"Фаджр" онкүндігі басталды
(last modified Thu, 31 Jan 2019 20:20:44 GMT )
Ақп 01, 2019 02:20 Asia/Almaty

Бахманның он екісі, сәйкесінше ақпанның бірі - Иран Ислам революциясының жеңісіне қатысты қасиетті "Фаджр" онкүндігі басталатын күн. Бұл күні Ислам революциясының ұлы көсемі имам Хомейни 15 жылдық қуғыннан кейін Иранға оралды.

 

Иранның шахы әрі диктаторы Мұхаммад Реза  Пехлеви хиджри күнтізбесі бойынша 1357 жылдың дей айының 26-да (сәйкесінше 1979 жылдың 16 қаңтарында) елден қашып кеткен соң имам Хомейни Иранға оралмақ болды. Бірақ шахтың соңғы нөкері сол кездегі Иранның Премьер-министрі Бахтиар әуежайларды жауып, имам Хомейнидің Иранға келуіне тыйым салды. Мұхаммад Реза Пехлеви Ислам революциясының жеңісіне үш ай қалған жағдайда өз билігін сақтап қалу үмітпен әртүрлі ұстанымдарға ие үш премьер-министрді ауыстырды. Бірақ оның қолданған ешбір әрекеті халықтың билеп-төстеуші жүйеге қарсы толқынының алдын ала алмады. Ұлттық татуласу үкіметі деп танымал болған Джафар Шариф Имамидің үкіметі мен Ғұламреза Азхаридің әскери үкіметі бірінен соң бірінің құлап, үкіметті Шапур Бахтияр басқаратын болды. Бахтияр үкімет құрған соң ереуілдерді тоқтату, қоғамдық тәртіп пен тыныштық орнату және имам Хомейнимен келісімге келу сынды маңызды үш мақсатты көздеді. Ол Азхари үкіметінің соңында үкіметтің бүкіл органдарына таралған ереуілдерді тоқтатуды өзінің бағдарламаларының бірі ретінде жариялады. Бірақ Азхари ереуілдердің алдын ала алмады және егер америкалық генерал Роберт Хайзер көмектесіп, шетелде басылып шыққан ақшаларды енгізбегенде тіпті әскерилерінің ақыларын төлей алмайтын еді.

Шапур Бахтияр

Бахтиярдың 37 күндік үкіметінің ең маңызды шешімдерінің бірі имам Хомейниге қайтып оралуға мүмкіндік бермеу үшін елдің әуежайларын жабуы болды. Бірақ Теһран  мен басқа қалаларда миллиондаған халықтың шеруге шығуы Бахтиярға әуежайларды ашудан басқа шара қалдырмады және имам Хомейнидің елге оралуына жол ашты. Имам Хомейни Иранға оралған соң миллиондаған ирандықтардың ортасында Теһранның оңтүстігіндегі Ислам революциясы шәһидтерінің зиратында сөйлеген сөзінде: "Мен халықтың қолдауымен үкіметті белгілеймін",- деп жариялады.

Негізінде имам Хомейнидің саяси бағдарламаларын жариялауы мен революциялық кеңесті сайлауы, билікті ауыстыру және елдің саяси жүйесін өзгерту тәсілдері Бахтияр үкіметінің дағдарысы мен оны қолдайтын әскерилердің алаңдауларын күшейтті.

Имам Хомейнидің исламдық отанына орлауы Иранның замануи тарихының ең маңызды күндерінің бірі. Имамның оралуын қоғамның әртүрлі таптары бұрын-сонды болмаған көңіл күймен қарсы алды. Көптеген жылдарға созылған күрес пен шындықты талап етуден кейін бұл салтанатты сәттер Иранға тәуелсіздік пен азаттықты әкелді.

Аятолла Хаменеи имам Хомейнидің Ислам революциясының жеңісіндегі рөлі туралы былай деген: "Имамның есімі естілген әр жерде Ислам революциясы еске түседі. Бұл екі сөз Ислам мен әлем тарихында бірге тіркелді және бір-бірінен ажырамайды. Тарих Ислам революциясы және оның әсері мен нәтижелерін маңызды санағандай, имам Хомейниге де ерекше назар аудартады. Өйткені бұл кісі бұл салтанатты революцияның іргетасын қалаушысы".

Имам Хомейни "Беһешт-е Заһра" зиратында сөз сөйледі

Әрине "бұл тарихи оқиға қырағылық, табандылық, жанкештілік пен басшы және діни басшының жеңіске жету сенімісіз орын алмайтын еді" деп мойындауға болады. Имам Хомейнидің Ислам революциясын басқаруы замануи тарихта бұрын-сонды болмаған оқиға. Имам Хомейнидің қозғалысы сол кездегі қоғамдық, саяси және экономикалық жағдайда үлкен революциямен аяқталады деп сенген ойшылдар аз болды. Имам Хомейни  жеке адам мен оның ой-пікірінің негізгі мектебін жандырды. Әлемнің барлық революциялары мен көтерілістерінде жеңіске жетуге қажет үштік фактордың бірі  ртеінде идеология мен халықтың қасында жетекші факторы жүреді. Имам Хомейни барлық тұрғылардан ерекше болды.  Бұл кісінің жоғары талпынысы, үлкен мақсатттары, иманы мен тәуекелі, илаһи ерігі, тақуалығы, қырағылығы, сабыр, шынайы құлшылық, қарапайымдылық, тіл көркемдігі, рухани байлық пен көрегендігі мен алғырлығы халықтың жүрегіне қонып, халықтың революцияны қолдауына себеп болды. Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі аятолла Хаменеи имам Хомейни туралы сөзінде: "Біздің ұлы көсеміміз әлем бойында жарқыраған тұлға болды. Қазіргі немесе өткен кезеңдерде сондай-ақ пайғамбарлар мен әулиелерден кейінгі әлемнің танымал тұлғаларының арасында бұл кісідей ұлы адам кезедспеді. Менің ойымша, бұл кісінің табыстарының ең маңызды әрі ең сындарлы сыры ықыласы мен Аллаға деген иманы болды",- деген болатын.

Имам Хомейнидің келесі ерекшелігі күрес пен Ислам революциясының жеңісі туралы ой-пікірлеріне қатысты. Имам Хомейнидің көзқарасы тауһидтік, әділет талап етуші әрі исламдық болды. Ол өзінің діни болмысымен Иранның қоғамында басылған исламдық құндылықтар мен болмысты жаңғыртты.  Имам Хомейни Ислам мен Иранды, дін мен саясатты, Шығыс пен Батысқа сүйенбейтін Ислам республикасын, үстемдік пен отаршылдыққа қарсы күрес пен әлсіздерді қолдауды, азаттық, тәуелсіздік және өзіне деген сенімдліікті қасиетті Ислам дінінің негіздері ретінде азат ойға иелерге ұсынды. Имам Хомейнидің саяси көзқарасы Ислам дінінің негіздерінен тамырланды. Бұл кісінің басқару тәсілі де ерекше болып, дәл осы фактор ынтымақтастық етуге жігерлендірді. Ислам революциясының әйгілі сәулетшісі мамандармен ақылдасып, ойшылдардың пікірлеріне құлақ салып, қарсыластармен қатынас орнатып, барлық күштерді пайдаланып, жұмысты оларға тапсыруды маңызды деп білді. Имамның елді басқаруы қоғамдық әділетті сақтау, сондай-ақ тәрбие және ахлақи әдістерді қолдануға негізделді. Имам Хомейнидің басқаруындағы саяси ұстанымының қырағы әрі қисынды болуы мен табандылығы, келешекке қажет жобаларды ұсынуы мен қисын мен ақылға сай жолдарға нұсқауы Ислам революциясы үдерісінің осы күнге дейін революцияның жоғары армандарының ұмытылмауына себеп болды.

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі ойшылдар мен сарапшылардың көбі әрқашан имам Хомейниді  мадақтап, бұл кісіні философ ретінде еске алады. Сарапшылардың көбі Ислам революциясының орын алуына оң қарамағандарымен, бұл революцияның құдыреті мен имам Хомейнидің ерекшелігінің оның жеңісіне маңызды әсерін тигізгенін мойындады. Ислам революциясының жеңісінен кейін оның дұшпандары оған қарсы қолдарынанк елген әр қастықты іске асырды. Бұл қастықтардың әр біреуі жаңадан қадам басқан үкіметті құлатуға үшін жеткілікті болды. Бірақ имам Хомейнидің Иранда қалыпастырған бірлігі мен табандылығы Ислам республикасы жүйесінің тамырын жайып, нығаюына себеп болды. Халық имам Хомейни мен бұл кісінің елдің әртүрлі дағдарыстардан шығару жолдарына сенімділік білдірді. Имам Хомейни де халыққа сенім артып, халықтың елдің барлық істеріне қатыстырды. Имамның халыққа сенімді болуы жылдар бойы саяси және қоғамдық теңгерімде немқұрайдылықпен бетпе-бет келген адамдар үшін таңырқататындай болды.    

 

 

 

 

 

 

Тегтер