«Арбағин» рәсімінің жолаушысы 5
Көрген барлық әдемі көріністен жүрегім толқып, кесенеге жылдам жеткім келді. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның кесенесіне барып, аза тұтқан жамағаттың арасына тезірек қосылғым келді.
Жаяу жолдың бағыты көп. Өздерінің әртүрлі қалаларынан жолға шыққандардың бірі үш күн жолда болса, тағы бірі жиырма күн жүреді. Кейбіреудің жолында адам көп кездеседі, басқалардың жолында адам азырақ болады. Жолдан үлкендер мен жастарды, ерлер мен әйелдерді көруге болады.
Таң атқан кезде жолға көз тігемін. Имам Әли (ғ.с.)-ның кесенесінің күмбезіне қарап, сәлем беріп, хазіреттен рұқсат аламын. Хазіреттің зиратының қасынан өтіп, қоштасамын. Жолдың бойынан зияратшыларға қызмет көрсететін көптеген аялдаманы көруге болады. Олардың барлығы бір-бірінен озып, жолаушыларға көмектесуден сайысқа түсіп жатқандай көрінеді. Аялдамалардағылар зияратшыларды түнде қонуға шақырады. Таң жаңбыры жауа бастағанымен адамдар өз жолдарын жалғастыруда. Бұл жерде игілік пен әлі ашылмаған құпия-сырлар тұнып тұр.
Наджафтан Кербалаға дейінгі жол бойындағы бағандар 1-ден 1452-ге дейін нөмірленген. Жолдың бойынан қарттар пен жастарды, сәбилерді, жасөспірімдер мен мүгедектерді, аяқ-қолдары сау адамдарды, жарлы мен бай сияқты әртүрлі тапқа жататын адамдарды көруге болады. Имамға ғашықтардың арасынан әртүрлі елдердің азаматтары кездеседі. Мен өзім Сьерра-Леоне, Шри-Ланка, Нигерия, Тайланд, Бельгия, Танзания, Австралия, Кувейт, Бахрейн, Қазақстан, Түркия, Ливан, Иран және т.б. елдердің тулары мен осы елдердің азаматтарын көрдім.

Жол бойынан шатырлар мен соларға жауапты әлемнің түкпір-түкпірінен келген топтарды көруге болады. Солардың ең көбі – ирактық шатырлар. Ирактықтар жолға жаяу шыққан зияратшыларға қызмет ету үшін құрылатын аялдамаларды "мокеаб" деп айтады. Тұрақты "мокеабтармен" қатар көптеген уақытша "мокеабтар" тұрғызылып, әрқайы өз мүмкіндіктеріне сай зияратшыларға қызмет көрсетеді. Олардың кейбіреуінің мүмкіндіктері жоғары болғандықтан түрлі көмек көрсетсе, басқалары тек шай мен сусындар ұсынады. Жолда көргеніміз таңтаныс тудырады. Өйткені, Адам Кербалаға қарай аяқпен қадам басқанда тек физикалық тұрғыдан ғана емес, жүрегімен де бет алады.
Адымдап алға басып, имам Хусейн (ғ.с.) мен Пайғамбар әулетінің басына түскен қиындықтарды еске алып мен келе жатырмын. Күйзелген жүректер имам Хусейн (ғ.с.)-ға қарай жолға шықты. Достарым мен отбасымды тастап, имамның қызметшісі болуға дайындалдым. Пайғамбар әулетінің басынан кешкен қиындықтарды түсіну үшін жолға жаяу шықтым. Жаяу жолда жасқа толы көздерді байқап, махаббаттарын білдіріп, жылаған дауыстар мен жүрекжарды дұғаларды естуге болады. Адамдар бір-бірімен келіскендей алға басып келеді.
Бұл жерде Арбағин қозғалысының бірнеше тұрғыға ие қозғалыс екенін түсінесің: біріншіден, бұл – ғашықтардың қозғалысы. Сондықтан халықтың имам Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ға деген махаббатын көрсетеді; екіншіден, бұл имам Хусейн (ғ.с.)-ның көтерілісін түсіну жолындағы мистикалық қозғалыс; үшіншіден, жүректерді бір-біріне жақындатып, бірлікке себеп болатын қозғалыс. Осы бірнеше күннің ішінде зияратшыларға 100 миллионнан астам рет тамақ беріледі. Зияратшыларды күту тек оларды тамақтандырумен шектелмейді. Қонақ күтушілер зияратшыларға қажет барлық нәрсені дайындауға тырысады. Демалатын жер, жуынып, дәрет алатын бөлмелер, ауыз су, шай, кофе, салқын сусындар, жеміс-жидек, дәрі-дәрмек, массаж және т.б. қажет нәрселерді дайындап, қызмет көрсетеді. Егер қажылық кезіндегі бірнеше күнде Меккеде 3 миллион адам жиналса, бұл жерде имам Хусейн (ғ.с.)-ды зиярат ету үшін шамамен 20 миллион адам жиналады. Олардың кем дегенде жартысы – жолға жаяу шыққандар. 20 миллион деген сан туралы ойлансақ, бұл бірнеше елдің халқының санына теңеседі.
Аяғым шаршап, аздап тынығып алуды ойлап, аялдамалардың біріне кіріп, демалатын жер таптым. Қасымда жас жігіт демалып отырды. Ол Үндістаннан келген екен. Әңгімесін айтып: "Имам Хусейн (ғ.с.)-ның мұғжизасының бірі кім екендігің мен қайдан келгеніңде жұмысының болмауы. «Арбағиннің» жолаушысы болғаның жеткілікті. Зияратшыларға қызмет етушілер имам Хусейн (ғ.с.) қонақтарының алдынан өз үйлерінің есіктерін мейіріммен ашық қояды. Күннің суығына қаармастан үйлерінен тысқа шығып, сәлемдесіп, бізді шақырады. Басқа жерде адамдардың бір-бірімен ісі жоқ. Бұл адамдар тек имам Хусейн (ғ.с.)-ды жақсы көргендері үшін ғана уақыттарын, ақшалары мен үйлерін және тағы да басқа қолдарындағы заттарын зияратшыларға ұсынады. ",- деді.
Көрген барлық әдемі көріністен жүрегім толқып, кесенеге жылдам жеткім келді. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның кесенесіне барып, аза тұтқан жамағаттың арасына тезірек қосылғым келді.