Ақп 02, 2019 19:57 Asia/Almaty
  • Қиялшы президенттің бітпейтін жанжалдары

Өткен жылдың соңында АҚШ-та «Трамптың болжаулары» деп аталған фильм шықты. Бұл фильмде Інжіл (Ескі өсиет) христиандары (евангелистер немесе сионист христиандар) Трампты ирандық патша ахемендік Кирдың келбетінде көрсетті.

2018-ші жылдың соңғы айларында көңіл бөлмей қалдыруға болмайтын «Трамптың болжаулары» (The Trump  Prophecy) деп аталған фильм экранға шықты. Фильм зейнеткер өрт сөндіруші Марк Тейлор туралы. Оның уәждерінше, 2011-ші жылы Құдай оған Дональд Трамптың АҚШ Президенті болатыны туралы айтқан. Фильмнің сезімтал бөлімінде Тейлордың рөлін ойнайтын актер бір оқиғада есінен таңған соң қасиетті кітапті алып, оның көзі ирандық ахемендік патша Кирды өлімге дайындау туралы баяндаған Исаии кітабының 45-ші бабына түседі. Фильмнің келесі сахнасында христиандардың «Клуб 700» деп аталған теледидар бағдарламаларының біріне сұхбат беріп жатқан Трамптың дауысын естиміз. 

Бұл фильмдегі евангелистік жазушы Ланс Вальнево: «АҚШ-тың 45-ші президенті Исаии кітабінің 45-ші бабындағы Кир сынды қираған қабырғаларды көтеріп, біздер мен мәдени құлдыраудың ортасына дуал салғысы келеді. «Трамптың болжаулары» фильмінің оқиғасы осы оқиғаға ұқсас".- деп жазды.

Кир біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда дүниеге келіп, Парс жерінің бірінші императоры болды. Исаии кітабының 45-ші бабы Кирды Вавилонда тұтқындалған еврейлерді азат еткені үшін еске алады. Бұл бап: «Құдай Кирды патша қылып сайлады және оған басқа елдерді басып алып, патшаларды тақтарынан құлататын күш-қуатты берді»,- деп басталады.

«Трамптың болжаулары» фильм Либерети университетінің ұстаздары және студенттерінің көмегімен түсірілді. Бұл университеттің ректоры  Джерри Фолуэлл АҚШ-тың президенттік сайлауының  ағымында інжілдік христандарды  (евангелистерді) Дональд Трампқа дауыс беруге тартуға маңызды рөл атқарды.  Сондай-ақ «Фокс Ньюстегі» Жаннин Пирро  мен АҚШ-тағы сионистік режимнің елшісі Рон Дермер де Трампты Кирге ұқсас деп тапқан адамдар.

Трамп пен Фолуэлл

Перзиденттің орынбасары және кабинеттің басқа мүшелері  қатысатын Ақ үйдегі киелі кітап апталық зерттеу тобын өткізуші Ральф Дроллингер «патша» деген сөзді сондай жақсы көріп, көбінде оны етістікке айналдырып, «өміріміздің келешегіндегі патшалық етуге дайын болыңдар» дейді.  Евангелиялық христиандардың  саяси қызметі туралы жазған Кэтрин Стюарт «Нью-Йорк таймсте» бұл фильм туралы: «Ақырғы заман туралы жобаларға бет бұру сионистердің арасында әдетке айналды. Сондықтан АҚШ Президентіне қатысты жобалар жаңа құбылыс емес. Тіпті Джордж Буш кезінде  осындай жобаға сай,  «Мәсіх» деп аталған. Одан бұрын Рональд Рейган заманында ол үгіт-насихаттардың әсеріне түсіп, ақырғы заманның соғысының зымыранын атқан бірінші адам болуды армандады.  Інжілдіктер мен христиан ұлтшылдар Трампты Кир сынды күшті деп санап, оны қолдайды. Негізінде олар АҚШ Президентін ұстанымы емес, оның тәсілін  қолдайды. Ланс Валиано: «Менің ойымша, АҚШ-тың 45-ші президенті Кирға ұқсас, ол бізді мәдениеттің құлдырауынан бөлетін нәзік қабырғаны қайта тұрғызады»,- деді. Кэтрин Стюарт бұл саладағы қызық мәселеге назар аудартып: «АҚШ Президентінің амалдарының көптеген сынаулармен бетпе-бет келуіне қарамастан, дауыс берушілер Трампты жалғыз қалдыратын соңғы адамдар болады.  Оңшыл христиандар тек өзідерінің экономикалық мүдделерін ғана қорғауға талпынбайды. Бүгінгі христиан ұлтшылар АҚШ Конституциясын құрметтеу туралы айтады, бірақ негізінде билік басында жауыз патшаның болғанын қалайды. Шын мәнінде олар патшаның билігін жақсы көреді. Христиан ұлтшылдардың пікірінше, Кир сынды патшалар ешбір заңға бағынбайды, ол өзі - заң және күдік кезеңдері үшін міні жоқ  басшы.  Дональд Трамптың үстемшіл басшы сынды әртүрлі жағдайда өзін таныстырды. Мәселен, сайлау науқанында ол Ланс Валиано мен евангелистер басқа басшыларына: «Егер ренжімесеніздер, сіздер өте мейірімдісіздер деп айтқым келеді»,- деді. Сөйтіп оның жағымды сөздері кең ауқымды үгіт-насихатқа айналды»,- деді. Кэтрин Стюарт: «Қазіргі христиан ұлтшылдар Кир сынды патшаның ерекшелігі заңдарды қажет етпеуі,  өйткені олардың өздері – заң деп ойлайды. Келесі  маңызды мәселе олар Кирдың періште болмағанын түсінгендері дұрыс болар еді»,- деп қосты.

Трамп Кирмен салыстырылды

Кейбір оңшыл христиандар аборт жасауға тыйым салу заңның күшін жою үшін мақсатпен Трампты қолдады. Олар өткен екі жылда христиан ұлтшылдар ондаған конференцияларға қатысып, Трамптың халықты Жаратушыға қайтаратын тікелей аспаннан түскен мұғжиза деп біледі. Тіпті бұл конференцияларда «Трампқа қарсы болу Құдайға қарсы болу» деген сөздер де естілді. Стюарттың көзқарасынша, бүгінгі христиан ұлтшылдардың қозғалысы үстем, патриархалдық және паранойяға ұшыраған. Ол: «Евангелистер мен христиан ұлтшылдар Кирды құдыретті адам деп санап, оны қолдайды. Олар АҚШ Президенті Трампты Кирдың қасына тек оның ұстанымдары үшін ғана орналастырған жоқ. Олар оның тәсілін қолдап, адамзаттың өткен тарихынан құдыретті үлгіні іздеп, Кирды ең жақсы үлгі деп тапты.

Айта кететін жәйт, бұл өзін жақсы көретін әрі қиылшы президенттің оны ахмендік патшамен салыстыруды естіп отырғаны бірінші рет емес. 2018-ші жылдың басында сионистік ұйымдардың бірі Кир мен Трамп бірге тұрған тиынды шығарып, қисын мен тарихқа сай келмейтін пікіртаалстарды бастап, бұл екі адамды бірдей деп санау адам құқығы мен тарихқа тіл тигізу деп санайтындардың наразылықтарымен бетпе-бет келді. Басып алған палестина жеріндегі «қасиетті ғибадатхана» деп аталған ұйым ахемендік ұлы Кир патша мен АҚШ Президенті Дональд Трамптың суреті бірге тұрған мың тиын жасап шығарған болатын. 

Бұл ұйым өз әрекетін ақтап: «Еврейлер Кир мен Трамп араларыңда 2557 жыл жатқанымен Иерусалимді (Құдсті) қорғау саласында бірдей рөл атқарды деп санайды. Тарихи мәтіндер бойынша, ирандық патша Кир шамамен 2500 жыл бұрын қудаланған еврейлерге Вавилоннан Иерусалиге (Құдсқа) оралуға рұқсат етті, Дональд Трамп те бұл қаланы сионистік режимнің астанасы ретінде ресми танымал етті",- деп жариялады. Бұл сионистік ұйымның әрекеті әлемнің түкпір-түкпірінде әртүрлі реакциялармен бетпе-бет келді. Тарихшылар мен тарих саласындағы зерттеушілердің көбі: «Кир ерекше адам болды. Сондықтан Трамп сынды ұлтшыл адамды онымен салыстыру тарихи қателік. Бұл салыстыру ирандықтардың көптеген наразылықтарына тап болды. Бұл екі адамды ұқсас деп санау адам құқығы мен тарихқа  тіл тигізу болып табылады",- деген пікір білдірді. Әрине АҚШ пен басып алынған жерлердегі экстремистерді ирандық патшалармен салыстыру Ислам мен Ислам революциясына қарсы тұру үшін антикалық жобаларды қайта жаңғыртқылары келетіндерін  көрсетеді. Иранның бұрынғы режимі кезінде бұл жобалар нәтижеге жетпеген болатын. Осыған орай "Ежелгі Иранда осы кездегі әлемнің түкпір-түкпіріндегі басшылары үшін үлгі болатындай күш-қуатты патша болғанымен, ол осы кезде Батысқа қарайтын еді ме? Қазіргі жағдайда Батыстың зорлық-зомбылықтары мен сионистердің қырып-жоюларына үнсіз қалатын еді ме?" деген сұрақтар туындайды. Олардың сөздері мен ұстанымдарына жасаған шолу көне Иран сынды дамуларын көрсетпейді. Олардың  тек өтіріктері мен алдап-арбауларын көруге болады.

    

 

 

Тегтер