"Арбағин" рәсімінің жолаушысы 4
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i39671-Арбағин_рәсімінің_жолаушысы_4
Ирактың оңтүстігіндегі Наджаф қаласы – Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) немере інісі, әрі туған күйеу баласы, шиіттердің бірінші имамы хазірет Әлидің (ғ.с.) қасиетті кесенесі орналасқан қала.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 31, 2018 15:36 Asia/Almaty

Ирактың оңтүстігіндегі Наджаф қаласы – Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) немере інісі, әрі туған күйеу баласы, шиіттердің бірінші имамы хазірет Әлидің (ғ.с.) қасиетті кесенесі орналасқан қала.

Наджаф қаласы Ирактың оңтүстігінде орналасқан. Пайғамбардың орынбасары хазірет Әлидің (ғ.с.) қабірінің орналасуы бұл қалаға ерекше маңыздылық сыйлады. Хазірет Әли (ғ.с.) – Ислам дінін таратуға күші мен өмірін аямай талпыныс жасаған ғылым мен ержүректіктің, иман мен ахлақтың теңізі. Имам Әлидің (ғ.с.) ислам әлеміне жүргізген бес жыл билігі бейбітшілік пен әділеттің кемел үлгісін көрсетіп, көп адамды өзіне тартты. Сол себепті хазірет Әлидің (ғ.с.) қасиетті кесенесі әрқашан әртүрлі жерден, алыс-жақыннан Наджафқа зиярат жасау үшін келетін мұсылмандарға толы болады. Сонымен қатар Наджаф қаласындағы діни оқу орны шамамен мың жыл бойы ислам ғылымдарын тарататын маңызды орталыққа айналып, халыққа тәлім-тәрбие беріп, оларды хабардар ету ісімен айналысады.

Наджафқа жақындадық. Бүкіл болмысым ерекше көңіл-күйге бөленді. Имам Садықтың (ғ.с.): "Имам Әлидің (ғ.с.): "Зияратшы имам Әлидің (ғ.с.) кесенесіне зиярат етуге аттанған кезде аспандағы есіктер ашылады",- деген хадисі есіме түсті. Зияратшылардың көңіл-күйлері мен дұға оқып, зиярат етуге деген талпыныстарын сөзбен сипаттауға келмейтіндей күшті болады. Адамдар хазіретті өздеріне таныс әрі жақын сезінеді. Ол – илаһи тұлға. Дәл осы ерекшелігі оны тарихта мәңгіге қалдырды. Имамның (ғ.с.) өзі: "Мүлік жинайтындар тірі кездерінде өлгендермен бірдей, ал ғұламалар әлем тұрғанға дейін мәңгі қалады. Олар көз жұмғандарымен олардың жұмыстары жүректерде қалады",- деген болатын. Имам Әлидің (ғ.с.) беделі мен орны өте жоғары болды. Хазірет: "Ертең менің танымалған ерекшеліктерім сендерге белгілі болады. Мен бұл дүниеден кетіп, орныма басқа келгенде мені жақсы танисыңдар",- деп айтқан болатын.

Наджафтағы хазірет Әли (ғ.с.)-ның кесенесі

Наджафқа жеттім. Бұл – көп жылдар бұрын Алланың дініне иман келтірген, әділет пен азаттық талап етушілердің мақтан тұтатын мизаны болып,  Алла үшін өмір сүрген адамның қаласы. Қаланың халқы көп. Жолдары Наджафтан өтетін көшпелі арабтар келіп, жол-жөнекей сәлем беріп, тоқтамастан жолдарын жалғастырады. Мен де шамамен бір күн, екі түнді Наджафта өткіземін. Қасиетті кесенеге жеткен кезде қауіпсіз жерге жеткендей болдым. Айтар сөзім жоқ. Исламның ұлық пайғамбары "Кез келген нәрсені Әлиден сұра" деп айтқан имамнан не сұрауға болады? Алла елшісі сондай-ақ: "Мен ілімнің қаласы болсам, Әли оның дарбазасы",- деп айтқан болатын. Алайда, осындай жағдайда тіпті, алыстан  есімін еске алудың өзі көзжасына себеп болатын имамның қабірінің қасында намаз оқу ойлағаннан да әсерлі. Хазірет Әлидің (ғ.с.) қасиетті кесенесі қаланың ортасында орналасқан. Оның алтын күмбезі мен кіреберістегі көптеген күмбездері және алаңдары біртұтас кешенді құрайды. Қасиетті кесененің бірінші ғимараты Харун әр-Рашид Аббасидің кезінде салынып, содан кейін әрқашан жаңартылу және дамыту  үдерісін бастан өткерді. Қазіргі ғимараты Сафави билігі кезінде салынды.  Оның күмбезі мен аркалары Надершах Афшардың бұйрығымен алтынмен әшекейленді. Алтын арканың ортасында алтынмен парсы қасидасы жазылған. Бұл қасида әйгілі ақын Сейед Мұхаммад Арфи Ширазидің өлеңдерінің бірі: 

Қорқуды білмейтін,

Тақтың биіктігі тек өзіне тән,  

Бұл кесене кімдікі?

Бұл қасиетті кесененің ерекшілігінің біріне төрт мезгілде де күннің көзі қабірге тура түсіп, қыс пен жазда түскі мерзімнің анықталатындығы жатады.

Абу Шуайб Хоросанидің рауаяттарының бірінде былай деп айтылған: "Имам Резадан (ғ.с.): "Имам Әлиге (ғ.с.) ме, әлде имам Хусейнге (ғ.с.) жасайтын зиярат артық па?"- деп сұрағанда: "Имам Хусейн Алланың жолында қайғылы түрде шәһид болды. Сондықтан Алла Тағала ешбір қайғыға батқан адамға егер зияраттан кейін қуанышпен оралатындай етпесе, имам Хусейннің қабіріне баруға рұқсат етпеді. Хазірет Әлидің қадір-қасиеті имам Хусейннен артығырақ болғандай,  хазірет Әлидің зияратының сауабы да имам Хусейннің зияратынан сол мөлшерде артығырақ",- деп жауап берген. Сондықтан "Арбағинге" келген жолаушылар алдымен хазірет Әлиге (ғ.с.) зиярат етіп, соңсоң Кербалаға жаяу жолға шығуға рұқсат алады.

 Қонақ үйіміз кесенеге жақын. Таңға жақын терезеден намазға оянып, Кербалаға қарай жаяу жолға шыққан адамдардың көлеңкелері көрінеді. Бұл жамағаттың шегі көрінбейді. Жүрегім ерекше толқыныспен соға бастайды. Ертең мен де имам Хусейннің (ғ.с.) жолына түсіп, ең жақсы адамның перзентінің жолында қадам басып, оның мақсатымен үндесетін боламын.