Қар 04, 2018 17:37 Asia/Almaty
  • Абанның он үші – АҚШ-тың ежелгі дұшпандығы мен ирандықтардың «Үлкен шайтанға» қарсы бірлігінің көрінісі 2

Иранда Ислам революциясы жеңіске жеткен соң АҚШ Ислам республикасы жүйесіне қарсы соғыс ашу, Саддам режимі мен лаңкестік топтарды қолдау, Иранның бейнесін бұзып көрсету мен санкция салу сияқты көптеген қастандықтарды іске асырды.

Құжаттарға сәйкес, Ислам революциясы жеңіске жете салысымен АҚШ үкіметі  Ислам республикасы жүйесін әлсірету жолдарының бірі ретінде Иранды бөлшектеу жобаларын іске асыруды көздеді. Ислам революциясының жеңіске жетуінің басынан-ақ Теһрандағы АҚШ елшілігінің «тыңшылық ұясы» революцияға қарсылардың әрекеттерін үйлестіретін штабқа айналды. Құжаттар бойынша, АҚШ-тың Теһрандағы елшілігі Ислам республикасы жүйесін құлату үшін елдегі әртүрлі этностардың мүмкіндіктерін пайдаланбақ болған. Бұл құжатта: «Егер күрдтер, әзірбайжандар, арабтар мен басқа халықтар өз талпыныстарын ақылмен үйлестіріп, қазіргі үкіметті құлату үшін ынтымақтастық жасап, бір-бірін қолдаса, нәтижеге жетеді»,- деп жазылған.

АҚШ негізінде революция жеңісінің басынан бұл революцияны сәтсіздікке ұшыратып, Иран халқын бағындыру үшін қастандықтарын бастады. Өйткені, Ислам революциясының жеңісімен маңызды өзгерістер басталды. Шын мәнінде, Иран халқының тәуелсіздік пен әділет талап етуі әлемді әлсіретуге көзделген үстемшіл елдердің билеп-төстеуді көздеген саясаттарын дағдарысқа тіреп, әлсіз халықтардың әділет талап ету талаптарының артуына себеп болды. Саяси мәселелердің сарапшысы Хамед әл-Халифе бұл туралы: «Ирандағы Ислам революциясының жеңісі көптеген елдер мен халықтарға әсер етіп, азаттық пен тәуелсіздік үшін күреске шыққан ағымдар мен қозғалыстар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырды»,- деді.  Бірақ, тіпті революцияның жеңісіне дейін Американың Иранға қарсы саясаттарының 1950-шы жылдары «28-ші мордад төңкерісі» жобасымен басталғаны анықталған болатын. Кермит Рузвельт бұл туралы: «Ирандағы төңкеріс Трумэн билігінің соңғы айларында АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасы дайындаған бөтен елдің үкіметіне қарсы бірінші жасырын әрекет болды»,- деді.

АҚШ-тың бұрынғы Президенті Барак Обама 2006-шы жылы сенаторлығы кезінде жарық көрген кітабында 28-ші мордад төңкерісіне тоқталып: «Бұл әрекет АҚШ үкіметінің басқа елдердің ішкі істеріне араласуы көріністерінің бірі болды»,- деп жазды.

The Washington Post газеті 2016-шы жылдың қараша айында Американың 1332-ші жылдың мордад айының 28 күнгі  (1953-ші жылдың тамыз айы) төңкерістегі рөлі мен АҚШ-тың жаңа басшыларының Ирандағы үкіметті өзгерту қажет деген сөздері туралы: «АҚШ басшылары тарихи ұмытшақтықтарына басып, өздерін сәтсіздікке ұшырататын қатермен ойнауда. Америкалықтар бұл төңкеріс ұмытылды деп ойлағанымен, оны Таяу Шығыстағы адамдар ұмытпайды»,- деп жазды.

Ирандық тарихшы Эрванд Абрамян: «Сол кездегі Ирандағы АҚШ-тың елшісі Хендерсон: «АҚШ басқа елдердің ішкі істеріне араласпау саясатты көздейді»,- деп, араласуын жалғастыратын»,- деген болатын. Дұшпандық пен Иранның ішкі істеріне араласу – АҚШ-тың Иранға қарсы саясаттарының аяқталмайтын тұрғыларының бірі. 

АҚШ басқарған әлемдік үстемшілдік ислам революциясының жеңіске жетуінен бергі 40 жылда сан рет Иран халқына қарсы көпетген қылмысты іске асырды. АҚШ қылмыстарының бірі ретінде Парсы шығанағында орналасқан америкалық кемелердің бірі арқылы 290 жолаушысы бар Иранның жолаушы тасымалдайтын ұшағын зымыранмен атқанын атау керек. Джордж Буш бұл қылмыс туралы: «Мен еш уақытта АҚШ-тың атынан кешірім сұрамаймын. Мен шындықты маңызды санамаймын»,- деді.

АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық әрекеттері өткен бірнеше онжылдықта халықаралық қастандықтарға ұласып, ядролық тақырып Ираннан теріс бейне қалыптастырып, Иранды оқшаулау секілді мәселелерге негізделді.  Өйткені, Америка тікелей араласу немесе үкіметті өзгертуді мақсат еткен төңкерістермен Иранға зиян келтіре алмайтынын түсінді. 

Дұшпандықтың бұл үдерісі негізгі үш ағымға шоғырланды: бірінші ағым – Ислам революциясы теріс әсерге ие және «ИИР – аймақ тұрақтылығын бұзушы ел» деп көрсететін ағым. Бұл ағым Американың Таяу Шығысқа қатысты саясатының негізгі бөлімі болып табылады; екінші ағым – санкция салып, Иранның  экономикалық, ғылыми және халықаралық байланыс салаларындағы дамуына тосқауыл жасап, Иранды саяси және экономикалық қоршауға алу; үшінші ағым – АҚШ-тың Иранға қарсы стратегиясы, Иранды қолдайтын ортаны қауіпсіздік саласында дағдарыстармен бетпе бет келтіріп, Иранның қорғаныс күшін шектеуге күш салу. Бұл ағым қазір Иранның зымырандық күш-қуаты мен аймақтағы стратегиялық әлеуетіне шоғырланған. Негізінде, АҚШ-тың қазіргі саясаты – бұрынғы қастандықтарды Трамптың шешімдерінен байқалып отырған жаңаша түрде жалғастыруы. АҚШ-тың Иран халқына қарсы әшкере жауластығы әрекеттерінің бұрынғыдан көп өзгере қоймағанын көрсетеді. 

Иран АҚШ-тың Иранмен дұшпандығы Ислам революциясы жетекшісінің Америка дұшпандығының мақсаттары туралы айтқан сөзіндегі шындыққа сай деп санайды.  Хазірет әртүрлі жағдайларға қатысты айтқан сөздерінде: «АҚШ Иран халқына өз мүдделерін таңғысы келеді. Қазіргі Американың болмысының Рейган кезіндегі болмысынан, сондай-ақ, демократтары мен рсепубликашыларының да бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ»,- деді. Бұлар – АҚШ-тың шынайы болмысының көрінісі. Американың болмысы Иран халқының жыл сайын абан айының он үшін күні шеруге шығып, «Америкаға өлім!» деген ұранмен АҚШ-тың үкімет басшыларына жиіркеніштерін білдіруіне себеп болды.

 

Тегтер