Дәстүрлі диктатураны пайдаланатын заманауи тақ мұрагерінің қылмыстары 2
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i39838-Дәстүрлі_диктатураны_пайдаланатын_заманауи_тақ_мұрагерінің_қылмыстары_2
Сауд Арабиясының Стамбұлдағы Консулдығында Джамал Хашағджидің айуандықпен өлтірілуі әлемдік қоғамдық пікірдің, әсіресе Батыс қайраткерлері мен ақпарат құралдарының саудиялық тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманды көбірек тануына себеп болды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 10, 2018 23:49 Asia/Almaty
  • Дәстүрлі диктатураны пайдаланатын заманауи тақ мұрагерінің қылмыстары 2

Сауд Арабиясының Стамбұлдағы Консулдығында Джамал Хашағджидің айуандықпен өлтірілуі әлемдік қоғамдық пікірдің, әсіресе Батыс қайраткерлері мен ақпарат құралдарының саудиялық тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманды көбірек тануына себеп болды.

 

Бүгін ол "Араб әлемінің жаңа Саддамы мен Қаддафиі"  атанып, ол Сауд Арабиясы патшасының   тағына  жетпеуі керек деген сөздер естілуде.

Символикалық реформалар жсап, ауқымды түрде қамауға алуы мен зұлымдықты жаңғыртуы

Мұхаммад бен Салманның әсіресе өткен бір жылдағы ең маңызды әрекеттерінің қатарына  жүздеген ханзада мен діни уағызшылар мен ықпалды адамдарды қамауға алуы жатады. 2017-ші жылдың қыркүйек айында саудиялық басшылар шамамен 20 адамды тұтқындады. Олардың арасынан ықпалды  адамдарды көруге болады. Мұхаммад бен Салман қарашаның 4 күні қаржылық жемқорлыққа қарсы күресті бастады. Ritz-Carlton қонақ үйі бір ай бойы көптеген саудиялық ханзадалар мен Сауд Арабиясының жоғары лауазымды жауапты тұлғаларының «алтын абақтысына» айналды. Айыпталғандардың кейбіреуі, соның ішінде әл-Валид бен Талал қаржылай есеп айырысудан кейін азат етілді. Негізінде Бен Салманның қаржылық жемқорлықпен күрес сияқты  халықтың қолдауына ие болған  популистік ұрандары шаһзадаларды тұтқындаумен жүзеге асырылып жатыр. Алайда Бен Салманның негізгі мақсаты шаһзадаларды саяси тұрғыдан «тазартып», олардың қаржы әлеуеттерін төмендетіп, Сауд Арабиясындағы билікті өз қолына алу болды.

Франция газеттерінің бірі Джамал Хашағджидің өлімінен кейінгі бір мақаласында саудиялық тақ мұрагерінің өткен бір жылғы әрекеттері туралы: «Сауд Арабиясы 2017-ші жылдың маусым айында Мұхаммад бен Салман елдің тақ мұрагері ретінде таныстырылғаннан бері көптеген проблемаларға душар болып отыр. Мұхаммад бен Салман саяси реформалары және елін заманауиладыру әрекеттерімен сенімге енуімен бірге, басқа жақтан діни қайраткерлер мен зиялылар және әйелдердің құқықтарын қорғаушыларды басып-жаншу әрекеттерін арттырды»,- деді. Сауд Арабиясы мәселелері жөніндегі эксперт Стефан Лакрава Мұхаммад Бен Салманның символикалық қоғамдық реформалары мен қамауға алу әрекеттерін  «зұлымдықты жаңғырту» деп деп сараптады.

Ливан Премьер-министрі Саад Харири саяси тұрғыдан кепілге алынды

Ливанның Премьер-министрі Саад Харири 2017-ші жылдың қараша айының 4 күні тосын  жағдайда Рияд сапары кезінде отставкаға кететінін жариялады. Ол Хизболланың елдің бақылауын өз қолына алуын айыптады. Саад Харир Риядта болған кездегі барлық сараптамалар Ливан Премьер-министрінің Мұхаммад бен Салманның кепіліне түскенін айғақтады. Соңында Францияның араласуымен бұл дағдарыстан шығатын жол табылып, Саад Харири Ливанға оралды. Ол еліне оралған соң Хизболла туралы айтқан сөзі мен отставкаға кететін шешімін қайтып алып, парламенттік сайлаудан кейін министрлер кабинетін құруға міндеттелді. Саудиялық тақ мұрагерінің Саад Харириді тұтқынға алу әрекеті Ливанның егемендігін әшкере түрде бұзу болды. Сондай-ақ, кепілге алу оқиғасы Ливан Президенті Мишель Аун мен Хизболаның Бас хатшысы Сейед Хасан Насролланың наразылықтарымен кезікті. Мұхаммад бен Салман дипломатиядан тыс бұл әрекетімен билікке жету қабілетінің жоқтығын, керісінше, тұрақтылықты қажет ететін Таяу Шығыстағы бейберекеттіктер мен тұрақсыздықтарды арттыру күшіне ие екенін көрсетті.

 

Джамал Хашағджидің өлімі – мемлекеттік деңгейдегі лаңкестіктің көрінісі

«Вашингтон пост» газетінің АҚШ-та тұрған саудиялық тілшісі Джамал Хашағджидің Сауд Арабиясының Стамбулдағы Консулдығында айуандықпен өлтірілуі  – мемлекеттік лаңкестіктің әшкере көрінісі. Сауд Арабиясы үкіметі басында Хашағджидің өліміне қатыстылығын теріске шығарды. Бірақ әлемдік қысымдар Сауд режимінің 18 күннен кейін бұл қылмысқа қатыстылығын мойындауына себеп болды. Сауд үкіметі бұл қылмысты Барлау ұйымының орынбасары Ахмад әл-Асири мен патша сарайының кеңесшісі Сауд әл-Қаһтани сияқты лауазымдары төмен басшыларына итеріп, Мұхаммад бен Салманның қатыстылығын теріске шығаруды мақсат етіп отыр. Бұл тақырыпты Дональд Трамптан басқа ешбір адам қабылдамады.

Германия Канцлері Ангела Меркель Сауд Арабиясының Хашағджидің өлімі туралы түсініктемелерін қабылдамайтынын мәлімдеді. «Араби 21» ақпарат базасының мәліметі бойынша, қоғамдық желілердің пайдаланушылары: «Сауд Арабиясының 18 азаматын Хашағджидің өлімімен айыптауы бұл қылмыстың бірінші айыпкері Бен Салманның өзі деген шындықты өзгерте алмайды. Ғаламтор белсенділерінің пікірлеріне сәйкес, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Хашағджиді өлтірді деген айыптан құтылу үшін өз адамдарын пайдалануды көздеп отыр. Сауд әл-Қаһтани  өткен жылдың тамыз айында Твиттердегі парақшасында қоғамдық желілердің пайдаланушыларының бірінің сынына жауап қайтарып: «Мен рұқсатсыз басымды қозғалта аламын ба? Мен тақ мұрагерінің қол астындағылардың бірімін»,- деген болатын.  Джамал Хашағджиге қарсы қылмыс – барша айыптайтын қылмыстардың бірі. Алайда Йемен соғысы, Мина оқиғасы, Ғазанфар Рокнабадиге қарсы қылмыстар, шейх Нимрге қатысты өлім жазасын іске асыруы, шаһзадаларды қамау секілді қылмыстар  Мұхаммад бен Салманның халықаралық сотқа шақырылатын қылмыскер атануына себеп болды.

Мұхаммад бен Салманның Сауд Арабиясының тақ мұрагері болып қалуы немесе қалмауына қарамастан оның өткен 45 айдағы әрекеттері Джамал Хашағджидің  өлтірілуімен толықтылырып, Сауд Арабиясы үкіметі үшін «адам құқығы» деген мәселенің бөгде екенін, тіпті Бен Салманның қойылымдық реформаларының Сауд Арабиясының қылмыстарын ақтай алмайтынын көрсетті. Джамал Хашағджи Мұхаммад бен Салманды модадан қалған тайпа басшыларының бірі деп санайтын.

Негізінде Сауд әулеті мен лаңкестіктің арасында жақын қатынас бар. Кейде лаңкестік әрекеттер ваххабизм мектебінде тәрбиеленген адамдар арқылы іске асырылады. Мәселен, соның бірі – 2001-ші жылдың қыркүйек айының 11 күні болған оқиға. Кейбір кезде саудиялық ханзадалар террор жасауды бұйырады. «Әл-Құдс әл-араби» газеті  «Нью-Йорк шайқасынан Стамбұл шайқасына дейін: Сауд Арабиясы торға түсті» деген Туфиқ Риахтың мақаласында: «Сауд Арабиясы 2001-ші жылдың 11-ші қыркүйектегі лаңкестік шабуылдың теріс салдарларынан толық құтылудан бұрын қайтадан 2001-ші жылдан көп айырмашылығы жоқ халықаралық пікірталастарға оралды»,- деп жазды.

2001-ші жылдың мәселесі жеке адамның лаңкестігі болды. Алайда бүгінгі мәселе – мемлекеттік лаңкестік. Әлем ресми жарияламағанымен, мемлекеттік лаңкестікке қарсы. Нью-Йорктегі 2001 жылдың  қыркүйек айындағы оқиға Сауд Арабиясы үшін өте маңызды оқиға болды. 2018 жылдың қазан айындағы «Түркия шайқасы» да  саудтардың тарихында тіркелді. 2001-ші жылдың 11-ші қыркүйек оқиғасында 19 адамнан құралған саудиялық жастар тобы АҚШ-тың жерін нысанаға алды. Дегенмен, олар бұл әрекеттерімен Сауд Арабиясына соққы берді.  АҚШ оқиғадан 17 жыл өткен соң Сауд Арабиясын бұл әрекеттің материалдық және психикалық шығындарын төлеуге мәжбүрлеп отыр. «Түркия шайқасында» 2018-ші жылдың қазан айында саудиялық жастардың 15 адамнан құралған келесі тобы  қаламы мен ой-пікірінен басқа қаруы жоқ елінің ішкі қарсыластарының бірін өлтірді. Негізінде, бұл әрекетті орындаған адам Сауд Арабиясына соққы жасады. Стамбұлдағы Сауд Арабиясының консулдығында адам өлтіру ісі Сауд басшыларының қолдауына ие болды. Джамал Хашағджидің өлтірілуі – саяси қылмыс. Бұған ұқсас басқа да үлгілерді кездестіруге болады. Соның бірі – із-түзсіз жоғалып кеткен Ливанның діндары имам Мұса Садрдың тағдыры.

Сыртқы қарым-қатынастар кеңесінің басшысы Ричард Хаастың пікіріне сәйкес, саудиялықтарға таза, жазылмаған чек беретін уақыт аяқталуы керек. Неліктен әлемдік ақпарат құралдары мен Батыстың басшылары бұл саудиялық тілшінің өлтірілуіне реакция білдірмеді? Батыстың ақпарат құралдары мен баспасөз қызметтері өткен 20 жылдағы ең үлкен адами дағдарысты көрмей ме? 2015-ші жылы Бен Салман Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі ретінде билік басына аяқ басқаннан бергі Йеменнің жазықсыз әрі мазлұм балаларына күн сайын бомба жаудыруы Хашағджиге қарсы қылмыстан да сорақы емес пе? Сондықтан әлемнің азат ақпарат құралдары мен Батыс басшылары Мұхаммад Бен Салманның қылмыстарына қарсы тұрғысы келсе, біріншіден, Йеменге қарсы соғысын тоқтаттырып, Халықаралық сот саудиялық тақ мұрагерін тұтқындауды бұйыруы керек. Сөйтіп, тіпті, Сауд Арабиясының үкіметі оны халықаралық сотқа тапсырмағанымен, тым болмағанда оның басқа елдерге сапар шегуіне тыйым сала алады.