Қар 04, 2018 01:21 Asia/Almaty
  • Абанның он үші – АҚШ-тың дұшпандығы мен ирандықтардың «Үлкен шайтанға» қарсы бірлігінің көрінісі 1

Абан айының он үші (қараша айының төрті) – Иран халқының үстемдікке қарсы күресі тарихында тағдырды шешетін үш кезеңдегі үш оқиғаны еске салатын күн.

Абан айының он үші (қараша айының төрті) – Иран халқының үстемдікке қарсы күресі тарихында тағдырды шешетін үш кезеңдегі үш оқиғаны еске салатын күн: имам Хомейниді Түркияға қудалған күн; Ислам революциясының жеңісі қарсаңында дінсіз режимнің көптеген оқушыны өлтірген  күні (Оқушылар күні); имам Хомейниді жақтайтын студенттердің Теһрандағы Американың тыңшылық жасаумен айналысқан ұясын басып алған революцияшыл әрекеттерін іске асырған күн. Бұл – Иран тарихының әртүрлі кезеңдерінде орын алған үш маңызды оқиға. Осы оқиғалардың әрбіреуі Иран халқының революцияшыл күресі мен Ислам революциясының жеңісі тарихында ерекше маңызды. Үш оқиғаның ортақ тұсы елдің тәуелсіздігі мен үстемдікке қарсы күрестің негіздерін қалыптастырған Иран халқынның революцияшыл көңіл-күйі болып табылады.    Сол себепті абанның он үші Иран халқының үстемдікке қарсы күресінің көрінісіне айналды. Бұл оқиғалар АҚШ-тың ежелгі дұшпандығы мен ирандықтардың «Үлкен шайтан» – Америкаға қарсы бірлігінің көрінісі деп бағаланды. Хазірет имам Хомейни бұл үлкен күн туралы: «Абанның он үші – Иран халқының үстемшілдікпен қарсыласу және Ислам революциясының жетістіктерін қорғау жолындағы исламдық Иранның революцияшыл намысы көрініс тапқан күн»,- деген болатын.

Иран халқы заманауи тарихындағы АҚШ-тың елдің істеріне араласқан әрекеттерін еш уақытта ұмытпайды. Осыдан 39 жыл бұрын абан айының он үші (1979-шы жылдың қараша айының төрті) күні имам Хомейнидің саясатын қолдайтын студенттер АҚШ-тың Иранның Ислам революциясына қарсы көптеген қастандықтарына наразылық білдіріп, АҚШ-тың Теһрандағы «тыңшылық ұясын», яғни елшілігін басып алды. Бұл күн революцияшыл жастардың «тыңшылық ұясын» басып алуымен дұшпанға үлкен қастандықтарын жалғастыруға тыйым салған күн болды. Иранның саяси тарихында бұдан бұрын да отаршылардың араласушылықтары мен қастандықтарына қарсы осыған ұқсас әрекеттер жасалған болатын. Олардың әрқайсы Иранның саяси өзгерістер тарихында ерекше маңызға ие.

Елдің тағдырын шешетін оқиғалардың арасынан 1953-ші жылғы сол кездегі Иран үкіметіне қарсы британдық-америкалық төңкеріс пен 1963-ші жылдың маусым айындағы имам Хомейнидің шахтың үстемшіл режиміне қарсы көтерілісі мен Ислам революциясының жеңісіне дейін созылған Иранның қоғамдық-саяси оқиғаларын атау керек. Иран тарихының бұл кезеңдегі оқиғаларына жасаған шолу америкалықтардың араласушылық әрекеттерінің тіпті бұл елге капитуляция актісін енгізуге дейін жеткенін көрсетеді.

Имам Хомейни 1964-ші жылдың қазан айындағы мәлімдемесінде капитуляция туралы актіні «Иран халқының құлдық құжаты» деп атады. Сондай-ақ, АҚШ-тың Иранға қарсы зұлымдықтары Иран Ислам республикасының іргетасын қалаушы имам Хомейнидің Американы «Үлкен шайтан» деп атауына себеп болды. Имам Хомейнидің әшкерелеген әрекеттерімен өз үкіметінің негіздерін шайқалуда деп санаған шах режимі билігін жалғастыратын жалғыз жол ретінде имамды Ираннан жер аудару деп санады. Бірақ, имамды елден кетірумен Иран халқының революцияшыл күресі аяқталған жоқ.

АҚШ ислам революциясының жеңісінен бұрын шах режимін қолдап, революцияның жеңісіне тосқауыл жасауға күш салып, революцияның жеңісінен кейін де елшілігін революцияға қарсы қастандықтарды жобалап, іске асыратын базаға айналдырды. Сөйтіп, жаңадан құрылған исламдық жүйені бұрмалау әрекеттерінің кейбір бөлімдерін Теһрандағы «тыңшылық ұясы» арқылы іске асырды.

Аятолла Хаменеи тарихи оқиағалардың маңызы туралы: «Абанның он үші – біздің мұсылман халқымыздың азаттығы, батылдығы және революцияшыл намысының көрінісі. Әлемдік үстемшілдерге қарсы табандылықтың арқасында Иран ғиззат, тұрмыс және тәуелсіздікке ие болды»,- деген болатын.

АҚШ-тың дұшпандық әрекеттері мен Табастағы сәтсіздікке ұшыраған әскери араласушылықтары мен революцияның жеңісінен кейінгі «Ниқаб» төңкерісі сияқты сәтсіз әрекеттерге жасаған шолу АҚШ-тың Иран үкіметін құлату саясатын өзінің негізгі стратегиясы ретінде сақтап қалғанын көрсетті.

Негізінде Иран мен АҚШ-тың қарым-қатынастарының тарихы әртүрлі қастандықтар мен араласушылық әрекеттері мен дұшпандықтарға толы. Жарты ғасыр бұрынғы оқиғалар АҚШ-тың Иранның істеріне тікелей және жанама түрдегі араласушылықтарын растады.

Иранның Ислам революциясының жеңісі үстемшіл құдыреттерді дағдарысқа тіреді. Ислам революциясы имам анықтаған жолда өз құндылықтары мен армандарын әлемнің саяси және қоғамдық салаларындағы шындықты талап ету ағымына айналдырды. Бүгінде ислам революциясының  дискурсы әділет талап еткен халықтардың армандарының бір бөлігіне айналды.  Революцияның терең тамырлары мен ішкі күш-құдіреті АҚШ-тың Иран халқын жеңуді көздеген түсін өңге айналдырмады.

Иран Ислам революциясының жетекшісі АҚШ басшыларының сұхбаттарындағы үкіметті «құлату» деген сөздің қайталануына тоқталып: «Бұл сөз – соны емес. АҚШ басшылары ислам революциясының басынан бастап бұл сөзді қолданып келеді. Тіпті, «Мен құлатуды көздемеймін» деген АҚШ Президенті мақсатының да құлату екені белгілі болды. Негізінде, АҚШ-тың ИИР-на қарсы негізгі мәселесі Ислам республикасы жүйесінің Американың зорлық-зомбылығына қарсы табандылығымен байланысты. Бұл революция бәрінен бұрын халықтың тіпті құр қолмен-ақ үлкен өзгерістер мен әлемдік алпауыт елдердің теңгерімі өзгеруінің факторына айналды»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, «Илаһи сүннет бойынша дұшпанның жеңілетіндігі шәксіз. Американың қазіргі президентінің тағдыры өзінің бұрынғы әріптестері Буш пен Рейганның тағырынан өзгеше болмайды. Олар тарихтан өшеді».

 

Тегтер