Қар 04, 2018 17:51 Asia/Almaty
  • Абанның он үші – АҚШ-тың ежелгі дұшпандығы мен ирандықтардың «Үлкен шайтанға» қарсы бірлігінің көрінісі

Иранның Ислам революциясы «Тәуелсіздік, азаттық және Ислам республикасы» деген ұранымен жеңіске жетіп, АҚШ-тың Иран халқын билеп-төстеу саясатын тоқтатты.

Ислам революциясы Иран халқының қоғамдық қарым-қатынасына терең әсер етіп, Иран қоғамындағы құндылықтарды қалыптастыруымен бірге әлемнің жағдайына маңызды өзгеріс әкеліп, халықаралық қарым-қатынастар мен әлемдік жүйедегі әділетсіз заңдарды дағдарысқа тіреді. Халықаралық сарапшылардың көбінің пікірі бойынша, АҚШ-тың аймақтағы сыртқы саясаты «жұмсақ соғыс» арқылы үкіметі құлатуға жұмылдырылды.  

Чикаго университетінің ұстазы, профессор Джон Маршаймер 2017-ші жылдың қараша айында Теһранда өткен «Батыс Азиядағы аймақтық жүйенің перспективалары: Иран мен АҚШ-тың көзқарасы» деген тақырыпта өткен  семинарда 11-ші қыркүйек оқиғасынан кейінгі 2002-2017-ші ж.ж. АҚШ-тың сыртқы саясатына тоқталып: «Режимді өзгерту АҚШ-тың Таяу Шығыстағы сыртқы саясаттағы мақсаттарының біріне айналып, Ауғанстан, Ирак, Сирия, Ливия және Мысыр елдерінде оны іске асыру үшін талпыныстар жасалды»,- деді.

Үстемшілердің Ислам революциясына қарсы дұшпандықтары аяқталмайды. Америка өткен 40 жылда санкциялары және қастықтарымен Иранға дұшпандығын білдіріп, елдің революцияшыл қозғалысының алдын алуға әрекет жасады. Аймақ мәселелерінің сарапшысы Манучехр Мохаммади бұл туралы: «Ислам революциясының жеңіске жетуімен Иран мен АҚШ-тың арасында соғыс басталды. Ислам республикасы идеологиялық жүйе ретінде үстемдікке қарсы күресті өзінің басты ұстанымына айналдырды»,- деді.

АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығы еш уақытта аяқталған емес. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының тәжірибесі де АҚШ-қа еш уақытта сенім артуға болмайтынын көрсетті. АҚШ үкіметі сан рет өз міндеттемелерін бұзып, Иран халқына соққы жасап, Ислам республикасы жүйесін жойғысы келетінін көрсетті.

«Карнеги» мен «Жаңа Американың қауіпсіздігі орталығы» институттарының маманы өз мәлімдемесінде АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығын былай сипаттады: «Иран Таяу Шығыстағы АҚШ мүдделерінің шынайы түйткілдерінің бірі саналады. АҚШ оны шешу үшін бірнеше саяси құралды пайдалануы керек».

Университет ұстазы және халықаралық мәселелер бойййынша сарапшы Насер Хадиан бұл туралы: «Бұл қысымдардың барлығы Израильдің мүддесі үшін жасалып жатыр. АҚШ Иранның режимін өзгерту деген саясатын ілгерілетіп келеді. Тіпті, Иранның режимін өзгерту Американың басты саясаты ретінде қалыпасты. Израиль  мен израильдік лоббилер, Сауд Арабиясы мен лоббилері, мұнафықтар мен неоконсерваторлар АҚШ-тың әртүрлі президенттері кезеңдерінде Иранды әлемдік қоғамның негізгі қоқан-лоққысы деп таныстыруға әрекет жасады. Бірақ, Трамп нәтижеге жету үшін қоқан-лоққыларды біріктіруге күш салып отыр»,- деді.

Иран халқы билікқұмар жүйеге қарсы табандылығы мен Ислам революциясы жетекшісінің қырағылығының арқасында имам Хомейнидің революцияшыл идеяларына сүйеніп, өз жолын жалғастырып отыр. Ешбір ел Иран халқына соққы жасай алған жоқ.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Иран үкіметінің 12-ші кезеңінің бекітілу рәсімінде осы шындыққа тоқталып: «Жылдар бойы АҚШ-тың басшылары Иран халқына қарсы дұшпандықтарын білдірді. Бірақ, бұл жобалар  халық пен басшылардың рөліне деген сенімді арттырып, дұшпанның қастықтарымен қарсыласу жолдарын көрсетті»,- деді. Аятолла Хаменеи бір жыл бұрын жүйе басшыларымен кездесуінде: «Біздің АҚШ пен арадағы мәселелеріміз шешілетін мәселе емес. АҚШ-тың проблемасы ядролық құқық пен адам құқығына емес, Ислам республикасына қатысты»,- деді. Бұл шындық – АҚШ-тың Иранға деген дұшпандығы себептерінің бір бөлімі. Өткен 40 жылда Ислам республикасы халқының күшіне сүйеніп, үстемшіл үкіметтерге, әсіресе АҚШ-қа қарсы тұрып, дұшпанның қастықтарын сәтсіздікке ұшырату үшін талпыныс жасады. АҚШ-тың басқа елдердің ішкі істеріне араласуы, қастықтары мен Иранға қарсы сөздері абанның он үшін ирандықтардың Америкаға қарсы бірлігінің көрінісіне айналдырды. 

Иран халқы бұл тарихи күні АҚШ үкіметіне жиіркеніш сезімдерін білдіреді. Иран халқының АҚШ-қа жиіркеніш білдіретін үлкен шеруге қатысуы және «Үлкен шайтанның» араласушылықтары мен қастықтарын айыптауы – Иран халқының үлкен дұшпанға қарсы бірлігінің белгісі. Иран халқы биылғы жылы «13-ші абан – илаһи күн» шеруіне жаппай қатысып, әлемдіктерге бірлігі мен ұлттық біртұтастықтарын және әлемдік үстемшілдерге еш уақытта АҚШ-тың қысымдарына бағынбайтындықтарын паш етеді.

 

 

Тегтер