Бүгін имам Садықтың (ғ.с.) туған күні
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i40076-Бүгін_имам_Садықтың_(ғ.с.)_туған_күні
Әлемнің барша мұсылмандарын Исламның ұлық пайғамбарының әулетінен шыққан имам Садықтың (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 25, 2018 11:47 Asia/Almaty
  • Бүгін имам Садықтың (ғ.с.) туған күні

Әлемнің барша мұсылмандарын Исламның ұлық пайғамбарының әулетінен шыққан имам Садықтың (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!

Бүгін раби ул-аууал айының 17-ші жұлдызы – Исламның ұлық пайғамбарының туған күні. Бұл күн сонымен қатар Алла елшісінің әулетінен шыққан имам Джафар Садықтың (ғ.с.) да туған күні болғандықтан мерекенің қуанышын екі есе арттырады. Бұл күні Алла елшісінің: «Мен сендерге екі құнды мұрамды қалдырамын. Оларға жабысқан барша құтқарылады. Кері жағдайда адасады. Оның бірі – Құран, екіншісі – әулетім»,- деген сөздері еске түседі. Имам Садық (ғ.с.) – Алла Тағала Құран Кәрімде олардың ластық пен жамандықтардан алыс және пәк екендіктіктерін жариялаған пайғамбар әулеті мүшелерінің бірі. Исламның ұлық пайғамбары, сондай-ақ, көркем сөздерінің бірінде өз әулетін адамдардың арасындағы хазірет Нұхтың кемесіне теңеп, сол кемемен құтқарылатын жағалауға жетуге болады деді.

Имам Садық (ғ.с.) 34 жылға созылған берекеге толы имаматы кезінде ата-бабасының дінін жаңғырту үшін халыққа илаһи жолдауларды жеткізіп, дұрыс жолға нұсқауға талпынды. Хазіреттің имаматының 18 жылы  Әмәви әулетінің 10 халифасымен тұспа-тұс келді. Олардың биліктерінің әлсіреп, құлдырауына байланысты имам Садық (ғ.с.) халықпен қарым-қатынас орнататын мұрсатқа ие болды. Бірақ, имаматының келесі 16 жылы Аббаси билігіне түсіп, көптеген қиындықтармен кезікті. Алайда имам Садық (ғ.с.) қиындықтарға қарамастан ақылы және қырағылығымен мұслмандардың сенімдері мен ғамалдарын арттырып, үлкен жетістіктерге жетті.

Имам Садықтың (ғ.с.) заманында Аббаси әулеті үкімет басына келіп, халифат Алла елшісінің әулетінен болу керек деген ұранды пайдаланып, Әмәви әулетімен ұрыс-керісті бастайды. Бірақ, соңында билік қолдарына түскен соң олар хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) әулеті туралы ұмытады. Аббасилер өз ұрандарымен Хашим әулетін, олардың жақтастары мен ирандықтарды өздеріне бұрып, біраз уақыт бойы шынайы жүздерін жасырын ұстады. Сондай қараңғы кеңістікте Құран тағылымдары мен пайғамбардың (с.ғ.с.) хадистері билік басындағылардың құралына айналды. Мұнымен қатар әртүрлі наным-сенімге ие санасыз топтар мен ағымдар халықтың арасында бұрмаланған наным-сенімдерді тарату үшін әрекет жасады. Сондықтан имам Садық (ғ.с.) діни жобасымен наным-сенімдерді өзгертіп, ахлақты таратуға күш салды. Сөйтіп, шиіттік джафари мазхабын қалыптастырды. Шиіт мазхабын «джафари мазхабы» деп атау имам Садықтың (ғ.с.) кезінде имамның өзі атауы арқылы басталды. Хазірет өз серіктеріне: «Дінде тақуа болып, шындықты айтып, аманатқа берік болып, халыққа жақсылық жасаған адамға «ол Джафари мазхабынан», яғни, имам Джафар Садықтың (ғ.с.) серіктері мен жақтастарының қатарынан» деп айтылады. Сонда мен қуанамын. Егер істерің теріс болса, мені ұятқа қалдырады, өйткені халық «Джафари мектебінде» тәрбиеленген дейді»,- деген.

Имамат мәселесі – имам Садық (ғ.с.) айналысқан ең маңызды мәселелердің бірі. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи имам Садықтың (ғ.с.) шиіттердің имаматын қалыптастыруы туралы: «Имам Садық (ғ.с.) шиіттердің басқа имамдары сияқты дінге шақыруының үлкен бөлімін имамат тақырыбымен байланыстырды. Бұл тарихи шындықты дәлелдейтін ең сенімді құжаттар, яғни имам Садықтың (ғ.с.) өзі айтқан көптеген рауаят бар. Имам Садық (ғ.с.) бұл мәліметті таратқан кезде өз заманының басшыларын теріске шығарып, өзін халыққа велаят пен имаматтың иесі ретінде таныстырды. Бірақ, имам Садық (ғ.с.) имаматты тек өзіне ғана тиесілі деп дәлелдемей, өзіне дейінгі имамдардың де есімдерін еске алып, Исламның ұлық пайғамбары әулетінен шыққан имамдардың бір-бірінен ажырамайтынын көрсетті. Шын мәнінде, имам Садық (ғ.с.) өз имаматын өткен имамдардың басшылығының нәтижесі санап, өзін сенімді әрі теріске шығарылмайтын буындар арқылы Алла елшісімен байланыстырды»,- деді.Имам Садық (ғ.с.) басқа имамдар сияқты өз мақсаттарына жету үшін әртүрлі мүмкіндікті пайдаланды. Сондай мүмкіндіктердің бірі уәкілдік ұйымы болды. Имам ислам әлемінің әртүрлі қалаларындағы пайғамбар әулетінің жақтастарын  біріктіру үшін сол жерлерге орынбасарлары мен уәкілдерін жіберетін. Сол ұйымның аясында имам пайғамбар әулетінің достарымен қарым-қатынас орнатып, қаржы жинап, қасиетті Ислам дінінің  тағылымдарын таратып, негіздерін нығайтумен айналысты. Имам Садықтың (ғ.с.) кезінде бұл ұйымның жұмыстары өте шектеулі болып, аса дамымағанымен уәкілдік жүйесінің  негіздері қаланды. Имам Садықтың (ғ.с.) кезінде  ұйымның негізгі орталығы Мединеде орналасты. Ұйым он екінші имамның жасырылған кезеңінде ерекше белсенділік танытты. Өйткені, имам мен шиіттердің арасында қарым-қатынас орнататын арна қажет болды.

Имам Садық (ғ.с.) жұмыстарының маңызды бағдарларының бірі біртұтас оқу жүйесін құруы болды. Имам Садықтың (ғ.с.) тәлім-тәрбие жүйесінде білім талап етушілер үшін шекаралық, діни, идеологиялық, саяси және жасқа қатысты шектеулер болмады. Бұл жүйе тек бір ұлт немесе бір мазхабпен шектелмейді, ол бүкіләлемдік саналады. Бұл тәртіпте әртүрлі ағымдар мен әртүрлі аймақтардың халқы ұлты мен тілінің әрқилылығына қарамастан ғылыми жұмыстармен айналыса алады. Имам Садық (ғ.с.): «Хикмет – мүміндердің жоғалтқан нәрсесі. Сондықтан сендердің біреулерің жоғалтқанын анықтаған кезде оны табады»,- деген болатын. Имам Садық (ғ.с.) Исламның ұлық пайғамбарынан үлгі алып, өз жақтастарына білім алу үшін қолдан жасалаған шекараларды бұзып, шектеу қоймау туралы ақыл-кеңес берді.    

 

Оқу мен білім алу мәселесімен бірге зерттеу жұмыстары да имам Садықтың (ғ.с.) өмірінде ерекше орынға ие болды. Имам зерттеумен айналысатын шәкірттер тәрбиеліп, оларды зерттеу жұмыстарына жігерлендірді. Хазіреттің шәкірттері өз жұмыстарын имамға тапсырып, хазірет оларды тексергеннен кейін түзететін немесе растайтын. Имам Садық (ғ.с.) шәкірттеріне: «Мені жоғалтпастан бұрын, өзімнен сұраңдар»,- деп насихаттаған. Өйткені, сұрақ қою зерттеу рухын нығайтып, білімді дамытуға жағдай тудырады. 

Имам Садықтың (ғ.с.) оқу жүйесінің ерекшеліктерінің бірі әртүрлі ғылыми салалардағы мамандарды  тәбриелеуі болды. Бұл ислам қоғамында бұрын-соңды болмаған  жұмыс болды. Имам Садықтың (ғ.с.) бүкіл әлемге таралған оқу жүйесін қалыптастыру бастамасының  нәтижесі ислам мәдениеті мен ислам өркениетін дамытуда сындарлы рөл атқарған ғалымдардың тәрбиеленуі болды. Мәселен, «химия ғылымының әкесі» саналатын Джабер бен Хайан имам Садық (ғ.с.) шәкірттерінің бірі саналады. Имам Садық (ғ.с.) туралы кітап жазған доктор Нуреддин әл-Әли: «Оқырман имам Садықтың (ғ.с.) еңбектеріне шолу жасаған кезде кейде өзін химия ғалымының, кейде жаратылған әлем туралы ойлайтын ғылым немесе адамның денесін зерттеп, ауруларын анықтап, ем жолдарын баяндайтын тәжірибелі емшінің алдында тұрған сияқты»,- деп жазды.

Имам Садық (ғ.с.) үлкен ғылыми еңбектерін қалдырып, ислам сенімдерінің шекараларын қорғайтын беделді шәкірттер мен мамандар  тәрбиеледі. Осыған орай имам Садық (ғ.с.) ислам әлемінің идеологиялық басшыларының бірі ретінде ислам мәдениеті мен өркениеттің дамуында маңызды рөл атқарып, ислам қоғамына  атақты ойшылдар мен философтарды тапсырды.