Самерраның жұлдызы
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i40388-Самерраның_жұлдызы
Хиджри қамаридің 232-ші жылының раби ас-сани айының 8-ші жұлдызында Исламның ұлық пайғамбары ұрпағының пәк сәбиі дүниеге келді. Қасиетті сәбидің даусы Медине қаласында естілді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 15, 2018 20:44 Asia/Almaty
  • Самерраның жұлдызы

Хиджри қамаридің 232-ші жылының раби ас-сани айының 8-ші жұлдызында Исламның ұлық пайғамбары ұрпағының пәк сәбиі дүниеге келді. Қасиетті сәбидің даусы Медине қаласында естілді.

Имам Хадиға (ғ.с.) перзентінің дүниеге келгені туралы хабар жеткен кезде хазірет сәбидің оң құлағына азан, сол құлағына иқама оқып, есімін Хасан деп қойды. Аббаси халифаларының бұйрығымен әкесі имам Хади (ғ.с.) сияқты Ирактың Самерра қаласының Аскари аймағында өмір сүрген  бұл бала  "Аскари" деп танымал болды. Оның күниесі – Абу Мұхамад, танымал лақап аттары Нақи және Заки болды.

Әлемнің барша мұсылмандары  мен Исламның ұлық пайғамбарының жақтастарын имам Хасан Аскаридің (ғ.с.)ның туған күнімен құттықтаймыз!

Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) өмірін үш кезеңге бөлуге болады: бірінші кезеңі Мединеде өткен 13 жасқа дейінгі балалық кезеңі; екінші кезеңі әкесімен бірге Самеррада өмір сүрген 23 жасқа дейінгі кезеңі; үшінші кезеңі әкесі шәһид болғаннан кейінгі өмірінің соңғы алты жылы. Алты жылда имам Хасан Аскари (ғ.с.) Самеррада өмір сүріп, шиіттердің басшылығын өз міндетіне алды. Сол жылдары хазірет көптеген қиындықпен бетпе-бет келді. Өйткені, Аббаси басшылары имам үшін көптеген шектеулер мен қиындық тудырды. Тарихи құжаттар хиджридің екінші ғасырының бірінші он жылдықтарында исламның ұлық пайғамбары әулеті үшін қоғамдық-саяси жағдайдың қолайлы болмағанынын көрсетеді. Сондықтан танымал тұлғалардың біразы Аббаси басшыларының қысымымен  туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Олар Мединеден кетіп, туған жерлерінен жырақта өмір сүрді. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) бала кезінен әкесімен бірге Самерра қаласының әскери және Аббаси үкіметінің орталықтарында өмір сүріп, әрқашан үкіметтің бақылауында болды.

Әртүрлі бедғаттар дінге жол тауып, ғамалдардан надандық байқалған жағдайда имам Хасан Аскари (ғ.с.) діннің шындығын халыққа айқын баяндады. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) Исламның ұлық пайғамбарының басқа мүшелері сияқты терең білімге ие болды. Имамның ғылыми пікірталастардағы дәлелдері әсерлі болғандықтан, араб философы Яқуб бен Исхақ хазіретпен пікір алмасқан соң шындықты түсініп, кейбір діни білімдерді сынайтын кітапты өртеп жіберді. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) білім іздегендердің шөлін шындықтың мөлдір бұлағынан қандырды.

Құранның көзқарасы бойынша, адам кемелдікке ғибадат пен Аллаға құлшылық ету арқылы жетеді. Жаратылыстың негізгі мақсаты дәл осы шындықтан тамырланады. Ғибадат – адам мен Жаратушы арасындағы ең айқын көрініс. Бұл қарым-қатынас адамның рухани және психологиялық айбынға жетіп, жақсылықтар мен сұлулықтарға бет бұруына себеп болады. Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) айтуы бойынша, «ғибадат – көп намаз оқып, көп ораза тұту емес, ғибадат – әртүрлі істердегі Алланың шексіз күші туралы ойлану». Хазірет иманы мол адам деп дәлелсіз сөйлемейтін, илаһи міндеттерін орындап, өз заманының ғибадатты көп жасаушыларының қатарына кіріп, тыйым салынған нәрселерден алыстап, күнәдән құтқарылғысы келгендерді санайтын. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) жоғары білімі және ерекше өнегелігімен дос пен дұшпанды қызықтырды. Тарихшылардың мәліметтері бойынша, Исламның ұлық пайғамбарының ең қас дұшпаны Мотаваккел Аббасидің бұйрығымен хазірет Хасан Аскари (ғ.с.) қамауға алынып, Мотаваккел имамға қатаң шара қолдануды қуаттады. Бірақ зынданның қараушысы имамның сөзіне қызығып, тіпті хазіреттің көзіне тура қарауға ұялды. Хазірет азат етілген кезде де имамға деген имамын жоғалтпай, діннен жақсы хабардар болды.

Имам Хасан Аскари (ғ.с.) кезеңіндегі шиіттердің күшінің артуы биліктің имамды қамауда ұстап, жұмыс жасауына рұқсат етпеуіне себеп болды. Бірақ, имам әр мұрсатты шиіттер қозғалысын басқару үшін пайдаланып, имаматының қысқа мерзімінде ғылыми тапыныстар жасап, өкілдері арқылы әртүрлі аймақтардағы шиіттермен қарым-қатынас орнату және жолдаулар жіберіп, үлкен жұмыстарды атқарды. Жасырын саяси жұмыстар, шиіттерге қаржылай қолдау көрсету, саяси тұлғалар мен шиіттердің маңызды өкілдерін қиындықтардың алдында күшейтіп, шиіттерді өз перзенті хазірет Мәһдидің (ғ.с.) жасырын кезеңі үшін дайындау имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) келесі маңызды жұмыстарының қатарын құрады. Имамның белсенділігінің көбі қоғамды хазірет Мәһдидің (ғ.с.) қысқа уақыт, кейін ұзақ уақытқа жасырын қалуымен бетпе-бет келуге дайындау болды.

Қоғамның имамы мен басшысының жасырын қалуы табиғи оқиға емес. Сондықтан бұл мәселеден туындаған қиындықтарға төзу халық үшін оңай емес. Исламның ұлық пайғамбары мен пәк имамдар халықты бұл мәселемен біртіндеп таныстырып, оны қабылдауға дайындады. Бұл тақырып имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) кезінде көбірек байқалды. Өйткені, имам хазірет Мәһдидің (ғ.с.) дүниеге келгенін қуаттағанымен баланы тек жақын әрі таңдаулы адамдарға ғана көрсетті. Мұнымен қатар шиіттердің хазіретпен тікелей қарым-қатынасы күннен күнге азайып, хазірет тіпті Самеррада шиіттердің мәселелеріне тек хат немесе өкілдері арқылы ғана жауап қайтарды. Имам бұл ісімен халықты имамның жасырын қалып, тікелей қарым-қатынас орната алмайтын  кезеңнің жағдайына төзімділік білдіруге дайындады.

Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) арнайы серіктерінің бірі Ахмад бен Исхақ: «Келесі имам туралы сұрау үшін имам Хасан Аскариге бардым. Сұрақ қоймастан бұрын имам: «Уа, Ахмад бен Исхақ! Алла Тағала хазірет Адамды жаратқан күннен қияметке дейін еш уақытта жерді өкілсіз қалдырмайды. Алла Тағала жердегі өз өкілінің берекесімен әлем халқын бақытсыздықтан құтқарады, жаңбыр жіберіп, жердің құпия қорларының берекесі анықталады»,- деді. Мен: «Сізден кейінгі басшымыз және имамымыз кім болады?»- деп сұрадым. Хазірет жылдам орнынан тұрып, басқа бөлмеге кетіп, көп ұзамай қайтып оралды. Хазірет маңдайы жарқыраған үш жасар ер баланы құшағында ұстап тұрып: «Ахмад бен Исхақ, егер Алла мен имамдардың алдында құрметті болмағаныңда, ұлымды көрсетпейтін едім. Оның есімі мен күниесі Алла елшісінің есіміне ұқсас. Ол зұлымдыққа толған жер бетінде әділет орнатады. Ол бұл үмбеттің арасында жасырын болады. Оның жасырылатын кезеңі ұзаққа созылып,  адамдардың көбі күмәнданатын болады. Жаратушы хазірет Мәһдидің (ғ.с.) имаматына тұрақты иман келтіргендер адасушылықтан құтқарылады» деді.

Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) дұғаларының бірінде: « Уа, Алла! Бізге әділеттің жарық күнін көрсете гөр. Оны хабарлап, берекесін жібере гөр. Уа, Алла! Шындықты әшкерелеп, түн қараңғылығын таңға айналдыра гөр. Уа, Алла! Өлгендердің жүректерін тірілтіп, әртүрлі сұраныстары мен пікірлерін біріктіріп, бұрынғылардың ахкамдарымен таныстырып, оның қолымен аштарды тамақтандырып, зорлық-зомбылықтан шаршаған денелерді оның қолымен жеңілдет. Уа, Алла! Оны алаңдаушылықтар және айла мен алдап-арбаушылықтан алыстата гөр»,- деп айтылды.