат аспанының жарқыраған жұлдызы хазірет Мәһдидің (ғ.с.) жасырын кезеңі басталуының белгісі "Аскараин" кесенесінде тек екі сағат қана болуды өте аз санадым. Зарихтың ішінде имам Хади (ғ.с.) Қыблаға қарай оңтүстік жақта, имам Аскари (ғ.с.) хазіреттің артындағы солтүстік қабырғаға қарай жерлеген. Бұл екі тұлғаның қасында тоғызыншы имам, яғни имам Джавадтың (ғ.с.) қызы әрі имам Аскаридің (ғ.с.) апасы Хакиме Хатун мен имам Аскаридің (ғ.с.) әйелі, имам Мәһди (ғ.с.) анасы Нарджес Хатун жерленген.
Баб әл-Қыбла дарбазасының алдында көп адам жиналып, кіруге рұқсат алу дұғасын оқып тұрды. Зияратшылар беттері мен еріндерін кіреберістегі дарбаза мен қасиетті зарихке тигізіп, тәбәрік етіп, сүйіп жатты. Мен де соларға қосылып, кірер алдында оқылатын дұғаны оқыдым.
Бұл жерде тұрып, имам Реза (ғ.с.)-ның: "Әрбір имамның серіктері мен жақындарының мойындарына артылған жауапкершілік пен келісім бар. Сол келісімге табандылық білдіру олардың қабірлеріне зиярат ету арқылы жүзеге асады. Сондықтан шынайы ықыласпен имамдардың қабірлерін зиярат етуге қарай жолға шығатын әрбір адам қиямет күні имамдардың шапағатына ие болады",- деген хадисін есіме алдым. Сондықтан әрбір зияратшы шапағатқа ие болу үшін әлемнің Жаратушысынан жүрек пен рухың тазалығы мен көңіл-күйі мен денінің саулығын сұрауы керек. Сонда оның сырты кемелдікке жетіп, ішкі болмысы да ластықтардан тазарады.

Зияратнаманы оқып, бұл екі тұлғамен келісімімді жаңғыртып, олардан ақыретімнің жақсы болуы мен тозақ отынан құтқарылуым үшін қиямет күні шапағат етуді сұрадым. Сондай-ақ, олар мен олардың аталары мен әкелерінің велаяты мен махаббаттарының жалғасуын, ең маңыздысы қиындық көрген барлық адамдардың құтқарушысы әрі әлемнің барлық азаттық талап етушілерінің қолдаушысы имам Мәһдидің (ғ.с.) келуін сұрадым. Барлық зияратшылар дұға оқып, бұл екі пәк имамның (ғ.с.) кесенелеріне зиярат жасап, қажеттіліктері мен мұң-мұқтаждарын сұрайды. Содан соң имам Әли ән-Нақи (ғ.с.) мен имам Хасан Аскари (ғ.с.) үшін екі рекет намаз оқиды және қоштасып: "Уа, Алла, бізді оның жақтастарының қатарына қоса гөр. Бізді ғибадат жасаушы қылып қалдырып, үкіметін сақтап, бізді олардың дұшпандарының жеңімпазы етіп, тәубе етушілердің тізіміне тіркей гөр",- деп сұрайды.
Бүгінде Самерра қарсыласу шебінің көрінісі саналады. Қасиетті кесенелерді қорғауды мақтан тұтатындарды қасиетті кесенеде жерлеуге рұқсат берілген. Бұл күндері Пайғамбар әулетіне ынтық жандар тәкфиршілерге өздерінің Алла елшісінің әулетіне деген махаббатарын көрсетуде.Қасиетті кесененің айналасынан бір көрпе алып, таңды атырып, ертеңінде Наджафқа аттанатын болдым.